Ислам елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) (қазақ тілі)

  • earth Language
    (қазақ тілі)
  • earth Author:
    اللجنة العلمية برئاسة الشؤون الدينية بالمسجد الحرام والمسجد النبوي
PHPWord

 

 

 

رَسُولُ الإِسْلَامِ مُحَمَّدٌ ﷺ

 

Ислам елшісі Мұхаммед

(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)

 

 

 

اللَّجْنَةُ العِلْمِيَّةُ

بِرِئَاسَةِ الشُّؤُونِ الدِّينِيَّةِ بِالمَسْجِدِ الحَرَامِ وَالمَسْجِدِ النَّبَوِيِّ

 

Харам мешіті мен Пайғамбар мешітіндегі Діни істер төрағалығының ғылыми комитеті

 


بِسْمِ اللهِ الرَّحمَنِ الرَّحِيمِ

Ислам елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын).

Әл-Харам мешіті және Пайғамбар мешітіндегі діни істер басқармасына қарасты ғылыми комитет

Аса Рақымды, ерекше Мейірімді Алланың атымен Ислам (дінінің) елшісі Мухаммад ﷺ туралы қысқаша мәлімет: оның аты-жөні мен тегі, туған жері, оның некесі (үйленуі), елшілік міндеті, оның жолдауы (үндеуінің мазмұны), пайғамбарлығын растайтын белгілері мен оның шариғаты және қарсыластарының оған қатысты ұстанымдары баяндалады.

1 – Оның аты-жөні, тегі және туып-өскен шаһары

Ислам дінінің елшісі - Абдуллаһтың ұлы Мухаммад ﷺ Абдулмутталибтың немересі, Һәшім әулетінен, Ибраһим пайғамбардың ұлы - Исмаилдың (оларға Алланың сәлемі болсын) ұрпағынан.

Бұл Алла Тағаланың пайғамбары Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) зайыбы Һажар мен әлі бесіктегі ұлы Исмаилды ертіп, Шам өңірінен Меккеге келіп, Алла Тағаланың әмірімен оларды Меккеге қоныстандырған заманнан басталады. Бала ержеткен кезде Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Меккеге барып, ұлы Исмаилмен (ол екеуіне Алланың сәлемі болсын) бірге Алланың әл-Харам Үйі — Қағбаны тұрғызды. Үйдің маңына халық шоғырланып, көбейе түсті; солайша Мекке әлемдердің Раббысы Аллаға құлшылық етушілердің, қажылық рәсімдерін орындауды қалайтындардың мақсат тұтқар орнына айналды. Адамдар Ибраһимның (оған Алланың сәлемі болсын) діні бойынша Аллаға құлшылық жасап, Оны бірлеуді ғасырлар бойы жалғастырды.

Содан кейін адасу белең алды. Сол кезде Араб түбегінің ахуалы әлемнің өзге елдерінінің ахуалындай еді. Онда пұттарға құлшылық жасау, қыз балаларды тірілей көму, әйелдерге зұлымдық жасау, жалған куәлік беру, арақ-шарап ішу, арсыздықтарға бару, жетімнің малын жеу және өсім алу сияқты пұтқа табынушылыққа тән қылықтар айқын көрінді:

Дәл осы жерде, осы ортада Ибраһим пайғамбардың ұлы - Исмаил (оларға Алланың сәлемі болсын) ұрпағынан тараған Ислам елшісі - Абдуллаһ ұлы Мухаммад ﷺ 571 жылы дүниеге келді. Әкесі ол дүниеге келмей тұрып, ал анасы алты жасқа толғанда дүниеден өтті. Оны қамқорлығына көкесі Әбу Талиб алды. Ол жетім, кедей болып өмір сүрді және өз еңбегімен нәпақа тауып, күнін көрді.

2- Берекелі әйелмен берекелі неке

Жасы жиырма беске келгенде Алланың елшісі ﷺ Меккенің абзал әйелдерінің бірі – Хуайлид қызы Хадишаға (Алла оған разы болсын) үйленді. Одан төрт қыз және екі ұл дүниеге келіп, ұлдары сәби кезінде қайтыс болды. Ол зайыбы мен отбасына жұмсақ әрі махаббатқа толы мәміле жасады. Сондықтан жұбайы Хадиша оны қатты жақсы көрді.

Ол да оған дәл сондай сүйіспеншілікпен жауап берді. Хадиша өмірден өтсе де, көп жылдар бойы оны ұмытпады: қой сойып, етін бөлсе, Хадишаға (оған Алла разы болсын) ізет көрсетіп, оған деген сүйіспеншілігі ретінде достарына жіберіп отыратын.

