PHPWord

 

 

 

مَا لَا يَسَعُ المُسْلِمَ جَهْلُهُ

 

 

Мұсылманға білмеуі мүмкін емес (білмеуіне болмайтын) нәрселер

 

 

 

اللَّجْنَةُ العِلْمِيَّةُ

بِرِئَاسَةِ الشُّؤُونِ الدِّينِيَّةِ بِالمَسْجِدِ الحَرَامِ وَالمَسْجِدِ النَّبَوِيِّ

 

Харам мешіті мен Пайғамбар мешітіндегі Діни істер төрағалығының ғылыми комитеті

 


بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

Мұсылманға білмеуі мүмкін емес (білмеуіне болмайтын) нәрселер

Кіріспе

Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Салауат пен сәлем әлемдерге рақым етіп жіберілген Пайғамбарымызға ﷺ оның отбасына және сахабаларына, сондай-ақ, Қиямет күніне дейін оның сүннетіне еріп, жолымен жүргендерге болсын!

Содан кейін:

Бұл — мұсылманның ақидасына, құлшылық амалдары және қарым-қатынастарына қатысты ең маңызды қажеттерді қамтыған қысқаша жолдау. Қасиетті қос мешітке келуші ерлер мен әйелдерге дін мәселелерін біліп, оны анық түсінсін деп жинақтадық. Аса Жомарт әрі шексіз нығмет Беруші Алладан бұл еңбекті пайдалы етуін, әрі Өзінің разылығы үшін ықыласпен жасалған болуын тілейміз. Расында, Ол — сұралатындардың ең жақсысы және үміт артылғандардың ең жомарты.

Әл-Харам мешіті және Пайғамбар мешітінің діни істері басқармасының ғылыми комитеті

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен!

Бірінші бөлім:

Ақидаға қатысты мәселелер

Бірінші тарау: Исламның мағынасы және рүкіндері:

Ислам — Аллаға Таухид (Оны жалғыз деп білу) арқылы мойынсұну, Оған бағынып құлшылық қылу, сондай-ақ, ширк және оның жақтастарынан аулақ болу.

Исламның бес рүкіні (тірегі) бар:

Біріншісі: Алладан басқа құлшылықа лайық ешбір құдайдң жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың елшісі екеніне куәлік ету.

Екіншісі: намаз оқу.

Үшіншісі: Зекет беру.

Төртіншісі: Рамадан айында ораза ұстау.

Бесіншісі: Шамасы келгендердің Қасиетті үйге (Қағбаға) қажылық өтеуі.

Таухидтің маңыздылығы:

Біліп қой, Даңқты әрі Ұлық Алла жаратылысты Өзіне ешнәрсені серік қоспай, тек Өзіне ғана құлшылық ету үшін жаратқан. Алла Тағала:

﴿وَمَا خَلَقۡتُ ٱلۡجِنَّ وَٱلۡإِنسَ إِلَّا لِيَعۡبُدُونِ 56﴾

"Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылу үшін ғана жараттым 56" деген. (Зәриат: 56). Ал бұл ғибадатты үйренбей танып-білу мүмкін емес. Алла Тағала айтқандай:

﴿فَٱعۡلَمۡ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ وَٱسۡتَغۡفِرۡ لِذَنۢبِكَ وَلِلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِۗ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ مُتَقَلَّبَكُمۡ وَمَثۡوَىٰكُمۡ 19﴾

"(Уа, Пайғамбар!) Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдайдың жоқ екенін біл! Өз күнәң мен мүмін ерлер әйелдер үшін кешірім тіле! Алла сендердің қозғалыстарың мен тұрақтайтын орындарыңды біледі 19" (Мұхаммед:19). Сөйтіп, (Алла тағала аятты) сөз бен амалдан бұрын біліммен бастады. Сол себепті, мұсылманның үйренуі тиіс ең маңызды нәрсе – Алла Тағаланы (құлшылықта) бірлеу, өйткені ол – діннің негізі әрі іргетасы. Дін тек таухидпен (бірлеумен) ғана орнайды. Бұл – мұсылманның ең бірінші әрі ең соңғы міндеті. Таухид —Ислам рүкіндерінің алғашқысы, оны әрбір мұсылман біліп үйренуі және оған амал етуі міндет. Исламның бес рүкіні бар. Абдуллаһ ибн Омар (ол екеуіне Алла разы болсын) жеткізген хадисінде былай айтты: Алла елшісінің (саллаллаһу ‘алайһи уа сәллам) былай дегенін естідім:

«بُنِيَ الإسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أنْ لَا إلَهَ إلَّا اللَّهُ وأنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَإقَامِ الصَّلَاةِ، وَإيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَحَجِّ البَيْتِ، وصَوْمِ رَمَضَانَ».

«Ислам бес (нәрсенің үстіне) құрылған: Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдайдың жоқтығына және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылық өтеу және рамазанда ораза тұту»1.

Мұсылманға таухидтің мағынасын үйрену— уәжіп; Таухид дегеніміз – құлшылықты тек жалғыз Аллаға ғана арнап жасау. Ендеше, Оған құлшылық етуде ешкімді ортақ қылмасын; тіпті ол (Аллаға) жақындатылған періште немесе жіберілген пайғамбар болса да.

«Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ» екендігіне куәлік етудің мағынасы:

Ол – пенденің анық сеніммен Даңқты да Ұлы Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдайдың жоқ екенін мойындауы. Сөйтіп, ол құлшылықты тек жалғыз Аллаға ғана жасап және құлшылықтың

дұға, қорқу, үміт ету, тәуекел ету және ғибадаттың басқа да барлық түрлерін бүтіндей Ұлық Аллаға ғана арнайды.

Келесе екі рүкін болмаса, куәлік жүзеге аспайды:

Біріншісі: Иләһи қасиеттер (улуһия) мен

құлшылықты Алладан өзге теңдес, жалған тәңірлер мен өзіне құлшылық жасалғанына разы болған тағуттар (сиқыршы-сәуегейлер)секілді барлық нәрселерден терістеу (жоққа шығару).

Екіншісі: шынайы құлшылықты Одан өзге біреуге емес, тек жалғыз Аллаға ғана бекіту. Алла Тағала айтты:

﴿‌وَلَقَدۡ بَعَثۡنَا فِي كُلِّ أُمَّةٖ رَّسُولًا أَنِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱجۡتَنِبُواْ ٱلطَّٰغُوتَۖ...﴾

"Расында әр үмметке; “Аллаға құлшылық қылыңдар, тағуттан аулақ болыңдар” деген елші жібердік..." (Нәхл: 36).

Ал, мына нәрселер "Лә иләһә иллә Аллаһ" (құлшылыққа лайық Алладан басқа ешбір құдай жоқ) сөзінің шарттары болып табылады:

Бірінші: надандыққа қарсы білім (ъилм).

Екінші: күмәнді жоққа шығаратын айқын сенім (яқин).

Үшінші: ширкке қайшы келетін ықылас (яғни құлшылықты Алламен қатар басқа біреуге емес, тек Аллаға арнап жасау).

Төртінші: жалғанға кереғар шыншылдық (сыдқ).

Бесінші: жек көруге қайшы келетін махаббат.

Алтыншы: тәрк етуге (бас тартуға) қайшы бойсұну (әл-инқияд).

Алтыншы: тәрк етуге қайшы ұғым — қабылдау (әл-қабул).

Сегізінші: Аллаһ Тағаладан өзге құлшылық етілетін нәрселерге күпірлік ету (сенбеу, жоққа шығару).

Бұл шарттарға амал ету—уәжіп, олар келесі екі өлең жолына жинақталған:

Білім, айқын сенім, ықылас және шыншылдығың, Махаббат пен бойсұну және қабыл алуың.

Сегізіншіге Алладан өзге нәрсеге табынғандарды жалғанға шығарып , оларға сенбеуді қос.

Куәлікті жүзеге асыру – Алла Тағалаға Оған ешбір серік қоспай, жалғыз Өзіне ғана құлшылық ету және құлшылықты бір Аллаға ғана арнап орындау. Олай болса ол Алладан басқаға дұға етілмейді, Алладан басқаға тәуекел етуге болмайды, Алладан басқаға үміт артылмайды, Алладан басқа біреу үшін намаз оқылмайды және тек Пәк әрі асқақ Алладан басқа біреу үшін құрбан шалмайды.

Ал енді, кейбір адамдардың қабірлерді айналып тауаф етуі, қабір иелерінен көмек (медет) сұрауы және Алладан өзгелерге дұға етуі — құлшылықтағы ширк болып саналады. Сондықтан бұдан сақтандырып, ескерту уәжіп; өйткені бұл – Алла Тағаладан өзге пұттарға, тастарға және ағаштарға табынған мүшріктердің істеген ісінің бір түрі. Әрі бұл — одан сақтандыру және тыйым салу үшін кітаптар түсіріліп, елшілер жіберілген ширк болып табылады.

Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік етудің мағынасы:

Оған бағыну — бұйырғанын орындау, хабарына сену, тыйғанынан аулақ болу, әрі Аллаға тек ол бұйырғандай (көрсеткендей) құлшылық жасау. Әрбір мұсылман Мұхаммед ибн Абдуллаһ әл-Құраши әл-Һашимидің Алла Тағаланың бүкіл жаратылысқа – жын мен адамзатқа жіберілген елшісі екенін мойындайды. Алла Тағала айтқандай:

﴿قُلۡ يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنِّي رَسُولُ ٱللَّهِ إِلَيۡكُمۡ جَمِيعًا...﴾

"(О, Пайғамбар!): «Ей, адамдар! Ақиқатында мен сендердің барлығыңа жіберілген Алланың Елшісімін..."—деп айт" (Әғраф: 158).

Сондай-ақ, Алла оны Өз дінін жеткізу және жаратылысты тура жолға салу үшін жібергенін мойындайды. Алла Тағала айтқандай:

﴿‌وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ إِلَّا كَآفَّةٗ لِّلنَّاسِ بَشِيرٗا وَنَذِيرٗا وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ28﴾

"Біз сені бүкіл адамзатқа қуантушы және сақтандырушы етіп жібердік. Бірақ адамдардың көбі мұны білмейді 28) (Сәба: 28). Және Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿‌وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ إِلَّا رَحۡمَةٗ لِّلۡعَٰلَمِينَ 107﴾

"(Уа, Пайғамбар!) Біз сені бүкіл әлемдерге тек рақым ретінде жібердік 107" (Әнбия: 107).

Бұл куәліктен туындайтын мәселе — Пайғамбарға (саллаллаһу ‘алайһи уә сәллам) Жаратушыға ғана тән істерде

(рубубиятта), әлемді басқаруда немесе құлшылықта қандай да бір ақысы (үлесі) бар деп сенбеу. Керісінше, ол (саллаллаһу ‘алайһи уә сәллам) – оған табынуға болмайтын Алланың құлы әрі өтірікке шығарылмайтын елшісі. Алла қаламайынша, ол өзіне де, өзгеге де ешқандай пайда не зиян келтіре алмайды. Алла Тағала айтқанындай:

﴿‌قُل لَّآ أَقُولُ لَكُمۡ عِندِي خَزَآئِنُ ٱللَّهِ وَلَآ أَعۡلَمُ ٱلۡغَيۡبَ وَلَآ أَقُولُ لَكُمۡ إِنِّي مَلَكٌۖ إِنۡ أَتَّبِعُ إِلَّا مَا يُوحَىٰٓ إِلَيَّ...﴾

"(Уа, Пайғамбар!): «Жанымда Алланың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Сондай-ақ, сендерге (өзімді) періштемін деп те айтпаймын. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін..." (Әнғам: 50).

Екінші тарау: Иманның мағынасы мен рүкіндері.

Иман — жүрекпен бекіту, тілмен айту және жүрек пен дене мүшелері арқылы амал ету. Ол бойұсыну арқылы көбейіп, күнә істеумен азаяды.

Иман – құлшылықтың дұрыс әрі қабыл болуының шарты. Сондай-ақ, ширк пен күпірлік барлық құлшылықты жойғандай, әрі Аллаһ Тағала дәретсіз намазды қабыл етпейтіні сияқты, иман болмаса, құлшылықты да қабыл етпейді. Алла Тағала айтты:

﴿وَمَن يَعۡمَلۡ مِنَ ٱلصَّٰلِحَٰتِ مِن ذَكَرٍ أَوۡ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤۡمِنٞ فَأُوْلَٰٓئِكَ يَدۡخُلُونَ ٱلۡجَنَّةَ وَلَا يُظۡلَمُونَ نَقِيرٗا 124﴾

"Ер кісі немесе әйел кісіден кім иманды болып ізгі амалдар жасаса, міне, солар жәннатқа кіреді және оларға кұрма дәнінің ойығындай да әділетсіздік жасалмайды" "Ниса: 124".

Сөйтіп, ширк барлық амалдарды жарамсыз ететінін (жоққа шығаратынын) баяндады. Алла Тағала айтқандай:

﴿وَلَقَدۡ أُوحِيَ إِلَيۡكَ وَإِلَى ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِكَ لَئِنۡ أَشۡرَكۡتَ لَيَحۡبَطَنَّ عَمَلُكَ وَلَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ 65﴾

"Ақиқатында, саған және сенен алдыңғыларға: «Егер Аллаға біреуді серік қылсаң, амалың жойылып, (өзің) анық зиян шегушілерден боласың», деп уахи етілді 65" (Зумар: 65).

Иманның рүкіндері алтау: Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, Ақырет күніне, тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіру.

1) Алла Тағалаға иман келтіру үш мәселені қамтиды:

1- Оның раббылығына иман келтіру:

Бұл – Алла Тағаланы Оның жарату, ризық беру, тірілту және өлтіру секілді істерінде бір деп тану. Алладан басқа Жаратушы жоқ, Алладан басқа ризық беруші жоқ, Алладан басқа тірілтуші жоқ, Аллаһдан басқа өлтіруші жоқ. Сондай-ақ, әлемді пәк әрі асқақ Алладан басқа ешкім басқармайды.

Өзінің айтқанына өзі сенбейтін, тәкаппар біреулер болмаса, жаратылыстың ешбірі Алланың рубубиятын теріске шығарған емес. Бұл Перғауынмен болған оқиға сияқты: кезінде ол өз халқына:

﴿‌...أَنَا ‌رَبُّكُمُ ‌الْأَعْلَى﴾

"...мен сендердің ең жоғарғы иелеріңмін" де (Нәзиғат: 24). Алайда, бұл сенімнен туындамаған, Алла Тағала Муса (оған Алланың сәлемі болсын) туралы былай деген:

﴿‌قَالَ لَقَدۡ عَلِمۡتَ مَآ أَنزَلَ هَٰٓؤُلَآءِ إِلَّا رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ بَصَآئِرَ وَإِنِّي لَأَظُنُّكَ يَٰفِرۡعَوۡنُ مَثۡبُورٗا 102﴾

"(Муса): «Негізінде, сен бұларды көрнекі белгілер етіп, аспандардың және жердің Раббысы түсіргенін білдің. Анығында, мен сенің, ей Перғаун, құритыныңды білемін»,- деді 102" (Исра: 102). Сондай-ақ, Алла Тағала айтты:

﴿‌وَجَحَدُوا بِهَا وَاسْتَيْقَنَتْهَا أَنْفُسُهُمْ ظُلْمًا وَعُلُوًّا... ﴾

"Олар іштей көздері жетіп тұрса да әділетсіздікпен және өздерін жоғары қойып, оны (белгілерді) мойындамады..." (Нәмл: 14).

Өйткені, бұл жаратылғандардың міндетті түрде бір Жаратушысы болуы керек, себебі олар өздерін өзі жаратулары мүмкін емес; өйткені ешбір нәрсе өзін-өзі жарата алмайды, әрі кездейсоқ та пайда бола алмайды; Себебі әрбір жаңадан пайда болған нәрсенің міндетті түрде бір жасаушысы болады. Себебі оның осындай ғажап тәртіппен және кемел үйлесімділікпен жаратылуы кездейсоқтыққа жол бермейді. Олай болса, оның Жаратушысы болуы айқын, Ол — әлемдердің Раббысы Алла! Алла Тағала айтты:

﴿‌أَمۡ خُلِقُواْ مِنۡ غَيۡرِ شَيۡءٍ أَمۡ هُمُ ٱلۡخَٰلِقُونَ 35 أَمۡ خَلَقُواْ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَۚ بَل لَّا يُوقِنُونَ 36﴾

"Немесе олар еш нәрсесіз, өздігінен жаратылды ма? Әлде өздері жаратушылар ма?35

Не олар аспан әлемі мен жерді жаратты ма? Жоқ! Олар айқын сенбейді 36)

(Тур: 35-36).

Мүшріктер Алла Тағаланың раббы екенін (раббылық қасиеттерін) мойындағанымен, Оған улуһиясы—құлшылық Иесі екеніне серік қосқандықтан, бұл нанымдары олардың Исламға кірулеріне жол бермеді. Пайғамбар (саллаллаһу ‘алайһи уа сәллам) олармен соғысты, сондай-ақ, құлшылықта серік қосқаны үшін олардың жаны мен мал-мүлкін халал санады. Өйткені олар Алламен қатар пұттарға, тастарға, періштелерге және өзге нәрселерге табынатын.

2- Оның улуһиясына (құлшылыққа лайық екеніне) иман келтіру:

Оның улуһиясына иман келтіру дегеніміз— Оның серігі жоқ, жалғыз шынайы құлшылыққа лайық Құдай (Иләһ) екеніне сену. "Иләһ" сөзі – махаббат, ұлықтау және кішіпейілдікпен бағынынып, құлшылық етілетін нәрсе (Мә‘лууһ) дегенді білдіреді.

Алла Тағала айтты:

﴿‌وَإِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞۖ لَّآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلرَّحۡمَٰنُ ٱلرَّحِيمُ 163﴾

"Сендердің құдайларың бір-ақ құдай. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол аса Мейірімді, ерекше Рақымды, 163) (Бақара: 163).

Алламен қатар (құлшылықта) құдай саналған барлық нәрселердің құдай екендігі жалған (бекер) наным болып табылады. Алла Тағала айтты:

﴿ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ هُوَ ٱلۡبَٰطِلُ وَأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡعَلِيُّ ٱلۡكَبِيرُ 62﴾

"Бұл Алланың—әл-Хаққ (Ақиқат), ал олардың Одан өзге жалынып сұрайтындары жалған (тәңірлер) болғаны, ал Алланың аса Жоғары да, өте Үлкен болғаны үшін 62)

(Хаж: 62).

Сол себепті Нұхтан Мұхаммедке (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) дейінгі елшілер өз қауымдарын Алланы бір деп тануға және құлшылықты тек Оған ғана арнауға шақырды. Алла Тағалa мүшріктердің Алламен қатар табынатын құдайлар жасап, олардан көмек сұрауын және оларға сүйенуін екі ақылға қонымды дәлелмен жоққа шығарды:

Біріншісі: олардың тәңір етіп алғандарында құдайлық сипаттардың ешбірі жоқ: олар жаратылған, ештеңе жарата алмайды, өздеріне құлшылық етушілерге пайда да келтіре алмайды, олардан зиянды да кетіре алмайды, жан беруге, жан алуға (өлтіруге) және қайта тірілтуге де жарамайды. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَٱتَّخَذُواْ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةٗ لَّا يَخۡلُقُونَ شَيۡـٔٗا وَهُمۡ يُخۡلَقُونَ وَلَا يَمۡلِكُونَ لِأَنفُسِهِمۡ ضَرّٗا وَلَا نَفۡعٗا وَلَا يَمۡلِكُونَ مَوۡتٗا وَلَا حَيَوٰةٗ وَلَا نُشُورٗا 3﴾

"Олар (мүшріктер) болса, ештеңе жарата алмайтын, керісінше өздері жаратылған, әрі өздеріне не зиян, не пайда келтіруге жарамайтын және өлтіруге, өмір беруге әрі қайта тірілтуге де ие болмаған бірдеңелерді Оның орнына құдайлар етіп алды 3"

(Фурқан: 3).

Екіншісі: сол мүшріктер Алла Тағаланың жалғыз Жаратушы әрі Басқарушы екенін мойындайтын. Бұл мойындаулары олардың Оны Раббылықта жалғыз деп танығаны секілді, құлшылықта да жалғыз деп тануын талап ететін. Алла Тағала айтқандай:

﴿قُل لِّمَنِ ٱلۡأَرۡضُ وَمَن فِيهَآ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ 84 سَيَقُولُونَ لِلَّهِۚ قُلۡ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ85 قُلۡ مَن رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ ٱلسَّبۡعِ وَرَبُّ ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡعَظِيمِ 86 سَيَقُولُونَ لِلَّهِۚ قُلۡ أَفَلَا تَتَّقُونَ 87 قُلْ مَنْ بِيَدِهِ مَلَكُوتُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ يُجِيرُ وَلَا يُجَارُ عَلَيْهِ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ 88 سَيَقُولُونَ لِلَّهِ قُلْ فَأَنَّى تُسْحَرُونَ 89﴾

"(Уа, Пайғамбар!): «Егер білсеңдер, жер және ондағы нәрселер кімдікі?» деп сұра". 84

Олар: «Алланыкі», дейді. «Ендеше, естеріңе алмайсыңдар ма?»- деп айт" 85

«Жеті аспанның Раббысы және ұлы Аршының Раббысы кім?» деп сұра. 86

Олар: « Барлығы да Алланың меншігі»,- дейді. «Ендеше, Алладан (Оның жазасынан) сақтанбайсыңдар ма?»- деп айт. 87

«Барлық нәрсенің иелігі қолында болып, Өзі қорғайтын және Одан ешкім қорғана алмайтын кім ? Егер білсеңдер, айтыңдаршы»,—деп айт.88

Олар: «Алланың», дейді. (Оларға): «Қалайша ақылдарың кетіп қалған (неге бастарың істемейді?!»-деп айт 89)

(Муминун: 84-89). Егер олар раббылықтағы таухидті мойындаса, оларға құлшылықты жалғыз Алла Тағалаға ғана арнап, Оған құлшылық етуде ешкімді серік қоспау міндет болар еді.

3- Алланың есімдері мен сипаттарына иман:

Яғни: Алла Тағала Кітабында Өзіне бекіткен нәрселерін бекіту немесе Пайғамбар (саллалаһу ‘аләйһи уа сәллам) өзінің сүннетінде Аллаға бекіткенін бекіту; есімдер мен сипаттарды Алла Тағалаға лайықты түрде, бұрмаламай, мағынасыз қалдырмай, кейіп берместен және (екшімге) ұқсатпай (бекіту). Алла Тағала айтты:

﴿‌وَلِلَّهِ ٱلۡأَسۡمَآءُ ٱلۡحُسۡنَىٰ فَٱدۡعُوهُ بِهَاۖ وَذَرُواْ ٱلَّذِينَ يُلۡحِدُونَ فِيٓ أَسۡمَٰٓئِهِۦۚ سَيُجۡزَوۡنَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ 180﴾

"Аллаға ең көркем есімдер тән. Сол есімдері арқылы Одан тілеңдер. Оның есімдеріне қатысты ауытқығандарды жайына қалдырыңды (оларға мән бермеңдер). Жақында оларға істеген амалдарының қайтарымы беріледі 180" (Әғраф: 180) Және Алла Тағала айтты:

﴿‌...لَيۡسَ كَمِثۡلِهِۦ شَيۡءٞۖ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡبَصِيرُ﴾

"... Ешбір нәрсе Оған ұқсамайды. (Әйтсе де), Ол бәрін Естуші , бәрін Көруші" (Шура: 11).

Ширк үшке бөлінеді:

1- Үлкен ширк.

2 – Кіші ширк.

3 – Жасырын ширк

1- Үлкен ширк:

Оның ережесі: Аллаға ғана тән қасиеттерде (ерекшеліктерде) Алладан өзгені Алламен теңестіру. Алла Тағала айтқандай:

﴿‌إِذۡ نُسَوِّيكُم بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ 98﴾

"Сендерді әлемнің Раббына теңеуші едік 98" (Шуғара: 98).

Бұл — құлшылықты Алла Тағаладан өзге біреуге арнауды қамтығанын немесе құлшылықтың кейбір түрлерін Ұлы Алладан басқаға жасауды көрсетеді. Мысалы: дұға ету, жәрдем тілеу, нәзір айту, құрбандық шалу және құлшылықтың өзге де түрлері.

Бұған сондай-ақ Алла Тағаланың харам еткен нәрселерді халал деп санау немесе халал еткенді харам деп санау да жатады. Немесе Алла Тағаланың міндеттеген (үкімін) жоққа шығару (алып тастау); дінде харам екені сөзсіз белгілі болған нәрселерді, мысалы, зина, ішімдік, ата-анаға қарсы келу, өсім және сол сияқтыларды халал деп санау

немесе даңқты әрі ұлық Алланың халал еткен жақсы нәрселерін харам деу. Сондай-ақ, Алла Тағаланың парыз еткен нәрселердің үкімін жою; мысалы, намаз міндетті емес, ораза парыз емес (ұстамаса да болады) немесе зекет беру міндетті емес, деп сену.

Үлкен ширк амалдарды жояды және оны жасаған адам осы күйде (тәубесіз) өлсе, тозақта мәңгі қалады. Алла Тағала:

﴿‌...وَلَوۡ أَشۡرَكُواْ لَحَبِطَ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ﴾

"Егер олар Оған серік қосқанда, істеген амалдары зая кетер еді",—деп айтқандай [Әнғам: 88].

Кімде-кім сол күйінде (тәубе етпей) өлсе, Алла оны кешірмейді, әрі оған Жәннат харам етіледі. Алла Тағала бұл туралы:

﴿‌إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَغۡفِرُ أَن يُشۡرَكَ بِهِۦ وَيَغۡفِرُ مَا دُونَ ذَٰلِكَ لِمَن يَشَآءُ...﴾

"Расында, Алла Өзіне серік қосылғанды кешірмейді. Ал, одан өзгені күнәларды қалағанына кешіреді..." [Ниса: 48]. Сондай-ақ, Аллаһ Тағала былай деді:

﴿...إِنَّهُۥ مَن يُشۡرِكۡ بِٱللَّهِ فَقَدۡ حَرَّمَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِ ٱلۡجَنَّةَ وَمَأۡوَىٰهُ ٱلنَّارُ...﴾

"Өйткені, кім Аллаға бір нәрсені серік қылса, Алла оған жаннатты арам етеді. Оның тұрағы От тозақ болады..." (Мәида: 72).

