PHPWord

 

 

 

رِسَالَتَانِ مُوجَزَتَانِ فِي الزَّكَاةِ وَالصِّيَامِ

 

 

Зекет пен ораза туралы қысқаша екі ғылыми мақала

 

 

سَمَاحَةُ الشَّيْخِ

عَبْدِ الْعَزِيزِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ بَازٍ

رَحِمَهُ اللَّهُ

 

Құрметті шейх

Абдул-Азиз ибн Абдуллаһ ибн Баз

Алла оны рақымына алғай

 

بِسْمِ اللهِ الرَّحمَنِ الرَّحِيمِ

Зекет пен ораза туралы қысқаша екі ғылыми мақала

 

Бірінші мақала

Зекетке қатысты маңызды ғылыми зерттеулер

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.

Барлық мадақ тек Аллаға тән. Алланың салауаты мен сәлемі өзінен кейін пайғамбар болмайтын (Мухаммедке), оның отбасы мен сахабаларына болсын! Содан кейін:

Бұл сөзді жазуға түрткі болған себеп – маңыздылығы аса зор бола тұра, әрі онсыз Ислам діні толық кемеліне келмейтін Исламның бес тірегінің бірі болып саналғанымен, көптеген мұсылмандар немқұрайлы қарап, оны шариғатқа сай түрде өтемей жүрген зекет парызы жайлы насихат айту және ескерту жасау. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ :

«بُنِيَ الإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللهِ، وَإِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَصَوْمِ رَمَضَانَ، وَحَجِّ البَيْتِ».

«Ислам бес (тірекке) құрылған: Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, рамазан айында ораза тұту және қажылық өтеу»,—деген1. Хадистың дұрыстығы бірауыздан келісілген.

Мұсылмандарға зекеттің парыз етілуі – Ислам дінінің ең айқын ізгіліктерінің бірі әрі осы мұсылмандардың хал-ахуалына жасалған үлкен қамқорлығы болып табылады. Өйткені оның пайдасы сан қырлы, ал кедей мұсылмандар болса оған аса зәру.

Оның бір пайдасы бірі – бай мен кедей арасындағы сүйіспеншілік байланысын нығайту. Өйткені адамдар өздеріне жақсылық жасағанды жақсы көруге бейім етіп жаратылған.

Тағы бірі – нәпсіні тазартып, оны сараңдық пен қызғаншақтықтан алыстату. Құран Кәрімде бұл мағынаға қатысты Алла Тағала былай деп ишара еткен:

﴿خُذۡ مِنۡ أَمۡوَٰلِهِمۡ صَدَقَةٗ تُطَهِّرُهُمۡ وَتُزَكِّيهِم بِهَا...﴾

"(Ей, Мұхаммед!) Олардың дүниелерінен өздерін тазартатын, (сауаптарын) арттыратын садақа ал". (Тәубе: 103).

Сондай-ақ (бір пайдасы) — мұсылманды жомарттыққа, кеңпейілділікке және мұқтаж адамға мейіріммен қарауға үйрету.

Оның тағы бірі — Алладан береке, молшылық пен артылуды келтіру, өйткені Алла Тағала:

﴿...وَمَآ أَنفَقۡتُم مِّن شَيۡءٖ فَهُوَ يُخۡلِفُهُۥۖ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلرَّٰزِقِينَ﴾

"...Тиісті орынға не жұмсасаңдар да, Алла, тағы есесін береді. Ол—ризық берушілердің ең жақсысы",—деген. (Сәба: 39). Пайғамбардың ﷺ сахих хадисте жеткізген сөзі: «Аллаһ Тағала:

«يَا ابْنَ آدَمَ أَنْفِقْ نُنْفِقْ عَلَيْكَ...».

«Ей, Адам баласы! Жұмса (садақа бер), сонда Біз де саған жұмсаймыз (береміз)…», - деген2. Бұдан өзге де көптеген пайдаларыбар.

Сондай-ақ, оған сараңдық қылған немесе оны беруде кемшілік жібергендерге қатысты ауыр жаза айтылған. Алла Тағала былай деді:

﴿...وَٱلَّذِينَ يَكۡنِزُونَ ٱلذَّهَبَ وَٱلۡفِضَّةَ وَلَا يُنفِقُونَهَا فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ فَبَشِّرۡهُم بِعَذَابٍ أَلِيمٖ 34 يَوۡمَ يُحۡمَىٰ عَلَيۡهَا فِي نَارِ جَهَنَّمَ فَتُكۡوَىٰ بِهَا جِبَاهُهُمۡ وَجُنُوبُهُمۡ وَظُهُورُهُمۡۖ هَٰذَا مَا كَنَزۡتُمۡ لِأَنفُسِكُمۡ فَذُوقُواْ مَا كُنتُمۡ تَكۡنِزُونَ35﴾

"...сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле!" (34)

Қиямет күні олар тозақ отында қыздырылып, онымен олардың маңдайы, қабырғасы мен арқасы таңбаланып: «Мынау өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жинағандарыңның дәмін татыңдар» (делінеді)". (Тәубе: 34-35). Зекеті өтелмеген әрбір мал-дүние Қиямет күні иесі сол үшін азапталатын қазынаға айналады. Бұған Пайғамбардың ﷺ сахих хадисі дәлел. Сол хадистердің бірінде ол былай дейді:

«مَا مِنْ صَاحِبِ ذَهَبٍ وَلَا فِضَّةٍ لَا يُؤَدِّي حَقَّهَا إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمُ القِيَامَةِ صُفِّحَتْ لَهُ صَفَائِحُ مِنْ نَارٍ؛ فَأُحْمِيَ عَلَيْهَا فِي نَارِ جَهَنَّمَ، فَيُكْوَى بِهَا جَنْبُهُ وَجَبِينُهُ وَظَهْرُهُ كُلَّمَا بَرَدَتْ أُعِيدَتْ لَهُ فِي يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ حَتَّى يُقْضَى بَيْنَ العِبَادِ، فَيُرَى سَبِيلَهُ: إِمَّا إِلَى الجَنَّةِ، وَإِمَّا إِلَى النَّارِ».

