Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазының оқылу тәртібі (қазақ тілі)

  • earth Language
    (қазақ тілі)
  • earth Author:
    الشيخ عبد العزيز بن باز

Other Translations 58

ce شيشاني- нохчийн мотт sq ألباني- Shqip pt برتغالي- português as آسامي- অসমীয়া ms ملايو- Melayu uz أوزبكي- Ўзбек ar عربي- العربية ps بشتو- بشتو ur أردو- اردو en إنجليزي- English bn بنغالي- বাংলা ru روسي- Русский zh صيني- 中文 fa فارسي- فارسي fr فرنسي- Français hi هندي- हिन्दी sw سواحيلي- Kiswahili id إندونيسي- Indonesia ha هوسا- Hausa tl فلبيني تجالوج- Tagalog tr تركي- Türkçe gu غوجاراتية- ગુજરાતી te تلغو- తెలుగు si سنهالي- සිංහල ta تاميلي- தமிழ் mk مقدوني- македонски pl بولندي- polski it إيطالي- italiano hu هنجاري مجري- magyar ka جورجي- ქართული es إسباني- español kn كنادي- ಕನ್ನಡ or أورومو- afaan oromoo sr صربي- Српски az أذري- azərbaycanca lo لاو- ພາສາລາວ ml مليالم- മലയാളം tg طاجيكي- тоҷикӣ hy أرميني- Հայերէն bs بوسني- bosanski vi فيتنامي- Tiếng Việt dv ديفهي- ދިވެހި ky قرغيزي- Кыргызча st سوتي- Sesotho th تايلندي- ไทย ne نيبالي- नेपाली cs تشيكي- čeština fi فنلندي- suomi bg بلغاري- български mos موري- Mõõré mg ملاغاشي- Malagasy kk كازاخي- қазақ тілі ig إيجبو- Igbo yo يوربا- Èdè Yorùbá uk أوكراني- українська ddn دندي- Dendi dje زارما- Zarmaciine mfe كريولي- créole
PHPWord

 

 

كَيْفِيَّةُ صَلَاةِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ

 

Пайғамбар

(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазының оқылу тәртібі

 

لِفَضِيلَةِ الشَّيْخِ العَلَّامَةِ

عَبْدِ العَزِيزِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ بَازٍ

غَفَرَ اللَّهُ لَهُ وَلِوَالِدَيْهِ وَلِلْمُسْلِمِينَ

 

Мәртебелі шейх

Абдул-Азиз ибн Абдуллаһ ибн Баз

 


بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

Пайғамбар

(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазының оқылу тәртібі

Аса Рақымды, ерекше Мейірімді Алланың атымен

 

Барлық мадақ тек Аллаға тән. Оның құлы әрі елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына Алланың салауаты мен сәлемі болсын. Содан кейін:

Бұл — Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазының сипаты қысқаша баяндалған сөздер. Мен оны оқып шыққан әрбір мұсылман ер мен әйел; осы мәселеде Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ілесуге бар күшін салсын деп, ұсынуды жөн көрдім. Өйткені ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

(صَلُّوا كَمَا رَأَيْتُمُونِي أُصَلِّي).

"Намазды менің қалай намаз оқығанымды көргендеріңдей, оқыңдар", - деген1. Енді оқырманға соның баяны:  

1. Дәретті толық алу — яғни Алла Тағала бұйырғандай, белгілі мүшелерді жуу. Бұл – Оның мына сөзіне амал ету болып табылады:

﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا قُمۡتُمۡ إِلَى ٱلصَّلَوٰةِ فَٱغۡسِلُواْ وُجُوهَكُمۡ وَأَيۡدِيَكُمۡ إِلَى ٱلۡمَرَافِقِ وَٱمۡسَحُواْ بِرُءُوسِكُمۡ وَأَرۡجُلَكُمۡ إِلَى ٱلۡكَعۡبَيۡنِ...﴾.

"Ей, мүміндер! Қашан намазға тұратын болсаңдар, жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартып, тобықтарға дейін

аяқтарыңды (жуыңдар)"  [Мәидә сүресі, 6 аят]. Аят.