2- Кіші ширк:

Бұл – Құран мен Сүннетте «ширк» деп аталғанымен, үлкен ширктің дәрежесіне жетпегендіктен, "кіші ширк" деп аталады. Мысалы, Алла Тағаладан өзгемен ант ету сияқты; Қағбамен, пайғамбарлармен, аманатпен, пәленшенің өмірімен және сол сияқты нәрселермен ант ішу секілді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) айтты:

«مَنْ حَلَفَ بِغَيرِ اللهِ فَقَدْ كَفَرَ أَو أَشرَكَ».

«Кімде-кім Алладан басқа бір нәрсемен ант етсе, ол күпірлік немесе ширк істеген болады»2.

Кейде ол оны істеген адамның

жүрегіндегі жағдайға байланысты үлкен ширк те болуы мүмкін. Егер Пайғамбармен немесе пәлен шейхпен ант етушінің жүрегінде, ол Алламен тең немесе оған Алладан басқаға дұға етуге болады, не болмаса "ол әлемді басқарады" деген сенімде болса, бұл үлкен ширк айналады. Ал егер Алладан басқамен ант беруші мұны ниет етпестен, тек әдеттенгендіктен тіліне оралып кетсе, бұл кіші ширк болады. Бұл кейбір жерлерде жиі кездеседі. Сондықтан таухидті сақтау және оны қорғау үшін бұған назар аударып, одан сақтандыру – уәжіп.

3- Жасырын ширк:

Бұл - жүректе болатын Рия (көзбояушылық); намазды немесе Құранды адамдарға көрсету үшін оқитын, олар мақтасын деп, тәсбих айту немесе садақа беру сияқты. Бұл — рия араласқан сол амалды ғана жоққа шығарып, Алла Тағала үшін ықыласпен орындалған басқа амалдарды жоймайды.

Алланың елшісі ﷺ былай деді:

«الشِّرْكُ فِي هَذِهِ الْأُمَّةِ أَخْفَى مِنْ دَبِيبِ النَّمْلَةِ السَّودَاءِ عَلَى الصَّفَاةِ السَّودَاءِ فِي ظُلْمَةِ اللَّيْلِ، وَكَفَّارَتُهُ أَنْ يَقُولَ: "اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ أَنْ أُشْرِكَ بِكَ شَيْئًا وَأَنَا أَعْلَمُ، وَأَسْتَغْفِرُكَ مِنَ الذَّنْبِ الَّذِي لَا أَعْلَمُ».

«Бұл үмметтегі ширк – түн қараңғылығындағы қара тастың үстіндегі қара құмырсқаның еңбектегенінен де жасырын. Оның кәффараты: "Аллаһумма инни: әъу:зу бика ән ушрика бика шайъан уә әна әълам, уә әстәғфирука минәз-зәнбил-ләзии лә әъламу (Я, Аллаһ! Мен біле тұра Саған серік қосудан Өзіңе сыйынамын және білмей істеген күнәм үшін Сенен кешірім сұраймын)", - деп айту»3.

Сенбеудің (куфр, күпірлік) түрлері:

Бірінші түрі: Үлкен күпірлік:

Күпірліктің бұл түрі – Тозақта мәңгі қалуға себеп болады. Ол беске бөлінеді:

1- Өтірікке шығару күпірі:

Бұл — елшілерді өтірікші (өтірік айтты) деп сену. Бұл кәпірлер арасында сирек кездеседі. Өйткені Алла Тағала Өз елшілерін айқын дәлелдермен қолдаған. Алла Тағала өтірікке шығарушылардың жағдайын былай сипаттаған:

﴿‌وَجَحَدُوا ‌بِهَا ‌وَاسْتَيْقَنَتْهَا أَنْفُسُهُمْ ظُلْمًا وَعُلُوًّا...﴾

"(Мұғжизаларға) көңілдері сенсе де, оған зұлымдық және менмендік қылып, қарсы шықты..." (Нәхл: 14).

2- Мойынсұнбау (бас тарту) және тәкаппарлық күпірлігі:

Бұл – Ібілістің күпірлігіне ұқсайды. Өйткені ол Алланың әмірін жоққа шығармады және оны терістемеді. Керісінше, оған бас тарту және тәкаппарлық қылып, қарсы шықты. Алла Тағала айтты:

﴿وَإِذۡ قُلۡنَا لِلۡمَلَٰٓئِكَةِ ٱسۡجُدُواْ لِأٓدَمَ فَسَجَدُوٓاْ إِلَّآ إِبۡلِيسَ أَبَىٰ وَٱسۡتَكۡبَرَ وَكَانَ مِنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ 34﴾

"Періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дегенімізді еске алыңдар. Олар сол сәтте сәжде қылды. Бірақ, Ібіліс бас тартып, дандайсыды да, қарсы келушілерден болды 34" (Бақара: 34).

Үшіншісі: Бет бұру (жалтару) күпірлігі:

Яғни, ақиқатқа еруге құлақ салмай, оған қоса жүрегімен сырт айналу (бас тарту), оған бұрылып қарамау және көңіл бөлмеу. Алла Тағала айтты:

﴿وَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّن ذُكِّرَ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِۦ ثُمَّ أَعۡرَضَ عَنۡهَآۚ إِنَّا مِنَ ٱلۡمُجۡرِمِينَ مُنتَقِمُونَ22﴾

"Раббысының аят-белгілері есіне салынғаннан кейін, одан теріс бұрылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Әлбетте, Біз қылмыскерлерден кек аламыз 22" (Сәжде: 22).

Ал, жартылай бет бұруға келер болсақ, бұл – күпірлік емес, пасықтық болып табылады. Бұған ораза немесе қажылықтың үкімдері секілді діннің кейбір уәжіптерін үйренуден бас тарту жатады.

Төртіншісі: Күмәндану (шәк келтіру) күпірлігі.

Бұл дегеніміз – оның ақиқат туралы екі ойлы болып, оған нық сенбеу, керісінше, оған күмәндану. Бұл Алла Тағаланың мына сөзінде айтылғандай:

﴿وَدَخَلَ جَنَّتَهُ وَهُوَ ظَالِمٌ لِنَفْسِهِ قَالَ مَا أَظُنُّ أَنْ تَبِيدَ هَذِهِ أَبَدًا 35 وَمَا أَظُنُّ السَّاعَةَ قَائِمَةً وَلَئِنْ رُدِدْتُ إِلَى رَبِّي لَأَجِدَنَّ خَيْرًا مِنْهَا مُنْقَلَبًا 36﴾

"Сөйтіп ол бағына өз-өзіне әділетсіздік еткен күйі кіріп: «Мен бұл бақ құриды деп, ешқашан ойламаймын. 35

Әрі Сағат (қайта тірілу күні) болады, деп те ойламаймын. Егер Раббыма қайтарылсам, бұдан да жақсысын, әлбетте, табамын»,—деді 36) (Кәһф: 35-36).

5 – Екіжүзділік күпірлігі:

Бұл дегеніміз: тілімен иманды екенін көрсетіп, жүрегімен оны теріске шығаруы (күпірлігін жасыру). Алла Тағала айтты:

﴿وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَقُولُ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَبِٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ وَمَا هُم بِمُؤۡمِنِينَ 8﴾

"Адамдардың кейбіреулері мунафиқтар): «Аллаға да, ақырет күніне де сендік»,— дейді. Бірақ олар сенбейді 8" (Бақара: 8).

Бұл мысалдан – күпірліктің діннен шығаратын үлкен түрлері.

Екінші түрі: Кіші күпірлік:

Күмірліктің бұл түрі Тозақта мәңгі қалуға себеп болмайды. Бұл – Кітап пен Сүннетте «күпірлік» деп аталған, бірақ "әлиф-ләм таъриф" -пен анықталмай, белгісіз түрде келген. Оған мысалдар көп, соның кейбірі: Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте:«Алла елшісі (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) былай деді:

«اثْنَتَانِ فِي النَّاسِ هُمَا بِهِمْ كُفْرٌ: الطَّعْنُ فِي النَّسَبِ، وَالنِّيَاحَةُ عَلَى المَيِّتِ».

«Адамдарда кездесетін екі нәрсе бар, сол арқылы күпірлікке ұрынады: біреудің шыққан тегін кемсіту және өлген адамды жоқтау»4.

2) Періштелерге иман келтіру:

Періштелер – ғайып әлемі. Алла Тағала оларды нұрдан жаратты. Әрі олар Алла Тағалаға (ғана) құлшылық етушілер, Оларда раббылық пен құдайлық (құлшылыққа лайық болу) қасиеттері жоқ. Олар Алланың әміріне қарсы келмейді, әрі өздеріне бұйырылғанды орындайды. Періштелердің саны көп. Олардың санын Алла Тағаладан басқа ешкім білмейді.

Періштелерге иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:

1- Олардың бар екендігіне иман келтіру.

2- Есімдері бізге белгілі болған періштелерге иман келтіру, мысалы: Жәбрейіл, Микаил, Исрафил және басқалары. Ал есімдерін білмегендердің барлығына жалпылай иман келтіреміз.

3- Кітап пен Сүннетте келген, бізге мәлім болған сипаттарына иман келтіру; Жәбірейіл сипаты секілді. Расында, Пайғамбар (саллалаһу ‘аләйһи уа сәллам) оның Алла Тағала жаратқан сипатында көргенін хабарлаған. Жәбрейілдің көкжиекті жауып тұрған алты жүз қанаты болған.

4- Олардың бізге мәлім болған амалдарына иман келтіру: олардың күндіз-түні еш жалықпастан, босаңсымастан Алла Тағаланы дәріптеуі, сондай-ақ, Оған құлшылық етуі.

Мәселен, Жәбрейіл – уахиді жеткізуге жауапты.

Исрафилге: Сурға үрлеу міндеті жүктелсе,

Өлім періштесі – өлім кезінде жандарды алу міндеті жүкте.

Мәлик – тозақ күзетшісі. Ридуан – Жәннат күзетшісі және басқа да періштелер бар.

3) Кітаптарға иман келтіру:

Кітаптардан мақсат — Алла Тағала Өз елшілеріне көктен түсірген кітаптар. Бұл кітаптар адамзатқа тура жол көрсету және оларға деген рақымдылық арқылы оларды екі дүниенің бақытына жеткізу үшін түсірілген.

Кітаптарға иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:

1- Олардың шынымен де Алла тарапынан түсірілгеніне иман келтіру.

2- Олардың ішінен аты бізге белгілі болғандарына иман келтіру; мысалы, Мухаммадқа (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) түсірілген Құран. Мусаға (‘алайһиссәлам) түсірілген Тәурат. Исаға (‘алайһиссәлам) түсірілген Інжіл және Дәуітке (‘алайһиссәлам) берілген Зәбур.

Ал есімдерін білмегендерімізге жалпы түрде иман келтіреміз.

3) Олардың хабарларына, яғни Құранның және бұрынғы кітаптардың бұрмаланбаған хабарларына иман келтіру.

4) Оның күші жойылмаған үкімдерімен амал ету, даналығын түсінсек те, түсінбесек те, оған разы болып, бойсұну. Барлық бұрынғы кітаптар (үкімдері) ұлы Құранмен жойылған. Бұрынғы кітаптардың үкімдерінің ішінен дұрыс (сахих) болып, Қасиетті Құран немесе Пайғамбар сүннеті арқылы расталғанына ғана амал етуге болады.

4) Елшілерге (оларға Алланың сәлемі болсын) иман келтіру:

«Әр-Русул» – елші сөзінің көпше түрі; ол – адамдардың ішінен өзіне шариғат уахи етіліп, оны жеткізуге бұйырылған кісі. Олардың алғашқысы – Нұх (‘алайһиссалләм) болса, соңғысы – Мухаммад (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам). Олар – жаратылған пенделер. Оларда раббылық пен улуһия (құлшылыққа лайық болу) қасиеттер мүлдем жоқ.

Елшілерге иман келтіру мыналарды қамтиды:

1 - Олардың елшіліктерінің Алладан келген ақиқат екеніне иман келтіру, Кімде-кім олардың біреуіне иман келтірмесе, сол барлығына күпірлік еткен болып саналады.

2- Олардың ішінен есімдері бізге белгілі болғандарына жеке-жеке иман келтіру, мысалы: Мұхаммед, Ибраһим, Мұса, Иса және Нұх (оларға Алланың игілігі мен сәлемі болсын). Олар – берік сенім мен төзімділік иесі болған елшілер.

Ал олардың ішінен есімдерін білмегендерімізге жалпы түрде иман келтіреміз. Алла Тағала айтты:

﴿‌وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا رُسُلٗا مِّن قَبۡلِكَ مِنۡهُم مَّن قَصَصۡنَا عَلَيۡكَ وَمِنۡهُم مَّن لَّمۡ نَقۡصُصۡ عَلَيۡكَ...﴾

"Біз сенен бұрын да елшілер жібердік. Олардың ішінде Біз саған хабарын бергеніміз де бар, сондай-ақ, олардың ішінде Біз саған хабарын бермегендеріміз де бар..." (Ғафир: 78).

3 – Олардан (пайғамбарлардан ‘алайһимуссалам) сенімді түрде жеткен хабарларын шын деп қабылдау.

4- Бізге (олардан) жіберілген пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммедтің (саллаллаһу ‘алайһи уа сәллам) шариғатымен амал ету.

5) Ақырет күніне иман келтіру:

Ақырет күні дегеніміз – Қиямет күні, ол күні адамдар есеп пен жаза үшін қайта тіріледі. Одан кейін күн болмағандықтан, Қиямет күні Ақырет күні деп аталған; сол күні Жәннат тұрғындары өз мекендеріне, ал Тозақ тұрғындары өз орындарына тұрақтайды.

Ақырет күніне иман келтіру үш нәрсені қамтиды:

а - Қайта тірілуге иман келтіру:

Бұл – сүр екінші рет үрленген кезде өлілерді қайта тірілту. Адамдар бүкіл әлемнің Раббысының алдында, жалаң аяқ, жалаңаш киімсіз, сүндеттелмеген күйі тұрады. Алла Тағала айтты:

﴿كَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُعِيدُهُ ‌وَعْدًا ‌عَلَيْنَا إِنَّا كُنَّا فَاعِلِينَ 104﴾

"Жаратылысты әуелде қалай бастасақ, оны солай қайтарамыз. Бұл—Біз міндетімізге алған бір уәде. Біз оны, әлбетте, жасаушымыз 104) (Әнбия: 104).

ә - Есеп алу мен қайтарым жазаға иман келтіру:

Онда пенде амалы үшін есепке тартылып, соған сай жазасын алады. Алла Тағала:

﴿إِنَّ إِلَيۡنَآ إِيَابَهُمۡ 25 ثُمَّ إِنَّ عَلَيۡنَا حِسَابَهُم 26

"Расында олардың қайтар жері Біз жақ 25

Сосын, сөз жоқ, олардың есебі Бізге тән" (Ғашия: 25-26).

б - Жәннәт пен Тозаққа иман келтіру:

Ол екеуінің — жаратылғандардың мәңгілік соңғы тұрағы екендігіне; Жәннат – Алла Тағаланың Өзіне және Елшісіне (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мойынсұнған тақуа мүминдер үшін дайындаған нығмет мекені. Онда көз көрмеген, құлақ естімеген әрі адамның ойына да келмеген нығметтер бар.

Ал, Тозақ болса, ол - азап мекені. Алла Тағаланың Өзіне күпірлік еткен және елшілеріне қарсы келген кәпірлер үшін әзірлеген (азап мекені). Онда ойға келмейтін азап пен жазаның алуан түрлері бар.

6) Тағдырға – оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіру:

Тағдыр деген: — Алла Тағаланың болатын нәрселерді Өзінің бұрынғы білімі мен даналығы бойынша белгілеуі.

Тағдырға иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:

1- Ілім: Бұл – Алла Тағаланың әзәлден мәңгілікке дейін болған, болатын және қалай болатын нәрселердің барлығын тұтастай да, егжей-тегжейлі де білетініне иман келтіру. Ол пәк әрі асқақ Аллаһ — болмаған нәрсені; егер ол болғанда, қалай боларын білуші. Алла Тағала айтып кеткендей:

﴿‌وَلَوۡ رُدُّواْ لَعَادُواْ لِمَا نُهُواْ عَنۡهُ ...﴾

"Егер олар дүниеге қайтарылса, әрине, өздеріне тыйым салынған істерді қайтадан істер еді.." (Әнғам: 28).

2- Жазу: яғни, АллаһТағала әр нәрсенің тағдырын Қиямет күніне дейін жазып қойған. Алла Тағала айтып кеткендей:

﴿أَلَمۡ تَعۡلَمۡ أَنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِۚ إِنَّ ذَٰلِكَ فِي كِتَٰبٍۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ 70

"Аллаһтың жер-көктегі нәрселерді білетінін білмейсің бе? Шәксіз бұлар, Кітапта жазулы. Күдіксіз, бұл—Аллаға оңай" (Хаж: 70).

3- Қалау: Бұл — осы әлемде тек Алла Тағаланың қалағаны ғана болатынына иман келтіру. Алла Тағала айтты:

﴿وَرَبُّكَ يَخۡلُقُ مَا يَشَآءُ وَيَخۡتَارُ ...﴾

(Раббың қалағанын жаратады және таңдайды...) (Қасас: 68). Адамның қалау еркі бар, алайда ол Алланың қалауынан тыс шыға алмайды. Алла Тағала айтқандай:

﴿وَمَا تَشَآءُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ 29

"Әлемдердің Раббысы Алла қаламайынша, сендер қалай алмайсыңдар" (Тәкуир: 29).

4- Жарату: Бұл — Ұлы әрі Құдіретті Алланың жаратылысты және олардың жақсы да, жаман да іс-амалдарын жаратқанына иман келтіру. Алла Тағала айтты:

﴿ٱللَّهُ خَٰلِقُ كُلِّ شَيۡءٖۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ وَكِيلٞ 62

"Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы әрі Ол әрбір нәрсе үстінен Кепіл (Сақтаушы)"

(Зумар: 62).

Бұл деңгейле мына бір өлең жолына жинақталған:

Иеміздің қалауы, жазуы және білімі*** сондай-ақ, Оның жаратуы, сол—жоқтан бар етуі.

Үшінші тарау: Ихсан

Ихсан – бір ғана рүкін; Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасауың, егер сен оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрғанын (жадыңда сақтауың).

Яғни, адам Алла тағалаға арнап істейтін әрбір құлшылықты Алла алдында тұрғандай болып орындауы. Бұл Аллаһ Тағалаға деген толық қорқыныш пен қайтуды келуді қажет етеді. Әрі бұл құлшылықты Алла елшісінің (саллаллаһу ‘алейһи уа сәллам) сүннетіне сай орындауды міндеттейді.

Ихсанның екі дәрежесі бар. Сол секілді, мұхсиндердің деңгейі де екі түрлі болады.

Бірінші деңгей: ол ең жоғарысы—"мушәһада" дәрежесі (яғни Алланы көріп тұрғандай күй). Бұл – құлдың Алла Тағаланы жүрегімен көріп тұрғандай амал жасауы. Осылайша, жүрек иманмен нұрланып, ақыр соңында ғайып нәрсе көзбен көргендей анық болады.

Екінші деңгей: ықылас пен қадағалау дәрежесі (яғни Алланың өзін бақылап тұрғанын сезіну). Бұл – пенденің Алланың өзін көріп тұрғанын және одан хабардар екенін үнемі есінде сақтап амал етуі. Ол осыны есінде сақтаса, Алла Тағалаға ықыласты болып есептеледі.

Төртінші тарау: Әһлус-сүннет уәл-жамағат негіздеріне қысқаша шолу:

Біріншіден: Кітап пен Сүннетке іштей әрі сырттай еру. Ешбір адамның сөзін Алла Тағаланың сөзі мен Оның Елшісі (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) сөзінен жоғары қоймау.

Екіншіден: Жүректері мен тілдерінің Алла Елшісінің (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) сахабаларына деген тазалығы. Олар Аллан Елшісінен (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) кейінгі халифалар – Әбу Бәкір, одан кейін Омар, сосын Осман, одан соң Әли (Алла олардың баршасына разы болсын) деп санайды.

Үшіншіден: Алла Елшісінің (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) отбасына, әсіресе олардың ішіндегі ізгілеріне деген махаббат және оларға болысу.

Төртіншіден: Зұлымдық жасаса да, басшылар мен билік иелеріне қарсы шықпау және оларға туралық пен амандықта болғанын тілеу. Сондай-ақ, оларға қарсы дұға жасамау. Оларға мойынсұну — егер өздері күнә жасауға бұйырмаса, Алла Тағалаға мойынсұну сияқты парыз болып табылады. Бірақ, егер олар күнәлі іске әмір етсе, онда оларға бағынуға болмайды. Ал, күнәдан басқа істерде оларға дұрыстап (әдетке сай) бағыну міндеті қалады.

Бесіншіден: әулиелердің кереметтерін растау; Бұл – Алланың олардың қолдарымен жүзеге асыратын әдеттен тыс істер.

Алтыншыдан: Құбыла иелерін (мұсылмандарды) жалпы күнәлары мен үлкен күнәлары үшін күпірге шығармайды, хауариждер істегені сияқты. Бәлки, иман бауырластығын күнәларына қарамастан сақтайды. Олар күнәһар адам туралы: "Ол иманымен — мүмін, ал, үлкен күнә жасауы себепті — пасық",—деп біледі.

Екінші бөлім: құлшылық түрлеріне байланысты (мәселелер)

Бірінші тарау: Таһарат:

Таһарат сөзінің тілдік мағынасы: дене және рухани ластықтан пәк болу.

Ал, шариғатта: дәретсіздікті кетіру және нәжісті жоюды білдіреді . Таһарат (дәрет) – намаздың кілті. Сондықтан, оны үйрену — дін істерінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Әрбір мұсылманға оны үйренуі және оған мән беруі қажет.

 

Біріншіден: Су түрлері:

1- Таһур (өзі таза, басқаны да тазартатын су); онымен тазару дұрыс. Ол өзінің табиғи жаратылысында болса да; жаңбыр, өзен немесе теңіз суы сияқты немесе оған таза бір зат араласқанымен, одан басым түспесе және оны атауынан айырмаса.

2- Нәжіс; оны қолдануға болмайды. Хадасты (дәретсіздікті) кетірмейді және нәжісті тазартпайды. Ол — нәжістің әсерінен түсі, иісі немесе дәмі өзгерген нәрсе.

Екіншіден: Нәжіс:

Нәжіс – сезуге болатын ластық. Оның қай түрі болсын, намаз оқуға кедергі болады; Зәр, үлкен дәрет, қан және одан басқасы сияқты, денеде, (құлшылық) орнында немесе киімде болған лас нәрселер.

Заттарға қатысты негізгі қағида – ол әсілінде рұқсат етілген және таза болып табылады. Егер біреу қандай да бір нәрсенің нақты (өзін) нәжіс екенін айтса, дәлел келтіруге міндетті болады. Қақырық, адамның тері, есектің тері нәжіс емес; керісінше, олар жиіркенішті болса да, таза болып саналады. Әрбір нәжіс лас болып саналады, бірақ лас нәрселердің барлығы нәжіс емес.

Нәжістің үш дәрежесі бар:

Біріншісі: ауыр нәжіс;

Мысалы: иттің аузы тиген нәрсенің нәжістігі. Оны тазарту жолы: жеті рет жуылады,

біріншісі—топырақпен.

Екіншісі: жеңіл нәжіс

Мысалы: емізулі ер баланың зәрі киім немесе басқа нәрсеге тиген жағдайда. Тазарту жолы: көлемін толық жапқанша су себу. Ысқылау немесе сығу қажет емес.

Үшіншісі: орташа нәжіс:

Адамның кіші және үлкен дәреті сияқты нәжістердің (басымдау бөлігі) жерге немесе киімге және сол секілді нәрселерге тисе. Оны тазарту жолы: егер нәжістің заты (өзі, түйіршігі) болса, оны кетіріп, орнын сумен немесе басқа да тазалау құралдарымен тазалау.

Нәжіс екеніне дәлел келтірілген нәрселер:

1 – Адамның кіші дәреті мен үлкен дәреті.

2 – Мәзи және уәди5.

3 – Еті желінбейтін жануардың тезегі.

4 – Етеккір мен нифас қаны.

5 – Иттің сілекейі.

6 - Өлексе. Бірақ, айтылғаннан тыс қалатындары мына нәрселер:

а - қайтыс болған жағдайда адам (оның денесі).

ә - Балық пен шегірткенің өлекселері.

б - Ағатын қаны жоқ жәндіктердің өлекселері: шыбын, құмырсқа, ара және т.б. с. с.

в - Өлексенің сүйегі, мүйізі, тұяғы, жүні және қауырсыны.

Нәжісті тазартудың жолы төмендегідей:

1- Сумен: ол - нәжістерді тазалаудың негізі құралы. Сондықтан оның орнын басқа нәрсе баса алмайды.

2 - Шариғатта нәжіс заттарды немесе нәжіспен ластанған нәрселерді тазарту жолы:

а - Өлексенің терісі илеу арқылы тазарады.

ә - Ит жалаған ыдысты тазарту: оны жеті рет, біріншісін топырақпен жуу.

б - Киімге хайыз қаны тисе, оны алдымен үгітіп, сосын сумен ысқылап, кейін шаю арқылы тазартады. Егер осыдан кейін қанның ізі қалып қойса, оның оқасы жоқ.

в - Әйел киімінің етегі өзінен кейінгі таза жермен тазалануы.

‌г - Емшектегі ұл баланың зәрінен киімге су себу арқылы, ал қыз баланың зәрінен жуу арқылы тазарту.

ғ - Киімді мәзиден тазалау – оның тиген жеріне су себу арқылы.

д - Аяқ киімнің астын таза жерге ысумен тазарту.

е - Жерді нәжістен тазарту – нәжіс тиген орынға бір шелек су құю немесе оны күннің не желдің әсерінен кепкенше қалдыру арқылы болады. Нәжістің ізі кеткен кезде жер тазарады.

Үшіншіден: Дәретсіз кісіге жасауға тыйым салынған амалдар:

Кіші немесе үлкен дәретсіздік халінде болған адамға тыйым салынатын нәрселер:

1- Парыз немесе нәпіл намаз; Ибн Омар (ол екеуіне Алла разы болсын) жеткен риуаятқа байланысты, Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) былай деген:

«لَا يَقْبَلُ اللَّهُ صَلَاةً بِغَيْرِ طُهُورٍ».

«Аллаһ дәретсіз намазды қабыл етпейді»6.

2- Құранды ұстау; Алланың елшісінің (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) Амр ибн Хазмға жазған хатында былай деп келген:

«لَا يَمَسُّ الْقُرْآنَ إِلَّا طَاهِرٌ».

«Құранды таза болғандар ғана ұстайды»7.