«Алтын мен күміске ие болып, оның ақысын өтемеген адам үшін Қиямет күні оттан (темір) табақтар дайындалады. Олар Тозақ отында қыздырылып, сонымен оның бүйірі, маңдайы мен арқасы күйдіріліп басылады. Ал қашан суығанда қайтадан қыздырылып, бұл азап мөлшері елу мың жылға тең бір күнде, адамдардың арасында үкім берілгенге дейін жалғасады. Содан кейін оған жәннатқа, не тозаққа (апаратын) жолы көрсетіледі»3.

Содан соң Пайғамбар ﷺ зекетін бермейтін түйе, сиыр және қой иесінің Ақырет күні сол малдары с азапталатынын хабарлады.

Алла елшісінен ﷺ сахих хадисте былай дегені жеткен:

«مَنْ آتَاهُ اللهُ مَالًا فَلَمْ يُؤَدِّ زَكَاتَهُ مُثِّلَ لَهُ شُجَاعًا أَقْرَعَ لَهُ زَبِيبَتَانِ يُطَوِّقُهُ يَوْمَ القِيَامَةِ، ثُمَّ يَأْخُذُ بِلَهْزِمَتَيْهِ (يَعْنِي شِدْقَيْهِ)، ثُمَّ يَقُولُ: أَنَا مَالُكَ، أَنَا كَنْزُكَ»، ثُمَّ تَلَا النَّبِيُّ ﷺ قَوْلَهُ تَعَالَى: ﴿وَلَا يَحۡسَبَنَّ ٱلَّذِينَ يَبۡخَلُونَ بِمَآ ءَاتَىٰهُمُ ٱللَّهُ مِن فَضۡلِهِۦ هُوَ خَيۡرٗا لَّهُمۖ بَلۡ هُوَ شَرّٞ لَّهُمۡۖ سَيُطَوَّقُونَ مَا بَخِلُواْ بِهِۦ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ...

«Кімге Алла мал-дүние беріп, ол оның зекетін өтемесе, Қиямет күні оның малы екі көзінің үстінде екі қара дағы бар алабас улы жылан бейнесінде келіп, мойнына оралады. Сосын оның екі ұртынан ұстап: „Мен сенің малыңмын, мен сенің қазынаңмын“, – дейді». Осыдан кейін Пайғамбар ﷺ Алла Тағаланың мына аятын оқыды: "Алланың Өз кеңшілігінен бергеніне сараңдық ететіндер, оны өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Керісінше, бұл оларға жамандық. Қайта тірілу күні олар сараңдық етіп, бермеген нәрселерімен оратылады...". (Әлі Ғимран: 180)4.

Зекет мүліктің төрт түріне парыз етілген: жерден шығатын егін мен жемістер, жайылымдағы мал, алтын-күміс және сауда тауарлары.

Осы төрт түрдің әрқайсысы үшін белгіленген нисаб (мөлшер) бар. Одан аз болса (мөлшерге жетпесе) зекет парыз емес. Астық пен жемістің нисабы: бес аусуқ. Бір уасақ – Пайғамбар (ﷺ) сағымен алпыс сағ. Құрма, мейіз, бидай, күріш, арпа және сол сияқты нәрселердің нисаб мөлшері – Пайғамбар (ﷺ) сағымен үш жүз сағ. Бұл (бір сағ) – орта денелі ер адамның толтырылған екі қолымен төрт уысқа тең.

Егер құрма ағаштары мен егіндер жаңбыр, өзен, ағынды бұлақтар және сол сияқты табиғи жолдармен ешбір шығынсыз суарылса, онда алынған өнімнің оннан бір бөлігін зекет ретінде беру – парыз.

Ал егер ол шығынмен және күш жұмсау арқылы суарылатын болса, мысалы: мал күшімен, су көтеретін қондырғылармен және сол сияқтылар арқылы, онда одан алынатын уәжіп – оннан бірінің жартысы. Бұл туралы Алла елшісінен ﷺ сахих хадис келген.

Ал жайылымдағы түйе, сиыр және қой (уақ) малының нисабына келер болсақ, ол жайында Алла Елшісінен ﷺ жеткен сахих хадистерде егжей-тегжейлі баяндалған. Оны білгісі келген адам бұл жайында білім иелерінен сұрай алады. Егер сөзді ықшамдау мақсаты болмағанда, пайдасы толық болсын деп, оны да айтып өтер едік.

Ал, күмістің нисабы – жүз қырық мысқал, оның (1 мысқалдың) мөлшері Сауд Арабиясының ақшасымен елу алты риал.

Алтынның нисабы – жиырма мысқал, оның мөлшері сауд аравиясы ақшасымен он бір бүтін және жетіден үш джунайһқа, ал грамммен тоқсан екі граммға тең. Осы екеуінен (алтын мен күмістен) немесе біреуінен нисап мөлшерінде иелік етіп, әрі оған бір жыл толған адамға оның оннан бірінің төрттен бір бөлігін беруі (2.5%) – уәжіп.

Пайда негізгі капиталға жатады да, оған жаңа бір жыл есептеу қажет емес. Сол сияқты, егер негізі нисапқа жетсе, жайылымдағы малдың төлі де негізгі малға жатып, оған жаңа бір жыл есептеу қажет болмайды.