Пайғамбардың (оған Алланың салауаты

мен сәлемі болсын) сөзі:

َا تُقْبَلُ صَلَاةٌ بِغَيْرِ طُهُورٍ).

"Дәретсіз намаз қабыл болмайды"2.

Оның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазын дұрыс оқымаған адамға айтқан мына сөзі:

(‌إِذَا ‌قُمْتَ ‌إِلَى ‌الصَّلَاةِ، ‌فَأَسْبِغِ ‌الْوُضُوءَ).

(Егер намазға тұрсаң, дәретті толық ал)3.

2- Намаз оқушы қайда болса да, бүкіл денесімен Құбылаға, яғни Қағбаға бұрылып, жүрегімен оқитын намазына, парыз немесе нәпілге, ниет етеді. Алайда, ниетті тілмен айтпайды, өйткені ниетті тілмен айту шариғатта бекітілмеген. Керісінше, ол – бидғат; себебі Пайғамбар да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның сахабалары да (олардан Алла разы болсын) ниетті тілмен айтпаған. Имам немесе жеке оқушы алдына тосқауыл (сутра) қою керек. Ғұламалар кітаптарында айтып өткен кейбір арнайы жағдайлардан бөлек, құбылаға бұрылу – намаздың бір шарты.

3. «Аллаһу әкбар», деп ихрам такбирін айтады да, сәжде орнына қарайды.

4 - Такбир айтқанда қолдарын иық немесе құлақ тұсына көтереді.

5 - Екі қолын көкірегіне қояды: оң қолын сол қолына, білезігі және білегінің үстіне; өйткені бұл Пайғамбардан ﷺ бекітілген.

6- Ашу (истифтах) дұғасын оқу – сүннет, ол былай :

(اللَّهُمَّ بَاعِدْ بَيْنِي وَبيْنَ خَطَايَايَ، كَمَا بَاعَدْتَ بيْنَ المَشْرِقِ وَالمَغْرِبِ، اللَّهُمَّ نَقِّنِي مِنَ الخَطَايَا كَمَا يُنَقَّى الثَّوْبُ الأبْيَضُ مِنَ الدَّنَسِ، اللَّهُمَّ اغْسِلْ خَطَايَايَ بالمَاءِ وَالثَّلْجِ وَالبَرَدِ).

/Аллаһуммә бә’ид бәйни уә бәйнә хота-йә-йә, кәмә бә’адтә бәйнәл-мәшриқи уәл-мәғриб, Аллаһуммә нәққини мин хота-йә-йә, кәмә

юнәққа-с-сәубул-әб’яду минә-д-дәнәс, Аллаһуммә-ғсилни мин хота-йә-йә,

би-с-сәлжи уәл-мәи уәл-бәрад/

 

Я, Алла! Батыс пен шығыстың арасын алыстатқаныңдай, мені де қателік күнәларымнан алыстата гөр! Я, Алла! Ақ киім кірден тазартылатындай, мені де қателік-күнәларымнан тазарта гөр. Я, Алла! Менің қателік-күнәларымды қармен, сумен және бұршақпен жуа гөр4.

Қаласа, оның орнына былай дейді:

(سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، وَتَبَارَكَ اسْمُكَ، وَتَعَالَى جَدُّكَ، وَلَا إلَهَ غَيْرُكَ).

/Субханәкә-Аллаһуммә, уә би-хамдика, уә тәбәракә-смука, уә тә’алә жәддука, уә лә иләһа ғойрук/

 

(Я, Алла! Сен Пәксің, барлық мақтау Өзіңе арналады! Сенің есімің берекелі және Сенің ұлылығың бәрінен (де) жоғары, әрі Сенен басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ)5. Егер ол Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахих түрде жеткен, намаз басында айтылатын өзге дұғаларды айтса оқасы жоқ; ең жақсысы – кейде бірін, кейде екіншісін оқу, өйткені бұл (сүннетке) ілесуді толығырақ етеді. Сосын былай дейді: «Аъузу билләһи минәш-шайтонир-рожиим, Бисмилләһир-Рохманир-Рохиим» және Әл - Фатиха сүресін оқиды, (Пайғамбардың) мына сөзіне сай:

(لَا صَلَاةَ لِمَنْ لَمْ يَقْرَأْ بفَاتِحَةِ الكِتَابِ).