3. Көне Үйді (Қағбаны) тауаф ету; Пайғамбардың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам)

 

мына сөзіне сәйкес:

«الطَّوَافُ بِالْبَيْتِ صَلَاةٌ، إِلَّا أَنَّ اللَّهَ أَبَاحَ فِيهِ الْكَلَامَ».

«Қағбаны тауаф ету – намаз (саналады), тек Алла Тағала онда сөйлеуге рұқсат еткен»8. Сондай-ақ, Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) тауаф жасау үшін дәрет алған. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) хайыз көрген әйелге тазарғанға дейін Қағбаны тауаф етуге тыйым салғаны сахих хадистерде келген.

Ал, үлкен дәретсіздікке байланысты арнайы тыйымдар келесідей:

1- Құран оқу; Алидің (оған Алла разы болсын) хадисінде: "Пайғамбарды (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) Құраннан жүніптік жағдайынан басқа ешнәрсе тоспайтын"9.

2- Мешітте дәретсіз жүру; Аллаһ Тағаланың мына сөзіне сәйкес:

﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَقۡرَبُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَأَنتُمۡ سُكَٰرَىٰ حَتَّىٰ تَعۡلَمُواْ مَا تَقُولُونَ وَلَا جُنُبًا إِلَّا عَابِرِي سَبِيلٍ حَتَّىٰ تَغۡتَسِلُواْ...﴾

"Ей, иманға келгендер! Mac болған күйлеріңде, не айтып жатқандарыңды білгендеріңе дейін, сондай-ақ, жүніп күйлерінде ғұсыл құйынғандарыңша намазға (мешітке) жақындамаңдар. Бірақ, жолдан өтуші болса, (оның) жөні бөлек...) (Ниса: 43).

Егер жүніп адам дәрет алса, оған мешітте қалуға рұқсат етіледі. Сол сияқты, жүніп адамға мешітте қалмай, тек қана оның ішін кесіп өтуіне рұқсат етіледі.

Төртіншіден: әжетхана (дәрет сындыру) әдебі:

Дәрет сындыру кезінде мына нәрселер мустахап болады:

1- Адамдардан алыс әрі оңаша жерде тасалану.

2- Кірерде айтылатын дұға:

«اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ».

"Аллаһумма инний әъузу бика минәл-хубси уәл-хобаис".

«Аллаһым! Еркек және ұрғашы шайтандардан (олардың кесірінен) Өзіңе сыйынамын»10.

Қажетін өтеу кезіндегі уәжіптер:

1- Несептен (зәрі) тазалану.

2- Әуретті жабу.

Қажетін өтеу кезіндегі тыйымдар:

1 – Құбылаға алдын немесе артын қаратып отыру.

2 - Адамдардың жолдары мен қоғамдық орындарда дәрет сындыру.

3 – Тұнған (ақпайтын) суға дәрет сындыру.

Қажетін өтеу (дәрет сындыру) кезінде мына нәрселер жасау—мәкрүһ саналады:

1- Дәрет сындыру кезінде жыныс мүшесін оң қолмен ұстау.

2- Әурет жерлерін су немесе сусыз тазартуқанда оң қолды пайдалану.

3 – Қажетін өтеу кезінде сөйлеу, әсіресе Алла Тағаланы зікір ету құпталмайды.

Бесіншіден: (Әурет жерлерін) Сумен немесе одан басқа нәрселермен (сусыз) тазартудың үкімдері:

Истинжа: екі жолдан шыққан нәжістің ізін сумен тазарту.

Истижмар – екі жолдан шыққан нәрсенің ізін сусыз, яғни кесек немесе жұмсақ қағаздар секілді заттармен кетіру.

Истинжа жасалатын заттардың шарттары:

1 - Шариғатқа сай, яғни рұқсат етілген (ұрланбаған, күштеп тартып алынбаған...) болу керек.

2- Таза болу керек.

3 - Тазартушы болуы (шыны, пластик емес) керек.

4 – Сүйек немесе тезек болмауы.

5 – Аллаһ Тағаланың есімі жазылған қағаздар сияқты құрметті нәрсе болмауы.

Истижмармен шектелуге екі шартпен болады:

1 – Шыққан нәжіс әдеттегі орнынан аспауы (таралмауы) тиіс.

2 - Истинжа кемінде үш немесе одан да көп тазартушы кесекпен жасалуы керек.

Алтыншыдан: Дәреттің үкімдері:

Дәрет үш құлшылық үшін парыз:

1- Намаз – парыз немесе нәпіл болсын.

2 - Құран Кәрімді ұстау.

3 - Тауаф.

Дәреттің шарттары:

1 - Ислам.

2 – Ақыл иесі болу.

3 – Жақсы-жаманды ажырата білу.

4 - Ниет: оның орны – жүрек, ал оны тілмен айту – бидғат. Кімде-кім таһарат алуды қаласа, соны ниет еткені. Ал дәрет мүшелерін (ниетсіз) салқындау немесе тазалану мақсатында ғана жуу – дәрет алған болып саналмайды.

5 - Ниетте болу: дәретті толық алғанға дейін оны бұзуға ниет етпеу.

6 – Дәрет алуды міндеттейтін нәрселердің үзіліп (тоқтап) қалуы. Мына кісілер бұл үкімнің сыртында алады: үнемі дәреті бұзылатын адам және мустахада (қалыпты етеккір кезеңінен тыс үздіксіз қан) көріп жүрген әйел.

7 - Зәрі немесе үлкен дәреті шыққан адамның дәрет алмай тұрып су немесе кесекпен тазаруы.

8 – Судың таза әрі мүбах (ұрланбаған т.б.) болуы.

9 - Судың теріге жетуіне кедергі болатын нәрсені кетіру.

10 – Үзірі бар (дәреті тұрмайтын) кісі үшін намаз уақытының кіруі.

Дәреттің парыздары:

1 - Бетті жуу, оған ауызды шаю және мұрынға су тарту кіреді.

2- Екі қолды шынтақтарымен бірге жуу.

3 - Бастың барлығына мәсіх тарту. Оған құлақтар да кіреді.

4 – Аяқтарды тобықтарымен бірге жуу.

5- Дәрет ағзаларының (жуылу) тәртібін сақтау.

6 - Дәрет алғанда жуылатын мүшелердің арасын бөлмей жуу.

Дәреттің сипаттары:

1- «Бисмилләһ» деп айту.

2 - Екі қолды білегімен үш рет жуу.

3 - Бетті үш рет жуу, оған ауызды шаю мен мұрынға су тарту да кіреді.

4 - Қолды шынтақтарымен бірге үш рет, алдымен оң, сосын сол қолды жуу.

5 - Басқа құлақтармен бірге мәсіх тарту.

6- Аяқтарды тобықтарымен бірге, оң аяқтан бастау, сосын сол аяқты үш рет жуу.

Таһаратты (дәретті) бұзатын нәрселер:

1- Екі жолдың бірінен зәр, жел және үлкен дәрет секілді бір нәрсенің шығуы.

2- Денеден шамадан тыс нәжістің шығуы (құсық секілді).

3 – Ұйқы немесе басқа себеппен естен айырылу.

4- Алдыңғы немесе артқы әуретті тікелей (тосықсыз) қолмен ұстау.

5 – Түйе етін жеу.

6 – Ислам дінінен шығу. Алла бізді және барша мұсылмандарды ондайдан сақтасын.

Жетіншіден: Мәсі мен шұлыққа мәсіх тартудың үкімдері:

1- Мәсі: Аяққа киілетін былғарыдан және соған ұқсас нәрселерден жасалған аяқ киім.

2 - Шұлық – жүн, мақта және сол сияқты нәрселерден жасалған аяққа киетін нәрсе.

Олардың үстінен сипаудың (мәсіх тарту) шарттары:

1 - (Мәсі немесе шұлықты) дәретті толық алғаннан кейін кию керек.

2- Аяқты тобықпен қоса жауып тұруы керек.

3 – Таза болу керек.

4 - Мәсіх тартудың (шариғатта) белгіленген мерзім ішінде жасалуы.

5 – Мәсіх дәрет алғанда тартылып, ғұсылда жасалмайды.

6 - Мәсі және соған ұқсас аяқ киімдер шариғатқа сай, яғни рұқсат етілген болу керек. Егер ол тартып алынған немесе еркек үшін жібектен болса, оған мәсіх тартуға болмайды. Өйткені тыйым салынған нәрсемен жеңілдікке рұқсат етілмейді.

Мәсіх мерзімі:

Жергілікті тұрғынға: бір күн мен бір түн (бір тәуілік), ал жолаушыға: үш күн мен үш түн.

Мәсіх тарту тәртібі:

Қолды сулап, шұлық немесе мәсінің үстінен, аяқтың ұшынан балтырға қарай бір рет мәсіх тартады.

Мәсіхті бұзатын жағдайлар:

1- Мәсіх мерзімінің өтуі.

2 - Шұлықтың екеуі немесе біреуінің шешілуі.

3 – Ғұсылдың бұзылуы (үлкен дәретсіздік).

Мәсіге мәсіх тартудың үкімі:

Бұл – рұқсат етілген амал. Оны орындау – Алла Тағаланың жеңілдігін қабыл алу, Пайғамбарға (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) еру және бидғатшыларға қарсы келу болғандықтан, мәсіні шешіп, аяқты жуғаннан абзал.

3 - Жабаир (танғыш), байламдар және жапсырмалардың үстінен мәсіх тарту:

Жабаир (الجبائر): мағынасы: гипс немесе таяқшалар сияқты сынықтарға байланатын (танылатын) нәрселер.

Байламдар (العصائب) дегені: жараның, соғылған жер немесе күйік үстіне байланатын мата және соған ұқсас нәрселер.

Жапсырма (اللصوق): дегені: емдеу мақсатында жараға немесе бөртпеге жапсырылатын нәрсе (пластырь).

Оған мәсіх тартудың үкімі:

Мұқтаждық болғанда, қажеттілік (жарақат) орнынан аспау шартымен қолдануға рұқсат.

Оған деген қажеттілік аяқталса немесе оны шешудің машақаты немесе зарары болмаса, рұқсат етілмейді.

Оған мәсіх тарту көрінісі:

Айналасын жуады және үстіне барлық жағынан мәсіх тартады. Дәрет алынатын мүшелерден артық жерге мәсіх тартылмайды.

 

Сегізіншіден: Таяммумға қатысты үкімдер:

Таяммум: дәрет алу ниетімен, арнайы тәртіппен бет пен екі алақанды таза жер жынысымен сүрту.

Оның үкімі:

Су таба алмағанда немесе оны қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда, дәрет пен ғұсылдың орнына таяммум жасау уәжіп болады.

Оның бекітілуінің даналығы:

Таяммум – Мухаммад (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) үмметіне ғана тән ерекшеліктердің бірі. Бұл – бұрынғы үмметтерде белгілі болмаған, Алланың осы үмметке жасаған кеңшілігі әрі оған деген мейірімі.

Таяммум алуға рұқсат етілген жағдайлар:

1- Тұрғылықты жерде немесе сапарда су болмай, оны іздеп таппаған жағдайда.

2- Қолындағы суы ішуге немесе тамақ пісіруге қажет болып, онымен дәрет алса, өзінің яки басқа адамның немесе қадірлі жануардың шөлдеуінен қорықса.

3- Науқастығы немесе жазылуының кешігуі себепті су қолданудан денесіне зиян келуінен қорықса.

4- Науқастығы себепті қимылдай алмай, суды қолдана алмаса, әрі оған дәрет алдырып беретін ешкім болмаса және намаз уақытының шығып кетуінен қорықса.

5 – Су пайдаланғанда суықтап қалудан қорықса, әрі оны жылытатын ешнәрсе таппаса, таяммум алып, намаз оқиды.

Таяммумның сипаты:

Саусақтарын ашып, топырақты екі алақанымен ұру, сосын саусақтарының ішкі жағымен бетін және

алақандарымен екі қолын (білектеріне дейін) сипайды, әрі бет пен екі қолды толық қамту.

Таяммумды бұзатын нәрселер:

1- Судың табылуы, егер таяммум судың жоқтығы себепті жасалған болса. Немесе таяммум су қолдануға мүмкіндігі болмағандықтан жасалып, оны қолдануға мүмкіндіктің пайда болуы.

2- Дәретті бұзатын жағдайлардың бірі немесе ғұсылды қажет ететін жүніптік, хайыз және нифас сияқты жағдайлардың бірімен таяммум жарамсыз болады.

Суды қолдануға және таяммум жасауға шамасы келмейтін кісінің үкімі:

Кімде-кім су да, топырақ та таппаса немесе суды не топырақты денесіне тигізуге шамасы келмейтін халге түссе, онда ол өз жағдайына қарай намазды дәретсіз және таяммумсыз намаз оқиды. Өйткені, Алла Тағала ешбір жанға шамасынан тыс нәрсені жүктемейді. Егер (тәяммум жасағаннан) кейін су не топырақ тапса немесе ол екеуін қолдануға мүмкіндігі болса да, өзіне бұйырылғанды орындағаны үшін оқыған намазын қайталамайды. Бұл Алла Тағаланың мына сөзіне сай:

﴿...فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ مَا ٱسۡتَطَعۡتُمۡ...﴾

"Шама-шарықтарың жеткенше Алладтан (Оған қарсы келуден) сақтаныңдар..." (Тағабун: 16). Әрі Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзіне сәйкес:

«إِذَا أَمَرْتُكُمْ بِأَمْرٍ فَأْتُوا مِنْهُ مَا اسْتَطَعْتُمْ».

«Егер мен сендерге бір істі бұйырсам, одан шамаларың жеткенін орындаңдар»11.

Пайдалы мәлімет: Жүніп болып таямум жасаған адам су тапса, ғұсыл құйынады.

Тоғызыншы: Хайыз (етеккір) бен нифас үкімдері:

Біріншіден: Хайыз (етеккір):

Ол - табиғи қан, жатырдан белгілі уақыттарда шығады. Көбінесе ай сайын алты немесе жеті күн келеді. Бұл мерзім көбеюі не азаюы мүмкін. Әйелдің хайыз көру мерзімі Алла Тағала жаратқан табиғатына қарай ұзарады немесе қысқарады.

Хайыз үкімдері:

1 - Хайыз кезіндегі әйел намаз оқымайды, ораза ұстамайды, әрі (оны істесе), амалдары дұрыс болып есептелмейді.

2 - Хайыз көрген әйел тазарғаннан кейін оразаның қазасын өтейді. Бірақ, намаздың қазасын өтемейді.

3 - Қағбаны тауаф етуіне, Құран оқуына және мешітте отыруына болмайды. 4- Күйеуіне хайызы тоқтап, ғұсыл алғанына дейін онымен жыныстық қатынасқа тыйым салынады.

5- Күйеуіне етеккір кезіндегі әйелімен жыныстық қатынастан басқа, сүйісу, құшақтасу сияқты әрекеттер арқылы жақындауына болады.

6 - Күйеуіне әйелін хайыз кезінде талақ етуге болмайды.

Тазару дегеніміз – қанның тоқтауы. Қан тоқтаған кезде әйел тазарып, оның хайыз мерзімі аяқталады да, оған ғұсыл алу уәжіп болады. Содан соң хайыз себепті тыйым салынған амалдарды орындай береді.

Ал егер тазарғаннан кейін күңгірт немесе сарғыш көрсе, оған мән бермейді.

Екіншіден: Нифас:

Бұл – жатырдың босану кезінде немесе одан кейін бөлетін қаны, сондай-ақ жүктілік мерзімінде жиналып қалған қанның қалдығы.

Нифас - рұқсат етілген нәрселерде етеккірмен бірдей. Мысалы, жыныс мүшесінен басқа жерінен ләззәт алу.

Ал тыйым салынған нәрселерге: жыныстық қатынасқа түсу, ораза ұстау, намаз оқу, талақ ету, тауаф жасау, Құран оқу және мешітте отыру сияқты істер жатады. Хайыз көрген әйел сияқты, мұнда да қан тоқтағаннан кейін ғұсыл алуы уәжіп болады.

Оған оразаның қазасын өтеу уәжіп. Ал, намаздың қазасын хайыз көрген әйел сияқты өтемейді.

Нифастың ең ұзақ мерзімі – қырық күн. Егер нифас қаны қырық күннен бұрын тоқтаса, онда әйелдің нифасы аяқталып, ол ғұсыл алады да, намазын оқып, нифас себепті тыйым салынған амалдарды қайта жалғастырады.

Екінші бөлім: Намаз

Біріншіден: Азан мен қаматтың үкімдері:

Азан һижраның бірінші жылы бекітілген. Оның заідастырылу себебі: намаз уақыттарын анықтау қиынға соққан кезде, оған бір белгі орнатуға кеңескен. Абдуллаһ бин Зайдқа (оған Алла разы болсын) түсінде осы азан көрсетіліп, ол уахимен расталды.

Азан дегеніміз – намаз уақытының кіргенін хабарлау. Қамат: намаз оқылайын деп жатқанын хабарлау.

Азан және қамат – парыз намаздар үшін ерлер жамағатына парыз кифая. Бұл екеуі – Исламның айқын рәміздері. Сондықтан оны орындамай қалдыруға болмайды.

Азанның шарттары:

1 - Азаншының ер адам болуы.

2 - Азанның рет-ретімен айтылуы.

3- Азанды арасын үзбей айту.

4- Азанның уақыты кіргеннен кейін айтылуы. Бұдан таң намазы мен жұма намазының бірінші азаны ерекшеленеді.

Азанның сүннетері:

1 – Екі саусағын екі құлағына қою.

2 - Азанды алғашқы уақыты кіре сала шақыру.

3- «Хаййа 'алас-солаһ» дегенде оңға, «Хаййа 'алал-фәлаһ» дегенде солға бұрылу.

4 – Жақсы дауысты болу.

5- Азан сөздерін айтқанда асықпай, сөздерді артық созбай немесе тым ұзартпай айтуы керек.

6- Оның әр сөйлемінде аялдау.

7 – Азан кезінде Құбылаға қарау.

Азан он бес сөйлемнен тұрады, Биләл (оған Алла разы болсын) Алла елшісінің (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) кезінде осылай азан айтатын.

Азан сөздері:

"Аллаһу әкбар" (Аллаһ ұлық): төрт рет.

"Әшһәду әл-лә: илә:һә иллАлла:һ" (Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқтығына куәлік етемін): екі рет.

"Әшһәду әннә Мухаммәдәр-Расулуллаһ" (Мұхаммед Алланың елшісі екеніне куәлік етемін): екі рет.

"Хаййә ‘алас-Саләһ, Хаййә ‘аләс-Саләһ" (Намазға асық): екі рет,

"Хаййә ‘аләл-Фәләх, Хаййә ‘аләл-Фәләх" (Құтылуға асық): екі рет.

Одан соң екі рет: "Аллаһу әкбар (Аллаһ ұлық)",—дейді.

Ең соңында бір рет: "Лә иләһа илләллаһ" (Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ),—деп, азанды аяқтайды.

Таң намазының азанында "Хаййә ‘аләл-Фәләх" (Құтылуға асығыңдар) дегеннен кейін "әс-солату хайрун миннән-нәум" (Намаз ұйқыдан артық),—деп екі рет қосып айтады. Себебі бұл – адамдардың көбінесе ұйықтайтын уақыты.

Қамат он бір сөйлемнен тұрады, оны тездетіп, жылдам айтады. Себебі ол жамағатқа хабар беруге арналған. Сондықтан оны созып айтудың қажеті жоқ.

Оның үлгісі келесідей:

«Аллаһу әкбар» (екі рет).

"Әшһәду әл-ләә илә:һә иллалла:һ": бір рет.

"Әшһәду әннә Мухаммәдәр-Расулуллаһ": бір рет.

"Хаййә ‘алас-Соләһ": бір рет.

"Хаййә ‘аләл-Фәлә:х": бір рет.

"Қод қомати-с-солаһ" (Намаз басталды): екі рет.

"Аллаһу әкбар": екі рет.

"Лә иләһа илләллаһ": бір рет.

Кім азан даусын естісе, оған азаншының айтқанын қайталау мустахаб, тек «Хаййа ‘аләс-соләһ» пен «Хаййа ‘аләл-фәләх» дегенде ғана оның орнына: "Лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ" (Алладан басқа ешқандай күш те, қуат та жоқ),—деп айтады. Содан кейін Пайғамбарға (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) салауат айтады. Содан кейін былай дейді:

«اللهمَّ رَبَّ هَذِهِ الدَّعْوَةِ التَّامَّةِ، وَالصَّلَاةِ القَائِمَةِ، آتِ مُحَمَّدًا الوَسِيلَةَ وَالفَضِيلَةَ، وَابْعَثْهُ مَقَامًا مَحْمُودًا الَّذِي وَعَدْتَهُ، إِنَّكَ لَا تُخْلِفُ الْمِيعَادَ».

«Алла:һуммә Раббә һәзиһид-дә’уәти-т-тә:ммәһ, уәссалә:ти-л-қа:имәһ, әти Мухаммәдән-ил-уәси:ләтә уә-л-фадыйләһ, уәб’асһу Мәқаман-Махмудәнилләзи уә’адтәһ, (иннәкә лә тухлифул-ми’ад)!»

«Я, Аллаһ! Осы кемел шақырудың әрі осы орындалатын намаздың Раббысы! Мухаммадты әл-Уәсиләға («Әл-Уасилә» – Жұмақтың ең жоғарғы сатысы) және жоғары дәрежеге жеткізе гөр! Әрі оны Өзің уәде еткен Мақтаулы Орынға бағыттай гөр! (Шын мәнінде, сен уәдеңді бұзбайсың)»12.

Және былай деп айтады:

«رَضِيتُ بِاللَّهِ رَبًّا، وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا، وَبِمُحَمَّدٍ ﷺ نَبِيًّا».

«Родыйту билләәһи Роббән уа бил-Ислами динән уа би Мухаммадин (соллаАллоһу ‘алайһи уа салләм) нәбиән» (Алланы – Раббым деп, Исламды – дінім деп, Мұхаммедті (соллаАллоһу ‘алайһи уа салләм) – Пайғамбарым деп, разы болдым)13.

Азан айтылған соң үзірлі себепсіз немесе (мешітке) қайтып оралу (мыс: дәрет үшін) ниеті болмаса, мешіттен шығу харам етіледі.

Екі намазды біріктіріп оқығанда, бір рет азан айтылып, әр намазға жеке қамат айтылады.

Екіншіден: Намаздың мәртебесі және артықшылығы:

Намаз – Исламның екі куәлік сөзінен кейінгі ең басты рүкіні. Әрі оның мәртебесі айрықша. Өйткені Алла оны Өзінің Елшісіне (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) Миғраж түні, көкте парыз еткен. Бұл оның қаншалықты ұлы екенін, парыздығының анық әрі міндетті екенін және Алла Тағала алдындағы мәртебесінің жоғары екенін білдіреді.

Оның артықшылығы мен әркімге жеке парыз екендігі туралы хадистер көп. Оның парыз екені – Ислам дінінде көпшілікке белгілі, даусыз мәселе.

Оның міндетті әрі маңызды екендігіне қасиетті Құран мен сүннетте көптеген дәлелдер бар. Соның кейбірі:

1- Алла Тағала:

﴿...إِنَّ ٱلصَّلَوٰةَ كَانَتۡ عَلَى ٱلۡمُؤۡمِنِينَ كِتَٰبٗا مَّوۡقُوتٗا﴾

"...Расында, намаз мүміндер мойнындағы уақыты белгіленген парыз" (Ниса: 103). Яғни: Алланың Елшісі (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) көрсеткен уақыттарда оны орындау (оқу)—парыз.

2- Сондай-ақ, Алла Тағаланың мына сөзі:

﴿وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاءَ وَيُقِيمُوا الصَّلَاةَ...﴾

"Олар барлық амалдарын "ханиф" болған (таухидті мықты ұстанған) күйі Аллаға арнап, Оған құлшылық қылуға бұйырылған ..." (Бəйинə: 5).

3- Сонымен бірге Алла Тағаланың мына сөзінд:

﴿فَإِنْ تَابُوا وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ فَإِخْوَانُكُمْ فِي الدِّينِ...﴾

"Егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындаса және зекет берсе—сендердің діндес бауырларың..." (Тәубе: 11).

4- Жәбир (ол екеуіне Алла разы болсын) Алла елшісінің (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) былай деп айтқанын жеткізді:

«إِنَّ بَيْنَ الرَّجُلِ وَبَيْنَ الشِّرْكِ وَالْكُفْرِ تَرْكُ الصَّلَاةِ».

«Шын мәнінде, адамды ширк пен кәпірліктен ажыратып тұрған нәрсе – намазды тастау»14.

5- Бурайда (оған Алла разы болсын) Алла елшісінің (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) былай деп айтқанын жеткізді:

«العَهْدُ الَّذِي بَيْنَنَا وَبَيْنَهُمُ الصَّلَاةُ، فَمَن تَرَكَهَا فَقَدْ كَفَرَ».

«Біз бен олардың арамыздағы келісім- шарт намазда. Кім оны тастаса, күпірлік еткен болады»15.

Ғалымдар оның парыздығын жоққа шығарғанның кәпір болатынына бір ауыздан келіскен (ижмағ). Ал, оны жалқаулық және немқұрайдылықпен тастаған адам болса, жоғарыда келтірілген сахих хадис және сахабалардың осы мәселедегі ижмағына сүйенсек, оның да күпірлікке түсетіні – ең дұрыс пікір.

Үшіншіден: Намаздың шарттары:

1- Уақытының кіруі:

Өйткені Аллаһ Тағала:

﴿...إِنَّ ٱلصَّلَوٰةَ كَانَتۡ عَلَى ٱلۡمُؤۡمِنِينَ كِتَٰبٗا مَّوۡقُوتٗا﴾

"...Анығында, намаз мүміндер үшін уақыты белгіленген парыз",—деген (Ниса: 103). Яғни, белгіленген уақыттарда парыз етілген.

Парыз намаздардың уақыттары төмендегідей:

а - Таң намазы: таң атқаннан күн шыққанға дейін.

ә - Бесін: Күн тас төбеден ауғаннан бастап, әрбір заттың көлеңкесі өзінің ұзындығымен тең болғанға дейін.

б - Аср: бесін уақытының шығуынан бастап күн сарғайғанша, ал зәрулік уақыты: күн батқанға дейін.

в - Ақшам: күн батқаннан бастап қызыл шапақ өшкенге дейін.

г - Құптан: Ақшам уақытының шығуынан түн ортасына дейін.

2 – Әуретті жабу:

Ол — жабылуы міндетті, ашық көрінуі әбес саналатын әрі одан ұялатын (арланатын) дене мүшелері. Еркектің әуреті кіндіктен тізеге дейін. Әйел адамның намаз кезінде бетінен басқа бүкіл денесі – әурет. Ол бөтен ер адамдардың, яғни оған махрам болмағандардың қасында бетін жабуы тиіс.

