ثَلَاثَةُ الأُصُولِ وَأَدِلَّتُهَا
Үш негіз және оның дәлелдері
لِلشَّيْخِ
مُحَمَّدٍ التَّمِيمِي رَحِمَهُ اللهُ
Шейх Мухаммад әт-Тәмими (оған Алланың рақымы болсын)
بِسْمِ اللهِ الرَّحمَنِ الرَّحِيمِ
Үш негіз және оның дәлелдері
Бұл кітапта мұсылманның үйренуі тиіс болған негізгі қағидалар: Алланы тану, Ислам дінін және Мұхаммед Пайғамбарды ﷺ тану мәселелері баяндалған. Онда Құран мен хадис дәлелдеріне сүйене отырып, осы қағидалардың иман мен ізгі амалды қалыптастырудағы маңыздылығы атап көрсетілген.
Үш негіз және оның дәлелдері
Шейх Мухаммад әт-Тәмими (оған Алланың рақымы болсын)
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен!
Біліп қой, Алла сені мейіріміне бөлесін, бізге төрт мәселені үйрену міндетті екенін:
Біріншісі: білім, ол – Алланы тану, Оның пайғамбарын және Ислам дінін дәлелдерімен тану (үйрену).
Екіншісі: Соған (білімге) амал ету.
Үшіншісі: Соған (білімге) шақыру.
Төртіншісі: Оның жолындағы қиындыққа сабыр ету.
Оған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі: Аса Мейірімді, ерекше РақымдыАлланың атымен!
﴿وَٱلۡعَصۡرِ1 إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ لَفِي خُسۡرٍ2 إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَتَوَاصَوۡاْ بِٱلۡحَقِّ وَتَوَاصَوۡاْ بِٱلصَّبۡرِ3﴾
"Аср (заман)мен ант етемін 1
Анығында, адам баласы, сөзсіз, зиян көруде2
тек иман келтіріп, ізгі амал жасаған және бір-біріне ақиқатты тапсырып, бір-біріне сабырды тапсырғандардан басқалары (олар зиян көрмейді) 3" (Аср: 1-3).
Әш-Шәфиғи (Алла Тағала оны мейіріміне бөлесін) былай деген: "Егер Алла Өзіңің жаратқандарына осы сүреден басқа ешбір дәлел түсірмегенде, осының өзі-ақ оларға жеткілікті болар еді".
Әл-Бұхари (Алла Тағала оны мейіріміне алсын) былай деді: ”Білім – сөз бен амалдан бұрын!” - бабы. Бұған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі: "Алладан басқа ешбір құдай жоқ екенін біл! Өзіңнің күнәң үшін кешірім тіле..." (Мұхаммед: 19). Сөйтіп, ол (тараудың атын) сөз бен амалдан бұрын білімнен бастаған.
Біліп қой - Алла сені мейріміне бөлесін: әрбір мұсылман ер-әйелге мына үш мәселені үйреніп, оларға амал ету – уәжіп:
Біріншісі: Алла бізді жаратып, ризық берді және қараусыз қалдырмады; керісінше, бізге елші жіберді. Кім оған мойынсұнса, жәннатқа, ал кім оған қарсы келсе, тозаққа кіреді.
Алла Тағаланың мына сөзі осыған дәлел:
﴿إِنَّآ أَرۡسَلۡنَآ إِلَيۡكُمۡ رَسُولٗا شَٰهِدًا عَلَيۡكُمۡ كَمَآ أَرۡسَلۡنَآ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ رَسُولٗا15 فَعَصَىٰ فِرۡعَوۡنُ ٱلرَّسُولَ فَأَخَذۡنَٰهُ أَخۡذٗا وَبِيلٗا16﴾
"Анығында, Біз Перғауынға Елші жібергеніміздей, сендерге де өздеріңе қарсы куәлік беруші Елші жіберген едік 15
Сонда Перғауын елшіге бағынбады. Сондықтан, оны ең ауыр жазамен жазаладық 16) (Муззәммил: 15-16).
Екіншісі: Алла Тағала Өзіне жасалатын құлшылықта басқа біреудің Өзіне серік қосылғанына тіпті ол Аллаға жақын періште немесе жіберілген пайғамбар болса да, разы болмайды, Бұған дәлел — Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿وَأَنَّ ٱلۡمَسَٰجِدَ لِلَّهِ فَلَا تَدۡعُواْ مَعَ ٱللَّهِ أَحَدٗا18﴾
"Шын мәнінде, мешіттер (онда жасалатын құлшылық түрлері)—Аллаға тиесілі. Ендеше Алламен қатар ешкімге дұға қылмаңдар 18) (Жын: 18).
Үшіншісі: Елшіге бойсұнып, Алланы бірлеген адамға, Алла пен Оның елшісіне қарсы шыққандарды, тіпті ең жақын туысы болса да, дос тұтуға болмайды.
Дәлелі – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿لَّا تَجِدُ قَوۡمٗا يُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ يُوَآدُّونَ مَنۡ حَآدَّ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ وَلَوۡ كَانُوٓاْ ءَابَآءَهُمۡ أَوۡ أَبۡنَآءَهُمۡ أَوۡ إِخۡوَٰنَهُمۡ أَوۡ عَشِيرَتَهُمۡۚ أُوْلَٰٓئِكَ كَتَبَ فِي قُلُوبِهِمُ ٱلۡإِيمَٰنَ وَأَيَّدَهُم بِرُوحٖ مِّنۡهُۖ وَيُدۡخِلُهُمۡ جَنَّٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ رَضِيَ ٱللَّهُ عَنۡهُمۡ وَرَضُواْ عَنۡهُۚ أُوْلَٰٓئِكَ حِزۡبُ ٱللَّهِۚ أَلَآ إِنَّ حِزۡبَ ٱللَّهِ هُمُ ٱلۡمُفۡلِحُونَ22﴾
"Аллаға және Ақырет күніне сенетін адамдардың Аллаға және Оның елшісіне қарсы келгендерді ұнатқанын көрмейсің. Мейлі олар әкелері, не балалары, не бауырлары немесе туыстары болса да. Міне, солардың жүректеріне Ол иман жазған және оларды Өзінен болған бір рухпен қолдаған. Әрі (Алла) оларды іргесінен өзендер ағататын және өздері онда мәңгі қалатын бақтарға кіргізеді. Алла оларға разы, олар Оған разы болады. Міне, солар—Алланың жақтастары. Біліңдер! Ақиқатында Алланың жақтастары—мұратына жетушілер 22) (Мужәдәла 22).