(Кітаптың Фатихасы (беташары) сүресін оқымағанның намазы жоқ)6. Одан кейін «әмин» сөзін, дауыстап оқылатын намаздарда дауыстап, іштей оқылатындарда ішнен айтады. Содан соң Құраннан өзіне жеңіл болғанын оқиды. Ең абзалы — «Фатиха» сүресінен кейін бесін, екінті және құптан намаздарында муфассалдың ортасындағы сүрелерден, таң намазында муфассалдың ұзын сүрелерінен, ал ақшамда кейде ұзыны, кейде қысқасынан оқу. Бұл — осыған қатысты келген хадистерге амал ету.

7- «Аллаһу акбар», - деп рукуғқа барады; қолдарын иықтарының немесе құлақтарының тұсына дейін көтеріп, басын арқасымен бір деңгейде ұстап, қолдарын тізелерінің үстіне қойып, саусақтарының арасын ашады. Рукуғында орнығып тұрады да: /Субханә Раббиял-’Азыйм!/

«Ұлы Раббым (кемшілік атаулыдан) Пәк!», - дейді. Ең абзалы – оны үш рет немесе одан көп қайталау. Сондай-ақ, сонымен бірге былай деп айту да мустахаб:

(‌سُبْحَانَكَ ‌اللَّهُمَّ ‌وَبِحَمْدِكَ، ‌اللَّهُمَّ ‌اغْفِرْ ‌لِي).

/ Субханәкә-Ллаһуммә

уә бихамдика, Аллаһуммә-ғфир-ли!/

 

(Аллаһ, Сен пәксің, Саған мақтау (болсын) Я, Аллаһ, мені кешіре гөр)7.

8- Рукухтан басын көтереді де, қолдарын иық немесе құлақ деңгейіне дейін көтеріп, былай дейді: /Сәми’а-Ллаһу лимән-хамидәһ/

(Аллаһ Өзін мақтағанды естіді). Егер намаз оқушы имам немесе жеке өзі оқитын болса – тұрған кезінде былай айтады:

(رَبَّنَا وَلَكَ الحَمْدُ حَمْدًا كَثِيرًا طَيِّبًا مُبَارَكًا فِيهِ مِلْءَ السَّمَواتِ وَمِلْءَ الأرضِ، وَمِلْءَ مَا شِئتَ مِنْ شَيءٍ بَعدُ).

"Раббәнә, уә ләкәл-хамду, хамдән кәсиран, тайибән, мубәракән фи-һ мил-ә-с-сәмәуәти уә мил әл-арды  уә мил-ә мә ши`тә мин шәй-ин бә’д"

 

Раббымыз! Саған мақтау, әрі көп-көп ізгі берекелі мақтау-мадақтар болсын, ол көктер мен жерді және олардың арасындағыларды толтырсын, әрі Өзің қалаған нәрселерді де толтырсын8.

Ал егер ұюшы болса, көтерілген кезде:«Раббәнә уә ләкәл-хамд» деп, алдын айтылған (дұғаны) соңына дейін — айтады. Ал олардың әрқайсысы — яғни имам да, жамағатқа ұйыған да, жеке өзі оқушы да — сонымен қоса:

(أهْلَ الثَّنَاءِ والْمجْدِ، أحَقُّ مَا قَالَ العَبْدُ، وكُلُّنَا لَكَ عَبْدٌ: اللَّهُمَّ لَا مَانِعَ لِمَا أعْطَيْتَ، ولَا مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، ولَا يَنْفَعُ ذَا الجَدِّ مِنْكَ الجَدُّ) .