3 – Нәжістен сақтану:

Нәжіс дегеніміз — зәр, үлкен дәрет, қан және басқасы сияқты намазды жарамсыз ететін белгілі ластық. Ол денеде, жерде немесе киімде болуы мүмкін.

4- Құбылаға қарау:

Құбыла дегеніміз – Қасиетті Қағба. Адамдардың оған бет бұруына байланысты осылай аталған.

Құбылаға қарамай оқылған намаз дұрыс саналмайды. Алла Тағаланың мына сөзіне сәйкес:

﴿...وَحَيۡثُ مَا كُنتُمۡ فَوَلُّواْ وُجُوهَكُمۡ شَطۡرَهُ...﴾

"...Қай жерде болсаңдар да (намазға тұрғанда) жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар..." (Бақара: 144).

5 - Ниет:

Тілдік мағынасы – мақсат, ал шариғатта – Алла Тағалаға жақындау ниетімен құлшылық етуге бел буу. Ниеттің орны жүрек, оны тілмен айту қажет емес. Керісінше, ол – бидғат.

 

Төртіншіден: Намаздың рүкіндері

Олар — он төрт рүкін:

Бірінші рүкін: шамасы келсе, тік тұру.

Өйткені, Алла Тағала:

﴿‌...وَقُومُواْ لِلَّهِ قَٰنِتِينَ﴾

"...Аллаға бой ұсынған түрде тұрыңдар",—деген (Бақара: 238). Ғимраннан (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) былай дегені риуаят етіледі:

«صَلِّ قَائِمًا، فَإِن لَمْ تَسْتَطِعْ فَقَاعِدًا، فَإِن لَمْ تَسْتَطِعْ فَعَلَى جَنْبٍ».

«Намазды тұрып оқы, егер оған шамаң келмесе, отырып оқы, ал оған да шамаң келмесе, жамбастап жатып оқы». 16

Егер науқастығына байланысты тік тұра алмаса, шамасы келгенше намазын отырып немесе жамбастап жатып оқиды. Науқас адамның үкіміне қорқып қалған, жалаңаш және емделу үшін жатуы қажет болған адам да кіреді. Сол сияқты, тұруға шамасы келмейтін тұрақты имамның артында намаз оқитын адамның да тік тұрмауына рұқсат етіледі. Егер имам отырып намаз оқыса, оның артындағылар да өз имамдарына ұйып, отырып намаз оқиды. Нәпіл намаздарды, тұруға шамасы келсе де, отырып оқуға болады. Бірақ, сауабы тұрып оқығанның сауабындай болмайды.

Екінші рүкін: намаздың басында айтылатын "Тәкбиратул-ихрам":

Бұл Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам):

«ثُمَّ اسْتَقْبِلِ الْقِبْلَةَ، وَكَبِّرْ».

«Сосын Құбылаға қарап, тәкбир айт»,—деген сөзіне сәйкес17.

Оның айтылу үлгісі – «Аллаһу әкбар» деп айту. Одан басқасы жарамайды.

Үшінші рүкін: Фатиханы оқу:

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзіне сәйкес:

«لَا صَلَاةَ لِمَنْ لَمْ يَقْرَأْ بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ».

«Фатиха сүресін оқымағанның намазы жоқ»18.

Төртінші рүкін: Әр ракағатта рукуғ жасау.

Бұл Алла Тағаланың:

﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا ارْكَعُوا وَاسْجُدُوا...﴾

"Ей, иманға келгендер! Рукуғ жасаңдар және сәжде етіңдер..."—деген бойынша. (Хаж: 77).

Бесінші және алтыншы рүкіндер:

Рукуғтан көтеріліп, оған дейінгі қалпында тұрғандай түзу тұру. Себебі Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) бұл амалды үнемі орындаған.

Алланың Елшісі (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам)

намазын дұрыс орындамаған кісіге:

«ثُمَّ ارْفَعْ حَتَّى تَعْتَدِلَ قَائِمًا».

«Одан кейін толықтай тік тұрғанша көтеріл»,—деген19.

Жетінші рүкін: Сәждені жеті мүшемен жасау

Олар: маңдаймен бірге мұрын, екі қол, екі тізе және аяқтардың ұшы. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзіне сәйкес:

«أُمِرْنَا أَنْ نَسْجُدَ عَلَى سَبْعَةِ أَعْظُمٍ: الجَبْهَةِ، وَأَشَارَ بِيدِهِ عَلَى أَنْفِهِ، وَالكَفَّيْنِ، وَالرُّكْبَتَيْنِ، وَأَطْرَافِ القَدَمَيْنِ».

«Бізге жеті сүйек үстінде сәжде жасау бұйырылды: маңдай, деп айтқанда, ол өз қолымен мұрнына ишара етті; екі қол, екі тізе және екі аяқтардың ұшы»20.

Сегізінші рүкін: Сәждеден көтерілу және екі сәжденің арасында отыру:

Айшаның (Алла оған разы болсын) хадисіне сәйкес:

«كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا رَفَعَ رَأْسَهُ مِنَ السَّجْدَةِ، لَمْ يَسْجُدْ حَتَّى يَسْتَوِيَ جَالِسًا».

«Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) сәждеден басын көтергенде, тік (толық) отырмайынша (екінші) сәждені жасамайтын»21.

Тоғызыншы рүкін: барлық рүкіндерде байыптылықты сақтау.

Ол – аз болса да тынышталу. Өйткені Пайғамбарымыз (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) намазын дұрыс оқымаған кісіге:

«حَتَّى تَطْمَئِنَّ».

«Толық жай тапқанша (отыр)»,—деген22.

Ал мына екі рүкін: оныншы және он бірінші :

Соңғы ташаһһуд және оның отырысы: бұл—Ибн Масғудтың (оған Алла разы болсын) Пайғамбардан риуаят еткен хадисіне сәйкес:

«إِذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ فَلْيَقُلْ: التَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَالصَّلَوَاتُ وَالطَّيِّبَاتُ، السَّلَامُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ وَرَحْمَةُ اللَّهِ وَبَرَكَاتُهُ، السَّلَامُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ».

Егер сендерден біреу намаз оқыса, онда:

"Әт-тәхийату ли-Лләһи, уә-с-соләуәту, уә-т-тайибәту, әс-сәләму ‘аләй-кә әй-юһән-нәбию уә рохмәту-Ллаһи уә бәракәтуһу, әс-сәләму ‘аләйнә уә ‘алә ‘ибәди-Лләһи-с-солихинә. Әшһәду әл-лә иләһа иллә-Ллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдан ‘абдуһу уә расулуһ" (Сәлемдер, салауаттар және барлық жақсылықтар Аллаға тән. Уа, Пайғамбар! Саған Алланың сәлемі және рақымы әрі Оның берекеті болсын! Алланың сәлемі бізге және Оның ізгі құлдарына болсын! Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін»23.

Он екінші рүкін: Соңғы ташаһһудте Пайғамбарға (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) салауат айту.

Былай айтуы тиіс:

«اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ».

"Аллаһуммә, солли ‘алә Мухаммад"

«Аллаһым! Мұхаммедке салауат ет!»24. Ал одан артығы – сүннет амал.

Он үшінші рүкін: рүкіндерді тәртіппен орындау.

Өйткені Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) оны рет-ретімен орындайтын, әрі ол:

«صَلُّوا كَمَا رَأَيْتُمُونِي أُصَلِّي».

«Менің қалай намаз оқығанымды көрсеңдер солай намаз оқыңдар»25. Сол себепті намазын дұрыс оқымаған кісіге «кейін» сөзімен реттеп үйреткен.

Он төртінші рүкін: сәлем беру:

Пайғамбардың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзіне сәйкес:

««‌وَخِتَامُهَا ‌التَّسْلِيمُ».

«Ал оның соңы – сәлем беру», және мына сөзі:

«وَتَحْلِيلُهَا التَّسْلِيمُ».

«Ал оның аяқталуы – сәлем беру»26.

Бесіншіден: Намаздың уәжіптері:

Олар сегіз:

1 – Ихрам тәкбірінен басқа барлық тәкбірлер.

2- Рукуғте "Сүбхана Раббиял-Азыйм" (Ұлы Раббым (кемшілік атаулыдан) Пәк!) сөзін бір рет айту. Оны үш ретке дейін көбейту – сүннет, бұл – кемелдіктің ең төменгі шегі. Ал оны он рет айту – оның ең жоғары шегі.

3- Имам және жалғыз оқып жатқан кісінің рукуғтан көтерілгенде "Сами‘а-ллаһу лиман хамидаһ" (Алла Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естиді (естіді)», - деп айтуы.

4- Рукуғтан тұрғаннан кейін "Раббана уә ләкәл-хамд" («Раббымыз! Мадақ-мақтауды Саған арнадым),—деп айту.

5- Сәждеде "Субхана Роббиял-ә’лә" (Аса Жоғары Раббым Пәк!) сөзін бір рет айту. Үш ретке дейін арттыру – сүннет.

6- Екі сәжде арасында "Рабби-ғфир ли" (Раббым, мені кешір!) деп бір рет айту. Оны үш ретке дейін арттыру – сүннет.

7 - Бірінші тәшәһһуд; ол былай айттылады:

«التَّحِيَّاتُ لِلَّهِ، وَالصَّلَوَاتُ وَالطَّيِّبَاتُ، السَّلَامُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ وَرَحْمَةُ اللَّهِ وَبَرَكَاتُهُ، السَّلَامُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ».

"Әт-тәхийату ли-Лләһи, уә-с-саләуәту, уә-т-тайибәту, әс-сәләму ‘аләй-кә әй-юһән-нәбию уә рахмәту-Ллаһи уә бәракәтуһу, әс-сәләму ‘аләйнә уә ‘алә ‘ибәди-Лләһи-с-салихин. Әшһәду әл-лә иләһа иллә-Ллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдан ‘абдуһу уә расулуһ".

«Сәлемдер, салауаттар және барлық жақсылықтар Аллаға тән. Уа, Пайғамбар! Саған (Алланың) сәлемі және Алланың рақымы әрі Оның берекеті болсын! Алланың сәлемі бізге және Оның ізгі құлдарына болсын! Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін»27.

8 – Бірінші ташаһһудке отыру.

Алтыншыдан: Намаздың сүннеттері:

Намаздың сүннеттері тәрк етілсе, намаз бұзылмайды. Ол екіге бөлінеді: сөз жүзіндегі сүннеттер және іс жүзі сүннеттер.

Біріншіден: Сөз жүзіндегі сүннеттер:

1 – "Истифтах (намазды ашар) дұғасы (сәна). Оның бірнеше нұсқасы бар, соның бірі:

«سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، وَتَبَارَكَ اسْمُكَ، وَتَعَالى جَدُّكَ، وَلَا إِلٰهَ غَيْرُكَ» .

"Субханәкә-Аллаһуммә, уә би-хамдика, уә тәбәрокә-смука, уә тә’алә жәддука, уә лә иләһа ғайрук"

(Я, Алла! Сен Пәксің және Саған мадақ! Сенің есімің берекелі және Сенің ұлылығың бәрінен (де) жоғары, әрі Сенен басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ)28 .

2 – Фатиха сүресін оқудан бұрын (шайтанның жамандығынан) Алладан пана сұрау. Ол – "Ә’узу билләһи минәш-шайтанир-рожиим" (Қуылған шайтаннан кесірінен Аллаға сиынып, пана сұраймын) деген сөз.

3 – Сүре оқудың алдында "басмала" айту. Басмала: "Бисмилләһир Рохманиир Рохиим" (Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Алланың атымен)»,—деген сөз.

4- Рукуғ пен сәждедегі тәсбихты бір реттен көбірек айту.

5- Мына сөздерді бір реттен көбірек айту:

«رَبِّ اغْفِرْ لِي».

"Робби-ғфир ли" (Раббым, мені кешіре гөр!) екі сәжде арасында.

6- Мынаны айту:

«مَلْءَ السَّمَاوَاتِ، وَمَلْءَ الْأَرْضِ، وَمَلْءَ مَا بَيْنَهُمَا، وَمَلْءَ مَا شِئْتَ مِنْ شَيْءٍ بَعْدُ».

"Мәл-әссәмәуәәти уә мәл-әл-ард, уә мәл-ә мәә бәйнәһумә уә мәл-ә мәә ши-тә мин шәйин баъду"

«Көктер толы, жер толы, екеуінің арасы толы және бұдан кейін Өзің қалаған нәрсең толы (сондай мадақ болсын)!». Одан кейін:

«رَبَّنَا ولَكَ الحَمْدُ».

"Роббәнә, уә ләкәл-хамд" (Раббымыз! Саған мақтау-мадақ болсын)29.

7 – Фатихадан кейін Құран сүре немесе аят оқу.

8- Осы дұғаны оқу:

«اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ جَهَنَّمَ، وَمِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، وَمِنْ فِتْنَةِ الْمَحْيَا وَالْمَمَاتِ، وَمِنْ فِتْنَةِ الْمَسِيحِ الدَّجَّالِ».

"Аллаһуммә, инни ә’узу бика мин ‘азәби жәһәннәма, уә ә’узу бикә мин ‘азәбил-қабри, уә мин фитнәтил махйа уәл-мәмәти, уә мин шәрри фитнәтил мәсихи-д-дәжжәл"

(Я, Аллаһ! Расында, мен Тозақ азабынан, қабір азабынан, өмір мен өлім бүлігінен және Мәсих Дәжжал бүлігінің кесірінен Өзіңе сиынамын!)30. Соңғы ташаһһудте оған қосымша дұға айту.

Екіншіден: іс жүзіндегі сүннеттер.

1- Намазда төрт жағдайда екі қолдарын иық немесе құлақ тұсына дейін көтеру:

а - Ихрам тәкбірінде.

ә - Рукуғта.

б - Рукуғтан көтерілгенде.

в - Үшінші рәкағатқа тұрған кезде.

2- Қиямда тұрғанда - рукуғке бармас бұрын және рукуғтан кейін - оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кеуде үстінде ұстау.

3- Сәжде орнына қарау.

4- Сәждеде білекті бүйірден алшақ ұстау.

5 – Қос сәждеде іш пен сан арасын алшақ ұстау.

6- Үш және төрт рәкаттық намаздардың соңғы ташаһһудінен басқа, намаздың барлық отырыстарында сол аяқты жайып отыру.

7 – Үш немесе төрт рәкағатты намаздың соңғы ташаһһудінде «әт-тауаррук» жамбасқа сүйеніп отыру.

Жетіншіден: Намаздың орындалу сипаты:

1- Алланың Елшісі (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) намазға тұрғанда құбылаға қарап, екі қолын көтеретін және саусақтарының ішкі жағын Құблаға қаратып:

«اللهُ أَكْبَرُ».

«Аллаһу әкбар»,—дейтін.

2- Содан кейін оң қолымен сол қолын ұстап, оларды кеудесіне қояды.

3 – Сосын намазды ашар (истифтах) дұғасын айтып, дұғаның бір түрімен шектелмейтін (әртүрлі дұғалар айтатын). Намазды Пайғамбарымыздан (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) сахих жолмен жеткен барлық "истифтах" дұғаларымен бастауға болады. Солардың кейбірі:

«سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، وَتَبَارَكَ اسْمُكَ، وَتَعَالى جَدُّكَ، وَلَا إِلٰهَ غَيْرُكَ».

"Субхана-ка, Аллаһумма, уа бихамдика, уа табарака-смука, уа таъала жаддука, уа лә иләһә ғойрук" (Аллаһым! Сен Пәксің және Саған мадақ! Сенің есімің берекелі және Сенің ұлылығың бәрінен (де) жоғары, әрі Сенен басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ).

4- Одан соң мынаны айтады:

«أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ، بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ».

«Ә’узу билләһи минәш-шайтаниррожиим. Бисмилләһир Рохманиир Рохиим».

5- Сосын Фатиханы оқып, оны аяқтаған соң «Әмин» дейді.

6- Содан соң Құраннан жеңіл болғанын оқиды, Таң намазында және ақшам мен құптан намаздарының алғашқы екі рәкғатында Құранды дауыстап оқу. Ал бұдан басқа жағдайда Құран іштей оқылады. Әр намаздың бірінші ракағатын екіншісінен ұзағырақ қылып оқиды.

7- Содан кейін қолдарын истифтахтағыдай (намаз бастағандағыдай) көтереді де: «Аллаһу әкбар», - деп, рукуғқа барады. Екі қолын саусақтарының арасын ашып тізелеріне қояды да, нықтап ұстайды. Арқасын созып, басын онымен бір деңгейде ұстайды; оны көтермейді де, төмендетпейді. Сондай-ақ:

«سُبْحَانَ رَبِّيَ الْعَظِيمِ» مرةً.

"Субханә Раббиял-’Азыйм!" (Ұлы Раббым (кемшілік атаулыдан) Пәк!)—деп айтады. Кемелдіктің ең төменгі мөлшері – бұрын айтылып өткендей, үш рет.

8- Сосын ол басын көтеріп жатып:

«سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ».

"Сәми’а-Ллаһу лимән-хамидәһ"

(Алла Тағала Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естиді),—деп айтатын. Қолдарын рукуғке барарда көтергені сияқты көтереді.

9 – Ал толық көтеріліп, тік тұрған кезде былай дейді:

«اللَّهُمَّ رَبَّنَا وَلَكَ الْحَمْدُ، حَمْدًا كَثِيرًا طَيِّبًا مُبَارَكًا فِيهِ، مَلْءَ السَّمَاءِ، وَمَلْءَ الْأَرْضِ، وَمَلْءَ مَا بَيْنَهُمَا، وَمَلْءَ مَا شِئْتَ مِنْ شَيْءٍ بَعْدُ، أَهْلَ الثَّنَاءِ وَالْمَجْدِ، أَحَقُّ مَا قَالَ الْعَبْدُ، وَكُلُّنَا لَكَ عَبْدٌ، لَا مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلَا مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلَا يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الْجَدُّ».

"Аллоһумма Раббәнә, уә ләкәл-хамду, хамдән кәсиран, тайибән, мубәракән фи-һ! мил-ә-с-сәмәуәти уә мил әл-арды уә мә бәйнә-һумә, уә мил-ә мә ши`тә мин шәй-ин бә’ду. Әһлә-с-сәнәи уәл-мәжди, ахаққу мә қоләл ‘абду, уә куллюнә ләкә ‘абдун. Аллаһуммә, лә мәни’а лимә а’тайтә, уә лә му’тыйа лимә мәнә’тә, уә лә янфә’у зәл-жәдди минкәл-жәдд/

«Я, Аллаһ! Раббымыз Саған мақтау-мадақ, көп-көп, ізгі әрі берекелі мақтау болсын! Ол (мадақ) көктер мен жерді және олардың арасындағыны толтырсын, әрі Өзің қалаған нәрселерді де толтырсын! Сен мақтау-мадақ пен ұлылыққа лайықтысың. Біз барлығымыз Сенің құлдарыңбыз, ал құлдың айтар сөзінің ең дұрысы: «Уа, Алла! Сен берген нәрсеңнен ешкім айыра алмайды, ал Сен бермеген нәрсені ешкім де бере алмайды. Сондай-ақ күш-қуат иесінің күш-қуаты Сенің алдыңда пайдасыз болып қалады»31 . Ол осы иғтидалды (рукуғдан тік тұруды) ұзартатын еді.

10- Содан кейін тәкбір айтып, сәждеге барады. Бірақ, қолдарын көтермейді. Сәждені маңдайы мен мұрнына, екі қолына, екі тізесіне және екі аяғының ұштарын (жерге) тигізіп жасайды. Саусақтары мен башпайларын құбылаға қаратады. Сәждесін орташа (тым пәс немесе жайылмай) жасау. Әрі маңдайы мен мұрнын жерге орнықтырады (тақайды). Екі алақанына тіреліп, шынтақтарын көтереді. Екі білегін екі бүйірінен алшақтатады. Ішін сандарына тимейтіндей көтереді, әрі сандары балтырларынан ажырап тұрады. Ал сәждесінде былай дейтін:

«سُبْحَانَ رَبِّيَ الأَعْلَى».

"Субхана Роббиял Әғла" (Аса Жоғары Раббым пәк) бір мәрте. Ал кемелдіктің ең азы, жоғарыда айтылғандай, үш рет. Және келтірілген дұғаларды оқиды.

11. Сосын «Аллаһу әкбар» деп басын көтереді. Сосын сол аяғын жайып, оның үстіне отырады да, оң қадамын тік қояды. Қолдарын сандарына қойып, былай дейді:

«اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي، وَارْحَمْنِي، وَاجْبُرْنِي، وَاهْدِنِي، وَارْزُقْنِي».

"Аллаһумма-ғфир ли, уа-рхам-ни, уа-жбур-ни, уа-һди-ни, уа-рзуқ-ни" (Аллаһым! Мені кешіре гөр, мені рақым ете гөр, кем-кетігімді толтырып, мені тура жолға бастай гөр және маған ризық-несібе бергейсің»32.

12- Содан кейін тәкбір айтып, сәжде жасайды да, екінші ракғатта біріншісінде істегендерін қайталап жасайды.

13 – Сосын тәкбір айтып басын көтереді де, тізелері мен сандарына сүйеніп аяқтарына тұрады.

14 – Толық тік тұрған соң, Құран оқуды бастайды. Екінші рәкәғатты да біріншісі секілді оқиды.

15 – Содан кейін, бірінші ташаһһудке де екі сәжденің арасындағыдай сол аяғын жайып, үстіне отырады. Оң қолын оң санына, сол қолын сол санына қояды. Оң қолының бас бармағын ортаңғы саусағына сақина тәрізді етіп қойып, сұқ саусағымен ишара жасап оған қарайды. Және мынаны айтады:

«التَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَالصَّلَوَاتُ وَالطَّيِّبَاتُ، السَّلَامُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ وَرَحْمَةُ اللَّهِ وَبَرَكَاتُهُ، السَّلَامُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ».

"Әт-тәхийату ли-Лләһи, уә-с-саләуәту, уә-т-тайибәту, әс-сәләму ‘аләй-кә әй-юһән-нәбию уә рахмәту-Ллаһи уә бәракәтуһу, әс-сәләму ‘аләйнә уә ‘алә ‘ибәди-Лләһи-с-салихинә. Әшһәду әл-лә иләһа иллә-Ллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдан ‘абдуһу уә расулуһ".

«Сәлемдер, салауаттар және барлық жақсылықтар Аллаға тән. Уа, Пайғамбар! Саған (Алланың) сәлемі және Аллаһның рақымы әрі Оның берекеті болсын! Алланың сәлемі бізге және Оның ізгі құлдарына болсын! Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін». Осы отырысты жеңілдететін еді (қысқа қылатын).

16-Содан кейін тәкбір айтып, орнынан тұрады да, үшінші және төртінші рәкағаттарды алғашқы екеуінен қысқаша оқиды. Ол екі рәкғатта Фатиха сүресін оқиды.

17 – Содан кейін соңғы ташаһһудте «әт-тауаррук» күйінде отыру. "Әт-тауаррук" – сол аяғын жайып, оны оң жағынан (оң аяқ астынан) шығарып, ал оң аяғын тік қойып, жамбасымен жерге отыру.

18 – Содан кейін соңғы ташаһһудті бірінші ташаһһуд сияқты оқиды. Сонымен бірге оған салауаттарды қосады:

«اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ».

/Аллаһуммә, салли ‘алә Мухаммадин уә ‘алә әли Мухаммад, кәмә салләйтә ‘алә әли Ибраһим, иннәкә Хамидун, Мәжид. Уә бәрик ‘алә Мухаммадин уә ‘алә әли Мухаммад, кәмә бәрактә ‘алә әли Ибраһимә, иннәкә Хамидун, Мәжид/.

«Я, Аллаһ! Ибраһим отбасына игілік еткеніңдей, Мухаммадқа және оның отбасына да игілік еткейсің! Шын мәнінде, Сен Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың! Әрі Ибраһим отбасына береке бергеніңдей, Мухаммадқа және оның отбасына да береке бере гөр. Шын мәнінде, Сен Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың!».

«19 – Және Алладан Тозақ азабы, қабір азабы, өмір мен өлім сынағы және Мәсіх Дәжжалдың фитнасынан сақта деп, пана тілейді». Құран мен сүннетте келген дұғаларды айтады.

20- Одан соң оң жағына сәлем беріп:

«السَّلاَمُ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَةُ اللَّهِ».

"Әс-сәләму ъаләйкум уә рохматуллоһи",

«Аллаһтың сізге сәлемі мен рахметі болсын»,—деп айтады. Сол жағына да дәл солай; Сәлемді Құбылаға қараған күйі бастап, толық бұрылғанда аяқтайды.

Сегізіншіден: намаздағы мәкрүһтер (жағымсыз амалдар):

1- Қажетсіз жан-жаққа қарау.

2 – Көкке қарау (намаз кезінде).

3- Қажеттіліксіз көзді жұму.

4- Сәждеде қолдың шынтаққа дейінгі бөлігін жерге төсеу.

5 – Қажетсіз ауыз бен мұрынды бүркемелеу.

6 – Дәреті қысып тұрғанда немесе тәбеті тартатын ас дайын тұрғанда намаз оқу.

7 – Сәждеден маңдайы мен мұрнына жабысқан нәрсені сүрту, ал мұны намаз аяқталғаннан кейін сүрткеннің айыбы жоқ.

8 – Мұқтажсыз қиямда дуалға немесе соған ұқсас нәрсеге сүйену.

Тоғызыншыдан: Намазды бұзатын нәрселер:

1- Тамақ жеу және су ішу.

2 – Намаздан тыс сөз айту.

3 – Дауыстап және қарқылдап күлу.

4- Рүкіндер немесе уәжіптердің бірін қасақана тәрк ету.

5- Рүкін немесе рәкатты қасақана қосу.

6 - Имамнан бұрын әдейі сәлем беру.

7 - Қажетсіз, намазға қатысы жоқ көп әрі ретсіз қимыл жасау.

8 – Намаз шарттарының біріне қайшы келетін істі жасау: мысалы, дәреттің бұзылуы, әуретті әдейі ашу, қажеттіліксіз денені құбладан көп бұруы, ниетті бұзу.

Оныншы: Сәһу сәжде:

Сәһу дегеніміз: ұмыту. Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) да намазда жаңылысқан. Өйткені жаңылысу – адам табиғатына тән нәрсе. Оның жаңылысуы – үмметі жаңылысқан кезде оған еріп, үлгі алуы үшін Алланың оларға деген нығметін толықтыруы және дінін кемелдендіруі еді.

