PHPWord

 

 

نُبذَةٌ فِي العَقِيدَةِ الإِسْلَامِيَّة (شَرْحُ أُصُولِ الإِيمَانِ)

 

Ислам ақидасына қысқаша шолу

 

بِقَلَم فَضِيلَة الشَّيخ العَلَّامَة

مُحَمَّدِ بْنِ صَالِحٍ العُثَيمِين

غَفَرَ اللَّهُ لَهُ وَلِوَالِدَيْهِ وَلِلْمُسْلِمِين

 

Қадірлі шейх, терең білім иесі қаламымен

Мухаммад ибн Салих әл-Усәймин

 

Алла оны, әке-шешесін және барлық мұсылмандарды кешірсін

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

Ислам ақидасына қысқаша шолу

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен.

Кіріспе

Ақиқатында, барлық мақтау Аллаға ғана тән. Біз Оған мақтау-мадақ айтамыз, Одан көмек сұрап, кешірім

тілейміз және Оған тәубе етеміз. Сондай-ақ, біз өз нәпсіміздің және іс-әрекеттеріміздің жамандығынан Алладан пана сұраймыз. Алла кімді тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал, кімді адастырса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Алладан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ деп куәлік етемін; Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Сондай-ақ, Мухаммад Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін. Оған, оның отбасына, сахабаларына және оларға ізгілікпен ерушілерге Алланың салауаты мен сәлемі болсын.

Расында, таухид ілімі – ілімдердің ең ардақтысы, құндылығы ең жоғары және ізденіуге ең міндеттісі. Өйткені ол – Алла Тағаланы, Оның есімдері мен сипаттарын және құлдарының Оның алдындағы міндеттеерін танытатын ілім, әрі Алла Тағалаға апаратын жолдың кілті және Оның шариғаттарының негізі.

Сондықтан, елшілердің барлығы Оған ғана шақыруда біріккен. Алла Тағала:

﴿وَمَآ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ مِن رَّسُولٍ إِلَّا نُوحِيٓ إِلَيۡهِ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّآ أَنَا۠ فَٱعۡبُدُونِ25﴾

"﴾(О, Пайғамбар!) Біз сенен бұрын бір Елші жіберсек, оған: "Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар", - деп уахи етпей, жібермедік﴿  - деген. [Әл-Әнбия: 25]

Алла Тағала Өзінің Жалғыздығына куәлік етті. Оған періштелері мен білім иелері де куәлік етті. Алла Тағала былай деді:

﴿شَهِدَ ٱللَّهُ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ وَأُوْلُواْ ٱلۡعِلۡمِ قَآئِمَۢا بِٱلۡقِسۡطِۚ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ 18﴾

"Алладан басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне әділдікті Орнатушы болып Алланың Өзі, періштелер және ғылым иелері де куәлік береді. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол бәрінен Үстем, аса Дана" (Әлі Ғимран: 18).

Таухид (Алланы бірлеу) мәселесі маңызды болғандықтан, әрбір мұсылман оны үйренуге, үйретуге, ой жүгірту және сенім ретінде ұстануға міндетті. Мұның мақсаты – дінін дұрыс, мықты негізге қалау, жүрек тыныштығына және толық мойынсұнуға жету, сондай-ақ оның жемістері және нәтижелерімен бақытқа бөлену.

Алла сәттілік Иесі (жеңіске Жеткізуші)

Автор

Ислам діні

Ислам діні – бұл Алланың Мұхаммед пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жіберген, сол арқылы діндерді тәмәмдаған, оны құлдары үшін кемеліне келтірген, оларға деген нығметін

толықтырған және олар үшін дін ретінде разы болған діні. Сондықтан, ешкімнен Исламнан басқа ешбір дін қабыл етілмейді. Алла Тағала былай деді:

﴿مَّا كَانَ مُحَمَّدٌ أَبَآ أَحَدٖ مِّن رِّجَالِكُمۡ وَلَٰكِن رَّسُولَ ٱللَّهِ وَخَاتَمَ ٱلنَّبِيِّـۧنَۗ وَكَانَ ٱللَّهُ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٗا 40﴾

"Мухаммад сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ, ол - Алланың Елшісі және пайғамбарлардың соңы. Алла - барлық нәрсені Білуші" [Әхзаб сүресі, 40-аят].   