"Әһлә-с-сәнәи уәл-мәжди, ахаққу мә қаләл ‘абду, уә куллюнә ләкә ‘абдун. Аллаһуммә, лә мәни’а  лимә а’тайтә, уә лә му’тыйа лимә мәнә’тә, уә лә янфә’у  зәл-жәдди минкәл-жәдду/

 

(О, мадақ пен ұлылық Иесі! Құлдың айтқан сөздерінің ең дұрысына лайықтысы, әрі біз барлығымыз да Саған құлмыз: Я, Алла! Сен берген нәрсеге ешкім тосқауыл бола алмайды, ал Сен бермеген нәрсені ешкім бергізе алмайды, Сенің алдыңда байдың байлығы пайдасыз болып қалады)9. одан расталғандығы үшін осылай айту - өте жақсы.

Имамның да, оған ұюшының да, жеке оқушының да рукуғқа дейінгі тұруындағындай, қолдарын көкірегіне қоюы — мұстахаб. Өйткені бұған Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Уәил ибн Хужр мен Сәһл ибн Сағд (оларға Алла разы болсын) риуаят еткен хадис дәлел.

9- “Аллаһу әкбар”, деп сәждеге барады да, егер оған мүмкіндік болса, қолдарынан бұрын тізелерін жерге қояды. Ал егер бұл оған ауыр болса, тізелерінен бұрын қолдарын қояды; аяқтары мен қолдарының саусақтарын Құбылаға қаратып, қол саусақтарын біріктіріп, оларды алға созады. Ол жеті мүшесімен (жерге) таянады. Олар: мұрынмен бірге маңдайы, екі қолы, екі тізесі және аяқ саусақтарының ішкі жағы. Сосын: «Субхана раббийәл-аълә», — дейді; мұны үш рет немесе одан көп қайталау — сүннет. Сонымен қоса былай деуі де құпталады:

(سُبْحانَكَ اللَّهُمَّ رَبَّنا وَبِحَمْدِكَ، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي).

"Субханакә Аллаһумма Раббана уә бихамдик, Аллаһуммағ-фирли"

 

(Раббымыз, Аллаһым! Сені пәк деп дәріптеймін, Саған мақтау (болсын) уа, Аллаһым мені кешір). Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзіне сәйкес, сәждеде дұғаны көбейту қажет.

(‌أَمَّا ‌الرُّكُوعُ، ‌فَعَظِّمُوا ‌فِيهِ ‌الرَّبَّ، وَأَمَّا السُّجُودُ، فَاجْتَهِدُوا فِي الدُّعَاءِ، فَقَمِنٌ أَنْ يُسْتَجَابَ لَكُمْ).

"Рукуғқа келер болсақ — оның барысында Раббыңызды мадақтап, дәріптеңдер. Ал сәждеде Одан дұға тілеуді көбейтіңдер, өйткені осы күйде дұғаның қабыл болуының ықтималы артады)10.

Әрі Раббысынан дүние мен ақыреттің жақсылығын сұрайды. Намаз парыз немесе нәпіл болсын, ол (сәждеде) екі қолының шынтақтан жоғары бөлігін бүйірінен, ішін санынан, санын балтырларынан алшақ ұстайды, әрі білектерін жерге тигізбей жоғары көтереді, өйткені Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

(اعْتَدِلُوا فِي السُّجُودِ، وَلَا يَبْسُطْ أَحَدُكُمْ ذِرَاعَيْهِ انْبِسَاطَ الكَلْبِ).

(Сәждеде (денелеріңді) түзу ұстаңдар, сондай-ақ араларыңда ешкім қолдарын ит жайғандай жерге жаймасын)11.

10- Басын көтеріп, тәкбір айтып, сол аяғын төсеп, оның үстіне отырады, оң аяғын тік қояды. Қолдарын санының үсті және тізелеріне қойып, былай дейді:

(رَبِّ اغْفِرْ لِي وَارْحَمْنِي وَاهْدِنِي وَارْزُقْنِي وَعَافِنِي وَاجْبُرْنِي).