Бүгінгі таңда адамдар қолданатын қағаз ақшалар да, атауы дирхам, динар, доллар немесе басқаша болғанына қарамастан, алтын мен күмістің үкіміне жатады және егер олардың құны күміс немесе алтынның нисабына жетіп, бір жыл толса, одан зекет беру парыз болады.

Әйелдердің алтын немесе күміс әшекейлері де ақшаға, яғни алтын мен күміске жатады. Егер олар нисап мөлшеріне жетіп, оған бір жыл толса, ғалымдардың екі көзқарасы ішіндегі дұрысырағы бойынша, олар пайдалануға немесе уақытша басқаға беруге арналған болса да, олардан зекет беріледі. Бұған Пайғамбардың ﷺ мына сөзінің жалпы мағынасы дәлел:

«مَا مِنْ صَاحِبِ ذَهَبٍ أَوْ فِضَّةٍ لَا يُؤَدِّي زَكَاتَهَا إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمُ القِيَامَةِ صُفِّحَتْ لَهُ صَفَائِحُ مِنْ نَارٍ».

«Қиямет күні зекетін өтемеген алтын не күміс иесіне оттан (темір) табақтар жасалады»5. (Мағынасы) жоғарыда келтірілген хадистің соңына дейін.

Сондай-ақ, сахих хадисте Пайғамбар ﷺ бір әйелдің қолындағы екі алтын білезік көріп:

«أَتُعْطِينَ زَكَاةَ هَذَا؟». قَالَتْ: لَا. قَالَ: «أَيَسُرُّكِ أَنْ يُسَوِّرَكِ اللهُ بِهِمَا يَوْمَ القِيَامَةِ سِوَارَيْنِ مِنْ نَارٍ!». فَأَلْقَتْهُمَا، وَقَالَتْ: «هُمَا لِلَّهِ وَلِرَسُولِهِ».

«Сен бұлардың зекетін бересің бе?» – деп сұрады. Ол (әйел): «Жоқ», – деді. Сонда Пайғамбар ﷺ: «Сені Қиямет күні Алла осы екеуінің орнына оттан екі білезік кигізгенде қуанта ма?» – деді. Сонда (әйел) оларды лақтырып жіберді де: «Бұл екеуі Алла және Оның елшісі үшін», – деді»6.

Умму Саламадан (оған Алла разы болсын) жеткен сахих риуаятта, ол алтын әшекейлер тағып: «Уа, Алланың елшісі! Бұл қазына ма?» – деп сұраған. Сонда Алланың елшісі ﷺ:

«مَا بَلَغَ أَنْ يُزَكَّى فَزُكِّيَ فَلَيْسَ بِكَنْزٍ».

«Зекет мөлшеріне жеткен нәрсе (зекетін берумен) тазартылса, қазына емес», - деді.7 Осы мағынада келген басқа да хадистер баршылық.

Ал, "әл-ъуруд" деп аталатын саудаға арналған тауарларға келсек, олар жыл соңында бағаланып, құнының қырықтан бірі зекет ретінде шығарылады. Бағасы сатып алған кездегі құнымен бірдей болсын, одан жоғары болсын немесе төмен болсын — бәрібір. Бұған Самура (Алла оған разы болсын) жеткізген хадис дәлел:

«كَانَ رَسُولُ اللهِ ﷺ يَأْمُرُنَا أَنْ نُخْرِجَ الصَّدَقَةَ مِنَ الَّذِي نُعِدُّهُ لِلْبَيْعِ».

«Аллаһтың елшісі ﷺ бізге сатуға дайындаған нәрсемізден садақа шығаруды бұйыратын»8.

Бұған саудаға арналған жерлер, ғимараттар, көліктер, су тартатын құрылғылар және осы сияқты басқа да сауда тауарлары жатады.

Ал сатуға емес, жалға беруге арналған ғимараттардың өзінен зекет алынбайды, өйткені олар сауда үшін алынбаған. Алайда, олардың жалдау ақысынан, егер ол табыс нисаб мөлшеріне жетіп, бір жыл толса, зекет беріледі. Сол сияқты, иесі сатуға емес, жеке пайдалану немесе жалға беру үшін сатып алған көліктерден де зекет алынбайды.

Егер такси жүргізушісінің немесе басқа біреудің ақшасы нисап мөлшеріне жетіп, оған бір жыл толса, ол бұл қаражатты нәпақаға, үйленуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға, қарызды өтеуге немесе басқа да мақсаттарға арнап жинағанына қарамастан, оның зекетін беруі парыз. Өйткені, мұндай жағдайда зекеттің парыз екендігін көрсететін жалпылама шариғат дәлелдер бар.

Ғалымдардың пікірлерінің ішіндегі ең дұрысы — жоғарыда айтылғандай, қарыздың да болуы зекеттің парыз болуына кедергі болмайды.

Дәл осылайша, ғұламалардың басым көпшілігінің пікірі бойынша, жетімдер мен ақыл-есі кем жандардың мал-мүлкі нисапқа жетіп, оған бір жыл толса, одан зекет беру – парыз. Дәлелдердің жалпы мағынасына сәйкес, жыл толғанда олардың қамқоршыларына олардың атынан ниет етіп, зекетті шығарулары міндетті. Мысалы, Пайғамбардың ﷺ Муъазды (оған Аллаһ разы болсын) Йемен халқына жібергендегі хадисінде айтқанындай:

«إِنَّ اللَّهَ افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ صَدَقَةً فِي أَمْوَالِهِمْ تُؤْخَذُ مِنْ أَغْنِيَائِهِمْ، وَتُرَدُّ فِي فُقَرَائِهِمْ».