Сондай-ақ, Алла Тағала былай деді:

﴿...ٱلۡيَوۡمَ أَكۡمَلۡتُ لَكُمۡ دِينَكُمۡ وَأَتۡمَمۡتُ عَلَيۡكُمۡ نِعۡمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ ٱلۡإِسۡلَٰمَ دِينٗا...﴾

﴾...Бүгін сендерге діндеріңді толықтырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінімен риза болдым...﴿

(Мәида: 3).

Сондай-ақ, Алла Тағала былай деді:

﴿إِنَّ ٱلدِّينَ عِندَ ٱللَّهِ ٱلۡإِسۡلَٰمُ...﴾

﴾Ақиқатында, Алланың алдындағы дін - Ислам...﴿ [Әлі Имран: 19].   

Сондай-ақ, Алла Тағала былай деді:

﴿وَمَن يَبۡتَغِ غَيۡرَ ٱلۡإِسۡلَٰمِ دِينٗا فَلَن يُقۡبَلَ مِنۡهُ وَهُوَ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ 85﴾

﴾Кімде-кім Исламнан басқа бір дінді қаласа, одан әсте қабыл етілмейді әрі ол ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады﴿ [Әлі Ғимран: 85].   

Әрі Алла Тағала бүкіл адамзатқа осы дінді ұстануды парыз етіп, Алланың Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзін бағыттап, былай деді:

﴿قُلۡ يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنِّي رَسُولُ ٱللَّهِ إِلَيۡكُمۡ جَمِيعًا ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ فَـَٔامِنُواْ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِ ٱلنَّبِيِّ ٱلۡأُمِّيِّ ٱلَّذِي يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ وَكَلِمَٰتِهِۦ وَٱتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمۡ تَهۡتَدُونَ 158﴾

﴾ (О, Пайғамбар!) Айт: Әй, адамдар! Расында мен - сендердің барлығыңа Алланың Елшісімін; Ол сондай Алла, жер мен көктің иелігі Оған тән. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді де өлтіреді. Аллаға сеніңдер және Оның Елшісіне, - Аллаға әрі Оның сөздеріне сенуші, оқу-жазуды білмейтін Пайғамбарға еріңдер, сонда тура жолды табасыңдар", - деп.﴿ [Әғраф: 158].   

Муслимнің “Сахих” жинағында Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны риуаят етіледі:

«وَالَّذِي ‌نَفْسُ ‌مُحَمَّدٍ ‌بِيَدِهِ ‌لَا ‌يَسْمَعُ بِي أَحَدٌ مِنْ هَذِهِ الْأُمَّةِ يَهُودِيٌّ وَلَا نَصْرَانِيٌّ، ثُمَّ يَمُوتُ وَلَمْ يُؤْمِنْ بِالَّذِي أُرْسِلْتُ بِهِ إِلَّا كَانَ مِنْ أَصْحَابِ النَّارِ».

«Мухаммадтың жаны қолында болған (Алланың) атымен ант етемін, осы үмметтен яһуди немесе насара болсын, кімде-кім мен туралы естіп, кейін менімен жіберілген нәрсеге иман келтірмей өлсе, ол сөзсіз тозақтықтардан болады»1.

Оған иман келтіру дегеніміз — оның әкелгеніне тек сену ғана емес, сонымен бірге, оны қабылдау және мойындау; тек қана сеніммен шектелу жеткіліксіз. Сондықтан Әбу Талиб Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сеніп, оның әкелгені - діндердің ең жақсысыс деп мойындаса да, (қабылдамағаны үшін) оған иман келтіруші болмады.

Ислам діні – өзіне дейінгі діндердегі барлық игіліктерді қамтыған, әрі әрбір заманға, мекенге және үмметке жарамды болуымен ерекшеленеді. Алла Тағала Өз Елшісіне қарата былай деді:

﴿وَأَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ بِٱلۡحَقِّ مُصَدِّقٗا لِّمَا بَيۡنَ يَدَيۡهِ مِنَ ٱلۡكِتَٰبِ وَمُهَيۡمِنًا عَلَيۡهِ...﴾

﴾ (О, Пайғамбар!) Саған шынайы түрде Кітапты (Құранды) өзінен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік...﴿ (Мәида: 48).