"Аллаһуммә-ғфир ли, уәрхамни, уәһдини, уәрзуқни, уа’афини,  уәжбурни/

"Раббым! Мені кешіре гөр, маған мейірім ет, мені тура жолға баста, маған ризық бер, мені сауықтыр және кемшіліктерімді түзет"12. Осы отырыста орнығып отырады.

11 - Екінші сәждеге тәкбір айтып барады, онда бірінші сәждеде істегендерін істейді.

12 - «Аллаһу акбар», деп басын көтеріп, екі сәжденің арасындағы отырыс секілді жеңіл отырысқа отырады. Бұл «истираха отырысы» деп аталады. Ол – мустахап, оны қалдырса, айып жоқ. Онда зікір де, дұға да айтылмайды. Одан кейін екінші ракағатқа тұрады: егер оған ыңғайлы болса, тізелеріне сүйеніп, ал егер оған ауыр болса, жерге (қолымен) сүйенеді. Сосын “Фатиха” сүресін, әрі “Фатихадан” кейін Құраннан жеңіл болғанын оқиды. Содан соң бірінші ракағатта жасағандарын қайталайды.

13 - Егер намаз екі ракағаттық, яғни таң, жұма және айт намазы болса, екінші сәждеден көтерілгеннен кейін оң аяғын тік қойып, сол аяғын төсеп отырып, оң қолын оң санының үстіне қояды; барлық саусақтарын бүгіп, тек сұқ саусағын қалдырып, онымен таухидке ишара етеді. Ал егер оң қолының шынашағы мен

атсыз саусағын бүгіп, бас бармағы пен ортаңғысын шеңбер жасап, сұқ саусағымен ишара етсе — бұл да жақсы; өйткені бұл екі сипат Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахих түрде келген. Ең абзалы — кейде бірін, кейде екіншісін орындау. Сол қолын сол саны мен тізесіне қояды. Содан кейін осы отырыста тәшәһһудты оқиды, ол былай:

(التَّحِيَّاتُ للهِ وَالصَّلَوَاتُ وَالطَّيِّبَاتُ، السَّلَامُ عَلَيْكَ أيُّهَا النَّبِيُّ وَرَحْمَةُ اللهِ وَبَرَكَاتُهُ، السَّلَامُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ الله الصَّالِحِينَ، أَشْهَدُ أنْ لَا إلَهَ إلَّا اللهُ وَأَشْهَدُ أنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ ورَسولُهُ).

"Әт-тәхийату ли-Лләһи, уә-с-саләуәту, уә-ттайибәту, әс-сәләму ‘аләй-кә әйюһәннәбию уә рахмәту-Ллаһи уә бәракәтуһу, әс-сәләму ‘аләйнә уә ‘алә ‘ибәди-Лләһи-ссалихинә. Әшһәду әллә иләһа иллә-Ллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдан ‘абдуһу уә расулуһ/

 

(Сәлемдер, салауаттар және барлық жақсылықтар Аллаға тән. Уа, Пайғамбар! Саған (Алланың) сәлемі және Алланың рақымы әрі Оның берекеті болсын! Алланың сәлемі бізге және Оның ізгі құлдарына болсын! Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін). Сосын былай дейді:

(اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ وَعَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ؛ إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ وَعَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ؛ إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ).

/Аллаһуммә, салли ‘алә Мухаммадин уә ‘алә әли Мухаммад, кәмә салләйтә ‘алә Ибраһимә уә ‘алә әли Ибраһим, иннәкә Хамидун, Мәжид. Уә бәрик ‘алә Мухаммадин уә ‘алә әли Мухаммад, кәмә бәрактә ‘алә Ибраһимә уә ‘алә әли Ибраһимә, иннәкә Хамидун, Мәжид/

(Я, Аллаһ! Ибраһимге және оның отбасына игілік еткеніңдей, Мухаммадқа және оның отбасына да игілік еткейсың, шын мәнінде, Сен - Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың! Әрі Ибраһимге және оның отбасына береке бергеніңдей, Мухаммадқа және оның отбасына да береке бере гөр. Шын мәнінде, Сен - Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың!»13.