«Ақиқатында, Алла оларға малдарынан, байларынан алынып, кедейлеріне берілетін садақаны парыз етті»9.

Зекет – Алланың алдындағы мміндет. Оны лайықсыз адамдарға жақындық таныту үшін, жеке пайда табу немесе бір зияннан құтылу мақсатында, сондай-ақ мал-мүлкін қорғау не өзін сөгістен сақтау үшін беруге рұқсат етілмейді. Керісінше, мұсылман зекетін өзге мақсат көздемей, тек оған лайық болған адамдарға, шынайы ниетпен және Алла разылығы үшін беруге міндетті. Сонда ғана ол мойнындағы парыздан құтылып, мол сауапқа және Алланың қайтарымына лайық болады.

Алла Тағала Өзінің қасиетті Кітабында зекет берілетін адамдардың түрлерін баяндап, былай дейді:

﴿إِنَّمَا ٱلصَّدَقَٰتُ لِلۡفُقَرَآءِ وَٱلۡمَسَٰكِينِ وَٱلۡعَٰمِلِينَ عَلَيۡهَا وَٱلۡمُؤَلَّفَةِ قُلُوبُهُمۡ وَفِي ٱلرِّقَابِ وَٱلۡغَٰرِمِينَ وَفِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱبۡنِ ٱلسَّبِيلِۖ فَرِيضَةٗ مِّنَ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٞ60﴾

"Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз: Қолы тар пақырларға, міскіндерге, оны жинауға белгілегендерге, көңілдері алынатындарға, құлды азат етуге, борыштыларға, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені Білуші, хикмет Иесі 60) [Әт - Тәубе: 60].

Бұл қасиетті аяттың осы екі ұлы есіммен аяқталуында Алла Тағала тарапынан құлдарына ескерту бар: Ол – құлдарының жағдайларын Білуші, олардың ішінен кімнің садақаға лайықты екенін, кімнің лайық емес екенін біледі. Сондай-ақ, Ол – Өзінің шариғаты мен тағдырында аса Дана, сондықтан Оның даналығының кейбір сырлары адамдарға жасырын болса да, барлық нәрсені тек өзіне лайықты орнына ғана қояды. Бұл – құлдардың Оның шариғатына көңілі орнығып, үкіміне бойсұнуы үшін.

Алладан бізге және барлық мұсылмандарға Өз дінін терең түсінуге, Онымен шынайы қарым-қатынаста болуға, Өз разылығына лайық істерге ұмтылуға тәуфиқ беруін, сондай-ақ азабына себеп болатын нәрселерден сақтауын сұраймыз. Расында, Ол – бәрін Естуші, өте Жақын.

Оның құлы әрі елшісі Мұхаммедке, оның үй-іші мен сахабаларына Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Ғылыми зерттеулер,

пәтуа, дағуат және насихат басқармаларының бас төрағасы

құрметті шейх: Абдул-Азиз ибн Абдуллаһ Ибн Баз

(Б.Ж).

 

***

 


Екінші жолдау (ғылыми еңбек)

Рамазан айында ораза ұстау мен қиямның артықшылығы және кейбір адамдарға беймәлім болған маңызды үкімдерді түсіндіру жайлы.

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен

Абдул-Азиз ибн Абдуллаһ бн Баздан, оны көруші мұсылмандарға. Алла мені де, оларды да иман иелерінің жолына салып, Сүннет пен Құранды дұрыс түсінуге жәрдем берсін. Әмин!

Алланың сәлемі, рақымы және берекесі сендерге болсын!

Ал енді: бұл – Рамазан айындағы ораза мен түнгі құлшылықтың (қиямның) артықшылығы, сондай-ақ осы айда игі амалдарда жарысудың қадірі туралы қысқаша насихат. Сонымен бірге, кейбір адамдарға беймәлім болуы мүмкін маңызды үкімдер де түсіндірілген.

Ал енді: бұл – Рамазан айындағы ораза мен түнгі құлшылықтың (қиямның) артықшылығы, сондай-ақ осы айда игі амалдарда жарысудың қадірі туралы қысқаша насихат. Сонымен бірге кейбір адамдарға беймәлім болуы мүмкін маңызды үкімдер де түсіндірілген.

«إِذَا كَانَتْ أَوَّلُ لَيْلَةٍ مِنْ رَمَضَانَ فُتِّحَتْ أَبْوَابُ الجَنَّةِ فَلَمْ يُغْلَقْ مِنْهَا بَابٌ، وَغُلِّقَتْ أَبْوَابُ جَهَنَّمَ فَلَمْ يُفْتَحْ مِنْهَا بَابٌ، وَصُفِّدَتِ الشَّيَاطِينُ، وَيُنَادِي مُنَادٍ: يَا بَاغِيَ الخَيْرِ أَقْبِلْ، وَيَا بَاغِيَ الشَّرِّ أَقْصِرْ، وَلِلَّهِ عُتَقَاءُ مِنَ النَّارِ، وَذَلِكَ كُلَّ لَيْلَةٍ».

«Рамазанның алғашқы түні кіргенде Жәннәт есіктері ашылып, оның бірде-бір есігі жабылмайды, Тозақ есіктері жабылып, оның бірде-бір есігі ашылмайды әрі шайтандар кісенделеді. Сонда бір жаршы (дауыстап шақырушы): «Ей, жақсылық іздеуші, алға ұмтыл, ал, ей, жамандық іздеуші, тыйыл!» – деп үндейді. Әрі Алланың Тозақтан азат ететін құлдары болады. Сондай-ақ, бұл әрбір түн сайын қайталанады».