Оның әрбір заманға, мекенге және барша үмметтерге жарамды болуының мағынасы: оны берік ұстану ешбір заманда, ешбір мекенде үмметтің мүдделеріне қайшы келмейді, керісінше, ол – оның игілігіне (түзелуіне). Алайда бұл, кейбір адамдар қалағанындай, оның әрбір заманға, мекенге және барша үмметтерге бағынышты екенін білдірмейді.

Ислам діні – хақ дін, әрі Алла Тағала оны шынайы ұстанғандарға жәрдем беріп, өзгелерден үстем ететініне кепілдік берген. Алла Тағала былай деді:

﴿هُوَ ٱلَّذِيٓ أَرۡسَلَ رَسُولَهُۥ بِٱلۡهُدَىٰ وَدِينِ ٱلۡحَقِّ لِيُظۡهِرَهُۥ عَلَى ٱلدِّينِ كُلِّهِۦ وَلَوۡ كَرِهَ ٱلۡمُشۡرِكُونَ 9﴾

﴾"Ол, Өз елшісін туралық және хақ дінмен, мүшріктер жақтырмаса да, бүкіл діндерге үстем болсын деп жіберген"﴿ (Саф: 9).

Сондай-ақ, Алла Тағала былай деді:

﴿وَعَدَ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنكُمۡ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَيَسۡتَخۡلِفَنَّهُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ كَمَا ٱسۡتَخۡلَفَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ وَلَيُمَكِّنَنَّ لَهُمۡ دِينَهُمُ ٱلَّذِي ٱرۡتَضَىٰ لَهُمۡ وَلَيُبَدِّلَنَّهُم مِّنۢ بَعۡدِ خَوۡفِهِمۡ أَمۡنٗاۚ يَعۡبُدُونَنِي لَا يُشۡرِكُونَ بِي شَيۡـٔٗاۚ وَمَن كَفَرَ بَعۡدَ ذَٰلِكَ فَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡفَٰسِقُونَ 55﴾

﴾"Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге; өздерінен бұрынғы өткендерді жер бетіне мұрагер қылғаны секілді, оларды да жер бетінде басқарушы ететінін әрі олар үшін Өзі құптаған дінді нығайтатынын және қорқыныштарын қауіпсіздікпен

алмастыратынын уәде етті. Олар Маған құлшылық етеді және Маған еш нәрсені серік етпейді. Ал кім осыдан кейін күпірлік етсе, міне солар – бұзықтар"﴿.    (Нұр: 55).

Ислам діні – ақида мен шариғаттан (тұрады). Ол ақидасы мен шариғатында кемел дін болып табылады.

1- АллаһТағаланың таухидіне бұйырады және Оған серік қосуды тыяды.

2- Шыншылдықты бұйырып, өтірік айтудан тыяды.

3 — (Ислам) әділетті бұйырып, зұлымдықтан тыяды. Әділет деген — өзара ұқсас нәрселерді теңестіру және әртүрлі нәрселерді бір-бірінен ажырату. Сонымен бірге, әділет — кейбір адамдар айтып жүргендей, абсолютті теңестіру емес. Адамдар “Ислам — теңдік діні” деп жалпылай айтып, мұндай шектен тыс теңестіруді меңзесе, ол — дұрыс емес. Өйткені бір-бірінен айырмашылығы бар нәрселерді (ер мен әйелді) теңестіру – әділетсіздік; бұл Исламға жат, әрі оны жасаушы мақталмайды.

4- Аманатты орындауға бұйырып, қиянат жасаудан тыяды.

5- Адалдыққа бұйырып, опасыздықты тыйым салады.

6. Ата-анаға игілік жасауды бұйырып, оларға тілазар болудан тыяды.

7. (Ислам) туыстық қатынасты сақтауды (жақындармен араласуды) бұйырып, оны үзуді тыйым салады.

8. Көршіге жақсылық жасауды бұйырып, оған жамандық жасауды тыйым салады.

Қорыта айтқанда: Ислам діні әрбір көркем мінез-құлық пен ізгі амалға бұйырып, әрбір жаман мінез-құлық пен жаман амалды тыйым салады.