Аллаға сиынып, Одан төрт нәрседен қорғауын сұрап, былай дейді:

(اللَّهُمَّ إنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ جَهَنَّمَ، وَمِنْ عَذَابِ القَبْرِ، وَمِنْ فِتْنَةِ المَحْيَا وَالْمَمَاتِ، وَمِنْ شَرِّ فِتْنَةِ المَسِيحِ الدَّجَّالِ).

"Аллаһуммә, инни ә’узу бикә мин ‘азәби жәһәннәм, ‘азәбил-қабр, уә мин фитнәтил махйа уәл-мәмәт, уә мин шәрри фитнәтил мәсихи-д-дәжжәл/.

 

"Я, Аллаһ! Расында, мен Тозақ азабынан, қабір азабынан, өмір мен өлім бүлігінен және Мәсих Дәжжәл бүлігінің кесірінен Өзіңе сиынамын!"14.

Содан кейін дүние мен ақырет игілігін тілеп, қалаған дұғасын жасайды. Ал егер ата-анасына немесе басқа мұсылмандарға дұға етсе, оның еш оқасы жоқ — (ол) намаз парыз немесе нәпіл болса да —; өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ибн Масғудтың (Алла одан разы болсын) хадисінде оған тәшаһһудты үйреткен кезде айтқан сөзі жалпыға қатысты:

(ثُمَّ ‌لِيَتَخَيَّرْ ‌مِنَ ‌الدُّعَاءِ بَعْدُ أَعْجَبَهُ إِلَيْهِ فَيَدْعُو).

(Сосын ол дұғалар арасынан өзіне ұнағанын таңдап, дұға етсін)15. Басқа бір мәтінде былай делінген:

(‌ثُمَّ ‌لِيَخْتَرْ ‌مِنَ ‌الْمَسْأَلَةِ ‌مَا ‌شَاءَ).

(Сосын ол өзіне керек мәселесінен қалағанын таңдасын)16.

Бұл—құлға дүние-ақыретте пайдалы нәрселердің барлығын қамтиды. Содан соң оң жағына және сол жағына: "Әс-саламу алейкум уа рахматуллаһ, Әс-саламу алейкум уа рахматуллаһ", - деп, сәлем береді (Мағынасы: "Сендерге сәлем және Аллаһтың рахымы болсын, Сендерге сәлем және Аллаһтың рахымы болсын").

14- Егер намаз ақшам секілді үш рәкағатты, немесе бесін, екінті, құптан секілді төрт

рәкағатты болса, жоғарыда айтылған тәшәһһудті Пайғамбарға  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтумен бірге оқиды. Сосын

тізелеріне сүйене отырып тұрып кетеді, қолдарын иықтарының деңгейіне немесе құлақтарының тұсына дейін көтеріп: «Аллаһу акбар», — дейді. Кейін екі қолын, жоғарыда айтылғандай, көкірегіне қойып, тек «Фатиха» сүресін оқиды. Ал бесін намазының үшінші және төртінші рәкағаттарында кейде «Фатихадан» кейін қосымша сүре оқыса, еш айыбы жоқ, өйткені бұл жөнінде Әбу Сағидтан (Алла оған разы болсын)

жеткізілген хадисте Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәлел бар. Егер бірінші тәшәһһудтан кейін Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтуды қалдырып кетсе, еш оқасы жоқ; өйткені ол бірінші тәшәһһудта уәжіп емес, мустахаб. Одан кейін ақшамның үшінші рәкағатынан соң және бесін, екінті, құптанның төртінші рәкағатынан соң, екі рәкағаттық намаздағыдай, тәшәһһуд айтады. Содан соң оң және сол жақтарына сәлем береді. Сәлемнен кейін үш рет

Алладан кешірім сұрап:

(اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلَامُ وَمِنْكَ السَّلَامُ، تَبَارَكْتَ يَا ذَا الجَلَالِ وَالإِكْرَامِ).

"Аллаһуммә, Әнтә-с-Сәләм, уә минкә-с-сәләм, тәбәрактә, йа Зәл-жәләли уәл-икрам" - деп айтады.