3- Уахидің басталуы

Аллаһтың елшісі Мухаммад ﷺ бала күнінен ең көркем мінезге ие болды. Қауымы оны «Садық Амин (Шыншыл сенімді)» деп атайтын. Жас Мұхаммед олармен бірге абыройлы істерге қатысып жүрді. Алайда, өзінің пұтқа табынған қауымдастары өткізетін діни рәсімдерді жек көріп, оған ешқашан қатыспаған.

Ол Меккеде болып, жасы қырыққа келгенде, Алла Тағала оны пайғамбарлыққа таңдады. Сол уақытта періште Жәбірейл (оған Алланың сәлемі болсын) Құранның алғашқы сүресін алып келді. Ол — Алла Тағаланың:

﴿اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ 1 خَلَقَ الْإِنسَانَ مِنْ عَلَقٍ 2 اقْرَأْ وَرَبُّكَ الْأَكْرَمُ3 الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ 4 عَلَّمَ الْإِنسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ 5

(Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы (1)

адам баласын ұйыған қаннан жаратқан (2)

Оқы! Сенің Раббың аса Жомарт (3)

Ол қаламмен (жазуды) үйретті (4)

Адамға, ол білмеген нәрселерін үйретті (5)" - деген сөзі.

(Ғалақ сүресі: 1-5).

Сөйтіп ол жүрегі дірілдеп, әйелі Хадишаға (Алла оған разы болсын) келіп, болған жайды айтып берді. Хадиша оны жұбатып, көңілін орнықтырды да, көкесінің баласы — христиан дінін ұстанып, Тәурат пен Інжілді оқыған - Уарақа бин Науфәлға алып барды. Сонда Хадиша (Алла оған разы болсын): «Уа, көкемнің баласы! Бауырыңыздың ұлы не айтып тұрғанын тыңдап көріңізші», — деді. Уарақа: «Ей, бауырымның ұлы! Не көрдің?» — деп сұрағанда, Алланың Елшісі ﷺ көргенін айтып берді. Сонда Уарақа былай деді:

«Бұл — Алла тағала Мусаға жіберген Намус. Қап, әттеген-ай, сол уақытта жігерлі жас болсамшы, халқың сені қуып шығарғканда тірі болсамшы!» — деді. Сонда Алланың Елшісі ﷺ : «Олар мені қуып шыға ма?» — деді. Ол: «Иә. Сен алып келгендей нәрсені алып келіп, (қауымының қарсылығынан ұшырамаған ешкім болмаған. Егер сол күні тірі болсағанымда, саған мықтап көмектесер едім», — деді.

Меккеде оған Құранның түсуі жалғасып тұрды; оны Жәбірейіл періште (оған Алланың сәлемі болсын) әлемдер Раббысынан жеткізіп отырды. Бұл туралы елшілік тақырыбында кеңінен айтылады.

Пайғамбарымыз ﷺ өз қауымын Исламға шақыруын жалғастырды. Алайда, қауымы одан теріс айнады, оған қарсы шығып, дауласты. Оны дағуатынан қайтару үшін байлық пен билік ұсынды, бірақ ол ﷺ мұның ешқайсын қабыл етпеді. Сонда олар бұрынғы пайғамбарларға қарсы шыққан тәкаппар басшылар не десе, соны айтып, оған: «сиқыршы», «өтірікші», «жалақор» деп тіл тигізді. Олар оған ауыр қысым көрсетіп, қасиетті тәніне қол көтерді әрі дқжақтастарын қудалауға ұшыратты.

Алланың елшісі ﷺ Меккеде қалып, адамдарды бір Аллаға шақыруын жалғастырды. Ол қажылық маусымына, сондай-ақ, арабтардың маусымдық жәрмеңкелеріне барып, сол жерлерде адамдармен кездесіп, оларға Исламды ұағыздайтын еді. Ол байлық пен билікке де қызықпады, қылыштан да қорқытпады. Өйткені оның қолында билік болмады, өзі де патша емес-ті. Дағуатының басында-ақ өзі алып келген ұлы Құранға "ұқсасын келтіріңдер", деп ашық түрде үндеу тастап, сол арқылы қарсыластарына тайталасын үздіксіз жалғастыра берді. Нәтижесінде, оған ардақты сахабалар иман келтірді. Алла олардың барлығына разы болсын.