Оған қоса Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

«جَاءَكُمْ شَهْرُ رَمَضَانَ شَهْرُ بَرَكَةٍ يَغْشَاكُمُ اللهُ فِيهِ: فَيُنْزِلُ الرَّحْمَةَ وَيَحُطُّ الخَطَايَا، وَيَسْتَجِيبُ الدُّعَاءَ، يَنْظُرُ اللهُ إِلَى تَنَافُسِكُمْ فِيهِ فَيُبَاهِي بِكُمْ مَلَائِكَتَهُ؛ فَأَرُوا اللهَ مِنْ أَنْفُسِكُمْ خَيْرًا؛ فَإِنَّ الشَّقِيَّ مَنْ حُرِمَ فِيهِ رَحْمَةَ اللهِ».

«Сендерге береке айы – Рамазан келді. Алла Тағала бұл айда сендерді рақымына бөлейді: мейірімін түсіреді, күнәларды кешіреді және дұғаны қабыл етеді. Алла сендердің (игі істердегі) жарыстарыңа назар салып, сол үшін періштелері алдында мақтанады. Сондықтан, Аллаға өз бойларыңдағы жақсылықты көрсетіңдер. Шынында, нағыз бақытсыз адам – осы айда Алланың рақымынан мақрұм қалған пенде».

Оған қоса Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

«مَنْ صَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ، وَمَنْ قَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ، وَمَنْ قَامَ لَيْلَةَ القَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ».

«Кімде-кім Рамазан айында иманмен және сауабын Алладан үміт етіп ораза ұстаса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі. Кімде-кім Рамазан түндерін иманмен және сауабын Алладан үміт етумен намазда тұрып өткізсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі. Сондай-ақ, кімде-кім Қадір түнін иманмен және сауабын Алладан үміт етумен намаз оқып, құлшылықпен өткізсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі».

Оған қоса Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

«يَقُولُ اللهُ: كُلُّ عَمَلِ ابْنِ آدَمَ لَهُ الحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا إِلَى سَبْعِمِائَةِ ضِعْفٍ إِلَّا الصِّيَامَ فَإِنَّهُ لِي وَأَنَا أَجْزِي بِهِ؛ تَرَكَ شَهْوَتَهُ وَطَعَامَهُ وَشَرَابَهُ مِنْ أَجْلِي، لِلصَّائِمِ فَرْحَتَانِ: فَرْحَةٌ عِنْدَ فِطْرِهِ، وَفَرْحَةٌ عِنْدَ لِقَاءِ رَبِّهِ، وَلَخُلُوفُ فَمِ الصَّائِمِ أَطْيَبُ عِنْدَ اللهِ مِنْ رِيحِ المِسْكِ».

«Алла былай дейді: "Адам баласының әрбір жақсы ісіне он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады. Бірақ ораза (бұған кірмейді), өйткені, расында, ол – Мен үшін, әрі оның сауабын Өзім беремін; ол Мен үшін нәпсі құмарлығынан, тамағы мен сусынынан бас тартады. Ораза ұстаушыға екі қуаныш бар: бірі – ауыз ашқанда, ал екіншісі – өз Раббысымен кездескенде. Әрі расында, ораза ұстаушының аузынан шыққан (жағымсыз) иіс Алла үшін иіс майдың жұпар иісінен де ұнамды"».

Рамазан айында ораза ұстау мен түнгі намаздарды оқудың және жалпы оразаның артықшылығы туралы хадистер өте көп.

Сондықтан мумин адам Алланың өзіне нәсіп еткен Рамазан айына жету мүмкіндігін пайдаланып, ізгі амалдарға асығып, күнәлі істерден сақтанып, Алланың парыз еткендерін орындауға тырысуы тиіс. Әсіресе, бес уақыт намазды. Өйткені ол – Исламның тірегі, әрі екі куәлік сөзінен кейінгі ең ұлы парыз. Сондықтан, әрбір мұсылман ер мен әйелге намазға берік болып, оны өз уақытында ықыласпен әрі байыптылықпен орындауы парыз.

Сондай-ақ, оның ерлерге қатысты ең маңызды міндеттерінің бірі – оны Алланың жоғары бағаланып, ішінде Өз атының зікір етілуіне бұйырған үйлерінде (мешіттерде) жамағатпен өтеу. Бұл жайында Алла Тағала былай деген:

﴿وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَ وَٱرۡكَعُواْ مَعَ ٱلرَّٰكِعِينَ 43﴾

"Намазды толық орындаңдар, зекетті беріңдер және рукуғ етушілермен бірге рукуғ етіңдер 43" (Бақара: 43). Сондай-ақ, Алла Тағала былай деді:

﴿حَٰفِظُواْ عَلَى ٱلصَّلَوَٰتِ وَٱلصَّلَوٰةِ ٱلۡوُسۡطَىٰ وَقُومُواْ لِلَّهِ قَٰنِتِينَ 238﴾

"Намаздарға, әсіресе ортаңғы намазға мұқият болыңдар және Аллаға бойсұнған күйде тұрыңдар 238" (Бақара: 238). Және айтты:

﴿قَدۡ أَفۡلَحَ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ 1 ٱلَّذِينَ هُمۡ فِي صَلَاتِهِمۡ خَٰشِعُونَ 2﴾

"Ақиқатында мүміндер құтылды 1

Олар—намаздарында беріле бойсұнатындар 2" (Муминун: 1-2). мына сөзіне дейін:

﴿وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَوَٰتِهِمۡ يُحَافِظُونَ 9 أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡوَٰرِثُونَ 10 ٱلَّذِينَ يَرِثُونَ ٱلۡفِرۡدَوۡسَ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ 11﴾

"және олар намаздарына мұқият қарап, орындайтындар

11" (Муминун: 9-11). Пайғамбармыз ﷺ былай деді:

«العَهْدُ الَّذِي بَيْنَنَا وَبَيْنَهُمُ الصَّلَاةُ فَمَنْ تَرَكَهَا فَقَدْ كَفَرَ».