"Я, Алла! Сен Мінсізсің (әс-Сәләм - Алланың қандай да кемшілік атаулыдан ада екендігіне нұсқайтын Оның көркем есімдерінің бірі), әрі есен-амандық Сенен (яғни: кез-келген қайғы-қасіреттерден Өзің ғана құтқарасын), уа, Ұлылық пен Құрмет Иесі, Сен Игі Берекелісің17. Егер имам болса, адамдарға бұрылмай тұрып, былай дейді:

َا إلَهَ إلَّا الله وحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَه، لَهُ المُلْكُ، وَلَهُ الحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيءٍ قَدِيرٌ، لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إلَّا بالله، اللَّهُمَّ لَا مَانِعَ لِمَا أعْطَيْتَ، وَلَا مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلَا يَنْفَعُ ذَا الجَدِّ مِنْكَ الجَدُّ، لَا إلَهَ إلَّا الله، وَلَا نَعْبُدُ إلَّا إيَّاهُ، لَهُ النِّعْمَةُ وَلَهُ الفَضْلُ، وَلَهُ الثَّنَاءُ الحَسَنُ، لَا إلَهَ إلَّا اللهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ وَلَو كَرِهَ الكَافِرُونَ).

"Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку, уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир. Лә хаулә уә лә қууатә иллә биЛләһ. Аллаһуммә,

лә мәни’а лимә ә’тайта, уә лә му’тыйя лимә мәнә’тә, уә лә янфә’у зәл-жәдди минкәл-жәдд. Лә иләһа иллә-Ллаһу, уә лә нә’буду иллә ийәһу, ләһу-н-ни’мәту уә ләһул-фәдлу уә ләһу-с-сәнә-ул-хәсәну, лә иләһа иллә-Ллаһу мухлисынә ләһу-д-динә уә ләу кәриһәл-кәфирун/.

Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Ол Жалғыз. Оның серігі жоқ. Билік Оған тән әрі барлық мақтау Оған лайық, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Я, Алла! Сен берген нәрседен ешкім айыра алмайды. Ал Сен бермеген нәрсені ешкім бере алмайды. Байлық пен нығметке ие болғанның да мал-дүниесі Сенің құзырыңда оған еш пайда бермейді. Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Біз Одан басқа ешкімге құлшылық етпейміз. Нығметтерді Ол береді, артықшылықтарға да Ол Ие, Оған көркем мақтау-мадақтар болсын. Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ, ал біз дінді (амалдарымызды), тіпті кәпірлер жек көрсе де,

Оған ғана арнаймыз"18.

Әр намаздан кейін отыз үш реттен: “Субхана-Ллаһи”, “Әль-хамдули-Ллаһи” және “Аллаһу акбар”, - деп, жүзіншісінде: “Лә иләһә иллә-Ллаһу уахдаһу лә шарика ләһу, ләһуль-мульку, уә ләһуль-хамду, уә һуә ъалә кулли шайъин қадиир!”, - дейді. Сондай-ақ әр намаздан кейін Аятуль-Курсиді, «Құлһу Аллаһу ахад», «Құл аъузу би Раббил-фәләқ» және «Құл аъузу би Раббин-нәс» сүрелерін оқиды. Осы үш сүрені таң және ақшам намаздарынан кейін үш рет қайталау – мустахап, өйткені бұл жөнінде Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде келген. Аталған зікірлердің барлығы – сүннет, парыз емес.

Әрбір мұсылман ер мен әйелге бесін намазының парызына дейін төрт , одан кейін екі рәкғат, ақшам намазынан кейін екі рәкғат, құтпан намазынан кейін екі рәкғат, таң намазының парызына дейін екі рәкғат оқу сүннет; барлығы – он екі рәкағат. Бұл рәкғаттар "рауатиб" деп аталады, өйткені Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оларды сапарда емес, үйінде болған кезінде тұрақты түрде орындайтын. Ал сапарға шықса, ол таң намазының сүннеті мен үтірден басқа сүннеттерді (рауатибтерді) оқымайтын. Өйткені Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оларды тұрғылықты жеріннде "муқим" болып та, сапарда да үзбей орындайтын. Бұл рауатибтер мен үтірді үйде оқу абзал. Алайда, оны мешітте оқыса – оқасы жоқ; Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

(أفْضَلُ صَلَاةِ المَرْءِ في بَيْتِهِ، إلَّا الصَّلَاةَ المَكْتُوبَةَ).