Меккеде Алла оны ұлық мұғжизамен ардақтады: ол — Бәйтул-Мақдиске жасалған түнгі сапар (Исра), одан кейін аспанға көтерілуі (Миғраж). Мәлім болғанындай, Алла Ілияс пайғамбар мен Иса Мәсихті де (екеуіне де сәлем болсын) аспанға көтерген. Бұл туралы мұсылмандар мен христиандардың деректерінде айьылған

Пайғамбар ﷺ намазға қатысты әмірді көкте, Алланың құзырында алды. Бұл — мұсылмандардың тәуілігіне бес рет орындайтын парыз амалы. Сондай-ақ, қасиетті Меккеде тағы бір ұлы аят жүзеге асты.

Ол — айдың екіге бөлінуі. Мүшріктер мұны сөз көздерімен көрді.

Құрайыш кәпірлері адамдарды одан тосу үшін, оған қастандық жасауды күшейтіп, одан қашыру мақсатында барлық тәсілдерді қолданды.

Белгілерді (мұғжизаларды) талап етуде шектен тыс қырсығып, онымен пікірталаста дәлел табу және адамдарды одан алыстату үшін яһудилерден көмек сұрады.

Құрайыш кәпірлерінің мұсылмандарға көрсеткен қысымы жалғасқанда, Пайғамбар ﷺ олардың Эфиопияға көшуіне рұқсат беріп: «Онда әділ басшы бар, оның қасында ешкімге әділетсіздік жасалмайды», – деді. Эфиопияның басшысы христиан еді. Нәтижесінде, олардың арасынан екі топ Эфиопияға қоныс аударды. Көшіп барған мұсылмандар Эфиопияға жеткенде, елдің патшасы – Нажәшиге Мухаммад пайғамбар ﷺ әкелген дінді ұсынды; ол Исламды қабылдап: « Алламен ант етемін, бұл – Мұса әкелген нәрсемен бір қайнардан шыққан», – деді. Сондад да, (меккеліктердің) оған және сахабаларына көрсеткен озбырлығы тоқтамай жалғаса берді.

Қажылық маусымында Мәдинадан келгендердің бір тобы Пайғамбарға ﷺ иман келтіріп, Исламды қабылдауға және Мәдинаға көшіп келсе, оны қолдап-қорғауға байғат берді. Ол кезде Мәдина «Ясриб» деп аталатын. Осылай Меккеде қалғандарына Медина қаласына һижра жасауға рұқсат берді. Одан кейін олар да көшіп, Ислам Мәдинада кеңінен жайылды. Онда Ислам жетпеген бірде-бір үй қалмады.

Пайғамбар ﷺ Меккеде он үш жыл бойы бір Аллаға құлшылық етуге шақырғаннан кейін, Алла оған Мәдинаға қоныс аударуға рұқсат етті. Осылайша ол ﷺ һижра жасап, Аллаға шақыру ісін жалғастырды, Исламның шариғат үкімдері біртіндеп түсе бастады. Сондай-ақ ол ﷺ тайпа басшылары мен патшаларға елшілер арқылы хаттар жолдап, оларды Исламға шақырды. Бұл хаттар Византия патшасына, Парсы патшасы мен Мысыр патшасына да жетті.

Бірде Мәдинада күн тұтылып, жұрт үрейленді. Бұл жағдай Пайғамбарымыздың ﷺ ұлы Ибраһимнің қайтыс болған күнімен тұспа-тұс келді. Сонда адамдар: «Күн Ибраһимнің қазасына байланысты тұтылды», – десті. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ :

(إِنَّ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ لَا يَكْسِفَانِ لِمَوْتِ أَحَدٍ، وَلَا لِحَيَاتِهِ، وَلَكِنَّهُمَا مِنْ آيَاتِ اللهِ يُخَوِّفُ اللهُ بِهِمَا عِبَادَهُ).

"Шын мәнінде күн мен ай ешкімнің қазасына да, дүниеге келуіне де байланысты тұтылмайды, бірақ олар Алланың белгілерінен, Алла олар арқылы құлдарын қорқытады" - деген1,

Егер Пайғамбар ﷺ өтірікші, (жалғанға) шақырушы болғанда, адамдарды өзін өтірік санаудан қорқытуға асығар еді де: «Күн менің ұлымның қазасына байланысты тұтылды, енді мені өтірік санағандардың жайы не болмақ?»,- дер еді.

Алла тағала Өз елшісін ﷺ кемел мінез-құлықпен көркемдеген, әрі Аллаһ Тағала оны сипаттап:

﴿وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍ 4

"Шын мәнінде,сен ұлы мінезге иесің" деген.

(Әл-Қалам: 4),

Ол шыншылдық, ықылас, ержүректілік, әділдік және адалдық сияқты барлық көркем мінездермен, тіпті қарсыластарына дейін өз адалдығымен сипатталған; жомарт болып, кедейлер мен міскіндерге, жесірлер мен мұқтаждарға садақа беруді жақсы көретін; олардың тура жолға түсуіне ерекше мүдделі болған, оларға мейірім көрсетіп, қарапайымдылық танытатын. Тіпті бейтаныс бір кісі Алла елшісін ﷺ іздегенде, ол сахабаларымен бірге отырса, оны ажырата алмай: «Қайсыларың Мұхаммедсің?» – деп сұрайтын.