Біліп қой - Алла сені Өзіне бойұсынуға бастасын: Ибраһимнің діні ханифтік дегеніміз — Аллаға ғана құлшылық етіп, дінді (амалдарды) Оған шынайы ықыласпен арнау. Алла барлық адамдарға соны бұйырып, оларды сол үшін жаратты. Ұлы Алла былай деді:
﴿وَمَا خَلَقۡتُ ٱلۡجِنَّ وَٱلۡإِنسَ إِلَّا لِيَعۡبُدُونِ56﴾
"Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық (лия`будуун) қылулары үшін ғана жараттым 56) (Зәриәт: 56). «Ия`будуун» сөзінің мағынасы: Алланы құлшылықта бірлеу (құлшылықты тек Аллаға арнау).
Алланың ең ұлы бұйрығы — Таухид. Ол — Алланы құлшылықта жалғыз деп білу (яғни құлшылықтың барлық түрін тек Оған ғана арнау).
Ал Оның тыйған тыйымдарының ең үлкені – ширк, ол – Онымен бірге Одан басқаға дұға (құлшылық) ету.
Оған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿وَٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَلَا تُشۡرِكُواْ بِهِۦ شَيۡـٔٗا...﴾
"Аллаға құлшылық етіңдер және Оған ешнәрсені серік етпеңдер..." (Ниса: 36).
Ал, егер саған: «Адамның білуі уәжіп болған үш негіз не?», – делінсе?
Онда: ол – құлдың (адамның) өз Раббысын, дінін және Пайғамбары Мухаммадты (ﷺ) тануы.
[БІРІНШІ НЕГІЗ]
Егер сенен: «Раббың кім?» – деп сұралса,
онда былай де: «Менің Раббым – Алла. Ол мені және барша әлемді Өз нығметтерімен тәрбиелеген. Ол – менің құлшылыққа лайықты Раббым және мен үшін Одан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ». Ал, оған дәлел – Алла Тағаланың сөзі:
﴿ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ2﴾
"Барлық мадақ бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға тән 2" (Фатиха: 2). Алладан басқаның барлығы – әлем (жаратылыс) болып табылады. Ал, мен— сол әлемнің бірімін.
Егер сенен: «Раббыңды немен таныдың?» – деп сұралса.
Онда: «Оны аяттары және жаратқандарымен (таныдым)»,—деп айт.
Оның кейбір аяттары (Алланың дәлел-белгілері): түн мен күндіз және күн мен ай.
Ал, Оның жаратқандарына: жеті аспан және ондағы барлық нәрселер; сондай-ақ, жеті қабат жер және ондағы барлық нәрселер, сонымен бірге сол екеуі арасындағылар жатады.
Оған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿وَمِنۡ ءَايَٰتِهِ ٱلَّيۡلُ وَٱلنَّهَارُ وَٱلشَّمۡسُ وَٱلۡقَمَرُۚ لَا تَسۡجُدُواْ لِلشَّمۡسِ وَلَا لِلۡقَمَرِ وَٱسۡجُدُواْۤ لِلَّهِۤ ٱلَّذِي خَلَقَهُنَّ إِن كُنتُمۡ إِيَّاهُ تَعۡبُدُونَ37﴾
"Түн мен күндіз және күн мен ай—Оның белгілерінен. Күнге де, айға да сәжде қылмаңдар, оны жаратқан Алланың Өзіне ғана сәжде қылыңдар, егер құлшылықты Оған арнап істейтін болсаңдар! 37) (Фуссилат: 37).
Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿إِنَّ رَبَّكُمُ ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ يُغۡشِي ٱلَّيۡلَ ٱلنَّهَارَ يَطۡلُبُهُۥ حَثِيثٗا وَٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَ وَٱلنُّجُومَ مُسَخَّرَٰتِۭ بِأَمۡرِهِۦٓۗ أَلَا لَهُ ٱلۡخَلۡقُ وَٱلۡأَمۡرُۗ تَبَارَكَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ54﴾
(Ақиқатында, Раббыңыз—көк пен жерді алты күнде жаратып, кейін Аршыға "көтерілген" Алла. Ол түнмен, одан жылдам түрде өкшелеп қалмайтын күндізді жабады. Күн, ай және жұлдыздар Оның әміріне бағынышты. Біліңдер! Жарату және бұйыру тек Оған тән. Әлемдердің Раббысы Алла аса Берекелі 54) (Әғраф: 54).
"Рабб" дегеніміз — мағбуд, яғни құлшылыққа лайық Ие. Оған дәлел — Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱعۡبُدُواْ رَبَّكُمُ ٱلَّذِي خَلَقَكُمۡ وَٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَتَّقُونَ21 ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَرۡضَ فِرَٰشٗا وَٱلسَّمَآءَ بِنَآءٗ وَأَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَخۡرَجَ بِهِۦ مِنَ ٱلثَّمَرَٰتِ رِزۡقٗا لَّكُمۡۖ فَلَا تَجۡعَلُواْ لِلَّهِ أَندَادٗا وَأَنتُمۡ تَعۡلَمُونَ22﴾
"О, адамдар! Сендерді және сендерге дейінгілерді де жаратқан Раббыңызға құлшылық қылыңдар, тақуа болуларың үшін 21
Сондай, сендерге жерді төсеніш, аспанды бір құрылым етіп жаратқан (Аллаға). Ол аспаннан су түсіріп (бұлттан жаңбыр жаудырып), сол арқылы сендерге ризық ретінде өнімдерді шығарды. Енді біле тұра, Аллаға ешкімді теңестірмеңдер 22) (Бақара: 21-22).