Сәһу сәждесін жасау себептері:

1- Бірінші жағдай:

Намаздағы артықтық: не амалдарды артық орындау, не сөздерді артық айту:

а - Артық қимылдар жасау: Намаздың негізгі амалдарынан артық қимыл жасау, мысалы: отыруатын кезде тік тұру, тік тұратын кезде отыру, немесе артық рукуғ немесе сәжде жасау. Егер мұны ұмытып жасаса, онда сәһу сәждесін жасайды.

ә - Сөздерге қатысты артықтық: рукуғ пен сәждеде Құран оқу сияқты.

Егер осылай істесе, оған сәһу сәждесін жасау мустахаб болады.

2- Екінші жағдай:

Намаздағы қателікпен болатын кемшілік екі нәрсенің біреуімен орын алады:

а - Рукінді тәрк ету: Егер бұл рукін ихрам тәкбірі болса, оның намазы жарамсыз болып, сәһу сәждесі орнын толтырмайды. Ал егер ұмытылған амал ихрам тәкбірінен басқа рүкін болса, мысалы, рукуғ немесе сәжде, әрі намаз оқушы оны келесі рәкағатты бастамай тұрып есіне түсірсе, онда міндетті түрде кері қайтып, сол рүкінді және одан кейінгі амалдарды орындайды.

Ал егер келесі ракағатты оқи бастағаннан кейін есіне түсірсе, онда рүкіні орындалмаған рәкағат бұзылып, одан кейінгі рәкағат оның орнын басады.

ә - Уәжіпті тәрк ету: мысалы, бірінші тәшәһһудті немесе рукуғтағы тәсбихті ұмыту. Осы жағдайда: сәһу сәждесін қылады.

3- Үшінші жағдай: Күмән:

Мысалы: біреу бесін намазында үш не төрт рәкағат оқығанына күмәнданса, бұл жағдайда:

а- Егер бір нәрсеге басымдық берсе, соны басшылыққа алып, сәһу сәждесін жасайды.

ә - Ал ешбірі басым болмаса, анығын негізге алып, сәһу сәждесін жасайды.

Егер күмән намаздан кейін туындаса немесе адам көп күмәнданатын болса, мұндай күмәнға мән бермейді.

Маңызды мәлімет: Сәһу сәждесі, егер намазда кемшілік кетсе немесе күмәнданып, екі ойдың біріне тоқтай алмаса, сәлемге дейін бұрын жасалады. Ал, егер намазға бір нәрсе қосылса немесе күмәнданып, басым ойына амал еткен болса, сәжде сәлемнен кейін жасалады. Ин-шаа Алла, бұл істе кеңшілік бар (сәлемге дейін не одан кейін жасала береді).

Он бірінші: Намаз оқуға тыйым салынған уақыттар:

Негізінде, намазды барлық уақытта оқуға рұқсат етіледі. Алайда, шариғат кейбір уақыттарда намаз оқуға тыйым салған, ол—келесі уақыттар:

1 - Таң намазынан кейін күн шығып, көзге көрінерліктей жерден найза бойына көтерілгенше.

2 - Күннің тас төбеге келіп, ауғанға дейінгі уақыт. Бұл тыйым салынған уақыттардың ең қысқасы.

3- Асыр намазынан күн батқанға дейінгі уақыт – тыйым салынған уақыттардың ең ұзағы.

Тыйым салынған уақыттарда оқуға болатын намаздар:

1- Қаза болған парыз намаздарды өтеу.

2 - Себебі бар намаздар, мысалы: тахият әл-мәсжид намазы, тауафтың екі ракағат намазы, кусуф (күн, ай тұтылу) намазы, жаназа намазы.

3 - Қаза болған таң намазының сүннетін, таң намазынан кейін оқу.

 

Он екінші: жамағат намазы:

Бұл – Исламның ұлы рәміздерінің бірі - мешіттердегі жамағат намазы. Мұсылмандардың бірауыз келісімі бойынша, бес уақыт намазды мешіттерде орындау – ең маңызды бойсұну амалдары және ең ұлы ғибадаттар қатарында. Тіпті, ол – Исламның ең ұлы рәмізі.

1- Жамағат намазының үкімі:

Жамағат намазы бес уақыт намазға арналған мешітте, шамасы келген ер кісілерге уәжіп. Тұрғылықты жерде немесе сапарда да. Бейбіт заманда немесе қауіп-қатер кезінде болсын, әркімге бұл жеке уәжіп болып табылады.

Жамағат намазының уәжіптігі Құран, сүннет және мұсылмандардың ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан амалымен дәлелденген.

Құраннан: Алла Тағаланың мына сөзі:

﴿وَإِذَا كُنتَ فِيهِمۡ فَأَقَمۡتَ لَهُمُ ٱلصَّلَوٰةَ فَلۡتَقُمۡ طَآئِفَةٞ مِّنۡهُم مَّعَكَ...﴾

"(Уа, Пайғамбар!) Сен олардың ішінде (соғыс майданында имам болып) тұрған кезіңде, олардан бір бөлегі сенімен бірге намазға тұрсын..." (Ниса: 102). Бұл аят жамағат намазының парыз етіліп, айқын түрде бекітілгенін көрсетеді. Өйткені қорқыныш жағдайында да мұсылмандарға оны (жамағат намазын) тастауға рұқсат берілмеген. Егер ол уәжіп болмағанда, оның міндетінен босататын ең басты себеп – қорқыныш болар еді. Жамағат намазын тастау және оған жалқаулық таныту – екіжүзділердің ең белгілі сипаттарынан.

Сүннет дәлелдері: бұл жөнінде көптеген хадистер келген. Мысалы:

Муслимнің «Сахих» жинағында келгені:

أَنَّ رَجُلًا أَعْمَى قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَيْسَ لِي قَائِدٌ يَقُودُنِي إِلَى الْمَسْجِدِ، فَسَأَلَهُ أَنْ يُرَخِّصَ لَهُ أَنْ يُصَلِّيَ فِي بَيْتِهِ، فَرَخَّصَ لَهُ، فَلَمَّا وَلَّى دَعَاهُ فَقَالَ: «هَلْ تَسْمَعُ النِّدَاءَ؟» قَالَ: نَعَمْ، قَالَ: «فَأَجِبْ».

Бір соқыр адам: «Уа, Алланың елшісі! Мені мешітке апаратын жетекшім жоқ», – деп, үйде намаз оқуға рұқсат сұрады. Ол оған рұқсат берді. Ол кетіп бара жатқанда, (Пайғамбар) оны (қайта) шақырып алып: «Сен азан даусын естисің бе?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – дегенде, (Пайғамбар): «Онда оған жауап бер!» – деді33.

Сонда Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) оған зағип болғанына және кездесетін қиындықтарына қарамастан, жамағат намазы үшін мешітке келуді және азанға жауап беруді бұйырды. Бұл жамағат намазының уәжіптігін көрсетеді.

2- Жамағатқа үлгеру жолы:

Жамағат намазына имаммен бірге бір рәкағат оқыса, жамағатқа үлгерген болып есептеледі. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзіне сәйкес:

«مَنْ أَدْرَكَ رَكْعَةً مِنَ الصَّلَاةِ فَقَدْ أَدْرَكَ الصَّلَاةَ».

«Намаздың бір рәкғатына үлгерген кісі ол намазға үлгерген болып саналады»34.

3- Ракағатқа үлгерудің үлгілері:

Ракат – рукуғқа үлгерумен есептеледі. Егер намазға кешіккен кісі имамның рукуғына үлгерсе: тік тұрып "ихрам" тәкбірін айту уәжіп болады. Одан соң рукуғ үшін (бөлек) тәкбір айтып рукуғ жасайды. Ал егер тік тұрған күйі "ихрам" тәкбірімен ғана шектелсе, бұл рукуғ тәкбірінің орнын басады (бәріне бір тәкбір жеткілікті).

4 - Адамға жамағат намазына қатыспауын рұқсат ететін үзірлер:

1- Жұма және жамағат намаздарына бара алмайтын науқастық.

2- Үлкен немесе кіші дәреті қысып тұру. Өйткені бұл намаздағы ықыластың жоғалуына және денеге зиян келуіне себеп болады.

3- Адам аш болып немесе тамаққа тәбеті тартып тұрғанда астың дайын болуы. Бұл жамағат намазынан қалуға әдет немесе айлаға айналдырылмаса.

4- Жанға, мал-мүлікке немесе басқасына төнген анық қауіп кезде.

Он үшінші: Қауіп намазы:

Қауіп намазы – кәпірлерге, бүлікшілерге және қарақшыларға қарсы рұқсат етілген шайқас кезінде оқылады. Бұған Алла Тағаланың мына сөзі дәлел:

﴿...إِنۡ خِفۡتُمۡ أَن يَفۡتِنَكُمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ...﴾

"...күпірлік етушілердің өздеріңе бүлік тудыруынан қауіптенсеңдер..." [Ниса: 101]. Осыған соғыс жүргізуге рұқсат етілген өзгелерді де қияс жасауға (салыстыруға) болады.

Қауіп намазы екі шартпен оқылады:

1) Соғысуға рұқсат етілген жаудың болуы.

2) Намаз оқып жатқанда мұсылмандарға шабуыл жасалуынан қауіптену.

Қауіп намазының сипаты:

Оның көптеген сипаттары бар, олардың ең танымалы Саһл (оған Алла разы болсын) риуаят еткен хадисте былай деп келеді:

أَنَّ طَائِفَةً صَفَّتْ مَعَ النَّبِي ﷺ، وَطَائِفَةً وِجَاهَ العَدُوِّ، فَصَلَّى بِالَّتِي مَعَهُ رَكْعَةً، ثُمَّ ثَبَتَ قَائِمًا، وَأَتَمُّوا لِأَنْفُسِهِمْ، ثُمَّ انْصَرَفُوا، وَصَفُّوا وِجَاهَ العَدُوِّ، وَجَاءَتِ الطَّائِفَةُ الأُخْرَى، فَصَلَّى بِهِمُ الرَّكْعَةَ الَّتِي بَقِيَتْ مِنْ صَلَاتِهِ، ثُمَّ ثَبَتَ جَالِسًا، وَأَتَمُّوا لِأَنْفُسِهِمْ، ثُمَّ سَلَّمَ بِهِمْ.

Бір топ Пайғамбармен (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) бірге сапқа тұрып, екіншісі жауға қарама-қарсы тұрып алды. Ол өзімен бірге болған топпен бір рәкәғат оқыды да, тік тұрған күйі тұра берді, ал олар (бірінші топ намазды) өз беттерінше аяқтап, орындарынан кетті де, жауға қарама-қарсы сапқа тұрды. Содан соң екінші топ келді. Ол (ъ) олармен бірге намазының қалған рәкәғатын оқыды. Сосын ол отырған күйде отыра беріп, олар өз беттерінше аяқтады. Содан кейін ол олармен бірге сәлем берді35.

Қауіп намазынан алатын пайдаларымыз:

1 - Исламдағы намаздың және жамағат намазының маңыздылығы. Өйткені ол тіпті осындай қиын, қатерлі жағдайларда да (мұсылмандар мойнынан) түспейді.

2- Бұл үмбеттен қиындықты кетіру, сондай-ақ шариғаттың жеңілдігі және оның әрбір заман мен мекенге жарамдылығы.

3- Ислам шариғатының кемелдігі және оның әрбір жағдайға лайықты үкім беруі.

Он төртінші: Жұма намазы:

Біріншіден: оның үкімі:

Жұма намазы әрбір кәмілетке толған, ақыл-есі дұрыс, тұрғылықты, үзірлі себебі жоқ ер мұсылманға парыз айн.

Өйткені Алла Тағала:

﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا نُودِيَ لِلصَّلَوٰةِ مِن يَوۡمِ ٱلۡجُمُعَةِ فَٱسۡعَوۡاْ إِلَىٰ ذِكۡرِ ٱللَّهِ وَذَرُواْ ٱلۡبَيۡعَۚ ذَٰلِكُمۡ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ 9﴾

"Ей, иманға келгендер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (жұма намазына) ұмтылып, сауданы қойыңдар! Осылай істеулерің өздерің үшін қайырлы. Егер білген болсаңдар, (бұйрықты орындаңдар) 9) (Жұма: 9).

Әрі Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзіне сәйкес:

«لَيَنْتَهِيَنَّ أَقْوَامٌ عَنْ وَدْعِهِمُ الْجُمُعَاتِ، أَوْ لَيَخْتِمَنَّ اللَّهُ عَلَى قُلُوبِهِمْ، ثُمَّ لَيَكُونُنَّ مِنَ الْغَافِلِينَ».

«Ант етемін, адамдар не жұма намазына қатыспауларынан тыйылады, не Алла олардың жұректерін мөрлеп тастайды. Ода соң олар, міндетті түрде, ғапылдар қатарында болады»36.

Екіншіден: Жұма намазының дұрыс болу шарттары:

1) Уақыты: Оның уақыты бесін намазының уақытымен бірдей. Уақытынан бұрын және уақыты шыққаннан кейін (оқылса), дұрыс саналмайды.

2) Оған жамағаттың қатысуы. Дұрыс көзқарас бойынша жамағаттың ең азы – үш адам. Жалғыз адам және екі кісі болып оқу дұрыс саналмайды.

3) Намаз оқушылардың қоныстары әдеттегідей шаһардың жергілікиі тұрғындары сияқты болуы. Қоныстары бетон, тас, балшық немесе одан басқа материалдан жасалғанына қарамастан. Осыған орай, тұрақты мекендемей, малдары үшін жайлаулы жерлерге көшіп-қонатын шатыр иелері, яғни дала тұрғындарының жасағаны дұрыс саналмайды.

4) Жұма намазы алдында екі хутбаның оқылуы, себебі Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) осыны үнемі орындаған.

Үшіншіден: Жұманың екі хутбасының рукундері:

1- Аллаға мадақ және қос куәлікті айту.

2 – Пайғамбарға ﷺ салауат айту.

3-Аллаға тақуа болуды (Оған қарсы келуден сақтанды) өсиет ету.

4 – Құраннан бір сүре немесе аят оқу.

5 – Уағыз, насихат айту.

Төртіншіден: Жұманың екі хутбасының мустахабтары:

1- Хутбаны мінбарда айту.

2 – Екі хутбаның арасын жеңіл отырыспен бөлу. 3- Екеуінде де (хутбаларда) мұсылмандар мен олардың басшылары үшін дұға ету.

4- Екеуінің қысқа болуы.

5 - Хутба айтушының мінберге көтерілгенде халыққа сәлем беруі.

Бесіншіден: Жұма күнінің мустахабтары:

1- Мисуак қолдану.

2 – Бар болса, хош иіс (әтір) жағу.

3 – Жұма намазына ерте шығу.

4- Мешітке көлікке мінбей, жаяу бару.

5 – Имамға жақындау.

6- Дұға ету.

7- Кәһф сүресін оқу.

8 – Пайғамбарға (ﷺ) салауат айту.

Алтыншыдан: Жұмаға қатысушыға тыйым салынған нәрселер:

1- Имам жұмада хутба айтып жатқанда сөйлеуге тыйым салынады. Бұл Пайғамбардың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзіне сәйкес келеді:

«إِذَا قُلْتَ لِصَاحِبِكَ يَوْمَ الْجُمُعَةِ: أَنصِتْ، وَالْإِمَامُ يَخْطُبُ، فَقَدْ لَغُوتَ».

«Жұма күні имам хутба оқып жатқанда, жаныңдағы адамыңа: «Тыныш отыр»,- деп айтсаң, бос сөз айтқан боласың»37. "Ләғу»—бос сөз айттың дегенді білдіреді. Ал, бос сөз – күнә.

2 – Адамдардың үстінен аттап өту мәкрүһ саналады. Бұл тек имамға немесе алдындағы бос орынға жету мақсатында рұқсат етіледі.

Жұма намазына үлгеру:

Кімде-кім жұма намазының екінші ракағатына имаммен бірге рукуғқа үлгерсе, ол жұмаға үлгерген болып, оны екі ракағат қылып толықтырады. Егер екінші рәкғаттың рукуғына үлгермесе, жұма намазына үлгермеген болып, оны төрт рәкағат бесін етіп оқиды. Сол сияқты, кімде-кім ұйықтап қалып немесе басқа да себептермен жұма намазын оқи алмай қалса, ол бесін намазын оқиды.

Он бесінші: Үзір иелерінің намазы:

Бірінші: науқас адамның намазы:

Біріншіден: науқас адам намазды шамасы келгенше орындауы тиіс. Ақылы орнында тұрған кезде оны уақытынан кешіктіруге рұқсат етілмейді.

Науқас адам намазды қалай оқиды?

1 – Науқас адамға; егер намазда түрегеп тұру оған қиындық туғызбаса немесе зиян келтірмесе, түрегеп тұрып рукуғ пен сәжде жасап оқу уәжіп.

2- Тұруға шамасы жеткенімен рукуғ немесе сәжде жасау зиян келтіретін болса, рукуғты тұрған күйі ал сәждені отырған күйі ишарамен орындайды.

3- Түрегеп намаз оқуға шамасы келмесе, отырып оқиды. Сүннет бойынша, егер тұрып оқи алмаса, қиямның орнына молдас құрып отырады; рукуғқа ишара жасайды. Мүмкіндігі болса, жерге сәжде жасайды, ал оған шамасы келмесе, сәждеге ишара жасап, оны рукуғтан төменірек етеді.

4- Егер отырып намаз оқуға шамасы келмесе, жамбасымен жатып, бетін қыблаға қаратып оқиды. Мүмкіндігі болса оң бүйірімен жатқаны абзал. Ал рукуғ пен сәждені ишарамен орындайды.

5- Бүйірімен жатып намаз оқуға шамасы келмесе, аяғын құбылаға қаратып, шалқасынан жатып оқиды, ал рукуғ пен сәждені ишарамен жасайды.

6- Егер рукуғ пен сәждеде денесімен ишара жасауға шамасы келмесе, басымен ишара жасайды. Ал егер бұған да шамасы келмесе, ишара жасау міндеті түсіп, сол қалпында рукуғ, сәжде, отырыс секілді намаз әрекеттерін жүрегімен ниет етіп, тиісті зікірлерін айтады.

7. Науқас адам намаз шарттарынан шамасы келгенін орындайды. Мысалы: құбылаға қарау, сумен дәрет алу, оған шамасы келмесе, тәйәммум соғу және нәжістен тазалану. Егер осылардың ешқайсысын орындай алмаса, бұл міндет оның мойнынан түсіп, жағдайына қарай намазын оқиды және намазды уақытынан кешіктірмейді.

8 – Сүннет бойынша, науқастың қиям мен рукуғтың орнына молдас құрып, ал өзге жағдайларда сол аяғын жайып, оң аяғын тік қойып отыруы.

Екінші: Жолаушы намазы.

1 – Үзірлі жандардың қатарына жолаушы да жатады: оған төрт рәкғатты намазды екі рәкғатқа қысқартып оқуға рұқсат етіледі. Алла Тағаланың мына сөзі бойынша:

﴿وَإِذَا ضَرَبۡتُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَلَيۡسَ عَلَيۡكُمۡ جُنَاحٌ أَن تَقۡصُرُواْ مِنَ ٱلصَّلَوٰةِ...﴾

"Қашан жер жүзінде сапарда болсаңдар, сендерге намазды қысқартуларыңа күнә жоқ..." (Ниса: 101).

Әнас ибн Мәлик (оған Алла разы болсын) былай деп риуаят етті:

«خَرَجْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ مِنَ الْمَدِينَةِ إِلَى مَكَّةَ، فَكَانَ يُصَلِّي رَكْعَتَيْنِ رَكْعَتَيْنِ، حَتَّى رَجَعْنَا إِلَى الْمَدِينَةِ».

«Біз Алла елшісімен (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) бірге Мәдинадан Меккеге сапарға шыққанымызда, Мәдинаға қайтып оралғанымызша ол намаздарын екі ракғат қылып оқитын»38.

Намазды қысқарту жолаушы тұратын жерінің ғимараттары аяқталған жерінен басталады; өйткені Алла сапарға шыққандарға намазды қысқартуға рұқсат еткен. Елінен шықпас бұрын ол жолға шығушы да, жолаушы да болып саналмайды. Өйткені Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) намазын тек сапарда болған кезінде намазын қысқартатын.

2 – Жолаушыға намазды қысқартуға тек белгілі бір қашықтыққа шыққан жағдайда ғана рұқсат етіледі; ол қашықтық шамамен сексен километр.

3 - Жолаушы намазды өзі шыққан еліне қайтып кіргенге дейін қысқарта алады.

4 - Егер жолаушы бір елді мекенге келіп, онда тұрақтауды ниет етсе, оның үш жағдайы болады:

а) Төрт күннен артық тұруға ниет етсе, тоқтаған жеріндегі бірінші күннен бастап намазды толық оқуы уәжіп болып, сапар жеңілдіктерін пайдалана алмайды.

ә) Төрт немесе одан аз күн тұрақтауға ниет етсе, оған намазды қысқартуға және сапар жеңілдіктерін пайдалану рұқсат етіледі.

б) Белгілі бір уақытқа тұрақтауды ниет етпей, керісінше, сол жердің өзіне қолайлылығына немесе емделу, құжаттарын реттеу секілді шаруаларына байланысты бір күн не он күндей қалып, шаруасы біткен соң еліне қайтуы; Бұл адамға қайтып оралғанша намазды қысқартуға және тоқтаған мерзімі төрт күннен асып кетсе де, сапар жеңілдіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.

5- Егер жолаушы тұрғылықты имамға ұйыса, тіпті онымен бірге соңғы тәшәһһудке ғана үлгерсе де, намазды толық оқуы уәжіп.

6 - Тұрғылықты (муқим) адам намазын қысқартып оқитын жолаушыға ұйыса, имам сәлем бергеннен кейін намазын толықтыруы міндетті.

Он алтыншы: Екі айт намазы:

Мұсылмандардың мейрамдары – адамдардың өздері ойлап тапқаны емес, Алла Тағаланың шариғатымен бекітілген Раббани мейрамдар. Мұсылмандардың тек екі мерекеі ғана бар: Олар – Ораза айт және Құрбан айт. Керісінше, кәпірлердің және бидғатқа жататын мерекелерді Алла Тағала бекітпеген және оны тойлауды бұйырмаған. Бұл мерекелерді адамдар өздері ойдан шығарған.

Екі айт намазының үкімі:

Бұл – парыз кифая, оны Пайғамбарымыз (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) және әділетті халифалар (Алла олардың баршасына разы болсын) үзбей орындаған. Бұл – діннің көрнекті белгілерінің және айқын рәсімдерінің бірі.

Екі айт намазының уақыты: күн найза бойына көтерілгеннен, яғни күн шыққаннан шамамен ширек сағаттан кейін басталып, күн тас төбеге келгенде аяқталады.

Екі айт намазының орындалу сипаты:

1 – Бірінші рәкағатта тахрим тәкбірін айтып, "ифтитах" дұғасын оқиды. Одан кейін алты тәкбір айтады. Әр тәкбірде қолдарын көтереді, ал тәкбірлердің арасында Аллаға хамд пен сана айтып, Пайғамбарға (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) салауат айтады. Содан кейін Алладан пана сұрап, «Бисмиллаһ» деп намаз оқуды бастайды.

2 – Екінші рәкағатта ауысу тәкбірінен (рукуғтың алдында) кейін бес тәкбір айтады, содан соң Алладан пана сұрап, «Бисмиллаһ» деп намаз оқуды бастайды. Бірінші рәкағатта Фатихадан кейін Әғла сүресін, екінші рәкағатта Ғашия сүресін оқу—мустахаб.

3 – Имам сәлем бергеннен кейін мінберге шығып, екі хутба оқиды; жұма хутбасындағыдай олардың арасында қысқа уақыт отырады.

Айт күнінің сүннеттері:

а- Ғұсыл.

ә - Тазалану және әтір жағу.

б - Ораза айтта (намазға) шықпас бұрын бір нәрсе жеп шығу, ал Құрбан айтта, егер құрбандығы болса, (намаздан) кейін өз құрбандығы етінен жеу.

в - Жаяу жүру.

‌г - Бір жолмен барып, басқа жолмен қайту.

ғ - Имамға емес, жамағатқа намаз оқитын жерге ертерек келу.

Тәкбір:

Екі айт түндері, Зұл-хижжа айының алғашқы он күнінде және тәшриқ күндерінде тәкбір айту – сүннет. Ол екі түрлі болады:

Бірінші түрі: Мутлақ тәкбір. Ол — белгілі бір уақытпен шектелмеген.

1 - Ораза айтында: айт түні күн батқаннан бастап айт намазы басталғанға дейін.

2 - Құрбан айтта: Зұл-хижжа айының бірінші түнінен бастап, тәшриқ күндерінің соңғы күні күн батқанға дейін.

Екінші түрі: Муқаяд (уақыты нақтыланған) тәкбір. Бұл — парыз намаздардың соңына бекітілген тәкбір.

1 - Ихрам хәлінде болмаған адам: Арапа күнінің таңынан бастап, тәшриқ күндерінің соңғы күнінің екінті уақытына дейін.

2- Ихрамдағы кісі: Құрбан айт күні бесін намазынан бастап, Тәшриқ күндерінің соңғы күнінің екінті уақытына дейін.

Он жетінші: Кусуф намазы:

Хусуф пен Кусуф мағынасы:

Хусуф – түнде ай нұрының немесе оның бір бөлігінің тұтылуы.

Кусуф – күндіз күн жарығының толықтай немесе ішінара тұтылуы.

Кусуф намазының үкімі:

Бұл – бекітілген (муәккәдә) сүннет, оған Алла елшісінің (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) іс-әрекеті дәлел болады. Өйткені ол өз заманында күн тұтылған кезде осы намазды оқыған. Оның заңдылығы Пайғамбардың оны орындауға бұйыруымен дәлелденіп, ғалымдар оның шариғатта бекітілгендігіне бір ауыздан келіскен.

Уақыты:

Күн немесе айдың тұтылуынан басталып,

оның ашылуына дейін, яғни "хусуф" немесе "кусуф" сейілгенге дейін.

Оның сипаты:

Рәкғаттар саны – екі ракғат, екеуінде де қырағат дауыстап оқылады. Орындалу тәртібі төмендегідей:

а - Алғашқы тәкбір (тәкбиратул-ихрам) айтып, истифтах дұғасын оқиды, Алладан пана тілеп «Әғузу» мен «Бисмиллаһ» -ны айтады да, Фатиха сүресін оқиды. Содан кейін ұзақ (аяттар) оқиды.

ә - Содан кейін ұзақ рукуғ жасайды.

б - Содан кейін рукуғтан қиямға бой көтеріп, «Сәмиъа-ллаһу лимән хәмидәһ» деп айтылады. Сосын Фатиха сүресі, одан кейін біріншісі ракғатта оқылғанынан қысқа сүре оқылады.