«Біз бен олардың арасындағы келісім – намаз, кім оны тастаса, кәпір болады.».

Намаздан кейінгі ең маңызды парыз – зекетті өтеу, бұл туралы былай деген:

﴿وَمَآ أُمِرُوٓاْ إِلَّا لِيَعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ حُنَفَآءَ وَيُقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤۡتُواْ ٱلزَّكَوٰةَۚ وَذَٰلِكَ دِينُ ٱلۡقَيِّمَةِ 5﴾

"Ал, олар ханиф болып, Алланы бірлеп, дінді (амалдарын) Оған ғана арнап, серік қосудан тазарған күйде құлшылық етуге, намазды орындауға және зекет беруге ғана бұйырылған еді. Міне, осы – тура дін 5) (Бәйина: 5). Сондай-ақ, Алла Тағала былай деді:

﴿وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَ وَأَطِيعُواْ ٱلرَّسُولَ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ 56﴾

"Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер әрі Елшіге бой ұсыныңдар! Сонда мәрхаметке бөленесіңдер 56" (Нур: 56).

Алла Тағаланың ұлы Кітабы мен Оның ардақты Елшісінің сүннеті өз малының зекетін өтемегендердің Қиямет күні сол үшін азапталатынына нұсқаған.

Намаз бен зекеттен кейінгі ең маңызды іс – Рамазан айында ораза ұстау, бұл – Пайғамбардың ﷺ сөзінде айтылған Исламның бес рүкінінің бірі:

«بُنِيَ الإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللهِ، وَإِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَصَوْمِ رَمَضَانَ، وَحَجِّ البَيْتِ».

«Ислам бес (тірекке) құрылған: Алладан басқа (құлшылыққа лайық) тәңірдің жоқтығына және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, рамазанда ораза тұту және қажылық өтеу».

Мұсылманға өзінің оразасы мен түнгі құлшылығын Алла Тағала тыйым салған сөздер мен істерден сақтауы уәжіп; өйткені оразадан көзделген мақсат – Алла Тағалаға бойұсыну, Оның тыйымдарын ұлықтау, өз Раббысына мойынсұну үшін нәпсімен күресу және оны Аллаһ тыйым салған нәрселерге сабыр етуге тәрбиелеу. Мақсат – тек қана тамақтан, сусыннан және оразаны бұзатын өзге де нәрселерден бас тарту ғана емес; сол себепті Алланың Елшісінен ﷺ сахих түрде жеткен хадисте былай делінген:

«الصِّيَامُ جُنَّةٌ، فَإِذَا كَانَ يَوْمُ صَوْمِ أَحَدِكُمْ فَلَا يَرْفُثْ وَلَا يَصْخَبْ، فَإِنْ سَابَّهُ أَحَدٌ أَوْ قَاتَلَهُ فَلْيَقُلْ: إِنِّي صَائِمٌ».

«Ораза – қалқан! Сендерден кім ораза тұтса, жаман сөз айтпасын және даусын көтермесін. Ал, егер кімде-кім оны балағаттаса немесе жұдырықтасқысы келсе, ондайға: «Расында, мен оразамын!», - десін». Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сенімді хадистерінде былай дегені хабарланады:

«مَنْ لَمْ يَدَعْ قَوْلَ الزُّورِ وَالعَمَلَ بِهِ وَالجَهْلَ فَلَيْسَ لِلَّهِ حَاجَةٌ فِي أَنْ يَدَعَ طَعَامَهُ وَشَرَابَهُ».

«Кімде-кім жалған сөзді, онымен амал етуді және надандықты тастамаса, Аллаға оның тамағы мен сусынынан бас тартқанына мұқтаж емес». Осылайша, бұл және басқа да нақты дәлелдерге сәйкес, ораза ұстаушыға Алла тыйым салған барлық нәрседен сақтанып, Ол уәжіп еткеннің барлығын орындау міндет. Осылай ету арқылы ол үшін кешірім, тозақтан құтылу, әрі оразасы мен қиямының қабыл болуы үміт етіледі.

Кейбір адамдардан жасырын қалатын жайттар да болады:

Соның бірі: мұсылманға оразаны рия, атақ, адамдарға еліктеу, отбасына немесе елінің адамдарына еру үшін емес, керісінше, сеніммен және сауаптан үміт етіп ұстауы парыз. Оны ораза ұстауға итермелейтін нәрсе – Алланың оны парыз еткеніне деген иманы және сол үшін Раббысынан сауап үміт етуі болуы тиіс. Дәл осылай, мұсылман Рамазанның түнгі құлшылығын да басқа ешбір себеппен емес, сеніммен және сауаптан үміт етіп орындауы тиіс. Сол себепті Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

«مَنْ صَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ، وَمَنْ قَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ، وَمَنْ قَامَ لَيْلَةَ القَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ».

«Кімде-кім Рамазан айында иманы және сауабын Алладан үміт етіп ораза ұстаса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі. Кімде-кім Рамазан түндерін иманы және сауабын Алладан үміт етіп құлшылықпен өткізсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі. Сондай-ақ, кімде-кім Қадір түнін иманы және сауабын Алладан үміт етіп құлшылықпен өткізсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі».