Ибн Кәсир (Алла оны рақымына алсын) былай деп айтты: "Осы нәрселерді Жаратушы (Алла) құлшылыққа лайық болып табылады".
Алла бұйырған ғибадат түрлері: Ислам, иман, ихсан; сондай-ақ дұға, қорқу, үміт ету, тәуекел, сауап үміттеніп ұмтылу (рағба), азабынан қорқып сескену (роһба),
жан-тәнімен беріле бағыну (хушуъ),
білімге негізделген қорқыныш (хошия),
барлық істерде Аллаға қайтып тұру (инәба), жәрдем сұрау (истиъана), пана тілеу (истиъаза), қиындықта медет сұрау
(истиғаса), құрбан шалу, нәзір атау және Алла бұйырған басқа да ғибадат түрлерінің барлығы – бір Алла Тағалаға ғана арналады. Оған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿وَأَنَّ ٱلۡمَسَٰجِدَ لِلَّهِ فَلَا تَدۡعُواْ مَعَ ٱللَّهِ أَحَدٗا18﴾
"Ақиқатында, мешіттер Аллаға тиесілі. Ендеше, Алламен қатар ешкімді шақырмаңдар 18) (Жын: 18).
Кімде-кім осы құлшылықтың бірін Алладан басқаға арнаса, сол — мүшрік кәпір. Бұған дәлел — Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿وَمَن يَدۡعُ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ لَا بُرۡهَٰنَ لَهُۥ بِهِۦ فَإِنَّمَا حِسَابُهُۥ عِندَ رَبِّهِۦٓۚ إِنَّهُۥ لَا يُفۡلِحُ ٱلۡكَٰفِرُونَ117﴾
"Кімде-кім Алламен бірге құдай екендігі жайында, өзінде ешбір дәлелі болмаған басқа бір құдайдан тілесе, оның есебі тек Раббысында. Анығында, кәпірлер мұратына жетпейді 117" (Муминун: 117).
Хадисте:
"الدُّعَاءُ مُخُّ العِبَادَةِ".
"Дұға – құлшылық өзегі".
Оған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿وَقَالَ رَبُّكُمُ ٱدۡعُونِيٓ أَسۡتَجِبۡ لَكُمۡۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَسۡتَكۡبِرُونَ عَنۡ عِبَادَتِي سَيَدۡخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ60﴾
"Раббыңыз: "Маған жалбарыңдар (дұға қылыңдар), тілектеріңе жауап беремін! Расында, Маған құлшылық қылудан паңсығандар қор болып, тозаққа кіреді" деді 60) (Ғафир: 60).
Қорқудың құлшылық екеніне дәлел: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿...فَلَا تَخَافُوهُمۡ وَخَافُونِ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ﴾
"...Сондықтан олардан қорықпаңдар! Мүмін болсаңдар, Менен ғана қорқыңдар!" (Әлі Ғимран: 175).
Үміттің дәлелі: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿...فَمَن كَانَ يَرۡجُواْ لِقَآءَ رَبِّهِۦ فَلۡيَعۡمَلۡ عَمَلٗا صَٰلِحٗا وَلَا يُشۡرِكۡ بِعِبَادَةِ رَبِّهِۦٓ أَحَدَۢا﴾
"...Кім Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амал істесін және Раббысына құлшылық етуде Оған ешкімді ортақ қылмасын) (Кәһф: 110).
Тәуекелдің дәлелі: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿...وَعَلَى ٱللَّهِ فَتَوَكَّلُوٓاْ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ﴾
"Мүмін болсаңдар, тек Аллаға тәуекел етіңдер!" (Мәида: 23), Және Оның сөзі:
﴿...وَمَن يَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِ فَهُوَ حَسۡبُهُ...﴾
"...Ал кім Аллаға тәуекел етсе, оған (Алланың Өзі) жетіп асады..." (Талақ: 3).
Аллаға сауабын көздеп ұмтылу (рағба), азабынан қорқып сескену (роһба),
жан-тәнімен беріле бағыну (хушуъ) құлшылықтарының дәлелі: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿...إِنَّهُمۡ كَانُواْ يُسَٰرِعُونَ فِي ٱلۡخَيۡرَٰتِ وَيَدۡعُونَنَا رَغَبٗا وَرَهَبٗاۖ وَكَانُواْ لَنَا خَٰشِعِينَ﴾
"...Өйткені олар жақсы істерді істеуге ұмтылатын. Бізден үміт және қорқумен тілеп, тек Бізге беріле бойсұнушы жандар еді"
(Әнбия: 90).
Білімге негізделген қорқыныштың (хашья) дәлелі: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿...فَلَا تَخۡشَوۡهُمۡ وَٱخۡشَوۡنِ...﴾
"...Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар..." (Мәида: 3).
Инәбаның дәлелі – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿وَأَنِيبُوٓاْ إِلَىٰ رَبِّكُمۡ وَأَسۡلِمُواْ لَهُ...﴾
"Раббыңа күнәдан бас тартқан күйде қайтыңдар және Оған бағыныңдар..." (Зумар:54).
Жәрдем тілеудің (истиъана) дәлелі – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿إِيَّاكَ نَعۡبُدُ وَإِيَّاكَ نَسۡتَعِينُ5﴾
"Саған ғана құлшылық етеміз әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз 5" (Фатиха: 5). Хадисте былай делінген:
"إِذَا اسْتَعَنْتَ فَاسْتَعِنْ بِاللَّهِ".
«Көмек сұрамақшы болсаң, көмекті Алладан сұра!»
Пана тілеудің (истиъаза) дәлелі – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿قُلۡ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلۡفَلَقِ1﴾
"(Уа, Пайғамбар!): «Таңның Раббысына сиынып, пана тілеймін ... деп айт 1) (Фәлақ: 1) және
﴿قُلۡ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلنَّاسِ1﴾
"(Уа, Пайғамбар!): «Адамдардың Раббысына сиынып пана сұраймын, ... деп айт 1) [Нас:1]
Истиғасаның дәлелі: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿إِذۡ تَسۡتَغِيثُونَ رَبَّكُمۡ فَٱسۡتَجَابَ لَكُمۡ...﴾
"Раббыңыздан жәрдем тілегендеріңде,
тілектеріңді қабыл еткенін еске алыңдар..." (Әнфал: 9).