в - Содан кейін ұзақ, алайда бірінші ракғаттағыдан қысқа рукуғ жасайды.

г - Сосын рукуғтан көтеріліп: "Самиъ Аллаһу лиман хамидаһ" (Аллаһ Тағала Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естиді),—деп айтады.

ғ - Ал содан кейін екі ұзақ сәжде қылады.

д - Сосын екінші ракағатқа тұрады. Ол бірінші ракағат сияқты, бірақ одан қысқа болады.

Сүннеттері:

а) Оған «Жамағат намазы», - деп шақыру.

ә) Жамағатпен оқылуы.

б) Намазда қиямды, рукуғты және сәждені ұзақ жасау.

в) Екінші ракғаттың біріншісінен қысқа болуы.

г) Одан кейін уағыз айтып, ізгі істер жасауға және жамандықтан тыйылуға шақыру .

ғ) Көп дұға ету, Аллаға беріле жалбарыну, кешірім тілеу және садақа беру.

Он сегізінші: Истисқа намазы.

1) Истисқа: құрғақшылық кезінде Алла Тағаладан жаңбыр жаудыруын тілеу.

Истисқа намазы оқылатын уақыт:

Истисқа намазы жер құрғап, жаңбыр жаумай, оның тоқтауынан зиян келген, оларға Раббысына түрлі жолдармен жалбарынып, Одан жаңбыр тілеп, жәрдем сұраудан басқа амал қалмаған кезде оқылады.

а - Кейде жамағат болып, кейде жеке оқылады.

ә - Кейде жаңбырды жұма хутбасындағы дұғада сұраса да болады. Бұл кезде хутба оқушы дұға жасап, жамағат оған «әмин» деп қосылады.

б - Кейде намаз да, хутба да оқымастан, кез келген уақытта дұға жасау арқылы болады.

Истисқа намазының үкімі:

Абдулла ибн Зәйд жеткізген хадис бойынша, Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) оны орындағаны себепті бұл намаз – сүннет муәккәдә (бекітілген сүннет).

«خَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ إِلَى الْمُصَلَّى، فَاسْتَسْقَى، وَاسْتَقْبَلَ الْقِبْلَةَ، وَقَلَبَ رِدَاءَهُ، وَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ».

«(Бірде) Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) намаз оқылатын жерге барды. Онда жүзін құбылаға бұрып, шапанын теріс айналдырды. Сөйтіп екі рәкғат намаз оқып, жаңбыр тіледі»39.

Истисқа намазының орындалу сипаты:

Истисқа намазының сипаты айт намазы секілді. Үкімдері, рәкағаттарының саны, дауыстап оқылуы, хутбадан бұрын болуы және бірінші мен екінші рәкағатта Құран оқудан бұрын айтылатын қосымша тәкбірлер тұрғысынан айт намазына ұқсайды. Бұның түсіндірмесі екі айт намазында айтылды.. Тек бір-ақ құтпа оқылады.

Он тоғызыншы: Жаназа үкімдері

Біріншіден: өлім аузындағы адамның жанында болғандарға:

1- Өлім аузындағы адамның қасында болған кісіге «Лә иләһа илләллаһ» сөзін еске салу (қайталап отыру) сүннет.

2- Жүзін құбылаға қарату – сүннет.

3 – Көздерін жабу мустахаб болып саналады.

4- Қайтыс болғаннан кейін мәйітті матамен жауып қою сүннет.

5- Оны жерлеуге дайындауға асыққан абзал.

6 – Оның қарыздарын (мүмкіндігінше) тезірек өтеу парыз.

7- Мәйітті жуындыру және кебіндеу – парыз кифая.

Екіншіден: Жаназа намазының үкімдері:

Оның үкімі: парыз кифая.

Оның шарттары:

1) Құбылаға қарау.

2) Әуретті жабу.

3) Нәжістен сақтану.

4) Намаз оқушы кісі мен намазы оқылатын (мәйіттің) тазалығы.

5) Намаз оқушы және мәйіттің мұсылман болуы.

6) Егер (қала немесе ауыл сияқты) елді-мекенде болса, жаназаға қатысу.

7) Мүкәлләф (балиғатқа жеткен) болу.

Оның рүкіндері:

1) Қиямда тұру.

2) Төрт тәкбір айту.

3) «Фатиха» сүресін оқу.

4) Пайғамбарға ﷺ салауат айту.

5) Мәйіт үшін дұға ету.

6) Реттілік.

7) Сәлем беру

Оның сүннеттері:

1) Әрбір тәкбірде қолды көтеру.

2) «Истиғаза» Алладан пана сұрау дұғасы.

3) Өзі үшін және мұсылмандар үшін дұға ету.

4) Құранды іштен оқу.

5) Төртінші тәкбірден кейін, сәлем берер алдындап аздап тоқтау.

6) Оң қолды сол қолдың үстіне кеудеге қою.

7) Сәлемде оң жағына бұрылу.

Оның сипаты мынадай:

Имам немесе намазды жеке оқушы (мунфарид) ер кісінің кеуде тұсына, ал әйел кісінің орта тұсына тұрып, тахрим тәкбірін айтады. Содан соң Алладан пана сұрап, истифтах дұғасын оқымастан, «Бисмилләһ...» деп, Фатиха сүресін оқиды.

Содан кейін тәкбір айтып, Пайғамбарға ﷺ салауат оқиды, сосын тағы тәкбір айтып, мәйіт үшін хадистерде келген дұғаларды оқиды; Мысалы, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзі:

«اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِحَيِّنَا وَمَيِّتِنَا، وَصَغِيرِنَا وَكَبِيرِنَا، وَذَكَرِنَا وَأُنثَانَا، وَشَاهِدِنَا وَغَائِبِنَا، اللَّهُمَّ مَنْ أَحْيَيْتَهُ مِنَّا فَأَحْيِهِ عَلَى الإِيمَانِ، وَمَنْ تَوَفَّيْتَهُ مِنَّا فَتَوَفَّهُ عَلَى الإِسْلَامِ، اللَّهُمَّ لَا تَحْرِمْنَا أَجْرَهُ، وَلَا تُضِلَّنَا بَعْدَهُ».

"Аллаһуммағ-фир лихаийина уа мәийтина, уа соғийрина уа кабийрина, уа закарина уа унсана, уа шааһидина уа ғоибина. Аллаһумма ман аһиайтаху минна фа аһийхи ‘ала ал-иман, уа ман тауаффайтаху минна фа-тауаффаху ‘ала ал-ислам. Аллаһумма ла тахримна ажраху, уа ла тудҙиллна ба’даху".

«Я, Алла! Біздің тірілеріміз бен өлілерімізді, кішілеріміз бен үлкендерімізді, ерлеріміз бен әйелдерімізді, арамызда барлар мен жоқтарымызды (бәрін) кешіре гөр! Я, Алла! Бізден кімге өмір берсең, оны иманды қылғайсың, ал бізден кімнің жанын алсаң, оның жанын Ислам дінінде алғайсың. Я, Алла! Бізді осының сауабынан мақұрым етпегейсің және одан кейін бізді тура жолдан адастырмағайсың»40.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың ﷺ мына сөзі:

«اللَّهُمَّ اغْفِرْ لَهُ وَارْحَمْهُ، وَعَافِهِ وَاعْفُ عَنْهُ، وَأَكْرِمْ نُزُلَهُ، وَوَسِّعْ مَدْخَلَهُ، وَاغْسِلْهُ بِالْمَاءِ وَالثلْجِ وَالْبَرَدِ، وَنَقِّهِ مِنَ الْخَطَايَا كَمَا نَقَّيْتَ الثَّوْبَ الْأَبْيَضَ مِنَ الدَّنَسِ، وَأَبْدِلْهُ دَارًا خَيْرًا مِنْ دَارِهِ، وَأَهْلًا خَيْرًا مِنْ أَهْلِهِ، وَزَوْجًا خَيْرًا مِنْ زَوْجِهِ، وَأَدْخِلْهُ الْجَنَّةَ، وَأَعِذْهُ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، وَمِنْ عَذَابِ النَّارِ».

"Аллаһуммағ-фир ләһу уар-хамху, уа ‘аафиһи уа‘-фу ‘анху, уа әќрим нузуләһу, уа уасси‘ мадхалаһу, уағ-силху бил-маи уәл-сәлжи уәл-барад. Уа нәққиһи минл-хота-я кама нәққайтас-саубәл-абйада минад-данас. Уа абдилһу даран хойрән мин дарихи, уа аһлан хойрән мин аһлиһи, уа заужан хойрән мин заужихи, уа адхилһул-жаннә, уа а‘изһу мин ‘азаб ил-қобри, уа мин ‘азаб ин-наар".

«Я, Алла! Оны жарылқа! Әрі оған рақым ет. Әрі оны (қабір азабынан) сақта, оны кешір және қабірінің орнын кең әрі жайлы қыл. Оның кірер жерін кең ет, әрі оны аппақ киімді кірден тазаланың секілді су, қар, бұршақпен тазарта көр! Оған өз үйінен де жақсы үй, өз отбасынан да жақсы отбасы, өз жарынан да жақсы жар ауыстырып бер және оны Жәннәтқа кіргіз. Әрі оны қабір азабынан және тозақ азабынан сақтағайсың!»41. Содан кейін тәкбір айтып, аздап кідіреді де, оң жағына сәлем береді.

 

Үшінші бөлім: Зекет:

1- Зекеттің анықтамасы және оның (шариғаттағы) орны:

Зекеттің тілдік мағынасы – өсу, көбею.

Зекеттің шариғи анықтамасы: "Белгілі бір мал-мүліктен арнайы топқа берілуі міндеттелген шариғи міндет".

Ол – Исламның үшінші рүкіні. Құранда сексен екі орында намазбен қатар аталуы оның мәртебесінің ұлылығын көрсетеді.

Алла Тағала былай деген:

﴿وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَ...﴾

"Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер..." (Бақара: 43).

Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді:

«بُنِيَ الإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّـهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّـهِ، وَإِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَحَجِّ الْبَيْتِ، وَصَوْمِ رَمَضَانَ».

«Ислам бес (тірекке) құрылған: Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдайдың жоқтығына және Мухаммад Алланың елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылықты өтеу және рамазанда ораза тұту»42.

Мұсылмандар оның парыз екеніне, парыздығын жоққа шығарғанның күпірлігіне және оны беруден бас тартқандармен шайқасуға бір ауыздан келіскен.

Екіншіден: Зекеттің парыз болу шарттары:

а) Азат болу: Құлға міндеттелмейді, өйткені оның мал-мүлкі жоқ, ал қолындағысы – қожайынының меншігі. Сондықтан, оның (қолындағының) зекеті қожайынына міндеттеледі.

ә) Ислам: Кәпірге міндеттелмейді, өйткені бұл – құлшылық және бойұсыну, ал кәпір құлшылық пен бойұсыну иелерінен емес.

б) Нисапқа ие болу: нисаптан төмен мал-дүниеге міндет жүктелмейді. Нисап – мал-дүниенің белгілі бір мөлшері.

в) Меншіктің толық иесі болуы: Мүлік адамның толық әрі кәміл меншігінде болуы тиіс. Сондықтан меншік иелігі толық бекітілмеген мүлікке, мысалы, өзінің азаттық алуға келісім шарты бойынша қарыздың зекеті берілмейді.

г) Малға бір жыл (һижри жыл) иелік етуі. Пайғамбарымыздан Айшаның (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисінде:

«لَا زَكَاةَ فِي مَالٍ حَتَّى يَحُولَ عَلَيْهِ الْحَوْلُ».

«Жылы толмаған мал-дүниеден зекет берілмейді», - делінген43.

3- Зекет берілетін мал-мүліктер:

Біріншіден: Ірі қара және ұсақ мал.

Яғни, түйе, сиыр және қой-ешкі. Олардан зекет екі шартпен міндетті болады:

1- Олар сүтін алу және көбейту мақсатында ұсталу керек; жұмысқа (жүк тасу, жер жырту және т.б.) пайдалану үшін емес.

2- Олар жайылымда жүріп, өздері шөппен қоректену керек. Иесі азығын сатып алып немесе жайылымнан яки басқа жерден жинап беретін малға зекет парыз емес. Және жыл бойы немесе жылдың басым бөлігінде жайылымда жүрмейтін малға зекет парыз емес.

4- Ірі қара мен ұсақ малдың нисаптары:

1- Түйенің зекеті:

Шарттар орындалған жағдайда: әр бес түйеге бір қой, он түйеге екі қой, он бес түйеге үш қой, жиырма түйеге төрт қой зекет міндетті. Бұған Сүннет және ижмағтан дәлел келгендей. Егер (түйелердің) саны жиырма беске жетсе, олардан зекетке «бинт махад» беріледі, ол – бір жасқа толып, екінші жасқа қараған ұрғашы тайлақ. Ол табылмаса, орнына «ибн лабун» (үш жасар еркек немесе ұрғашы тайлақ) да жарайды.

Ал егер түйе саны отыз алтыға жетсе, одан "бинт лабун" беру міндетті болады. Ол – екі жасқа толған ұрғашы түйе.

Егер түйе саны қырық алтыға жетсе, онда "хиққа", үш жасқа толған (түйе) беру міндет болады.

Түйе саны алпыс бірге жеткенде, ол үшін "джаз'а", яғни төрт жасқа толған ұрғашы түйе міндет болады.

Түйе саны жетпіс алтыға жетсе, оған екі екі жасар ұрғашы түйе уәжіп болады.

Егер түйе саны тоқсан бірге жетсе, оған екі "хиққа" (3 жасқа толған ұрғашы түйе) уәжіп болады.

Ал егер түйенің жалпы саны жүз жиырмадан асса, оған үш екі жасар ұрғашы түйе уәжіп болады да, одан кейін әрбір қырыққа бір екі жасар ұрғашы түйе, ал әрбір елуге бір үш жасар ұрғашы түйе беріледі.

2- Сиыр зекеті:

Шарттары толып, саны отызға жеткенде, (зекетіне) бір ер немесе ұрғашы "тәбиға" беру парыз болады. Ол – бір жасқа толып, екінші жасына аяқ басқан бұзау.

Сиыр отыздан аз болса, зекет беру міндет емес.

Ал егер саны қырыққа жетсе, оған бір "мусинна" (екі жасқа толған) сиыр міндетті болады.

Ал, сиыр саны қырықтан асса, олардың әрбір отызына – бір ер немесе ұрғашы "тәбиғ" (бұзау), ал әрбір қырығына бір "мусинна" беру міндет болады.

3- Қой-ешкі зекеті:

Қой-ешкінің жалпы саны қырыққа жетсе, одан бір қой беріледі; ол алты айлық тоқты немесе бір жасар ұрғашы ешкі болуы тиіс.

Қой мен ешкінің (ұсақ мал) саны қырыққа жетпесе, оған зекет берілмейді. Егер ұсақ малдың жалпы саны жүз жиырма бірге жетсе, екі қой уәжіп болады. Ал саны екі жүз бірге жетсе, оған үш қой уәжіп болады.

Осы мөлшерден кейін парыз тұрақталып, әрбір жүз қойға бір қойдан міндеттеледі. Төрт жүз қойға – төрт қой, осылай жалғаса береді.

Екіншіден: жер өнімдерінің зекеті:

Жерден шығатын нәрсе екі түрге бөлінеді:

1) Дәнді-дақылдар және жемістер.

2) Жердің асты мен үстінің қазбалары.

Бірінші түрі: Дәнді-дақылдар және жемістер:

Бидай, арпа және күріш сияқты астық түрлерінен зекет беру – парыз. Сондай-ақ жемістерден: құрма мен мейіз тәрізділерден. Бұршақ дақылдары мен көкөністер секілді басқа өсімдіктерге парыз емес.

Астық пен жемістерден зекеттің парыз болуының шарттары:

1) Сақталатын болуы: жемістер мен көкөністер секілді ұзақ сақталмайтын нәрселерден зекет берілмейді.

2) Көлеммен өлшенуі (макила): даналап немесе салмақпен сатылатын қарбыз, пияз, анар сияқты өнімдерден зекет берілмейді.

3) Нисапқа толуы: ол – бес уасқ. Бұдан аз мөлшерге зекет берілмейді.

4) Зекет парыз болған кезде нисапқа толған мүлік меншік иесінің толық меншігінде болуы қажет.

Ал егер адам нисапты зекет парыз болған уақыттан кейін иеленсе, оған зекет міндетті емес. Мысалы, оны жинап болғаннан кейін сатып алған немесе сыйға берілген болса.

Зекетінің парыз болу уақыты:

Пісіп-жетіле бастаған астық пен жемістен зекет беру – парыз. Жарамдылықтың белгісі төмендегідей:

а - Дәнде: ол қатайып, мықты әрі берік болған кезде.

ә) Құрма ағаштарының жемістерінде: қызарған немесе сарғайған кезде.

б - Жүзімнің жұмсақ, тәтті болуы.

Оның нисабы:

Дәнді дақылдардың және жемістердің нисабы: бес аусуқ. Ал уасқ – алпыс сағ. Сонда нисап үш жүз пайғамбарлық сағ болады. Оның килограммен салмағы: шамамен 900 кг.

Зекет парыз болатын мөлшер мынадай:

Ешбір шығынсыз, күш жұмсалмай суарылған нәрседен, яғни жаңбыр суымен және бұлақтармен суарылған егіннен оннан бір бөлігі берілу (10%) – уәжіп.

Жануарлар немесе заманауи құрылғылар арқылы құдықтар мен өзендерден су тартып, яғни еңбекпен әрі шығынмен суарылған өнімнен оннан жартысы (5%) уәжіп болады.

Екінші түр: Пайдалы қазбалар:

Жерден шығатындардың түрлеріне: пайдалы қазбалар жатады: Ол – жердің өз тегінен басқа, алтын, күміс, темір және бағалы тастар секілді.

Олардан зекеттің парыз етілу уақыты:

Егер оны иеленіп, толық меншігіне алса, зекетін бірден береді, өйткені оған бір жыл өтуі шарт етілмейді. Оның нисабы – алтын мен күмістің нисабындай. Жер құнының қырықтан бір бөлігі шығарылады.

Үшіншіден: Құнды заттар зекеті:

Құнды заттар – алтын, күміс және қағаз ақшалар, одан зекет беру – уәжіп. Оған дәлел – Алла Тағаланың мына сөзі:

﴿...وَالَّذِينَ يَكْنِزُونَ الذَّهَبَ وَالْفِضَّةَ وَلَا يُنْفِقُونَهَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَبَشِّرْهُمْ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ 34﴾

"Сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле 34". (Тәубе: 34).

Ал, хадисте былай делінген:

«مَا مِنْ صَاحِبِ ذَهَبٍ وَلَا فِضَّةٍ لَا يُؤَدِّي فِيهَا حَقَّهَا؛ إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ صُفِّحَتْ لَهُ صَفَائِحُ مِنْ نَارٍ».

«Дүниесінен тиісті болғанын бермеген алтын мен күміс иесіне Қиямет күні оттан жасалған кесектер болып көрсетіледі»44.

Ғалымдар алтын мен күмістен зекет берудің парыз екендігіне бір ауыздан келіскен. Ал, ақшалай қарым-қатынаста солардың орнына жүргені үшін қағаз ақшалардың үкімі алтын мен күмістің үкіміімен бірдей.

Құнды заттардың көлемі (зекет нисабы) және оларға міндетті зекет мөлшері:

Ол – алтын немесе күмістің нисабы; өйткені қағаз ақша төлем құралы ретінде солардың орнын басқан, сондықтан егер ол екеуінің бірі нисапқа жетсе, оған зекет беру парыз болады. Бүгінгі таңда қағаз ақшаның нисабы көбінесе күміспен есептеледі, себебі күміс алтыннан арзанырақ болғандықтан, оның нисабына ертерек жетеді. Егер мұсылманның иелігінде (595) грамм күмістің құнына тең келетін мал-мүлікі болып, оған бір жыл толса, одан зекет беру парыз болады. Күміс грамының құны уақыт өте келе өзгеріп тұрады. Егер біреудің аз ғана малы болып, оның нисап мөлшеріне жеткен-жетпегенін білмесе, онда ол күміс саудагерлерінен бір грамм күмістің құнын сұрап, оны 595-ке көбейтеді. Шыққан нәтиже – сол нисап болып табылады.

Пайдалы кеңес: Егер біреу өз малының зекетін шығарғысы келсе, нисапты қырыққа бөледі; сонда шыққан сан – уәжіп мөлшер болып есептеледі.

Төртіншісі: Сауда айналымының зекеті (тауар зекеті).

Бұл – пайда табу мақсатында сату және сатып алу үшін дайындалған тауарлар. Сауда тауарларына ақшадан басқа, сауда үшін әзірленген мүліктің барлық түрлері жатады: көліктер, киім-кешек, маталар, темір, ағаш және басқа да заттар.

Сауда айналымының зекетінің парыз болу шарттары:

1- Өз іс-әрекеті арқылы иелену; мысалы: сату, жалға беру және басқа да кәсіп түрлері.

2- Оны сауда ниетімен иелену; яғни одан пайда табуды мақсат ету, өйткені амалдар ниетке байланысты, ал сауда – амал, сол себепті оған да өзге амалдар секілді, ниеттің болуы шарт.

3 – Құны алтын немесе күмістің бірінің нисабына жетуі керек.

4- Оған жыл толуы, яғни бір жылдың өтуі.

Сауда айналымының (тауарларының) зекетін шығару тәртібі:

Сауда тауарларының зекеті: бір жыл толғанда ол тауарлар алтын немесе күміс өлшемімен бағаланып, соған сәйкес есептеледі. Егер ол бағаланып құны алтын немесе күмістің бірімен нисапқа жетсе, оның құнының қырықтан бір бөлігінен (2,5%) шығарады.

Бесіншісі: Пітір зекеті (садақасы):

Бұл – Рамазан айының соңында берілетін уәжіп садақа. Ол һижраның екінші жылы парыз етілді.

Онын үкімі:

Пітір садақа – Айт күні және (оған қараған) түні өзіне және отбасына жететін азығынан артық мүлкі бар әрбір мұсылманға уәжіп. Ол әрбір мұсылманға міндетті (уәжіп): еркек пен әйелге, жас пен кәріге, азат пен құлға бірдей. Мына хадиске байланысты:

«فَرَضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ زَكَاةَ الْفِطْرِ عَلَى الْعَبْدِ وَالْحُرِّ، وَالذَّكَرِ وَالْأُنثَى، وَالصَّغِيرِ وَالْكَبِيرِ، مِنَ الْمُسْلِمِينَ».

«Алланың Елшісі (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) пітір садақасын мұсылмандардың құлы мен азатына, еркегі мен әйеліне, сондай-ақ, кішісі мен үлкеніне де парыз етті»45. «Парыз ету» сөзінің мағынасы: міндеттеді және уәжіп етті.

Оның шариғатта бекітілу даналығы:

Ибн Аббас (Алла ол екеуіне разы болсын) былай деді:

«فَرَضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ زَكَاةَ الْفِطْرِ؛ طُهْرَةً لِلصَّائِمِ مِنَ اللَّغْوِ وَالرَّفَثِ، وَطُعْمَةً لِلْمَسَاكِينِ».

«Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) пітір зекетін ораза тұтушыны бос сөз бен ұятсыздықтан тазарту әрі кедейлерге азық болсын, деп парыз етті»46.

Пітір садақасының парыз болу және берілу уақыты:

Пітір садақасы айт түні, күн батқанда уәжіп болады. Оны айт күні айт намазына барар алдында шығару—мустахаб. Айт намазынан кейінге қалдыруға болмайды. Егер оны айт намазынан кешіктірсе, қазасын өтеуі уәжіп болады. Сондай-ақ, белгіленген уақытынан кешіктіргені үшін күнәһар болады.

Оны Айттан бір-екі күн бұрын берсе де болады.

Пітір зекетінің мөлшері және пітір ретінде берілетін нәрселер:

Жергілікті халықтың күнделікті тұтынатын азығынан бір сағ; күріш, құрма, бидай немесе солар сияқты басқа да тағамдар. 1 сағтың мөлшері – шамамен үш килограмм. Оның орнына құнын ақшалай төлеуге рұқсат етілмейді, өйткені бұл Пайғамбардың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) әміріне қайшы келеді.

Зекетті шығару және оның берілетін орындары:

Зекеттің шығарылу уақыты:

Зекет парыз болған уақыт кіргенде оны дереу шығару уәжіп. Оны мал-мүлкі алыс жерде болып, оны тапсыратын уәкілі табылмауы сияқты зәру жағдай болмаса, кешіктіруге рұқсат етілмейді.

Шығарылатын орны:

Зекетті мал-мүлікі тұрақталған елде берген абзал. Мал-мүлікті тұрақты тұрған елінен басқа елге мынадай жағдайларда аударуға болады:

а - Егер өз елінде зекетке мұқтаж кісілер болмаса.

ә - Егер мұқтаж жақыны басқа елде болса.

б - Егер оны басқа жерге көшіруге шариғи қажеттілік туындаса, рұқсат етіледі. Мысалы: ашаршылық пен су тасқынынан зардап шеккен мұсылмандар аймағына жеткізу.

Жалпы дәлелдерге сүйеніп, зекет сәбиге де, ақыл-есі кемнің малына да парыз болады және олардың зекетін мал-мүлкіне жауапты қамқоршысы шығарады. Зекетті ниетсіз шығаруға болмайды. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзіне сәйкес:

«إِنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ».

«Шынында, амалдар ниетке байланысты»47.

Зекет алуға лайық адамдар:

Зекет алушылардың санаттары сегіз:

Бірінші топ: пақырлар:

Олар – баспана, тамақ және киім сияқты негізгі қажеттіліктерін таба алмайтындар. Оларға зекеттен өздеріне әрі асырауындағыларға бір жылға жететіндей мөлшерде беріледі.

Екінші топ: міскіндер:

Олар – қажеттілігінің көбін тапқанымен, толық жеткізе алмайтын кісілер. Мысалы: тұрақты жалақысы болса да, жылдық напақасына (күн көрісіне) жетпейтін.

Зекеттен берілетін мөлшер – олардың және асырауындағылардың бір жылдық қажеттілігі толық қамтамасыз етілетіндей болуы тиіс.

Үшінші топ: зекет жинаушылар (зекетпен жұмыс істейтін) адамдар:

Олар – басшының зекет жинауға міндеттеген адамдары, немесе оны сақтауды немесе мұқтаждарға жеткізуді өз мойнына алғандар.

Егер мемлекеттен жалақы немесе еңбекақы алмайтын болса, оларға ақылары істеген жұмыстары көлемінде

зекеттен беріледі.