Кейбір адамдарға үкімі белгісіз болуы мүмкін жайттар: ораза ұстаушының жарақаттануы, мұрнынан қан кетуі, құсуы немесе тамағына еркінен тыс судың не бензиннің кетуі. Осы жайттардың барлығы оразаны бұзбайды. Алайда, кімде-кім әдейілеп құсса, оның оразасы бұзылады; өйткені Пайғамбар ﷺ былай деген:

«مَنْ ذَرَعَهُ القَيْءُ فَلَا قَضَاءَ عَلَيْهِ، وَمَنِ اسْتَقَاءَ فَعَلَيْهِ القَضَاءُ».

«Кімді құсық жеңсе, оған қаза өтеу міндет емес, ал кім әдейілеп құсса, оған қазасын өтеу міндет».

Соның ішінде: ораза ұстаушының жүніптен кейінгі ғұсылды таң атқаннан кейінге қалдыруы және таң атпай тұрып тазарғанын көрген кейбір әйелдердің хайыз немесе нифастан кейінгі ғұсылды таң атқаннан кейінге қалдыруына болады. Оларға ораза ұстау міндет болып, ғұсылды таң атқаннан кейінге қалдыруына да ешбір кедергі жоқ. Алайда, оны күн шыққанға дейін кешіктіруге болмайды. Керісінше, күн шықпай тұрып ғұсыл алып, таң намазын оқуы міндетті. Сол сияқты, жүніп адамға да ғұсылды күн шыққаннан кейінге қалдыруына болмайды. Керісінше, ол күн шықпай тұрып ғұсыл алып, таң намазын оқуы керек. Әрі ер адам таң намазын жамағатпен бірге оқуға үлгеруі үшін асығуы керек.

Оразаны бұзбайтын нәрселер: қан талдауын жасату және азықтандырушы емес инелерді салдыру. Дегенмен, егер мүмкіндік болса, бұл істерді түнге дейін кешіктірген абзалырақ әрі сақтыққа жақынырақ; өйткені Пайғамбар (ﷺ) былай деген:

«دَعْ مَا يَرِيبُكَ إِلَى مَا لَا يَرِيبُكَ».

«Өзіңе күмәнді нәрседен сақтанып, күмән тудырмайтын нәрсеге ұмтыл».

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың ﷺ мына сөзі:

«مَنِ اتَّقَى الشُّبُهَاتِ فَقَدِ اسْتَبْرَأَ لِدِينِهِ وَعِرْضِهِ».

«Кім күмәнді істерден сақтанса, ол өзінің діні мен абыройын қорғаған болады».

Кейбір адамдарға үкімін біле бермейтін мәселелердің бірі – парыз немесе нәпіл болсын, намазда байсалдылық сақтамау. Алла Елшісінен (ﷺ) жеткен сахих хадистер намаздағы байсалдылықтың намаздың рүкіні екенін және онсыз намаздың дұрыс болмайтынын дәлелдейді. Байсалдылық дегеніміз – әрбір дене мүшесі өз орнына жайғасқанша намазды асықпай, тыныштық пен бойсұнған түрде оқу. Көптеген адамдар Рамазан айында тарауих намазын мағынасына үңілмей және тыныштық сақтамай, керісінше, тауық жем шоқығандай тез оқиды. Бұлайша оқылған намаз жарамсыз, ал оны орындаушы сауап алудың орнына күнәкар болады.

Кейбір адамдарға үкімін біле бермейтін мәселелердің бірі – бағзыбіреулердің тарауих намазын жиырма рәкағаттан кем оқуға болмайды десе, басқаларының оны он бір немесе он үш рәкағаттан асыруға болмайды, деп ойлауы. Мұның барлығы – орынсыз пайым, керісінше, бұл – дәлелдерге қайшы қателік.

Алла Елшісінен ﷺ жеткен сахих хадистер түнгі намаз мәселесінде кеңшілік бар екенін, яғни оның орындалуына қатысты міндетті түрде белгіленген белгілі бір шектеу жоқ екенін көрсетеді. Керісінше, Пайғамбарымыз ﷺ Рамазан айында да, басқа уақытта да түнде он бір ракат, кейде он үш ракат, ал кейде одан да аз намаз оқығаны сенімді түрде дәлелденген. Ал, одан түнгі намаз туралы сұралғанда, ол былай деген:

«مَثْنَى مَثْنَى، فَإِذَا خَشِيَ أَحَدُكُمُ الصُّبْحَ صَلَّى رَكْعَةً وَاحِدَةً تُوتِرُ لَهُ مَا قَدْ صَلَّى».

«(Түнгі намаз) екі-екіден оқылады. Ал егер сендердің бірің таңның атуынан қорықса, онда бұрын оқыған намаздарын тақ ету үшін бір ғана ракағат оқысын». Хадистің дұрыстығы бірауыздан келісілген.

Рамазанда болсын, басқа уақытта болсын, белгілі бір ракат саны белгіленбеген. Сондықтан Омардың (Алла оған разы болсын) заманында сахабалар кейде жиырма үш ракат, ал кейде он бір ракат намаз оқыған. Мұның барлығы Омардан (Алла оған разы болсын) және оның заманындағы сахабалардан сенімді түрде жеткізілген.

Сәләфтардың кейбірі Рамазанда отыз алты ракат намаз оқып, соңын үш ракат үтірмен аяқтайтын, ал кейбірі қырық бір ракат оқитын. Олар жайлы Шейх әл-Ислам Ибн Таймия және басқа да ғылым иелері айтып кеткен. Сондай-ақ, ол (оған Алланың оған рақымы болсын) бұл мәселеде кеңшілік бар екенін айтқан. Және де ол қырағатты, рукуғ пен сәждені ұзартқан адам үшін ракат санын азайтқаны, ал кім қирағатты, рукуғ пен сәждені қысқартса, ракат санын көбейткені абзал екенін айтқан. Бұл—оның (Алла оны рақымына алсын) сөзінің мағынасы.