Құрбан шалудың дәлелі: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿قُلۡ إِنَّ صَلَاتِي وَنُسُكِي وَمَحۡيَايَ وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ162 لَا شَرِيكَ لَهُ...﴾
"Айт: «Шын мәнінде, намазым, құрбандығым, өмірім және өлімім әлемдердің Раббысы Алла үшін 162
Оның ешбір серігі жоқ...) (Әнғам: 162-163). Сүннеттен дәлел:
"لَعَنَ اللَّهُ مَنْ ذَبَحَ لِغَيْرِ اللَّهِ".
«Алла Өзінен басқаға арнап құрбан шалған кісіні лағінеттеді (рақымынан алыстатты)»
Ал, нәзірдің дәлелі – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿يُوفُونَ بِٱلنَّذۡرِ وَيَخَافُونَ يَوۡمٗا كَانَ شَرُّهُۥ مُسۡتَطِيرٗا7﴾
"Олар нәзірді (Алла жолына атағанын) орындайды және жамандығы кең жайылатын Күннен қорқады 7" (Инсан:7).
[ЕКІНШІ НЕГІЗ]
Ислам дінін дәлелдермен тану дегеніміз – Аллаға таухидпен мойынсұну, бұйрығы мен тыйымдарында Оған бағыну және ширктен әрі оның иелері—серік қосушылардан аулақ болу.
Ислам дінінің үш деңгейі бар: Ислам, Иман және Ихсан.
Әр деңгейдің рүкіндері бар.
Исламның рүкіндері бесеу: Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңірдің жоқтығына және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, Рамазан айында ораза ұстау және Алланың қасиетті үйіне қажылық жасау.
"Лә иләһа илла-Аллаһ" куәлігіне дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿شَهِدَ ٱللَّهُ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ وَأُوْلُواْ ٱلۡعِلۡمِ قَآئِمَۢا بِٱلۡقِسۡطِۚ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ18﴾
"Аллаһтан басқа (құлшылыққа лайық) ешбір құдайдың жоқ екендігіне Алланың Өзі, періштелер және білім иелері де куәлік береді. Ол—әділдікті Орнатушы, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол бәрінен Үстем, аса Дана 18) (Әлі Ғимран: 18).
Мағынасы: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ.
«Лә иләһә» – Алладан басқа құлшылық етілетін барлық нәрсені теріске шығару.
«иллә-Аллаһ» – бұл құлшылықты тек қана Жалғыз Аллаға ғана бекіту.
Иелік етуінде Оның серігі болмағандай, Оған құлшылық етуде де серігі жоқ.
Оның мағынасын айқындайтын түсіндірме — Ұлы Алланың мына сөзі:
﴿وَإِذۡ قَالَ إِبۡرَٰهِيمُ لِأَبِيهِ وَقَوۡمِهِۦٓ إِنَّنِي بَرَآءٞ مِّمَّا تَعۡبُدُونَ26 إِلَّا ٱلَّذِي فَطَرَنِي..﴾
"Сол уақытта Ибраһим өзінің әкесі мен еліне: «Шындығында, мен сендердің табынатындарыңа қатысым жоқ, олардан бас тартамын 26
тек өзімді жаратқанға құлшылық етем...) (Зухруф: 26-27), Сондай-ақ, Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿قُلۡ يَٰٓأَهۡلَ ٱلۡكِتَٰبِ تَعَالَوۡاْ إِلَىٰ كَلِمَةٖ سَوَآءِۭ بَيۡنَنَا وَبَيۡنَكُمۡ أَلَّا نَعۡبُدَ إِلَّا ٱللَّهَ وَلَا نُشۡرِكَ بِهِۦ شَيۡـٔٗا وَلَا يَتَّخِذَ بَعۡضُنَا بَعۡضًا أَرۡبَابٗا مِّن دُونِ ٱللَّهِۚ فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَقُولُواْ ٱشۡهَدُواْ بِأَنَّا مُسۡلِمُونَ64﴾
"(Уа, Пайғамбар! Яһудилер мен христиандарға): «Ей, Кітап берілген қауым! Бізге де, сендерге де бірдей (маңызды) бір сөзге келейік: Алладан басқаға құлшылық қылмайық, Оған ешнәрсені серік қоспайық. Сондай-ақ, Алладан өзге бір-бірімізді тәңір етіп алмайық, (деген сөзге)», деп айт! (О, мұсылмандар!) Егер олар жалтарса: «Біздің мұсылман екенімізге куә болыңдар!», деп айтыңдар 64) (Әлі Ғимран: 64).
Мұхаммедтің Алланың елшісі екеніне куәлік етудің дәлелі – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿لَقَدۡ جَآءَكُمۡ رَسُولٞ مِّنۡ أَنفُسِكُمۡ عَزِيزٌ عَلَيۡهِ مَا عَنِتُّمۡ حَرِيصٌ عَلَيۡكُم بِٱلۡمُؤۡمِنِينَ رَءُوفٞ رَّحِيمٞ128﴾
"Расында сендерге өздеріңнен болған ардақты бір Елші келді. Сендердің қиналғандарың оған ауыр тиеді. Ол сендерге өте ынтық, мүміндерге жанашыр, ерекше рақымды 128) [Тәубе: 128]
Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік етудің мағынасы: оның бұйырғанына бағыну, хабарлағанын растау, тыйым салып, ескерткенінен аулақ болу және Аллаға тек Пайғамбар ﷺ көрсеткен үлгіде құлшылық ету.
Намаз бен зекеттің дәлелі және таухидтің түсіндірмесі: Алла Тағаланың сөзі:
﴿وَمَآ أُمِرُوٓاْ إِلَّا لِيَعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ حُنَفَآءَ وَيُقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤۡتُواْ ٱلزَّكَوٰةَۚ وَذَٰلِكَ دِينُ ٱلۡقَيِّمَةِ5﴾
"Олар, ханиф болып (Алланы бірлеген түрде), амалдарын тек Оған арнау, намазды қайым қылу, зекет беруден
басқаға бұйырылмаған еді. Міне, осы— туралық діні 5" (Бәйина:5).