Төртінші топ: жүректерін Исламға тартылатындар:

Олар — өздеріне дүние беру арқылы Исламға келуі, иманының нығаюы, немесе мұсылмандарға тигізер зиянының тоқтатылуы үміт етілетін адамдар.

Оларға берілетін зекет мөлшері – олардың жүректерін жұмсартуға жететіндей болады.

Бесінші топ: Құлдар:

Мағынасы: құлдар немесе келісімшарт жасасқандарды (мукатаб) босату.

Мукатаб: қожайынымен өзін сатып алуға келісім жасаған құл. Бұған соғыстағы мұсылман тұтқындар үшін өтемақы төлеу де жатады.

Алтыншы топ: қарызға батқандар, олар екі түрге бөлінеді:

Біріншісі: өз қажеті үшін қарыз алып, оны өтей алмаған адам. Оған қарызын өтеуге жететіні беріледі.

Екіншісі: адамдар арасын жарастыру себепті қарызға батқан адам. Бай болса да, оған қарызын өтеуге жететіндей беріледі.

Жетінші топ: Алла жолындағыларға жұмсалатын зекет.

Олар – Алла жолында күресетіндер.

Зекеттен оларға берілетін мөлшері – Алла жолындағы күреске қажетті көлік, қару-жарақ, азық-түлік және сол сияқты нәрселерға жетерлік мөлшер.

Сегізінші топ: Жолда қалып қойғандар:

Бұл – жолда қаражаты таусылған не оны ұрлатып, еліне қайтуға ақшасы қалмаған жолаушы.

Оған зекет өз еліне қайтып жетуіне жеткілікті мөлшерде, тіпті ол өз елінде (ауқатты) бай болса да беріледі,

Төртінші бөлім: Ораза:

Ораза дегеніміз:

Алла Тағалаға құлшылық ету ниетімен таңның атуынан күннің батуына дейін оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.

Ол – Исламның тіректерінің бірі, әрі Алла тағала алдындағы парыздардың бірі, ол дінде айқын әрі даусыз белгілі үкім. Оның парыз екендігіне Құран, сүннет және мұсылмандардың ижмағы дәлел.

Алла Тағала:

﴿‌شَهۡرُ رَمَضَانَ ٱلَّذِيٓ أُنزِلَ فِيهِ ٱلۡقُرۡءَانُ هُدٗى لِّلنَّاسِ وَبَيِّنَٰتٖ مِّنَ ٱلۡهُدَىٰ وَٱلۡفُرۡقَانِۚ فَمَن شَهِدَ مِنكُمُ ٱلشَّهۡرَ فَلۡيَصُمۡهُ...﴾

"Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса ораза ұстасын...",—деген. (Бақара: 185).

Рамазан айында ораза ұстаудың парыз болуының шарттары:

1- Ислам, кәпірдің орзасы дұрыс емес.

2- Балағат жасқа жету, кішкентайға ораза уәжіп емес. Түсінігі бар (жақсы мен жаманды ажырататын) кішкентайдың оразасы дұрыс болып, ол үшін нәпіл саналады.

3 – Ақыл: есі дұрыс емес адамға ораза парыз емес, ниеті болмағандықтан, оның оразасы жарамсыз саналады.

4- Шамасы жету. Шамасы келмейтін науқас адамға бұл міндетті емес Сондай-ақ, жолаушыға да міндетті емес. Екеуі оның қазасын ауру мен сапар секілді үзірлері тоқтаған (жазылған немесе үйіне келген) кезде өтейді. Әйелге оразасы дұрыс болуы үшін қойылатын шарт: әйел адамнан етеккір және нифас қанының тоқтауы.

Рамазан айының кіруі екі нәрсенің бірімен бекітіледі, олар:

а - Рамазанның жаңа туған айын көру. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзі бойынша:

«صُومُوا لِرُؤْيَتِهِ، وَأفْطِرُوا لِرُؤْيَتِهِ».

«Оны көріп ораза ұстауды бастаңдар және оны көріп ораза ұстауды тоқтатыңдар»48.

ә- Шағбан айын отыз күнге толықтыру. Бұл – Рамазан айының айы көрінбеген жағдайда немесе оны көруге бұлт, шаң-тозаң және соған ұқсас кедергілер болған кезде. Өйткені Пайғамбар ﷺ:

«فَإِنْ غُمَّ عَلَيْكُمْ؛ فَأَكْمِلُوا عِدَّةَ شَعْبَانَ ثَلَاثِينَ يَوْمًا».

«Егер күн бұлтты болса, онда шағбанды отыз күнге толтырыңдар»,—деген49.

Оразаға ниет ету:

Басқа ғибадаттар секілді, ораза ниетсіз дұрыс болмайды. Парыз оразада ниет ету уақыты басқа оразалардан өзгеше. Оның түсіндірмесі төмендегідей:

Біріншіден: Уәжіп ораза; Рамазан, қаза немесе нәзір секілді оразаларға таң атпастан бұрын, түнде ниет ету міндетті. Пайғамбардың ﷺ мына сөзіне сүйеніп:

«مَن لَمْ يُبَيِّتْ الصِّيَامَ مِنَ اللَّيْلِ فَلَا صِيَامَ لَهُ».

«Түнде (таң атқанша) оразаға ниет қылмағанның оразасы жоқ»50.

Екіншіден: Нәпіл ораза; оған күндіз ниет етсе де, дұрыс саналады, бірақ таң атқаннан кейін оразаны бұзатын әрекет жасамау шартымен ғана дұрыс саналады.

Оразаны бұзатын нәрселер:

Бірінші: Жыныстық қатынас: Кімде-кім жыныстық қатынас жасаса, оның оразасы бұзылп, сол күннің қазасын өтеуі міндет болады. Оған қазасымен бірге күнә құнын (кәффарат) өтеу де міндет болады. Ол—бір құлды азат ету. Оны таппаса, онда қатарынан екі ай ораза ұстауы керек. Егер шариғи себеппен шамасы келмесе, онда алпыс кедейді тамақтандыруы тиіс: әр кедейге сол елдің тұтынатын азығынан жарты сағ беріледі.

Екіншісі: Сүю, құшақтау, истимна жасау (қолымен шаһуатын басу) немесе қайта-қайта қарау себепті мәнидің бөлінуі. Бұл жағдайда кәффаратсыз, тек қана қазасын өтейді; өйткені кәффарат тек жыныстық қатынасқа ғана тән. Ал ұйықтап жатқан адам түсінде ұрық шығарса, оған ешқандай күнә жоқ. Өйткені бұл оның еркінен тыс болған жағдай. Ол жүніптіктен ғұсыл құйынуы керек.

Үшіншісі: әдейлеп тамақ жеу және су ішу: Алла Тағала:

﴿...وَكُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكُمُ ٱلۡخَيۡطُ ٱلۡأَبۡيَضُ مِنَ ٱلۡخَيۡطِ ٱلۡأَسۡوَدِ مِنَ ٱلۡفَجۡرِۖ ثُمَّ أَتِمُّواْ ٱلصِّيَامَ إِلَى ٱلَّيۡلِ...﴾

"Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де соңсоң оразаны кешке дейін толық орындаңдар..." (Бақара: 187).

Ал, біреу ұмытып ішіп немесе жеп қойса, оған ешқандай күнә да, жауапкершілік те жоқ; Хадисте:

«مَن نَسِيَ وَهُوَ صَائِمٌ، فَأَكَلَ أَوْ شَرِبَ، فَلْيُتِمَّ صَوْمَهُ، فَإِنَّمَا أَطْعَمَهُ اللَّهُ وَسَقَاهُ».

«Кімде-кім ораза кезінде ұмытып, ішіп-жеп қойса, оразасын соңына дейін жеткізсін, өйткені оны тамақтандырып, сусындатқан – Алланың Өзі»,—делінген51.

Төртіншісі: әдейілеп құсу. Ал егер адам өз еркінен тыс құсса, бұл оның оразасына әсер етпейді. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзіне сәйкес:

«مَنْ ذَرَعَهُ الْقَيءُ فَلَيْسَ عَلَيْهِ قَضَاءٌ، وَمَن اسْتَقَاءَ عَمْدًا فَلْيَقْضِ».

«Кім еріксіз құсса, оған қаза өтеу міндет емес. Ал, кім әдейі құсса—қазасын өтесін»52.

Бесіншісі: Денеден қан шығару: хиджама жасату, тамырдан қан алдыру немесе науқас адамға көмектесу үшін қан тапсыру. Осының барлығы оразаны бұзады. Ал талдау (анализ) үшін алынатын аз мөлшердегі қан оразаға әсер етпейді. Сондай-ақ, өз еркінен тыс қан кету, мысалы: мұрын қанау, жарақаттану немесе тіс жұлдыру – бұлар оразаға әсер етпейді.

Рамазан айында ораза ұстамауға келесі кісілерге рұқсат етіледі:

Бірінші бөлім: оразаны бұзуға рұқсат етілген әрі кейін қазасын өтеуі міндетті адамдар, олар:

Біріншіден: Дертінен айығуы үміт етілетін, ораза ұстау оған зиян келтіретін немесе қиындық тудыратын науқас.

Екіншіден: Жолаушы; сапарда қиындық көрсе де, көрмесе де.

Бұл екеуіне дәлел Алла Тағаланың мына сөзі:

﴿...وَمَن كَانَ مَرِيضًا أَوۡ عَلَىٰ سَفَرٖ فَعِدَّةٞ مِّنۡ أَيَّامٍ أُخَرَ...﴾

"Ал біреу науқас не сапарда болса, (ұстамаған күндерінің) санын басқа күндері толтырсын...) (Бақара: 185).

Үшіншіден: Жүкті немесе бала емізетін әйелдер;егер ораза ұстау оларға қиындық тудырса немесе өздеріне, я болмаса баласына зиян тигізсе, олар науқас адамның үкімінде болып, оларға ауыз ашуға рұқсат етіледі. Алайда, оларға басқа уақытта оразаның қазасын өтеу - уәжіп болады.

Төртіншіден: Етеккір келген әйел мен нифас (босанғаннан кейінгі қан) көріп жүрген әйел. Бұл екеуіне ауыз ашу міндетті. Олардың екеуінің де оразасы дұрыс саналмайды. Сондай-ақ, оларға басқа күндері оның қазасын өтеу міндет.

Екінші бөлім: оразаны бұзуға рұқсат етілгенімен, кейін қазасын емес, тек кәффарат төлеуі қажет болған адамдар, олар:

Біріншіден: жазылуы үміт етілмейтін науқас.

Екіншісі: ораза ұстауға шамасы келмейтін қарт кісі.

Бұлар ораза ұстамайды, сондай-ақ Рамазан айының әр күні үшін бір міскінді тамақтандырады. Қарт кісі есінен алжасу деңгейіне жетсе, одан шариғи міндеткерлік алынады. Сондықтан, ол ораза да ұстамайды, оған ешқандай жауапкершілік те жүктелмейді.

Қазаны өтеу уақыты және оны кешіктірудің үкімі:

Рамазан оразасының қазасын келесі Рамазанға дейін өтеу – уәжіп. Ал, ең дұрысы — қазаны тезірек өтеуге ұмтылу. Қазаны өтеуді келесі Рамазаннан кейінге қалдыруға болмайды. Айша (Алла оған разы болсын) былай деген:

«كَانَ يَكُونُ عَلَيَّ الصَّوْمُ مِنْ رَمَضَانَ، فَمَا أَسْتَطِيعُ أَنْ أَقْضِيَ إِلَّا فِي شَعْبَانَ لِمَكَانِ رَسُولِ اللهِ ﷺ».

«Менің мойнымда Рамазаннан қалған қаза оразам болатын. Алайда, Алла елшісіне ﷺ қызмет етуім себепті, оны тек Шағбан айында ғана өтей алатын едім»53.

Ал, кімде-кім қазасын өтеуді келесі Рамазаннан кейінге қалдырса, онда оның екі жағдайы болады:

1 - Егер аурудың келесі Рамазанға дейін созылуы секілді шариғи себеппен кейінге қалдырса, оған тек қазасын өтеу міндет.

2 - Оны шариғи себепсіз кешіктірген адам күнәһар болып, оған тәубе ету, қазасын өтеу және әрбір күн үшін бір мұқтаж адамды тамақтандыру міндеттеледі.

Қазасы бар адам үшін напіл ораза:

Кімнің Рамазаннан қалға қаза оразасы болса, нәпіл ораза ұстамас бұрын, алдымен соны өтегені абзал. Алайда, егер нәпіл ораза – Арапа және Ашура оразасы сияқты – уақыты өтіп кететін болса, оны қазадан бұрын ұстайды. Өйткені қазаның уақыты кең, ал Арапа мен Ашура оразасының уақыты өтіп кетеді. Алайда, Шәууал айының алты күндік оразасын қазасын өтеп болып ұстайды.

Ораза ұстау харам етілген жағдайлар саналады:

1 - Ораза айт және Құрбан айт күндері ораза ұстау; өйткені бұған тыйым салынған.

2- Зұл-хижжа айының Ташриқ күндерінде ораза ұстау. Бірақ, қажылықта һәди таба алмаған тәматтуғ және қарин қажылығын өтеушілер ораза ұстаса болады. Тәшриқ күндері – зұл-хижжа айының 11, 12 және 13-күндері.

3- Күмәнді болғандықтан Шәк күні. Ол – Шағбан айының отызыншы күні. Егер жаңа туған айды көруге кедергі болатын бұлтты немесе шаң-тозаңды түн болса.

Ораза ұстау мәкруһ жағдайлар:

а - Ражаб айын оразамен даралау. ә – Жұма күнін өзін ғана ораза ұстау. Бұған қатысты тыйым келген. Ал егер одан бір күн бұрын немесе кейін ораза тұтса, онда тыйым салынғандығы жойылады.

Сүннет оразалары:

а - Шәууал айының алты күні. ә - Зұл-хижжа айының алғашқы тоғыз күнінде, әсіресе, Арафа күні ораза ұстау. Алайда, қажылық өтеушіге бұл күні ораза ұстау сүннет емес. Бұл күннің оразасы екі жылдық күнәға кәффәрат болады. б - Әр айда үш күннен ораза ұстау, ең жақсысы: айдың ортасында, яғни он үшінші, он төртінші және он бесінші күндері ораза ұстау. в – Әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау. Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) сол күндері ораза ұстайтын. Өйткені пенделердің амалдары сол күндері көтеріледі.

Нәпіл ораза:

а - Дауд пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) оразасы: ол бір күн ораза ұстап, бір күн ауыз ашатын.

ә - Алланың мухаррам айында ораза тұту. Бұл – ораза тұтуға ең жақсы ай, ал оның ішіндегі ең бекітілгені – мухаррамның оныншы күні ұсталатын Ашура оразасы. Онымен бірге тоғызыншы күні де ораза тұтылады; Пайғамбардың ﷺ мына сөзі бойынша:

«لَئِنْ بَقِيتُ إِلَى قَابِلٍ لَأَصُومَنَّ التَّاسِعَ».

«Егер келесі жылға дейін тірі болсам, міндетті түрде тоғызыншы күні де ораза ұстаймын»54. Ол алдыңғы жылдың күнәларын кәффарат болады.

Бесінші тарау: Қажылық пен умра

Хаждың тілдік мағынасы – мақсат (қасд). Шариғатта: белгіленген уақытта арнайы құлшылық амалдарын орындау үшін Алланың қасиетті Үйіне және қасиетті жерлерге бару.

Ал Умра: тілдік мағынасы – зиярат.

Шарғи мағнасы: Қасиетті Үйді (Қағбаны) кез келген уақытта, арнайы рәсімдерді орындау үшін зиярат ету.

Қажылық – Исламның бес тірегінің бірі әрі оның ұлы негіздерінен. Ол һижраның тоғызыншы жылы парыз етілді. Пайғамбарымыз (ﷺ) бір-ақ рет қажылық жасады; ол – "Хажжатул-уадағ (қоштасу қажылығы)".

Шамасы келген кісіге қажылықты өмірінде бір рет орындау – парыз. Ал одан артық жасағаны — нәпіл саналады. Көптеген ғалымдардың пікірінше, Умра—уәжіп. Оған дәлел – Аллаһтың елшісінен ﷺ: «Әйелдерге жиһад бар ма?», – деп сұралғанда, ол:

«نَعَمْ، عَلَيْهِنَّ جِهَادٌ لَا قِتَالَ فِيهِ: الْحَجُّ وَالْعُمْرَةُ».

«Иә, оларға соғыссыз жиһад бар. Ол қажылық пен умра», —деп жауап берген55.

Қажылық пен умраның парыз болу шарттары:

1- Ислам

2 – Ақыл иесі болу

3 – Балағат жасқа жету

4 – Азаттық.

5 – Жағдайының болуы

Әйелге алтыншы шарт қосылады, ол – оны өтеу үшін еріп жүретін махрамының болуы. Өйткені әйелге қажылыққа да, басқа сапарларға да махрамсыз шығуға рұқсат етілмейді. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) мына сөзіне сәйкес:

«لَا تُسَافِرُ الْمَرْأَةُ إِلَّا مَعَ ذِي مَحْرَمٍ، وَلَا يَدْخُلُ عَلَيْهَا رَجُلٌ إِلَّا وَمَعَهَا مَحْرَمٌ».

«Әйелге махрамсыз сапарға шығуға болмайды, сондай-ақ оның жанында махрамы болмаса, бөтен ер кісіге оның қасына кіруіне де болмайды»56.

Әйелдің махрамы: оның күйеуі немесе оған үйленуі мәңгілікке тыйым салынған адам; Қандас туыстық бойынша: туған бауыры, әкесі, әкесінің бауыры, туған бауырының ұлы және анасының бауыры немесе рұқсат етілген себептер бойынша: мысалы, емшектес бауыры немесе анасының некелескен күйеуі (өгей әкесі) және оның туған баласы.

Жағдайы болу дегеніміз – материалдық және дене қауқары, яғни, көлікке мінуге шамасы жетуі, сапарға шыдауы, әрі барып-қайтуына жететіндей қаражатының болуы. Сондай-ақ, ол қайтып оралғанша бала-шағасына және напақасы мойнындағыларға жетерлік жағдайы жасалу қажет.

Әрі қажылыққа баратын жол өзіне және мал-мүлкіне қауіпсіз болуы тиіс.

Ал кімнің баруға малы жеткенімен, қатты кәрілік немесе жазылуынан үміт үзілген созылмалы дерт себепті дене қуаты жетпесе, оған өз орнына қажылық пен ұмра жасайтын адамды тағайындау міндеттеледі.

Қажылық пен умрада өкілдігі дұрыс болуы үшін екі шарт қойылады:

1 - Қажылық парызын өтеуші мұсылман, балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс болуы тиіс.

2 - Өзінің Исламдағы парыз қажылығын өтеген болуы.

Ихрам миқаттары:

Миқаттар: «миқат» сөзінің көпше түрі. Тілдік мағынасы — шек (шектеу, шекара). Ал шариғаттағы мағынасы — құлшылықтың орны немесе уақыты.

Қажылықтың уақыт және мекенге байланысты миқаттары бар:

а - Уақыттық миқаттар: Алла Тағала ол туралы былай деп атап өткен:

﴿ٱلۡحَجُّ أَشۡهُرٞ مَّعۡلُومَٰتٞۚ فَمَن فَرَضَ فِيهِنَّ ٱلۡحَجَّ...﴾

"Қажылық белгілі айлар. Кімде-кім ол айларда қажылықты орындауға міндеттенсе..." (Бақара: 197).

Бұл айлар: шәууал, зұл-қағда және зұл-хижжаның алғашқы он күні.

ә- Мекендік миқаттар: бұл — қажының Меккеге ихрамға кірмей өтуіне болмайтын шекаралар. Олар төмендегідей:

1- Зұл-Хуләйфа — мәдиналықтардың миқаты.

2 – Әл-Жухфа – Шам, Мысыр және Мағриб тұрғындарының миқаты.

3 - Қарн әл-Мәнәзил: қазір әс-Сәйл деп аталады; Нәжд халқының миқаты.

4- Зәту Ғирқ: Ирақ халқының миқаты.

5- Яламлам: Йемен халқының миқаты.

Кімнің тұратын жері осы миқаттар ішінде болса, ол қажылық пен умра үшін ихрамға тұратын жерінен кіреді. Ал Мекке тұрғындары ихрамға Меккеден кіреді. Оларға ихрамға кіру үшін миқатқа шығудың қажеті жоқ. Ал умраға келсек, олар «хил» аймағының ең жақын жеріне шығып, сол жерден ихрамға кіреді. Кімде-кім қажылық немесе умра жасауды ниет етсе, ол Пайғамбарымыз (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) белгілеген орындардан ихрамға кіруі міндетті. Бұл орындар – жоғарыда баяндалған миқат орындары. Қажылық немесе умраға ниет еткен адамға одан ихрамсыз өтуге болмайды.

- Кімде-кім аталған миқаттардың тұрғыны болмай, сол жерлерден өтетін болса, сол жерден ихрамға кіреді.

- Кімде-кім Меккеге бара жатқанда құрлық, теңіз немесе әуе жолымен аталған миқаттардың ешқайсысының жанынан өтпесе, ол өзіне ең жақын миқаттың тұсына келгенде ихрамға кіреді. Бұл – Омар ибн Хаттабтың (оған Алла разы болсын) мына сөзіне сай: «Өз жолдарыңнан соның қатарлас тұсын қараңдар»57.

- Қажылық немесе умра рәсімдерін орындау үшін ұшақпен сапарға шыққан кісіге, ұшағы өз жолындағы миқаттың тұсынан өткен кезде ихрамға кіруі міндетті. Ихрамды ұшақ әуежайға қонғанға дейін кешіктіруге болмайды.

Ихрам:

Ол – қажылық немесе умра құлшылығына кіру ниеті; Қажылықта ол – қажылыққа кіру ниеті болса, умрада – умраға кіру ниеті. Қажылық рәсімдеріне кіруді ниет етпейінше, ихрам хәліне кірген болып саналмайды. Ал ниет етпестен, жай ғана ихрам киімін кию – ихрам болып саналмайды.

Ихрамның мустахаптары:

1 – Ихрамға кірмей тұрып ғұсыл құйыну.

2 - Ер адамның ихрам киіміне емес, денесіне әтір себуі.

3 - Ихрамға ақ түсті изар, рида және сандал кию.

4 – Көлік үстінде отырып, Құбылаға қарап ихрамға кіру.

Қажылық түрлері:

Ихрамдағы адам қажылықтың үш түрінен қалағанын таңдай алады. Олар:

1- Тәмәттуғ; бұл – қажылық айларында умра үшін ихрамға кіріп, оны аяқтаған соң, сол жылы қажылыққа ихрамға кіру.

2- Ифрад; бұл – миқаттан тек қажылыққа ғана ихрамға кіру және қажылық амалдарын орындап болғанша ихрам хәлінде қалу.

3 – Қиран – миқаттан қажылық пен умраға бірге ниет етіп ихрамға кіру; немесе алдымен умраға ихрамға кіріп, тауафты бастамай тұрып қажылыққа да ниет етіп, кейін екеуіне арналған тауаф жасап, сағи орындау.

Тәматтуғ және қиран қажылығын орындаушыға, әл-Харам мешітінің тұрғыны болмаса, мал шалуы уәжіп.

Осы үш түрдің ең абзалы—тәмәттуғ; себебі Пайғамбар (саллаллаһу ‘аләйһи уа сәллам) сахабаларына соны бұйырған58. Одан кейін қиран; өйткені оған — қажылық пен умра кіреді, одан соң ифрад.

Осы қажылық түрлерінің біріне ихрамға кіргеннен кейін тәлбия айтып, былай дейді:

«لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ، لَبَّيْكَ لَا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ، إِنَّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ لَا شَرِيكَ لَكَ».

"Ләббәй-кә-Ллаһуммә, ләббәй-кә.

Ләббәй-кә лә шәрикә лә-кә ләббәй-кә. Иннәл-хамдә, уәнни’мәтә, лә-кә уәл-мулк. Лә шәрикә лә-кә/.

«Я, Аллаһым! Міне, мен Сенің алдыңдамын. Міне, мен Сенің алдыңдамын. Сенің ешбір серігің жоқ! Міне, мен Сенің алдыңдамын. Расында, бүкіл мадақ, нығмет және билік Өзіңдікі. Сенің серігің жоқ!»59.

Бұл – сүннет. Оны көп айту құпталады. Ер адам оны дауыстап айтса, әйелдер іштей (жай) айтады.

Уақыты: ихрамға кіргеннен кейін басталады. Тәлбияның соңғы уақыты келесідей:

Біріншіден: Умра жасаушы тауафты бастайын деп жатқанда тоқтатады.

Екіншіден: Қажылық жасаушы айт күні Жамра әл-Ақабаға тас атуды бастағанда, оны тоқтатады.

Ихрам (халінде) тыйым салынған нәрселер:

Бірінші тыйым: Шашты дененің кез келген жерінен қыру, қысқарту немесе жұлу.

Екінші тыйым: Себепсіз қол немесе аяқ тырнағын алу. Ал егер тырнағы сынып, оны алып тастаса, оған фидия төлеу міндет емес.

Үшінші тыйым: Ер адамның басына жабысып, оны жауып тұратын нәрсемен жабу. Мысалы: тақия және бас орамал.

Төртінші тыйым: Ер адамның денесіне немесе оның бір бөлігіне көйлек, сәлде немесе шалбар сияқты тігілген киім киюі; Тігілген киім дегеніміз — мәсі, қолғап және шұлық сияқты дене мүшесі лайықтап тігілген заттар. Әйел адам ихрам кезінде әуретін жабу үшін қалаған киімін кие алады. Бірақ ол ниқаб кимейді. Егер жанынан бөтен ер адамдар өтсе, бетін жаулығы немесе киімімен жабады. Сондай-ақ, ол қолына қолғап кимейді.

Бесінші тыйым: Әтір себуге тыйым салынады. Себебі ихрамдағы адамнан дүниенің сән-салтанаты мен ләззаттарынан алыстап, ақыретке бет бұру талап етіледі.

Алтыншы тыйым – аң өлтіру және аулау. Сол себепті ихрам халіндегі адам құрлық аңын ауламайды, оны аулауға көмектеспейді және оны бауыздамайды.

Ихрам халіндегі адамға өзі аулаған немесе ол үшін ауланған немесе аулауға көмектескен аңның етін жеу харам етіледі. Өйткені бұл ол үшін өлексе жеумен тең.

Ал теңіз аңына келер болсақ, оны ихрамдағы адамның аулауы харам етілмейді. Сондай-ақ, оған тауық пен үй малы сияқты қолдағы жануарларды бауыздау да харам етілмейді, өйткені олар аңшылық олжасы болып саналмайды.