Оның өмір жолы баршамен мәміле жасауында: дұшпан мен досқа да, жақын мен алысқа да, үлкен мен кішіге де, ер мен әйелге, тіпті жануар мен құс екеш құсқа дейін кемелдік пен асылдықтың айғағы болатын.

Алла оған дінді кемеліне жеткізді, ал Пайғамбар ﷺ елшілік міндетін толық әрі кемел түрде орындап болған соң, алпыс үш жасында дүниеден өтті. Ол өмірінің қырық жылын пайғамбарлыққа дейін өткізсе, қалған жиырма үш жылын пайғамбар әрі елші ретінде өткізді.

Пайғамбарымыз ﷺ Медине қаласында жерленген. Ол артынан ешбір мал-мүлік те, мирас та қалдырмаған; тек өзі мініп жүрген ақ қашыры және жолда қалған жолаушыға садақа ретінде белгілеген жер телімін ғана қалдырды.2

Оған иман келтірген, шынайы сенген және ілескендердің саны өте көп болды. Сахабаларынан жүз мыңнан астамы онымен бірге "Қоштасу қажылығына" қатысты. Бұл оқиға қайтыс болуына шамамен үш ай қалғанда орын алған. Бәлкім, бұл Ислам дінінің сақталуы мен кең таралуы сырларының бірі болса керек. Расында, Исламның құндылықтары мен қағидалары негізінде тәрбиелеген сахабалары әділдік, зүһд (дүниеге қызықпау), тақуалық, адалдық және иман келтірген осы ұлы дін үшін жанын да, малын да аямай жұмсау жағынан ең таңдаулылар қатарында еді.

Пайғамбардың ﷺ ең ұлы сахабалары ішінде иманымен, білімі және амалымен, ықыласым және шыншылдығы, мал-дүниесін жұмсауымен, ерлігі және жомарттығымен танылғандардың ең ұлылары: Әбу Бәкір Сыддық, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Талиб (оларға Алла разы болсын). Олар алғашқылардың қатарында иман келтіріп, оны растаған еді; сондай-ақ, олар олдан кейін халифалар болып, діннің туын көтеріп жүрді. Алайда, ешбірінде пайғамбарлыққа тән айрықша сипаттар болмаған, әрі олар өзге сахабалардан еш жағынан ерекшеленбеген.

Алла Тағала Пайғамбар ﷺ алып келген Кітабы — Қасиетті Құранды, сондай-ақ оның сүннетін, өмірбаянын, сөздері мен іс-әрекеттерін өзі сөйлеген тілі - араб тілінде сақтады. Тарихта Пайғамбардың ﷺ өмірбаяны сияқты дәл сақталған өмірбаян жоқ: тіпті оның қалай ұйықтағаны, қалай тамақтанғаны, қалай су ішіп, қалай күлгеніне дейін барлығы сақталған.

Сондай-ақ, үйінде отбасы мүшелерімен қалай қарым-қатынас жасағаны?

Оның барлық іс-әрекеттері сақталып, өмірбаянында жазулы. Ол – адам баласы әрі елші, онда құдайлық қасиеттердің ешқайсысы жоқ; сондай-ақ, ол өзіне пайда да, зиян да тигізе алмайды.

4- Оның елшілігі

Жер шарының түкпір-түкпірін көпқұдайшылық, күпірлік және надандық жайлағаннан кейін, жер бетінде бір Аллаға ешнәрсені серік қоспай құлшылық ететін ешкім қалмай, Кітап иелерінің санаулы ғана өкілдері қалған шақта, Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарды ﷺ пайғамбарлар мен елшілердің соңғысы етіп жіберді. Оны бүкіл әлемге тура жол жетекшілік және ақиқат дінімен жіберді; Ислам дінін барлық діндерден үстем етіп, адамдарды көпқұдайшылық, күпірлік және надандық қараңғылығынан таухид пен иман нұрына шығару үшін. Оның елшілігі өзінен бұрын өткен пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) жолдауларының толықтырушысы болды.