Оразаның дәлелі: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ كُتِبَ عَلَيۡكُمُ ٱلصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَتَّقُونَ183﴾
"Ей, иман келтіргендер! Тақуалық етулерің (Аллаға қарсы келуден сақтануларың) үшін, сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей, ораза сендерге де парыз етілді 183" [Бақара: 183]
Қажылықтың дәлелі: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿...وَلِلَّهِ عَلَى ٱلنَّاسِ حِجُّ ٱلۡبَيۡتِ مَنِ ٱسۡتَطَاعَ إِلَيۡهِ سَبِيلٗاۚ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَنِيٌّ عَنِ ٱلۡعَٰلَمِينَ97﴾
"Алланың адамдар мойнында, шамасы келгендердің (Қасиетті) Үйге қажылық жасау міндеті бар. Ал, кім күпірлік етсе, күмәнсіз, Алла әлемдерден Бай (оларға мұқтаж емес) 97) (Әлі Ғимран: 97).
Екінші мәртебе – Иман; ол – жетпістен астам тармақ. Оның ең жоғарғысы – «Лә иләһә иллә-Аллаһ» (Алладан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ) деп айту, ең төменгісі – жолдан кедергі жасайтын нәрселерді алып тастау. Ал, ұят – иманның бір тармағы.
Оның рүкіндері алтау: Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ақырет күніне және тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіру.
Бұл алты рүкіннің дәлелі: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿لَّيۡسَ ٱلۡبِرَّ أَن تُوَلُّواْ وُجُوهَكُمۡ قِبَلَ ٱلۡمَشۡرِقِ وَٱلۡمَغۡرِبِ وَلَٰكِنَّ ٱلۡبِرَّ مَنۡ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةِ وَٱلۡكِتَٰبِ وَٱلنَّبِيِّـۧنَ...﴾
"Игілік—жүздеріңді шығысқа не батысқа бұруларың (ғана) емес. Негізінде, игілік— Аллаға, Ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға сенуде...) [Бақара:177].
Тағдырға дәлел: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿إِنَّا كُلَّ شَيۡءٍ خَلَقۡنَٰهُ بِقَدَرٖ49﴾
"Шын мәнінде, Біз әр нәрсені бір өлшеммен жараттық 49) [Қамар:49]
Үшінші мәртебе: Ихсан - оның бір рүкіні бар. Ол—Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау. Ал, Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұр (деп білу).
Бұған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَواْ وَّٱلَّذِينَ هُم مُّحۡسِنُونَ128﴾
(Шынында, Аллаһ тақуалармен, сондай-ақ, ихсан қылушылармен бірге 128) [Нахл: 128]
Және Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱلۡعَزِيزِ ٱلرَّحِيمِ217 ٱلَّذِي يَرَىٰكَ حِينَ تَقُومُ218 وَتَقَلُّبَكَ فِي ٱلسَّٰجِدِينَ219﴾
"Өте Үстем, ерекше Мейірімді Аллаға тәуекел ет 217"
сондай сені намазда тұрғаныңды көретін 218
әрі сәжде етушілер арасындағы сенің ауысу қимылдарынды 219) (Шуғара: 217-219).
Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿وَمَا تَكُونُ فِي شَأۡنٖ وَمَا تَتۡلُواْ مِنۡهُ مِن قُرۡءَانٖ وَلَا تَعۡمَلُونَ مِنۡ عَمَلٍ إِلَّا كُنَّا عَلَيۡكُمۡ شُهُودًا إِذۡ تُفِيضُونَ فِيهِ...﴾
"(Уа, Пайғамбар!) Сен қандай да бір істе болсаң да, Құраннан не оқысаң немесе сендер бір амал жасасаңдар, оны орындап жатқан кездеріңде, әлбетте, Біз сендерге куә болып тұрамыз..." [Юнус: 61] Аят.
Ал Сүннеттен дәлел: Жәбірейілдің танымал хадисінде Омар (Алла оған разы болсын) былай деді:
"بَيْنَمَا نَحْنُ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ، إِذْ طَلَعَ عَلَيْنَا رَجُلٌ، شَدِيدُ بَيَاضِ الثِّيَابِ، شَدِيدُ سَوَادِ الشَّعَرِ، لَا يُرَى عَلَيْهِ أَثَرُ السَّفَرِ، وَلَا يَعْرِفُهُ مِنَّا أَحَدٌ، حَتَّى جَلَسَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَأَسْنَدَ رُكْبَتَيْهِ إِلَى رُكْبَتَيْهِ، وَوَضَعَ كَفَّيْهِ عَلَى فَخِذَيْهِ، وَقَالَ: يَا مُحَمَّدُ !
"Бір күні біз Алла елшісінің ﷺ қасында отырғанымызда аппақ киімді, қою қара шашты, алыс жолдан келгендігі байқалмайтын және оны бізден ешкім танымаған бір адам келді. Ол тізелерін Пайғамбар ﷺ тізелеріне тіреп, қолдарын өз сандары үстіне қойып отырды да: "Уа, Мұхаммед!" - деді!"
أَخْبِرْنِي عَنِ الإِسْلَامِ؟
Маған Ислам жайында айтып (хабар) берші!
فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الإِسْلَامُ: أَنْ تَشْهَدَ أَلَّا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَتُقِيمَ الصَّلَاةَ، وَتُؤْتِيَ الزَّكَاةَ، وَتَصُومَ رَمَضَانَ، وَتَحُجَّ البَيْتَ إِنِ اسْتَطَعْتَ إِلَيْهِ سَبِيلًا، قَالَ: صَدَقْتَ - فَعَجِبْنَا لَهُ، يَسْأَلُهُ وَيُصَدِّقُهُ –.