Алла Тағала айтты:

﴿إِنَّ ٱللَّهَ يَأۡمُرُ بِٱلۡعَدۡلِ وَٱلۡإِحۡسَٰنِ وَإِيتَآيِٕ ذِي ٱلۡقُرۡبَىٰ وَيَنۡهَىٰ عَنِ ٱلۡفَحۡشَآءِ وَٱلۡمُنكَرِ وَٱلۡبَغۡيِۚ يَعِظُكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ 90﴾

("Расында, Алла әділ болуды, жақсылық істеуді және ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ, Ол арсыздықты, қайтарылған нәрселерді және зиян

келтіруді тыйым салады. Ол сендерді, түсінерсіңдер, деп насихаттайды") (Нәхл: 90).

Исламның рүкіндері

Исламның рүкіндері — оның негіздері, яғни дін соның үстіне құрылатын нәрселер. Исламның бес рүкіні бар: Ибн Омардың (ол екеуіне Алла разы болсын) Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткізген риуаятында былай делінген: 

«بُنِيَ الْإِسْلَامُ عَلَى خَمْسَةٍ: عَلَى أَنْ يُوَحِّدَ اللَّه - وَفِي رِوَايَةٍ عَلَى خَمْسٍ -: شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ، وَإِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَصِيَامِ رَمَضَانَ، وَالْحَجِّ».

«Ислам бес негізге құрылған: Алланы бір деп тануға – басқа риуаятта: бес (негізге) –:

Алладан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, рамазанда ораза тұту және қажылық (өтеу)» Сонда бір адам: «Қажылық пен Рамазан оразасы ма? - деп еді. Ол:

«لَا، صِيَامُ رَمَضَانَ، وَالْحَجُّ».

«Жоқ, Рамаздан оразасы және қажылық», - деді. Осылай мен мұны Алланың елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) естідім2.

1- Ал, Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі, деген куәлікке келер болсақ, ол – бұл куәлік тілмен айтылған айқын сенімді білдіреді. Яғни, нық сенімі себепті оны көріп тұрғандай айтады. Куәлік етілген нәрселер (Алла, Елші) бірнешеу болса да, бұл куәлік бір рүкін болып саналады:

Өйткені Елші (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) – Алла Тағаладан жеткізуші. Сондықтан оған Алланың құлы әрі елшісі деп куәлік ету – “Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ” деген куәлікті толықтырады.

Немесе, бұл екі куәлік – амалдардың дұрыстығы мен қабыл болуының себебі. Өйткені әрбір амал Алла Тағалаға деген шынайы ықылас және Оның Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жолын ұстаумен жүзеге асады.

«Лә иләһә иллә-Ллаһ» деген куәлік Аллаға деген ықыласпен жүзеге асса, ал Алланың Елшісіне ерумен «Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі» деген куәлік жүзеге асады.

Осы ұлы куәліктің жемістерінің бірі – жүрек пен нәпсіні жаратылғандарға құл болудан азат ету және елшілерден басқаларға еруден босату.

2. Намазды орындау – бұл оны белгіленген уақыттарда және тиісті тәптіппен дұрыс әрі толық орындау арқылы Алла Тағалаға құлшылық ету.

Оның тағы бір жемісі: көкіректің кеңеюі, көздің қуанышы және арсыздық пен жамандықтан тыйылу.

3- Ал енді зекет беруге келсек: ол – зекет беруге тиісті мал-мүліктен міндетті мөлшерді Алла үшін жұмсау арқылы Оған құлшылық ету.

Оның жемістерінен: нәпсіні сараңдық секілді жаман мінез-құлықтан (сараңдықтан) тазарту, Ислам және мұсылмандардың қажетін өтеу.

4. Рамазан оразасы болса: бұл – Рамазан айының күндізгі уақытында оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу арқылы Алла Тағалаға құлшылық ету.

Оның жемістерінің бірі – Жаратушы Алланың разылығын іздеп, нәпсіні оған ұнамды нәрселерден бас тартуға дағдыландыру.

5. Қағбаға қажылық жасау дегеніміз: ол - Қасиетті Үйге құлшылық ниетімен, қажылық рәсімдерін орындау арқылы Аллаға құлшылық ету.

Қажылық жемістерінің бірі – нәпсіні Алла Тағалаға бойсұну жолында мал-мүлкін және дене күшін жұмсап тәрбиелеу. Сондықтан қажылық Алла Тағала жолындағы жиһадтың бір түрі болып саналады.