Ол сондай-ақ Нух, Ибраһим, Мұса, Сүлеймен, Дәуіт, Иса және өзге де барлық пайғамбарлар мен елшілер (оларға Алланың сәлемі болсын) шақырған нәрсеге үндеді. Яғни, құлшылыққа лайық жалғыз Раббы – Алла екеніне иман келтіруге шақырды: Ол — Жаратушы, ризық Беруші, Тірілтуші әрі Өлтіруші; билік Иесі барлық іс-амалдардың Басқарушысы; Жұмсақ әрі ерекше Мейірімді. Сондай-ақ ол Алланың біз көретін және көрмейтін күллі ғаламдағы барлық нәрсенің Жаратушысы екеніне және Алладан өзге барлық нәрсе Оның жаратылысы екеніне иман келтіруге шақырды.

Сондай-ақ, Алланың Өзіне ғана құлшылық етуге шақырып, Одан өзгенің барлығына құлшылық етуден тыйды; Алланың Бір (Жалғыз) екенін, құлшылықта, билікте, жаратылыс пен басқаруда Оның ешбір серігі жоқ екенін барынша анық түсіндірді. Сондай-ақ Алла Тағаланың тумағанын, туылмағанын, Оған тең де, ұқсас та ешкім жоқ екенін, әрі Ол Өз жаратылысының ешбіріне енбейтінін және бейнеленбейтінін (жаратылысқа ұқсамайтынын) баяндады.

Алладан келген кітаптарға – атап айтқанда, Ибраһимге және Мұсаға (оларға Алланың сәлемі болсын) түсірілген сахифаларға (сухуфқа), сондай-ақ Тәуратқа, Забурға және Інжілге – иман келтіруге шақырды; сондай-ақ Алла Тағала жіберген барлық пайғамбарларға түгелдей иман келтіруге шақырды; егер бір-ақ пайғамбарды өтірікке шығарса, барлық пайғамбарларға күпірлік еткен болып саналады.

Ол бүкіл адамдарды Алланың рақымымен сүйіншіледі; Алла Тағала олардың ризық-қажетін өтеуші екенін, әрі Алланың мейірімді Рабб екенін баяндады. Сондай-ақ, қиямет күні Алла Тағала барлық жаратылысты қабірлерінен қайта тірілткенде, оларды есепке алатын жалғыз Өзі екенін айтты. Ол иман келтіріп, ізгі де жақсы амал жасағандарға сауапты он есе қылып беретінін, ал жамандыққа соның өзіне тең жаза беретінін, иманды жандарға ақыретте мәңгілік нығмет бар екенің, ал кім кәпір болып, жаман істер істеп өтсе, дүние-ақыретте өз жазасын алатынын жеткізді.

Алланың елшісі Мухаммад ﷺ пайғамбарлық миссиясында өз тайпасы яки өз елін де,тіпті өзінің ардақты тұлғасын да дәріптемеді. Керек десеңіз, Құран Кәрімде Нух, Ибраһим, Мұса және Иса пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) есімдері оның есіміне қарағанда жиі аталады. Құран Кәрімде оның анасының да, жұбайларының да есімдері аталмаған, ал Муса анасының есімі бірнеше рет аталған. Сондай-ақ Мәриям (оған Алланың сәлемі болсын) есімі Құранда отыз бес жерде зікір етілген.

Аллаһ Елшісі Мухаммад ﷺ шариғатқа, ақыл-санаға және жаратылысқа қайшы келетін, сондай-ақ адамзаттың (таза) фитрасына жат нәрселердің бәрінен сақталған. Өйткені Пайғамбарлар (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) Аллаһтан келген уахиды жеткізуде қателесуден аулақ, олардың міндеті — Аллаһтың әмірлерін Оның құлдарына жеткізу. Алайда, пайғамбарларға тәңірлік сипаттар тән емес; олар — өзге адам сияқты пенделер, бірақ Аллаһ Тағала оларға елшілік хабарларын уахи етеді.

Мұхаммед пайғамбардың ﷺ жеткізген хабарының Алладан келген уахи екендігінің ең ұлы айғақтарының бірі — оның осы күнге дейін тірі кезіндегідей, қаз қалпында сақталуы; оны миллиардтан астам мұсылман ұстанып, намаз, зекет, ораза, қажылық және басқа да шариғи парыздарын ешбір өзгеріссіз әрі бұрмалаусыз орындауда.

5- Пайғамбарымыздың ﷺ пайғамбарлығының айғақтары, белгілері және дәлелдері

Алла Тағала пайғамбарларды пайғамбарлығын айғақтайтын айқын аят-белгілермен келтіреді. Алла әрбір пайғамбарға адамдар көрсе, иман келтірерліктей жеткілікті белгілер берді. Пайғамбарларға берілген белгілердің ең ұлысы — біздің пайғамбарымыз Мухаммадке ﷺ берілген белгі - Құран Кәрім; ол — пайғамбарларға берілген белгілердің ішінде Қиямет күніне дейін сақталатын ең мәңгісі. Сондай-ақ, Алла оны ұлы аяттармен де (мұғжизалармен) қолдады. Алланың елшісі Мұхаммедтің ﷺ аят-мұғжизалары көп, соның кейбірі:

Исра мен Миғраж, айдың екіге бөлінуі және халық қуаңшылыққа ұшыраған кезде (пайғамбардың) Раббысына дұға етуінен кейін бірнеше рет жаңбыр жаууы.