Сонда Алланың елшісі ﷺ былай деді: «Ислам дегеніміз – Алладан өзге құлшылыққа лайық ешбір құдайдың жоқтығына және Мұхаммед – Оның елшісі екендігіне куәлік етуің, намазды қайым етуің, зекет беруің, Рамазан айында ораза ұстауың және мүмкіндігің болса, Үйге (Қағбаға) қажылық жасауың» - деді. Ол: «Рас айттың», – деді. Ал біз болсақ, оның сұрақты өзі қойып, оны өзі растағанына таң қалдық.
قَالَ: فَأَخْبِرْنِي عَنِ الْإِيمَانِ؟
Ол: «Енді маған Иман жайлы хабар бер», - деді.
قَالَ: أَنْ تُؤْمِنَ بِاللَّهِ، وَمَلَائِكَتِهِ، وَكُتُبِهِ، وَرُسُلِهِ، وَاليَوْمِ الْآخِرِ، وَتُؤْمِنَ بِالقَدَرِ خَيْرِهِ وَشَرِّهِ، قَالَ: صَدَقْتَ.
(Ол): «Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ақырет күніне иман келтіруің және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің», – деді. Ол: «Рас айттың», – деді.
قَالَ: فَأَخْبِرْنِي عَنِ الْإِحْسَانِ؟
Ол: «Ендеше, маған ихсан туралы хабар бер», - деп сұрады.
قَالَ: أَنْ تَعْبُدَ اللَّهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ، فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فَإِنَّهُ يَرَاكَ.
Пайғамбар ﷺ: «Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық жасауың. Ал, Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұр», - деді.
قَالَ: فَأَخْبِرْنِي عَنِ السَّاعَةِ؟
Ол: «Маған Қиямет туралы хабар бер!» – деді.
قَالَ: مَا المَسْؤُولُ عَنْهَا بِأَعْلَمَ مِنَ السَّائِلِ.
Сонда (Пайғамбар ﷺ): «Бұл жайында сұралушы сұрақ қоюшыдан артық білмейді», - деді.
قَالَ: فَأَخْبِرْنِي عَنْ أَمَارَاتِهَا؟
Ол: «Олай болса, маған оның белгілері туралы айтып берші» – деді.
قَالَ: أَنْ تَلِدَ الأَمَةُ رَبَّتَهَا، وَأَنْ تَرَى الحُفَاةَ العُرَاةَ العَالَةَ رِعَاءَ الشَّاءِ، يَتَطَاوَلُونَ فِي البُنْيَانِ.
Пайғамбар ﷺ: «Күң өзіне ханымын туады. Ал, жалаңаяқ, жалаңаш, кедей қойшылардың биік ғимараттар салуда бір-бірімен жарысқанын көресің».
قَالَ: ثُمَّ انْطَلَقَ فَلَبِثْتُ مَلِيًّا، ثُمَّ قَالَ لِي: يَا عُمَرُ! أَتَدْرِي مَنِ السَّائِلُ؟ قُلْتُ: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ، قَالَ: فَإِنَّهُ جِبْرِيلُ، أَتَاكُمْ يُعَلِّمُكُمْ دِينَكُمْ".
(Омар) айтты: «Сонсоң ол кетіп қалды. Мен біраз кідірдім. Сонан соң маған: "Уа, Омар! Сұраушының кім екенін білесің бе?" – деді. Мен: "Алла және Оның елшісі жақсырақ біледі!"–дедім. Ол: "Ақиқатында, бұл–Жәбірейіл! Ол сендерге діндеріңді үйрету үшін келді!"–деді».
[ҮШІНШІ НЕГІЗ]
Пайғамбарларың Мұхаммедті ﷺ тану. Ол ибн Абдуллаһ ибн Абдулмутталиб ибн Хашим. Хашим – Құрайыштан. Құрайыш – арабтың бір руы болса, арабтар – Ибраһим әл-Халил пайғамбардың ұлы Исмаилдың ұрпағынан тарағандар (оған және біздің Пайғамбарымызға ең абзал салауат пен сәлем болсын!).
Пайғамбарымыз ﷺ алпыс үш жыл өмір сүрді, оның қырық жылы пайғамбарлыққа дейін өтсе, қалған жиырма үш жылы пайғамбар әрі елші ретінде өтті.
Оған «’Алақ» сүресі арқылы пайғамбарлық беріліп, «Мүддәссир» сүресімен елшілік міндеті жүктелді. Туған жері – Мекке қаласы.
Алла Тағала оны көпқұдайшылықтан сақтандыру және Таухид—бірқұдайшылыққа шақыру үшін жіберді. Бұған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡمُدَّثِّرُ1 قُمۡ فَأَنذِرۡ2 وَرَبَّكَ فَكَبِّرۡ3 وَثِيَابَكَ فَطَهِّرۡ4 وَٱلرُّجۡزَ فَٱهۡجُرۡ5 وَلَا تَمۡنُن تَسۡتَكۡثِرُ6 وَلِرَبِّكَ فَٱصۡبِرۡ7﴾
"Ей, бүркеніп алушы1
Орныңнан тұр, ескерт 2
Раббыңды ұлықта 3
Киіміңді тазала 4
және лас нәрселерден аулақ бол! 5
Жақсылықты міндетсініп, (оны) көп болып қайтсын деп, жасама! 6
Раббың үшін сабыр ет! 7
(Муддассир: 1-7).
Ал мына
﴿قُمۡ فَأَنذِرۡ﴾
"Орныңнан тұр, ескерт!" аятының мағынасы: ширктен сақтандыру және таухидке шақыру.
﴿وَرَبَّكَ فَكَبِّرۡ﴾
"Раббыңды ұлықта!"
Яғни: Оны таухид арқылы ұлықтау.
﴿وَثِيَابَكَ فَطَهِّرۡ﴾
"Киіміңді тазала!"
Яғни: амалдарыңды ширктен тазарт.
﴿وَٱلرُّجۡزَ فَٱهۡجُرۡ﴾
"Лас нәрселерден аулақ бол!"
Лас нәрселер («Ружз») дегеніміз – пұттар. Оларды тастау – олардан және оларға табынушылардан аулақ болу.
Пайғамбар ﷺ он жыл бойы Таухидке шақырды. Он жылдан кейін көкке көтеріліп, оған бес уақыт намаз парыз етілді. Сөйтіп, ол Меккеде үш жыл намаз оқып, кейін оған Мәдинаға һижра жасау бұйырылды.