Пайғамбар ﷺ сүннетіне зер салған адам бұл істің ең абзалы Рамазан айында болсын, басқа уақытта болсын, он бір немесе он үш рәкағат намаз оқу екенін түсінеді. Өйткені, бұл Пайғамбардың ﷺ көп жағдайдағы амалына сәйкес келіп, намаз оқушылар үшін жеңілірек, әрі намаздағы ықылас пен байыптылыққа әлдеқайжа жақын амал болып табылады. Ал, кім артық оқыса, жоғарыда айтылғандай, ешқандай айып та, мәкрүһ те емес.

Ең абзалы—Рамазан айындағы түнгі намазды (қиямды) имаммен бірге оқып, сосын имаммен бірге қайтқаны. Пайғамбардың ﷺ мына дегеніне сай:

«إِنَّ الرَّجُلَ إِذَا قَامَ مَعَ الإِمَامِ حَتَّى يَنْصَرِفَ كَتَبَ اللَّهُ لَهُ قِيَامَ لَيْلَةٍ».

«Егер қайбір кісі имаммен бірге (намазын) ол бітіргенше оқыса, Алла оған түні бойы құлшылық еткеннің сауабын жазады».

Бұл қасиетті айда барлық мұсылмандарға әртүрлі құлшылық түрлерінде барынша тырысу заңды әрі құпталады. Мысалы: нәпіл намаз оқу, Құранға ой жүгіртіп және түсініп оқу, тасбих (СубханаАллаһ), тәһлил (ләә иләәһә иллә Аллаһ), тахмид (әлхамдулиләһ), тәкбір (Аллаһу әкбәр) сөздерін көп айту, истиғфар айтып, шариғатқа сай дұғаларды көбейту, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыю, Аллаға шақыру, кедейлер мен мұқтаждарға көмектесу, ата-ананы құрметтеуде тырысу, туыстық байланысты сақтау, көршіге жақсы қарым-қатынас жасау, науқастың халін сұрау және басқа да игі істер. Өйткені Пайғамбар ﷺ жоғарыда өткен хадисте былай деген:

«يَنْظُرُ اللهُ إِلَى تَنَافُسِكُمْ فِيهِ، فَيُبَاهِي بِكُمْ مَلَائِكَتَهُ؛ فَأَرُوا اللهَ مِنْ أَنْفُسِكُمْ خَيْرًا، فَإِنَّ الشَّقِيَّ مَنْ حُرِمَ فِيهِ رَحْمَةَ اللهِ».

«Алла сендердің ондағы жарысқандарыңа назар салып, сендермен періштелеріне мақтанады. Ендеше, Аллаға өз бойларыңнан тек жақсылық көрсетіңдер! Әлбетте, нағыз бақытсыз – бұл айда Алланың рақымынан мақұрум қалған адам».

Пайғамбардан ﷺ былай деп айтқаны риуаят етіледі:

«مَنْ تَقَرَّبَ فِيهِ بِخَصْلَةٍ مِنْ خِصَالِ الخَيْرِ كَانَ كَمَنْ أَدَّى فَرِيضَةً فِيمَا سِوَاهُ، وَمَنْ أَدَّى فِيهِ فَرِيضَةً كَانَ كَمَنْ أَدَّى سَبْعِينَ فَرِيضَةً فِيمَا سِوَاهُ».

«Кімде-кім осы (айда) бір жақсылық жасаса, ол басқа уақытта бір парызды орындағандай болады; ал кім осы (айда) бір парызды орындаса, ол басқа уақытта жетпіс парызды орындағандай болады».

Пайғамбарымыздың ﷺ сахих хадистегі сөзіне сәйкес:

«عُمْرَةٌ فِي رَمَضَانَ تَعْدِلُ حَجَّةً، أَوْ قَالَ: حَجَّةً مَعِي».

«Рамазан айындағы умра қажылық орындағанмен немесе «Менімен (яғни, Пайғамбармен) бірге қажылық орындағанмен бірдей» деген».

Осы қасиетті айда түрлі игі істерде жарысудың шариғатқа сай екендігіне нұсқайтын хадистер мен әсәрлар өте көп.

Алладан бізге және өзге де мұсылмандарға Өзі разы болатын барлық істерге жәрдем беруін, оразамыз бен қиямымызды қабыл етуін, жағдайларымызды түзетуін, баршамызды адастырушы фитнәлардан сақтауын, сондай-ақ мұсылмандардың басшыларын түзетіп, оларды ақиқат жолында біріктіруін сұраймыз. Расында, Ол – соның Иесі әрі оған Құдіреті жетуші.

Сіздерге Алланың сәлемі, рақымы және берекеті болсын. (Б.Ж.)

 

 

***

الفهرس

 

Бірінші мақала 2

Зекетке қатысты маңызды ғылыми зерттеулер 2

Екінші жолдау (ғылыми еңбек) 15

Рамазан айында ораза ұстау мен қиямның артықшылығы және кейбір адамдарға беймәлім болған маңызды үкімдерді түсіндіру жайлы. 15

 

***

 

kk418v2.0 - 14/05/2026


Муслим риуаят еткен, хадис (993).

Муслим риуаят еткен, (№987).

Әл-Бухари келтірген (№1338).

Муслим риуаят еткен (987).

Хадисті хасан иснадымен риуаят еткен Әбу Дәуд (1563), ән-Нәсәи (2270).

Бұл хадисті: Әбу Дәуд (1564) риуаят еткен.

Бұл хадисті: Әбу Дәуд (1562) риуаят еткен.

Әл-Бухари (1395) және Муслим (19) риуаят еткен.

Әл-Бұхари (8) және Муслим (16) риуаят еткен.