Аз ғана тамақ пен судың мөлшері көбейіп, көптеген адамдардың соны тоя-жеп ішуі.

Әрі пайғамбардың ﷺ Алла Тағаланың оған хабар беруі арқылы, егжей-тегжейін ешкім білмеген өткен замандарға қатысты ғайып хабарларды жеткізуі — пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) өз қауымдарымен болған қиссалары және үңгір иелерінің қиссасы сияқты.

Сондай-ақ, Пайғамбардың ﷺ Алла Тағаланың уахи етуімен, өзінен кейінм жүзеге асатын ғайып нәрселер жөнінде хабарлауы. Мысалы, Хижаз жерінен шығатын отты Шам өлкесі тұрғындарының көруі, және адамдардың биік ғимарат салуда бір-бірімен жарысатыны туралы хабар беруі.

Алла Тағаланың оған жеткілікті болуы және оны адамдар зиянынан сақтауы.

Сондай-ақ, оның сахабаларына берген уәделерінің орындалуы. Мысалы, оның сахабаларға айтқан мына сөзі:

(لَتُفْتَحَنَّ عَلَيْكُمْ فَارِسُ وَالرُّومُ، وَلَتُنْفَقَنَّ كُنُوزَهُمَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ).

«Сендер Парсы мен Румды міндетті түрде жеңесіңдер әрі олардың қазыналарын Алла жолында жұмсайсыңдар».

Алланың оны (Пайғамбарды) періштелер арқылы қолдап, жәрдем беруі.

Пайғамбарлар (оларға Алланың сәлемі болсын) өз қауымдарына Мұхаммед пайғамбардың ﷺ пайғамбарлығын сүйіншілеуі; оны сүйіншілегендер қатарында Мұса, Дәуіт, Сүлеймен және Иса (оларға Алланың сәлемі болсын), сондай-ақ Исраил ұрпақтарының өзге пайғамбарлары да.

Сондай-ақ ол ақылға қонымды дәлелдермен және сау ақылға мойындататын нанымды мысалдармен3 де қуатталған.

Осы аяттар, дәлелдер және ақылға қонымды мысалдар Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыз сүннетінде кеңінен таралған; оның аяттары-белгілері санап тауыса алмайтындай көп. Кім бұларды жете танып-білгісі келсе, Қасиетті Құранға, сүннет жинақтары мен пайғамбарымыздың сирасы жайлы еңбектерге жүгінсін, өйткені оларда осы аяттарға қатысты күмәнсіз, ақиқат хабар бар.

Осы ұлы аят-белгілер орын алмағанында, оның қарсыластары — құрайыш кәпірлері және Араб түбегінде болған яһуди мен христиандар — оны өтірікке шығарып, адамдарды одан сақтандыру мүмкіндігіне ие болар еді.

Құран Кәрім – Алланың Өз елшісі Мұхаммедке ﷺ уахи еткен кітабы. Ол – әлемдердің Раббысы Алланың сөзі. Алла тағала адамдар мен жындарға оның ұқсасын немесе соған ұқсас бір-ақ сүре келтіруге шақырып, ұсыныс тастады, әрі бұл ұсыныс бүгінге дейін жалғасуда. Құран Кәрім миллиондаған адамдарды толғандырған көптеген маңызды сұрақтарға жауап береді. Ұлы Құран өзі түскен араб тілінде осы күнге дейін толық сақтаулы, одан бір әріп те кемімеген. Ол басылып, кеңінен таратылып келеді. Ол – ұлы әрі мұғжиза кітап, адамзатқа келген ең ұлы да елеулі кітаптардың бірі. Оны оқу немесе мағыналарының аудармасын оқу – өте пайдалы саналады. Кімде-кім оны танып-білуден және иман келтіруден мақұрым қалса, шын мәнінде барлық игіліктен мақұрым қалған болады.

Сол сияқты, Пайғамбардың ﷺ сүннеті, оның көрсеткен дұрыс жолы мен өмірбаяны да сақталып, сенімді жеткізушілердің тізбегі арқылы жеткізілген және ол Пайғамбардың ﷺ сөйлеген тілі – араб тілінде, ол арамызда жүргендей, басылып шығарылған әрі көптеген тілдерге аударылған. Қасиетті Құран мен Пайғамбар ﷺ сүннеті – Исламның үкімдері мен заңдарын белгілейтін жалғыз дерек көздері болып табылады.