Ал, һижра болса: ширк елінен Ислам еліне көшу.
"Һижра" дегеніміз — ширк елінен Ислам еліне қоныс аудару. Һижра осы үмметке парыз болып табылады және оның үкімі Қиямет-қайымға дейін сақталады.
Оған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿إِنَّ ٱلَّذِينَ تَوَفَّىٰهُمُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ ظَالِمِيٓ أَنفُسِهِمۡ قَالُواْ فِيمَ كُنتُمۡۖ قَالُواْ كُنَّا مُسۡتَضۡعَفِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ قَالُوٓاْ أَلَمۡ تَكُنۡ أَرۡضُ ٱللَّهِ وَٰسِعَةٗ فَتُهَاجِرُواْ فِيهَاۚ فَأُوْلَٰٓئِكَ مَأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُۖ وَسَآءَتۡ مَصِيرًا97 إِلَّا ٱلۡمُسۡتَضۡعَفِينَ مِنَ ٱلرِّجَالِ وَٱلنِّسَآءِ وَٱلۡوِلۡدَٰنِ لَا يَسۡتَطِيعُونَ حِيلَةٗ وَلَا يَهۡتَدُونَ سَبِيلٗا98﴾
"Ақиқатында, өздеріне әділетсіздік еткендердің жандарын алатын періштелер оларға: «Сендер қандай жағдайда болдыңдар?» деп сұрағанда, олар: «Біз жер бетінде әлсіз едік», деп жауап береді. Періштелер : «Қоныс аударуларың үшін Алланың жері кең емес пе еді?» дейді. Міне, солардың «баспанасы» Жәһаннам. Ол баратын орын қандай жаман! 97
Алайда, айла жасауға шамасы келмейтін және жол таба алмайтын шамасыз ерлер, әйелдер және балалардың жөні бөлек 98) (Ниса: 97-98).
Сондай-ақ, Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿يَٰعِبَادِيَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِنَّ أَرۡضِي وَٰسِعَةٞ فَإِيَّٰيَ فَٱعۡبُدُونِ56﴾
"Ей, Менің иман келтірген құлдарым! Ақиқатында, Менің жерім кең, ендеше Маған ғана құлшылық етіңдер! 56) [Анкəбут: 56]
Имам Бағауи (Алла оны рақым етсін) былай деді: Бұл аяттың түсу себебі: ол Меккеден қоныс аудармаған мұсылмандар жайында. Алла оларды иман атымен шақырып, үн қатты.
Һижраға Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінен мына сөзі дәлел болады:
"لَا تَنْقَطِعُ الهِجْرَةُ حَتَّى تَنْقَطِعَ التَّوْبَةُ، وَلَا تَنْقَطِعُ التَّوْبَةُ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ مِنْ مَغْرِبِهَا".
"Һижра тәубе үзілмегенше үзілмейді, ал тәубе Күн батыстан шыққанға дейін үзілмейді".
Пайғамбар ﷺ Мәдинаға тұрақтағаннан кейін, оған Исламның басқа шариғат үкімдері – зекет, ораза, қажылық, азан, джиһад, құпталғанды бұйырып, терістелгенді тыю – әмір етіліп, бұл жағдай он жылға созылды.
Ол ﷺ дүниеден өтсе де, оның діні сақталуда. Міне, осы - оның діні: қандай да бір жақсылық болса, үмметтін соған нұсқады; қандай да бір жамандық болса, оларды одан ескертті.
Ол нұсқаған ізгі амалдар — таухид және Алла жақсы көретін әрі разы болатын барлық нәрселер.
Ал, Оның сақтандырған жамандығы: ширк, сондай-ақ Алланың жек көретін және қабыл етпейтін барлық нәрселері.
Аллаһ Тағала оны ﷺ бүкіл адамзатқа жіберіп, жын мен адамзаттың барлығына оған бойсұнуды парыз етті. Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөзі:
﴿قُلۡ يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنِّي رَسُولُ ٱللَّهِ إِلَيۡكُمۡ جَمِيعًا...﴾
"(Уа, Пайғамбар! Оларға): «Ей, адамдар! Ақиқатында мен сендердің барлығыңа жіберілген Алланың Елшісімін" деп айт" [Әғраф: 158]
Сөйтіп, Алла сол (елшісі) арқылы дінді кемеліне келтірді; оған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿...ٱلۡيَوۡمَ أَكۡمَلۡتُ لَكُمۡ دِينَكُمۡ وَأَتۡمَمۡتُ عَلَيۡكُمۡ نِعۡمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ ٱلۡإِسۡلَٰمَ دِينٗا...﴾
"...Бүгін сендерге діндеріңді толық еттім және игілігімді соңына жеткіздім. Әрі сендерге дін ретіде Исламды (ұстануларыңа) риза болдым..." [Мәида:3]
Оның дүниеден өткендігіне дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿إِنَّكَ مَيِّتٞ وَإِنَّهُم مَّيِّتُونَ30 ثُمَّ إِنَّكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ عِندَ رَبِّكُمۡ تَخۡتَصِمُونَ31﴾
"(Уа, Расүлім!) Әлбетте, сен де өлесің, олар да өледі 30
Кейін сендер, Қиямет күні, Раббыңыз алдында тартысасыңдар 30) [Зүмәр: 30-31]
Адамдар өлгеннен кейін қайта тірілтіледі. Оған дәлел – Алла Тағаланың сөзі:
﴿مِنۡهَا خَلَقۡنَٰكُمۡ وَفِيهَا نُعِيدُكُمۡ وَمِنۡهَا نُخۡرِجُكُمۡ تَارَةً أُخۡرَىٰ55﴾
"(Сендерді) Одан (топырақтан) жараттық және (өлгендеріңнен кейін) оған қайтарамыз және (қайта тірілу күні) одан тағы бір рет шығарамыз 55) [Таһа:55]. Сондай-ақ, Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿وَٱللَّهُ أَنۢبَتَكُم مِّنَ ٱلۡأَرۡضِ نَبَاتٗا17 ثُمَّ يُعِيدُكُمۡ فِيهَا وَيُخۡرِجُكُمۡ إِخۡرَاجٗا18﴾
"Алла сендерді жерден өсімдік секілді шығарды 17
Содан кейін сендерді оған қайтарып және (басқа) шығарумен шығарады 18) [Нух: 17-18]
Адамдар қайта тірілгеннен кейін есепке алынып, амалдарына сай жазаланады. Бұған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿...لِيَجۡزِيَ ٱلَّذِينَ أَسَٰٓـُٔواْ بِمَا عَمِلُواْ وَيَجۡزِيَ ٱلَّذِينَ أَحۡسَنُواْ بِٱلۡحُسۡنَى﴾
"...Сондай жамандық істегендерді, істеген жамандықтарымен жазалау, ал, жақсылық істегендерді одан да жақсымен марапаттау үшін) [Нәжм: 31].