Осы негіздерге қатысты біз атап өткен әрі атамаған барлық жемістер мұсылман қауымын таза да пәк үмметке айналдырады: олар Аллаға шынайы дінін ұстанып құлшылық етеді, жаратылғандарға әділдік танытады және шыншыл мәміле жасайды; Өйткені, Исламның қалған барлық заңдары осы негіздердің дұрыстығымен дұрыс болады, ал үмметтің жағдайы дінінің түзулігімен түзелтіледі. Ол діни істерінің түзулігінен неғұрылым айырылса, өз жағдайының жақсаруынан да соғұрылым айырылады.

Кімде-кім мұны анықтағысы келсе, Алла Тағаланың келесі сөзін оқысын:

﴿وَلَوۡ أَنَّ أَهۡلَ ٱلۡقُرَىٰٓ ءَامَنُواْ وَٱتَّقَوۡاْ لَفَتَحۡنَا عَلَيۡهِم بَرَكَٰتٖ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَٰكِن كَذَّبُواْ فَأَخَذۡنَٰهُم بِمَا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ 96 أَفَأَمِنَ أَهۡلُ ٱلۡقُرَىٰٓ أَن يَأۡتِيَهُم بَأۡسُنَا بَيَٰتٗا وَهُمۡ نَآئِمُونَ 97 أَوَأَمِنَ أَهۡلُ ٱلۡقُرَىٰٓ أَن يَأۡتِيَهُم بَأۡسُنَا ضُحٗى وَهُمۡ يَلۡعَبُونَ 98 أَفَأَمِنُواْ مَكۡرَ ٱللَّهِۚ فَلَا يَأۡمَنُ مَكۡرَ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡقَوۡمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ 99﴾

﴾"Егер өлкелер халқы иман келтіріп, (күнәдан) сақтанғанда, оларға көк пен жердің берекеттерін ашып берер едік. Бірақ олар жасынға шығарды. Сондықтан қылмыстары себепті оларды қолға алдық"

"Кенттердің халқы, өздеріне азабымыздың түнделетіп, олар ұйқыда жатқандарында келуінен қауіпсіз бе?" 97

Және де өлкелер халқы, өздері ойнап жүргенде, сәске кезінде, азабымыздың келуінен қауіпсіз бола ала ма?

Олар Алланың амал-тәсілінен қауіптенбей ме? Алланың  амал-тәсілінен зиянға ұшырайтын ел ғана

қауіптенбейді ﴿ (Әғраф: 96-99).

Әр адам, бұрынғылардың тарихына зер салсын. Шынында, тарих – парасат иелері үшін ғибрат, әрі жүрегін перде баспаған жандар үшін бағдар. Жәрдем сұралушы – бір Алла.

Ислам ақидасының негіздері

Ислам діні, бұған дейін айтып өткеніміздей,

— ақида мен шариғаттан тұрады. Біз оның заңдарының кейбіріне тоқталып, олардың

негізі саналатын рүкіндерін де атап өттік.

Ал ислам ақидасына келсек, оның негіздері: Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына, иман келтіру.

Бұл негіздерге Алланың Кітабы мен Оның Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті дәлел болады.

Алла Тағала Кітабында былай дейді:

﴿لَّيۡسَ ٱلۡبِرَّ أَن تُوَلُّواْ وُجُوهَكُمۡ قِبَلَ ٱلۡمَشۡرِقِ وَٱلۡمَغۡرِبِ وَلَٰكِنَّ ٱلۡبِرَّ مَنۡ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةِ وَٱلۡكِتَٰبِ وَٱلنَّبِيِّـۧنَ...﴾

(Игілік - жүздеріңді шығысқа не батысқа бұруда емес. Бірақ, кімде-кім Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе...) (Бақара: 177), Ал тағдыр жайында былай деген:

﴿إِنَّا كُلَّ شَيۡءٍ خَلَقۡنَٰهُ بِقَدَرٖ 49 وَمَآ أَمۡرُنَآ إِلَّا وَٰحِدَةٞ كَلَمۡحِۭ بِٱلۡبَصَرِ 50﴾

(Шын мәнінде, Біз әр нәрсені алдын ала өлшем бойынша жараттық 49

Және біздің әміріміз бір-ақ рет, көз салғандай ғана 50) (Қамар: 49-50 ).

Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінде Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жәбрейілдің иман туралы сұрағына былай деп жауап берген:

«الْإِيمَانُ: أَنْ تُؤْمِنَ بِاللَّهِ، وَمَلَائِكَتِهِ، وَكُتُبِهِ، وَرُسُلِهِ، وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، وَتُؤْمِنَ بِالْقَدَرِ: خَيْرِهِ وَشَرِّهِ».

«Иман – Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ақырет күніне иман келтіруің және тағдырға - оның жақсылығы мен жамандығына - иман келтіруің»3.

Алла Тағалаға иман

Аллаға иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:

Біріншісі: Алла Тағаланың бар екеніне иман келтіру:

Алла Тағаланың барлығына : (фитра) туабіткен болмыс, ақыл, шариғат және сезім дәлел болады.

Фитраның Алла Тағаланың бар екендігіне дәлел болуына келсек: әрбір жаратылыс алдын-ала ойланбастан немесе үйретілусіз-ақ өзінің Жаратушысына иман келтіру қабілетімен жаратылған. Бұл (таза) фитраның талабы. Бұдан жүрегіне, оның бұзылуына себеп болатын нәрсе түскен адам ғана бас тартады. Бұған дәлел Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзі:

«‌مَا ‌مِنْ ‌مَوْلُودٍ إِلَّا يُولَدُ عَلَى الْفِطْرَةِ، فَأَبَوَاهُ يُهَوِّدَانِهِ أَوْ يُنَصِّرَانِهِ أَوْ يُمَجِّسَانِهِ».

«Әрбір сәби фитрасымен (өзінің табиғи болмысымен) туылады. Ал ата-анасы оны яһуди, христиан немесе отқа табынушы қылады»4.

2- Ал, Алла Тағаланың бар екендігіне ақыл-ой дәлеліне келсек, бұл жаратылыстардың – бұрынғысы мен кейінгісінің – барлығын жоқтан бар еткен бір Жаратушысы болуы шарт. Өйткені олардың өз-өзін жаратуы да, кездейсоқ пайда болуы да мүмкін емес.

Ешбір нәрсе өзін-өзі жарата алмайды, өйткені ол бар болғанға дейін жоқ еді. Сонда қалай ол жаратушы болмақ?!

Оның кездейсоқ пайда болуы мүмкін емес, өйткені әрбір пайда болған нәрсенің міндетті түрде бір пайда қылушысы болады. Себебі әлемнің осындай ғажап тәртіппен, өзара үйлесімділікпен, себептер мен салдардың және күллі жаратылыстың өзара тығыз байланыста болуы оның кездейсоқ пайда болғанын түбегейлі жоққа шығарады. Өйткені кездейсоқ пайда болған нәрсенің жаратылу негізінде ешқандай тәртіп болмайды, ендеше ол өмір сүріп, даму барысында қалайша жүйелі болмақ?!

Егер бұл жаратылыстар өздігінен де, кездейсоқ та пайда бола алмаса, онда олардың бір Жаратушысы болуы анық, Ол – әлемдердің Раббысы Алла.

Алла Тағала осы ақли әрі бұлтартпас айғақты Тур сүресінде келтіріп, былай деді:

﴿أَمۡ خُلِقُواْ مِنۡ غَيۡرِ شَيۡءٍ أَمۡ هُمُ ٱلۡخَٰلِقُونَ 35﴾

"Әлде олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Немесе олар өздері жаратушылар ма?" (Тур: 35 ). Яғни: олар Жаратушысыз жаратылмаған, әрі өздерін жаратушы да емес; демек, олардың Жаратушысы – Алла Тағала. Осы себепті Жубайр бин Мутғим (оған Алла разы болсын) Алланың елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Тур» сүресінің мына аяттарына жетіп былай оқығанын естіді:

﴿أَمۡ خُلِقُواْ مِنۡ غَيۡرِ شَيۡءٍ أَمۡ هُمُ ٱلۡخَٰلِقُونَ 35 أَمۡ خَلَقُواْ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَۚ بَل لَّا يُوقِنُونَ 36 أَمۡ عِندَهُمۡ خَزَآئِنُ رَبِّكَ أَمۡ هُمُ ٱلۡمُصَۜيۡطِرُونَ 37﴾

"Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Әлде олар жаратушылар ма?

Яки олар, аспандар мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар айқын сенбейді

Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Не олар басқарушылар ма?)

(Тур: 35-37).