6. Мухаммад пайғамбар ﷺ әкелген шариғат

Мухамад пайғамбар ﷺ әкелген шариғат – Ислам шариғаты. Ол – Алладан келген заңдардың әрі көктен түскен үндеулердің соңғысы. Орындалу тәртібі басқаша болғанымен, негіздер тұрғысынан ол

алдынғы пайғамбарларға түскен шариғаттармен бірдей.

Бұл — кемелдікке жеткен шариғат. Ол барлық заман мен мекенге жарамды, адамдардың дінін және дүниелік істерін игілікке бастайды; Алла Тағала үшін құлдарға парыз болған барлық ғибадаттарды, мысалы, намаз бен зекетті қамтиды. Ол, бұған қоса, адамдарға қаржылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, әскери және қоршаған ортаға қатысты рұқсат етілген және тыйым салынған мәмілелер мен үкімдерді айқындап, адамдардың тіршілігі мен ақыреті талап ететін өзге де нәрселерді баяндайды.

Бұл шариғат - адамдардың дінін, қаны мен ар-намысын, мал-мүлкін, ақылын және ұрпағын қорғайды. Ол әрбір ізгілік пен жақсылықты қамтып, әрбір жамандық пен зұлымдықтан сақтандырады. Адам қадір-қасиетіне, "орта жолды" ұстануға, әділеттікке, ықыласқа, тазалыққа, ұқыптылыққа, сүйіспеншілікке және адамдарға жақсылық тілеуге шақырады. Қан төгуді тоқтатуды, туған жердің амандығын, адамдарды негізсіз қорқытып, үркітуге тыйым салды. Ал Мұхаммед пайғамбар ﷺ зұлымдық пен бұзақылықтың барлық түріне қарсы болды, сондай-ақ жалған наным-сенімдерге, қоғамнан шеттеу және әсіредіншілдікке (дүние безушілікке) қарсы тұрды.

Алланың елшісі Мухаммад ﷺ Алла Тағаланың күллі адамзатты — еркегі мен әйелін — құрметтеп, оларды құқықтармен толықтай қамтамасыз еткенін, сондай-ақ оларды өздерінің ықтияры мен іс-әрекеттері үшін жауапты қылғанын түсіндірді. Әркім өзіне немесе өзгелерге зиян келтіретін кез келген іс-әрекеті үшін жауап береді. Әрі иман, жауапкершілік, жазалану және марапатталу тұрғысынан еркек пен әйел өзара тең. Сонымен қатар, осы шариғатта әйел затына ана, жұбай, қыз және әпке-қарындас ретінде ерекше қамқорлық берілген.

Мұхаммед пайғамбар ﷺ әкелген Исламның шариғаты ақылды қорғауды бұйырып, арақ ішу секілді ақылды кетіретін барлық нәрселерді харам етті. Сондықтан Ислам дінді "ақылға жол нұсқайтын нұр" деп танған. Осының бәрі адам баласының Раббысына айқын түсінік пен білім негізінде сүйеніп құлшылық етуі үшін. Ислам шариғаты ақылға ерекше мәртебе беріп, оны міндет жүктеудің негізі етті. Сондай-ақ, оны жалған нанымдар мен пұтқа табынушылық бұғауынан босатты.

Ислам шариғаты дұрыс білімді биік мәртебеге Көтерген. Бізді ғылыми зерттеулер жүргізуге, өзімізге және қоршаған жаратылыстарға үңіліп, ой жүгіртуге шақырады. Анық дереккөздерден алынған ғылыми мәліметтер Алланың елшісі ﷺ жеткізген ұлағатты ілімге ешқашан қайшы келмейді.

Шариғат бір нәсілді екіншісінен айырып-ерекшелейді, бір қауымды басқа қауымнан артық қоймайды.Оның үкімдерінің алдында барлығы бірдей. Әсілінде барлық адамдар өзара тең. Бір нәсілдің басқа нәсілден, не бір халықтың өзге халықтан артықшылығы жоқ – артықшылық тек тақуалықта. Алланың елшісі Мухаммад ﷺ әрбір нәресте таза фитрамен дүниеге келетінін хабарлаған. Ешбір адам баласы туа салысымен күнәһар болып, яки өзгенің күнәсына мұрагер болып дүниеге келмейді.