Ал, Қайта тірілуді жалғанға шығарған адам кәпір болады. Дәлелі – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿زَعَمَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَن لَّن يُبۡعَثُواْۚ قُلۡ بَلَىٰ وَرَبِّي لَتُبۡعَثُنَّ ثُمَّ لَتُنَبَّؤُنَّ بِمَا عَمِلۡتُمۡۚ وَذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ7﴾
"Сенбейтіндер: "Әсте қайта тірілмейміз" деп ойлайды. (О, Пайғамбар! Оларға): " Раббыммен ант етейін, міндетті түрде тірілесіңдер (тірілгенде қандай) ... ! Одан соң сендерге не істегендеріңнің хабары беріледі. Осыны (жасау) Аллаға оңай" де 7) [Тәғабун: 7].
Алла барлық елшілерді қуандырушы әрі ескертуші етіп жіберді. Оған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿رُّسُلٗا مُّبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ لِئَلَّا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى ٱللَّهِ حُجَّةُۢ بَعۡدَ ٱلرُّسُلِ...﴾
"Елшілерді қуандырушы, ескертуші етіп жібердік, елшілерден кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмасын деп...) [Ниса:165].
Олардың (елшілердің) ең алғашқысы – Нұх (оған Алланың сәлемі болсын).
Ал, соңғысы – Мухаммад ﷺ. Әрі Ол – пайғамбарлардың да соңғысы, одан кейін пайғамбар келмейді. Оған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿مَّا كَانَ مُحَمَّدٌ أَبَآ أَحَدٖ مِّن رِّجَالِكُمۡ وَلَٰكِن رَّسُولَ ٱللَّهِ وَخَاتَمَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ...﴾
"Мұхаммед сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ, (ол)—Алланың Елшісі және пайғамбарлардың соңы..." [Әхзаб:40].
Олардың әуелгісінің Нұх пайғамбар екендігінің дәлелі: Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿إِنَّآ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ كَمَآ أَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ نُوحٖ وَٱلنَّبِيِّـۧنَ مِنۢ بَعۡدِهِ...﴾
"(Уа, Пайғамбар!) Ақиқатында, Біз Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік..." (Ниса: 163).
Алла әрбір үмметке – Нұхтан (оған Алланың сәлем болсын) Мұхаммедке ﷺ дейін – оларды Жалғыз Аллаға құлшылық етуге бұйырып, тағұтқа құлшылық етуден тыятын елші жіберген; Бұған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿وَلَقَدۡ بَعَثۡنَا فِي كُلِّ أُمَّةٖ رَّسُولًا أَنِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱجۡتَنِبُواْ ٱلطَّٰغُوتَ...﴾
"Ақиқатында, Біз әрбір үмметке: «Аллаға құлшылық етіңдер, тағуттан аулақ болыңдар!»—деген Елші жібердік..." [Нахл:36].
Алла бүкіл құлдарына: тағутты теріске шығаруды және Аллаға иман келтіруді парыз етті.
Ибн әл-Қайим (оған Алланың рақымы болсын) былай деп айтады: Тағуттың мағынасы: құлдың өз шегінен асып кетуіне себеп болатын нәрсе — мейлі ол құлшылық етілетін нәрсе болсын, немесе біреуге еруші яки бойсұнушы біреу болсын.
Тағуттар көп, ал олардың ең бастысы бесеу: Ібіліс (оған Алланың лағынеті болсын), өзіне құлшылық етілгеніне разы болушы, адамдарды өзіне құлшылық етуге шақырушы, ғайып ілімінен бір нәрсе білемін деп мәлімдеуші және Алланың түсіргенінен басқа нәрсемен үкім етуші.
Дәлелі – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿لَآ إِكۡرَاهَ فِي ٱلدِّينِۖ قَد تَّبَيَّنَ ٱلرُّشۡدُ مِنَ ٱلۡغَيِّۚ فَمَن يَكۡفُرۡ بِٱلطَّٰغُوتِ وَيُؤۡمِنۢ بِٱللَّهِ فَقَدِ ٱسۡتَمۡسَكَ بِٱلۡعُرۡوَةِ ٱلۡوُثۡقَىٰ لَا ٱنفِصَامَ لَهَاۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ256﴾
"Дінде мәжбүрлеу жоқ. Ақиқатында, туралық адасудан анықталды. Кімде-кім тағұтқа қарсы келіп, Аллаға сенсе, ажырамайтын ең берік тұтқадан ұстаған болады. Алла бәрін Естуші, бәрін Білуші 256) [Бақара: 256] Бұл – "Лә иләһә илла Аллаһ" сөзінің мағынасы, ал хадисте:
"رَأْسُ الأَمْرِ: الإِسْلَامُ، وَعَمُودُهُ: الصَّلَاةُ، وَذِرْوَةُ سَنَامِهِ: الجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ".
«Бұл істің (Діннің) ең басы (негізі)— бойсұну (Ислам), оның тірегі—намаз. Ал, шыңы – Алла жолындағы джиһад».
Алла жақсы білуші. (Б.Ж.)
***
الفهرس
[ЕКІНШІ НЕГІЗ] 14
[ҮШІНШІ НЕГІЗ] 22
***
kk36v2.0 - 16/05/2026