"Парыз намазынан басқа, кісі намазының ең абзалы – оның үйінде оқығаны"19.

Осы рәкғаттарды тұрақты оқу — Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

(مَنْ صَلَّى اثْنَتَيْ عَشْرَةَ رَكْعَةً فِي يَومٍ وَلَيْلَةٍ، بُنِيَ لَه بِهِنَّ بَيْتٌ فِي الجَنَّةِ).

"Кімде-кім тәуілігіне он екі рәкағат (рауатиб) намаз оқитын болса, Алла тағала ол үшін Жәннәтта үй салып береді (немесе: "…ол үшін Жәннәтта үй салынады") деген сөзіне орай, жәннатқа кірудің себептерінен:20.

Егер аср намазына дейін төрт рәкағат, ақшам алдында екі және құптан намазы алдында екі рәкағат оқыса – бұл жақсы; өйткені Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) соған дәлел болатын сенімді риуаяттар келген. Ал егер бесін намазынан кейін төрт және оның алдында төрт рәкағат намаз оқыса – бұл да жақсы; өйткені ол (оған

Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):

(مَنْ ‌حَافَظَ ‌عَلَى ‌أَرْبَعِ ‌رَكَعَاتٍ ‌قَبْلَ ‌الظُّهْرِ، وَأَرْبَعٍ بَعْدَهَا حَرَّمَهُ اللَّهُ عَلَى النَّارِ).

"Кім бесін намазына дейін және одан кейін төрт рәкағат намаз оқитын болса, оны Аллаһ Отқа харам етті" деген21. Мұндағы мағына — бесін намазынан кейін бекітілген сүннеттен тыс қосымша екі рәкағат қосу; өйткені оның бекітілген сүннеті — алдында төрт, кейін екі рәкағат. Ал егер одан кейін тағы екі рәкағат қосса, Умм Хабибаның (оған Алланың ризашылығы болсын) хадисінде айтылғаны жүзеге асады.

Тәуфиқ (жәрдем) беруші – Алла. Алланың салауаты мен сәлемі Пайғамбарымыз Мухаммед ибн Абдуллаһқа ﷺ, оның жанұясы мен сахабаларына және оның жолына Қиямет күніне дейін ықыласпен ерушілерге болсын!

 

 

***

 

kk395v2.1 - 14/05/2026


Муслим (224) риуаят еткен.

Әл-Бухари (5782) риуаят еткен.

Әл-Бухари (744) және Муслим (598) риуаят еткен.

Муслим (399) риуаят еткен.

Әл-Бухари (756) риуаят еткен.

Оны әл-Бухари (817) және Муслим (484) риуаят еткен.

Әл-Бухари (711) және Муслим (598) риуаят еткен.

Муслим риуаят еткен, (477).

Муслим риуаят еткен, (479).

Оны әл-Бұхари (788) және Муслим (493) риуаят еткен.

Әт-Тирмизи (284), Әбу Дауд (850) және Ибн Мәжаһ (898) риуаят еткен.

Әл-Бұхари (797) және Мүслім (402) риуаят еткен.

Әл-Бұхари (1311) және Муслим (588) риуаят еткен.

Ән-Нәсаи (1298) риуаят еткен.

Муслим (402) риуаят еткен.

Муслим (591) риуаят еткен.

Муслим (402) риуаят еткен.

Әл-Бухари (6860) риуаят еткен.

Муслим (728) риуаят еткен.

Имам Ахмад (25547), әт-Тирмизи (393) және Әбу Дәуіт (1077) риуаят еткен.

Әл-Бухари (605) риуаят еткен.