Жетінші тыйым: Өзі үшін немесе өзге үшін неке қию, немесе оған куә болу.

Кімде-кім бірінші тахаллулден (жартылай ихрамнан шығу) бұрын жыныстық қатынасқа түссе, оның қажылығы бұзылады. Бірақ, ол сол бұзылған қажылығын жалғастырып, амалдарын толық аяқтауы тиіс. Сонымен қатар, келесі жылы оның қазасын өтеуі керек және оған бір түйе сою міндетті болады. Ал егер бірінші тахаллулдан кейін болса, (қажылық) құлшылығы бұзылмай, оған тек қан шығару (бір қой сою) міндет болады.

Бұл мәселеде әйелдің үкімі, егер өзі келісім білдірген болса, ер адаммен бірдей болады.

Тоғызыншы тыйым: Ихрамдағы адамға әйелмен шаһуат қоздыратын әрекеттерге тыйым салынады. Себебі бұл – тыйым салынған жыныстық қатынасқа апаратын жол. Мұндағы жақындасу деп, әйелге шәһуәтпен қол тигізу меңзеледі.

Умра:

а - Умраның рүкіндері:

1- Ихрам.

2 - Тауаф.

3 – Сағи жасау.

ә - Умра уәжіптері:

1- Белгіленген миқаттан ихрамға кіру.

2- Шашты қыру немесе қысқарту.

б - Умра сипаттамасы:

Умра жасаушының ең алғашқы амалы – жеті шауыт тауаф жасау, ол Қара тастан басталып, сонымен аяқталады. Тауаф кезінде дәретті болып, кіндіктен тізеге дейінгі әурет жері жабық болуы тиіс. Тауафтың барлық айналымында "идтибағ" жасау – сүннет. Ол – оң иықты ашып, риданы оның астынан өткізіп, риданың екі ұшын сол иыққа тастау. Жетінші айналымды аяқтағаннан кейін, "идтибағтан" шығып, ридасымен екі иығын жабады.

Қара тасқа бет бұрып, егер оны сүюге мүмкіндігі болса, сүйеді. Әйтпесе, мүмкіндігінше оны оң қолымен ұстап қолын сүйеді. Егер қара тасты ұстау мүмкін болмаса, оң қолын көтеріп, оған ишарат етеді де бір рет: «Аллаһу әкбар»,- деп, қолын сүймейді және тоқтамайды. Сосын Қағбаны сол жағына алып, тауафын жалғастырады. Сүннет бойынша алғашқы үш айналымда "рамл" жасалады. "Рамл" дегеніміз: қадамдарды жақындатып шапшаң жүру.

Йемен бұрышына – яғни Қағбаның төртінші бұрышына – жеткенде, егер мүмкіндігі болса, оны тәкбір айтпай және сүймей оң қолымен сипайды. Ал егер оны сипауға мүмкіндік болмаса, ол ары қарай жүре береді, оған ишара да жасамайды, тәкбір де айтпайды. Йемен бұрышы мен қара тас арасында былай дейді:

﴿...رَبَّنَآ ءَاتِنَا فِي ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٗ وَفِي ٱلۡأٓخِرَةِ حَسَنَةٗ وَقِنَا عَذَابَ ٱلنَّارِ﴾

(Роббана әтина фиддуния хасана уә фил ахироти хасана уә қина азаабәннәәр/. (Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ахиретте де жақсылық бер және бізді От азабынан сақта) (Бақара: 201).

Тауафты аяқтағаннан кейін, мүмкін болса, Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) мақамының артында екі ракағат намаз оқиды. Ал егер мүмкін болмаса, онда әл-Харам мешітінің кез келген жерінде оқыса болады. Бірінші ракағатта Фатихадан кейін Кәфирун сүресін оқу сүннет, ал екінші ракағатта Фатихадан кейін Ықылас сүресін оқиды. Содан кейін мәсъаға (сағи жасалатын жерге) бет алып, Сафа мен Мәруа арасында жеті айналым жүреді: Сафаға баруы—бір айналым, Мәруаға қайтуы—бір айналым болып есептеледі.

Сағиды Сафадан бастайды: оған көтеріледі немесе жанынан бастаса да болады. Егер мүмкіндік болса, абзалы— Сафаға көтерілу. Сол кезде Алла Тағаланың мына аятын оқиды:

﴿‌إِنَّ ٱلصَّفَا وَٱلۡمَرۡوَةَ مِن شَعَآئِرِ ٱللَّهِ...﴾

"Неrізінде Сафа мен, Мәруа Алланың белrілерінен..." (Бақара: 158).

Құбылаға қарап, Аллаға мадақ айтып, тәкбір айтып, былай деу — мустахаб:

«لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ، لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، يُحْيِي وَيُمِيتُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ، أَنْجَزَ وَعْدَهُ، وَنَصَرَ عَبْدَهُ، وَهَزَمَ الْأَحْزَابَ وَحْدَهُ».

"Лә иләһә илләллаһу, уаллаһу әкбар. Лә иләһә илләллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, юухйи уә юумит, уә һуа ‘алә кулли шәи’ин қадир. Лә иләһә илләллаһу уахдәһ, әнжәза уә‘дәһ, уә насара ‘абдәһ, уә һазамәл-әхзаба уахдәһ". «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық тәңір жоқ және Аллаһ Ұлы. Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық тәңір жоқ, Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік те, мадақ та Оған тән. Ол тірілтеді әрі өлтіреді. Ол барлық нәрсеге Құдіретті. Алладан басқа құлшылыққа лайық тәңір жоқ, Ол Жалғыз. Ол уәдесін орындады, құлына жеңіс берді және дұшпан топтарды жалғыз өзі жеңді»60. Сосын қолын көтеріп, мүмкіндігінше дұғаларын жасап, осы зікір мен дұғаны үш рет қайталайды. Сосын Мәруаға қарай жүреді де, бірінші (жасыл) белгінің тұсына жеткенде, ер адам екінші белгіге дейін жүрісін тездетеді. Ал әйел адам екі жасыл белгі арасында жылдам жүру міндетті емес, себебі ол – әурет. Оған бұйырылғаны – сағиды толығымен жай жүріп өту. Сосын жаяу жүріп Мәруа төбесіне көтеріледі немесе оның жанында тоқтайды. Егер мүмкіндігі болса, оған көтерілгені абзал. Мәруа төбесінде де Сафада айтқан сөздері мен істеген амалдарын қайталап, тек жоғарыдағы аятты оқымайды:

﴿‌إِنَّ ٱلصَّفَا وَٱلۡمَرۡوَةَ مِن شَعَآئِرِ ٱللَّهِ...﴾

"Неrізінде Сафа және Мәруа Алланың белrілерінен..." Өйткені бұл аятты оқу тек алғашқы айналымда, Сафаға көтерілген кезде ғана сүннет болады. Сосын төмен түсіп, жәй жүретін жерінде жәй жүреді де, тездететін жерінде жүрісін тездетіп, Сафаға жетеді. Бұл амалды жеті рет жасайды: баруы бір айналым, қайтуы бір айналым болып есептеледі. Сағи кезінде жеңіл болған зікір-дұғаны көп айтқаны дұрыс. Үлкен және кіші дәретсіздіктен таза болуы тиіс, алайда сағиды дәретсіз жасаса, ол жарамды саналады. Сол сияқты, егер әйел тауафтан кейін хайыз (етеккір) немесе нифас көрсе, сағи жасай береді және бұл амалы дұрыс болып есептеледі. Өйткені, сағи үшін дәрет шарт емес, тек мустахап саналады.

Сағиды аяқтаған соң, шашын қырады немесе қысқартады. Ер кісі үшін шашын қырып алу – абзал.

Осылайша умра рәсімдерін тәмамдаған болады.

Қажылық:

а - Қажылықтың рүкіндері:

1- Ихрам.

2- Арафада тұру.

3 - Ифада тауафы.

4 – Сағи жасау

ә - Қажылықтың уәжіптері:

1 - Миқаттан ихрамға кіру.

2 – Зул-хижжаның тоғызыншы күні Арафада күні бойы кешке дейін тұру.

3 - Зул-хижжаның оныншы түні Муздалифада түн ортасына дейін түнеу.

4 - Тәшриқ түндерінде Минада түнеу.

5 - Жамараттарға тас лақтыру.

6 - Шашты қыру немесе қысқарту.

7- Қоштасу тауафы.

б - Қажылықтың орындалу тәртібі (сипаттамасы):

Уақыт тығыз болып, кешігіп келген жағдайда мұсылман адам миқатқа жеткенде қажылыққа "муфрид" ретінде тәлбия айтады. Меккеге келген соң тауаф пен сағи орындап, тоғызыншы күні, яғни Арафа күні Арафаға бет алғанға дейін ихрам күйінде қала беріп, күн батқанға дейін сол жерде болады.

Содан кейін ол жерден тәлбия айтып Мұздалифаға жол тартады, онда таң намазын оқып, сосын таң бозарғанға дейін сол жерде қалып, Алланы зікір етеді, тәлбия айтады және дұға жасайды.

Таң бозарып, анық білінген кезде күн шықпай тұрып, Минаға қарай жүреді де жамарат әл-Ақабаға жеті тас лақтырады. Содан кейін шашын қырады немесе қысқартады. Абзалы - қыру.

Содан кейін ол ифада тауафын жасайды, оған алғашқы сағиы жеткілікті. Осылайша оның қажылығы аяқталып, ихрамнан бүтіндей шыққан болады.

Тез қайтуды қалаған адамға он бірінші және он екінші күндері жамараттарға тас лақтыру міндеті қалады. Ол үш жамаратқа тас лақтырады: ең алдымен әл-Хайф мешіті жағындағы кіші жамаратқа, содан кейін ортаңғысына, сосын соңғысы – Ақаба жамаратына. Әр жамаратқа жеті тастан лақтырып, әр тасты лақтырғанда тәкбір айтады. Ал егер он екінші күннен кейін тағы қалуды қаласа, он үшінші күні де он екінші және он бірінші күндердегідей тас лақтырады.

Тас лақтыру уақыты: үш күнде де күн тас төбеден ауғаннан кейін.

Ал егер зұл-хижжаның он екінші күні күн батпай тұрып кетсе, оның айыбы жоқ. Ал егер қалып, зұл-хижжаның он үшінші күні түс ауғаннан кейін тас лақтырса, бұл – абзал. Өйткені Алла Тағала былай деген:

﴿‌...فَمَن تَعَجَّلَ فِي يَوۡمَيۡنِ فَلَآ إِثۡمَ عَلَيۡهِ وَمَن تَأَخَّرَ فَلَآ إِثۡمَ عَلَيۡهِۖ لِمَنِ ٱتَّقَىٰ...﴾

"...кім асықса (Минадағы құлшылықтарды) екі күн ішінде аяқтауында оған ешбір күнә жоқ. Ал кім (үшінші күнге) қалса, оған да күнә жоқ..."

(Бақара: 203).

Ал егер сапарға шығуды (еліне қайтуды) ниет етсе, сағи жасамастан жеті айналым қоштасу тауафын жасайды.

Егер қажы өзімен бірге һәди (құрбандық малын) алып жүрмесе, ол үшін ең абзалы: тәмәттуғ ретінде умраға ихрамға кіру, сосын сегізінші күні қажылыққа тәлбия айту және жоғарыда айтылған қажылық амалдарын орындау. Ал егер қажылық пен умраға бірге ихрамға кірсе, оның да еш әбестігі жоқ. Бұл қажылық «қиран» деп аталады. Мәнісі: умра мен қажылыққа бірге ихрамға кіріп, бір тауаф және бір сағи жасау.

 

 


Үшінші бөлім:

Қарым-қатынастар мен іскерлікке қатысты нәрселер.

Ғалымдар (Алла Тағала оларға рақым етсін) үйренуі парыз айн болған ілімді баяндаған. Сондай-ақ, олар әрбір мұсылманға үйренуі парыз айн болған білімнің мөлшері жайында да айтып кеткен. Сол қарым-қатынастар қатарында: саудамен айналысатын адамның сауда-саттық үкімдерін үйренуі. Мақсат: оның харамға немесе өсімқорлыққа білмей ұрынып қалмауы. Кейбір сахабалардан да (оларға Алла разы болсын) осыны растайтын дерек келтірілген.

Омар ибн Хаттаб (оған Алла разы болсын) бұл турасында былай деді: «Біздің базарымызда дін ілімін меңгерген адамнан басқа ешкім сауда жасамасын»61.

Осыған байланысты Али ибн Әбу Талиб (Алла оған разы болсын) айтты: «Фиқһты білмей сауда жасаған адам өсімге ұрынады (батады), сосын тағы ұрынады, сосын тағы да ұрынады. Яғни: өсімге түсіп қалады»62.

Ибн Абидин әл-Аламиден келтіріп былай дейді: "Дін ілімі мен тура жол ілімін үйренгеннен кейін, әрбір мүкәллаф ер мен әйелге дәрет, ғұсыл, намаз және ораза ілімдерін үйрену парыз етілген. Сондай-ақ, нисабы барларға – зекет ілімін, өзіне парыз болғандарға – қажылық ілімін, ал саудагерлерге барлық істерінде күмәнді және мәкрүһ нәрселерден сақтанулары үшін сауда-саттық ілімін үйрену міндеттеледі. Сол сияқты, кәсіп иелеріне және қандай да бір іспен айналысатын әрбір адамға да ондағы харамнан сақтануы үшін, сол істің ілімі мен үкімін білу парыз етіледі"63.

Сондай-ақ, ән-Нәуәуи (Алла Тағала оны рақым етсін) былай деген: Ал, сауда-саттық, некелесу және осыларға ұқсас негізінде міндетті болмаған істердің шартын білмейінше, оларға кірісуге тыйым салынады64.

 

Міне, бұл — Ислам шариғатындағы сауда-саттық қарым-қатынастарына қатысты кейбір қағидалар:

1- Бүтіндей немесе басым пайдасы бар кез келген нәрсеге, мысалы, мубах заттарды сату мен сатып алу, жалға беру және шуфъадағы негізінде рұқсат65.

2 – Адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және сақтауға кепіл болатын кепіл және куәландыру сияқты барлық нәрселердің заңдастырылғандығы.

3 – Келісім жасасушы тараптардың мүддесіне пайдалы барлық нәрселер шариғатта заңды болып саналады. Мысалы, келісімді бұзу құқығы, таңдау құқығы және сату-сатып алу кезіндегі шарттар.

4 – Адамдарға зұлымдық жасайтын және олардың мал-мүлкін әділетсіз жолмен иеленуге әкелетін барлық нәрселерге шариғатта тыйым салынған. Мысалы, өсімқорлық, күшпен тартып алу және шариғаттағы тыйым салынған монополия.

5 – Жақсылықта өзара көмекке негізделген барлық нәрселер шариғатта заңды болып саналады. Мысалы, қарыз беру, уақытша пайдалануға беру және аманатқа қалдыру.

6 – Ешбір еңбек сіңірмей, пайдасыз әрі маңдай терсіз ақша табуға тыйым салынады. Мұндай істерге құмар ойындар мен өсімқорлық жатады.

7 - Белгісіздік пен анықсыздық басым болатын мәмілелерге, мысалы, адамның иелігінде жоқ нәрсені сатуына және белгісіз затты сатуына тыйым салынады.

8 - «Бәйъ әл-ʿина» (өсімі бар сауда) секілді, харамға апаратын кез келген айла-шарғыға (қулық, қаралыққа) тыйым салынады.66.

9- Жұманың екінші азанынан кейінгі сауда-саттық сияқты Аллаға бойұсынудан алаңдататын нәрселерге тыйым салу.

10- Мұсылмандар арасында зиянға немесе дұшпандыққа себеп болатын барлық нәрсеге тыйым салынады. Мысалы, харам етілген заттарды сату және кісінің өз бауырының саудасын бұзуы.

Мұсылманға қандай да бір мәселенің үкімі күмән тудырса, ол сол жайлы ғалымдардан сұрайды. Оған қатысты шариғи үкімді білмейінше ол іске кіріспейді. Алла Тағала:

﴿‌...فَاسْأَلُوا ‌أَهْلَ ‌الذِّكْرِ إِنْ كُنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ﴾

"...Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар",—деп айтқандай. (Нәхл: 43).

 

Міне, (жоғарыдағы айтылған тақырыптардың) мүмкіндігінше жиналғаны – осы. Аллаһтан бізге пайдалы ілім мен салиқалы амал нәсіп етуін тілейміз. Расында, Ол аса Жомарт әрі ерекше Мейірімді. Пайғамбарымыз Мухаммадқа әрі оның отбасы мен сахабаларына Алланың салауаты мен мол сәлемі болсын. (Б.Ж.).

 

 

 

***

الفهرس

 

Кіріспе 2

Бірінші бөлім: 3

Ақидаға қатысты мәселелер 3

Бірінші тарау: Исламның мағынасы және рүкіндері: 3

Таухидтің маңыздылығы: 3

«Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ» екендігіне куәлік етудің мағынасы: 5

Ал, мына нәрселер "Лә иләһә иллә Аллаһ" (құлшылыққа лайық Алладан басқа ешбір құдай жоқ) сөзінің шарттары болып табылады: 6

Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік етудің мағынасы: 8

Екінші тарау: Иманның мағынасы мен рүкіндері. 9

1) Алла Тағалаға иман келтіру үш мәселені қамтиды: 11

1- Оның раббылығына иман келтіру: 11

2- Оның улуһиясына (құлшылыққа лайық екеніне) иман келтіру: 13

3- Алланың есімдері мен сипаттарына иман: 16

2) Періштелерге иман келтіру: 24

3) Кітаптарға иман келтіру: 25

4) Елшілерге (оларға Алланың сәлемі болсын) иман келтіру: 26

5) Ақырет күніне иман келтіру: 27

а - Қайта тірілуге иман келтіру: 28

ә - Есеп алу мен қайтарым жазаға иман келтіру: 28

б - Жәннәт пен Тозаққа иман келтіру: 29

6) Тағдырға – оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіру: 29

Үшінші тарау: Ихсан 31

Төртінші тарау: Әһлус-сүннет уәл-жамағат негіздеріне қысқаша шолу: 32

Екінші бөлім: құлшылық түрлеріне байланысты (мәселелер) 33

Бірінші тарау: Таһарат: 33

Біріншіден: Су түрлері: 34

Екіншіден: Нәжіс: 34

Үшіншіден: Дәретсіз кісіге жасауға тыйым салынған амалдар: 37

Төртіншіден: әжетхана (дәрет сындыру) әдебі: 39

Бесіншіден: (Әурет жерлерін) Сумен немесе одан басқа нәрселермен (сусыз) тазартудың үкімдері: 40

Алтыншыдан: Дәреттің үкімдері: 41

Жетіншіден: Мәсі мен шұлыққа мәсіх тартудың үкімдері: 43

Сегізіншіден: Таяммумға қатысты үкімдер: 46

Тоғызыншы: Хайыз (етеккір) бен нифас үкімдері: 48

Екінші бөлім: Намаз 50

Біріншіден: Азан мен қаматтың үкімдері: 50

Екіншіден: Намаздың мәртебесі және артықшылығы: 54

Үшіншіден: Намаздың шарттары: 57

Төртіншіден: Намаздың рүкіндері 59

Бесіншіден: Намаздың уәжіптері: 64

Алтыншыдан: Намаздың сүннеттері: 66

Жетіншіден: Намаздың орындалу сипаты: 69

Сегізіншіден: намаздағы мәкрүһтер (жағымсыз амалдар): 75

Тоғызыншыдан: Намазды бұзатын нәрселер: 76

Оныншы: Сәһу сәжде: 77

Он бірінші: Намаз оқуға тыйым салынған уақыттар: 79

Он екінші: жамағат намазы: 80

Он үшінші: Қауіп намазы: 83

Қауіп намазының сипаты: 83

Он төртінші: Жұма намазы: 84

Бесіншіден: Жұма күнінің мустахабтары: 87

Жұма намазына үлгеру: 88

Он бесінші: Үзір иелерінің намазы: 88

Он алтыншы: Екі айт намазы: 92

Он жетінші: Кусуф намазы: 94

Он сегізінші: Истисқа намазы. 96

Он тоғызыншы: Жаназа үкімдері 98

Үшінші бөлім: Зекет: 102

1- Зекеттің анықтамасы және оның (шариғаттағы) орны: 102

Екіншіден: Зекеттің парыз болу шарттары: 103

3- Зекет берілетін мал-мүліктер: 104

Төртінші бөлім: Ораза: 116

Рамазан айында ораза ұстаудың парыз болуының шарттары: 117

Бесінші тарау: Қажылық пен умра 125

Қажылық пен умраның парыз болу шарттары: 126

Ихрам миқаттары: 128

Ихрам: 130

Умра: 134

Қажылық: 139

Үшінші бөлім: 142

Қарым-қатынастар мен іскерлікке қатысты нәрселер. 142

 

 

***

 

kk227v3.0 - 14/05/2026


Имам Ахмад, «Муснад» (№ 6072), Тирмизи (№1535), «хасан хадис».

Әл-Бухари, «әл-Әдәб әл-Муфрад» (№716), Ахмад, «Муснад» (№19606) және әд-Дия әл-Мақдиси — «әл-Ахадис әл-Мухтара» (1/150). Әл-Албани оны «Сахих әл-Жамиъ ас-Сағир» кітабында (№3731) сахих деп бағалаған.

Муслим (№121), Имам Ахмад, «Муснад» (10434).

(Мәзи): Бұл – ерлі-зайыптылар арасындағы құштарлық, жыныстық қатынасты еске алу немесе оны қалау, құмарлықпен (шаһуатпен) қарау сияқты жағдайларда шығатын түссіз, сұйық су. Ол тамшылап шығады. Сондықтан, адам кейде оның шыққанын сезбей қалады. (Уәди): Бұл – кіші дәреттен кейін немесе ауыр нәрсе көтергенде шығатын қою ақ су.

Муслим риуаят еткен (224).

Имам Мәлік «әл-Муатта» (680, 219), әд-Дарими (312), Абдурраззақ «Мусаннаф» (1328) риуаят еткен және Әл‑Албани «Ируа әл-Ғалил» кітабында (122) оны сенімді деп бағалаған.

Ән-Насаи (12808), Имам Ахмад (15423) келтіріп, әл-Албани «Ируа әл-Ғалил» (121) кітабында оны сенімді деп бағалаған.

Ибн Мажаһ (594), Ибн Хиббан (799) р. е. Әл-Албани оны «Даиф Сунан әт-Тирмизи» (146) еңбегінде "әлсіз" деп бағалаған.

Әл-Бухари (№142) және Муслим (№122).

Әл-Бухари (7288), Муслим (6066).

Ардақты шейх Абдул-Азиз ибн Баз (Алла оны рақымына алсын) өзінің пәтуалар жинағында (29/141) былай деген: «әл-Бәйһақи Жәбирден сенімді тізбекпен жеткізіп, «...Өзің уәде еткен...» деген сөзден кейін «Шын мәнінде, сен уәдеңді бұзбайсың», - дегенді қосқан».

Әт-Тирмизи риуаят еткен (2635).

Муслим (82).

Әт-Тирмизи (265) риуаят етіп, оны «жақсы, сенімді, ғариб (сәнәдында бір ғана рауидан жеткен риуаят...) хадис» деп бағалаған. Әл-Әлбани «Сахих әт-Тарғиб уә әт-Тарһиб» кітабында оны сенімді деген.

Әл-Бұхари (1117).

Әл-Бухари (№6251) және Муслим (№884).

Әл-Бухари (№756), Муслим (№872).

Әл-Бухари (№793), Муслим (№398).

Әл-Бухари (№812), Муслим (№490).

Муслим (№498).

Әл-Бухари (724), Муслим (398).

Әл-Бухари (797) және Муслим (402).

Әт-Тирмизи риуаят еткен (839).

Әл-Бухари (6008).

Әл-Бухари (1110).

Әл-Бухари (835).

Әл-Бухари (743), Муслим (399).

Әт-Тирмизи (266).

Муслим, хадис (№588).

Бұл хадисті: Әбу Дәуд (5168) риуаят еткен.

Әт-Тирмизи риуаят еткен (284).

Муслим келтірген (1484).

Әл-Бухари (609) және Муслим (602).

Әл-Бухари (№4130), Муслим (№842).

Муслим (№ 865).

әл-Бухари (934) және Муслим (851).

Әл-Бухари (1081), Муслим (693).

Әл-Бухари (1012), Муслим (894).

Әбу Дәуд (3201) және Тирмизи «Хасан сахих» (1024) деп риуаят еткен.

Муслим (№962).

Әл-Бұхари (№8), Муслим (№111).

Бұл хадисті: Ибн Мажиһ (№ 1792), Тирмизи (№); (№631) риуаят еткен.

Әл-Бухари (1402) және Муслим (2287).

Әл-Бухари (№1432), Муслим (№984).

Әбу Дәуд (1609) және Ибн Мәжаһ (1827). Әл-Әлбани «Сахих Әбу Дәуд» (1609) кітабында бұл хадистің "сахих" екенін растады.

Әл-Бухари (1), Муслим (1907).

Әл-Бухари (№1810) және Муслим (№1086).

Әл-Бұхари (№1909).

Ахмад (№26457), Әбу Дәуд (№2454), ән-Нәсәи (№2331, хадистің мәтіні соныкі).

Әл-Бухари (№6669), Муслим (№2709).

Әбу Дәуд (2380), Тирмизи (719) және Ибн Мәжаһ (676).

Әл-Бухари (№ 1849) және Муслим (№ 1846).

Муслим (№1134).

Имам Ахмад (25198), ән-Нәсәи (2627), Ибн Мәжаһ (2901).

Әл-Бухари (1862) Муслим (1341).

Әл-Бухари (1531).

Муслим (№1211).

Әл-Бухари (1549).

Муслим келтірген (1218).

Әт-Тирмизи (487) келтіріп, «хасан ғариб» десе, әл-Әлбани оны "хасан" деп бағалаған.

Қ.: «Муғни әл-Мухтаж» (2/22).

Хашия Ибн Абидин (1/42).

Қ.: "Әл-Мәжмуғ" (1/50).

Шуфъа (бірінші болып алу құқығы): бұл — серіктесінің үлесін басқа адамға сатылғаннан кейін оны өзіне қайтарып, ақшамен сатып алу құқығы.

«Бәйъ әл-ʿина» (айнә саудасы): Бұл — адамның бір затты басқа біреуге мерзімі кейінге қалдырылған бағамен сатып, оны оған тапсырып береді, ал кейін ақысын алмай тұрып, сол затты бұрынғы бағадан арзанға қолма-қол ақшаға қайта сатып алуы.

Әл-Бұхари риуаят еткен (8).