Алла Тағала Ислам шариғатында тәубе етуді парыз етті. Тәубе дегеніміз - адам баласының Раббысы алдында (істегені үшін) өкініп, күнәсынан бас тартуы. Ислам - мұсылмандықты қабылдағанға дейінгі күнәлардың бәрін жойса, тәубе де өзіне дейінгі күнәларды жояды. Ислам қабылдаған адамға күнәларын жария мойындауы, яғни адамдар алдында өкіне ағынан жарылуы қажет емес. Сондай-ақ, Ислам дінінде адам Раббыңмен тура байланыста болады, сондай-ақ Оны мен пенде арасында дәнекер қажет емес. Ислам адамдарды құдай етіп алуды, Алла Тағалаға Оның раббылық ерекшеліктеріне, құлшылығына серік қосуды харам еткен.

Мұхаммед пайғамбар ﷺ әкелген шариғат өзінен бұрынғы барлық шариғаттардың үкімін жойды. Өйткені Алла Тағаладан түскен бұл Ислам шариғаты — Қиямет күніне дейін жалғасатын соңғы әрі кемел дін. Ол бүкіл адамзатқа арналған. Алдынғы шариғаттар өздеріне дейінгі үкімдерді жойып тұрған. Ислам шариғаты өзіне дейінгілердің орнын басты. Сондықтан Алла Тағала Ислам шариғатынан өзге шариғатты, Мұхаммед пайғамбар ﷺ әкелген Исламнан басқа дінді қабыл етпейді. Кімде-кім Исламнан өзге дінді ұстанса, одан қабыл болмайды. Ал осы шариғаттың үкімдері мен егжей-тегжейін тереңірек білгісі келген жан оны Исламды таныстыратын сенімді әрі беделді еңбектерден іздесін.

Ислам шариғатының мақсаты - Алладан келген барлық жолдаулардың мақсаты секілді—адамды тура жолға салу арқылы оның дәрежесін көтеріп, оны тек қана әлемдер Раббысы - Алланың құлы ету, әрі оны өзі сияқты (адамға) немесе материалдық нәрсеге табынудан және теріс нанымдардан босату.

Ислам шариғаты әрбір заман мен мекенге жарамды, әрі онда адамзаттың шынайы мүдделеріне қайшы келетін ешнәрсе жоқ. Өйткені ол — адамдардың нені қажет ететінін жақсы білетін Алладан түсірілген. Адамзат ақиқатқа негізделген, бір-біріне қарсы келмейтін, қоғамды түзетуді көздейтін шариғатқа мұқтаж; оны бірде-бір адам ойлап шығара алмайды. Керісінше, ол Алла тарапынан болуы керек. Ол адамдарды жақсылық пен тура жолға бастайды. Егер адамдар соның үкімдеріне жүгінсе, істері түзеліп, бір-біріне зұлымдық жасаудан аман болар еді.

7 – Қарсыластарының оған қатысты ұстанымы және оның пайдасына берген куәліктері.

Күмән жоқ, әрбір пайғамбардың оған қастық жасаған, оның дағуат жолын бөгеп, адамдарды оған иман келтіруден тосқан дұшпандары болған. Алланың Елшісі Мұхаммедтің ﷺ да өмірінде де, дүниеден өткенінен кейін де көптеген дұшпандары болса да, Алла оғап барлығына қарсы тұруда жәрдем етті. Тіпті олардың көпшілігінің куәліктері — бұрын да, қазір де — оның пайғамбар екенін, әрі алдыңғы пайғамбарлар (оларға Алланың сәлемі болсын) алып келгендей ақиқатпен келгенін растап отыр. Олар оның хақ екендігін білсе де, көпшілігін оған иман келтіруден түрлі кедергілер: билік пен мансапты сүю, қоғамнан қорқу немесе қызметі арқылы табатын мал-мүлкінен айырылып қалу қатері тосады.

Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға тән.

الفهرس

 

Әл-Харам мешіті және Пайғамбар мешітіндегі діни істер басқармасына қарасты ғылыми комитет 2

1 – Оның аты-жөні, тегі және туып-өскен шаһары 2

2- Берекелі әйелмен берекелі неке 4

3- Уахидің басталуы 4

4- Оның елшілігі 13

5- Пайғамбарымыздың пайғамбарлығының айғақтары, белгілері және дәлелдері 16

6. Мухаммад пайғамбар әкелген шариғат 20

7 – Қарсыластарының оған қатысты ұстанымы және оның пайдасына берген куәліктері. 25

***

 

kk449v1.0 - 14/05/2026


(Сахих әл-Бухари, 4461) 6/15.

Мысалы, Аллаһ Тағаланың мына сөзі: "Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар! Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлыгы жиылса, бір шыбын да жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де әлсіз" [Хаж сүресі:73]

Сахих Муслим (901)