Сол кезде мүшрік болған Жубайр былай деді: «(Сол сәтте) жүрегім ұшып кете жаздады. Бұл — иманның жүрегіме алғаш рет орныққан кезі болды»5.

Осыны айқындайтын бір мысал келтірейік: егер біреу саған айналасын бақтар қоршап, арасынан өзендер аққан, іші түрлі төсеніштер мен төсектерге толы және барша қажетті әрі сәндік бұйымдарымен безендірілген зәулім сарай туралы айтса. Әрі саған: «Бұл сарай және ондағы кемелдік өз-өзін жаратты немесе ешбір Жаратушысыз кездейсоқ пайда болды», – делінсе, сен дереу оны жоққа шығарып, өтірік дер едің және сөзін ақымақтыққа балар едің. Олай болса, бұл кең әлем, жер-көгімен, аспан денелері, түрлі жағдайлары және таңғажайып мінсіз жүйесімен қоса, осынау кең-байтақ ғаламның өзін-өзі жаратуы немесе бір Жаратушысыз кездейсоқ пайда болуы мүмкін бе?

3. Шариғаттың Алла Тағаланың бар екендігі дәлеліне келсек: бұған күллі көктен түскен кітаптар куәлік етіп, ондағы жаратылыстың пайдасын қамтитын әділ үкімдер - жаратылысқа тиімділігін білетін аса Дана, бәрін Білуші Раббы тарапынан екендігіне дәлел болады. Онда келген және шындығына заманның өзі куәлік еткен хабарлар — олардың Құдіретті Жаратушыдан келгенін, Ол хабарлаған нәрселерді жаратуға қабілетті екенін көрсетеді.

4- Алланың бар екендігіне сезім дәлелдері екі түрлі болады:

Біріншісі: біз дұға етушілердің дұғасына жауап берілгенін және қиналғандарға көмек көрсетілгенін естиміз, көреміз. Бұл – Оның (Тағала) бар екендігінің айқын дәлелі. Алла Тағала айтты:

﴿وَنُوحًا إِذۡ نَادَىٰ مِن قَبۡلُ فَٱسۡتَجَبۡنَا لَهُۥ...﴾

"Әрі Нухқа да, ол бұрын жалбарынып тілеген кезде, Біз оған жауап бердік..." (Әнбия: 76). Сондай-ақ, Алла Тағала айтты:

﴿إِذۡ تَسۡتَغِيثُونَ رَبَّكُمۡ فَٱسۡتَجَابَ لَكُمۡ...﴾

"Раббыңыздан көмек сұрағандарыңды еске алыңдар. Ол сендерге жауап берді...) (Әнфәл: 9).

Имам Бухаридің «Сахих» жинағында Әнас ибн Мәликтен (Аллһ оған разы болсын) былай деп айтқан:

«إنَّ أعرابيًّا دَخَلَ يَوْمَ الجُمُعَةِ -والنَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيهِ وَسَلَّمَ يَخْطُبُ- فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَلَكَ المَالُ، وجَاعَ العِيَالُ، فَادْعُ اللَّهَ لنَا؛ فَرَفَعَ يَدَيْهِ ودَعَا، فَثَارَ السَّحَابُ أمثَالَ الجِبَالِ، فَلَمْ يَنْزِلْ عَنْ مِنْبَرِهِ حتَّى رَأَيْتُ المَطَرَ يَتَحَادَرُ عَنْ لِحْيَتِهِ».

«Жұма күні Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құтпа айтып тұрғанда, бір бәдәуи кісі кіріп келді де: «Уа, Алланың елшісі! Мал-мүлкіміз қырылды, бала-шағамыз аш қалды, біз үшін Аллаға дұға етіңіз», - деді. Ол қолдарын көтеріп дұға еткен сәтте, бұлттар таулар сияқты үйіріліп, ол мінберінен түспей тұрып-ақ, мен жаңбырдың оның сақалынан ағып жатқанын көрдім»6

Ал екінші жұмада әлгі бәдәуи немесе басқа біреу орнынан тұрып: “Уа, Аллаһтың елшісі! Үйлер қирап, мал-мүлік суға кетті, біз үшін Аллаға дұға етіңізші!” – деді. Сонда ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екі қолын көтеріп былай деді:

«اللَّهُمَّ حَوَالَيْنَا وَلَا عَلَيْنَا».

/Аллаһумма, хауаләйнә уә лә ъаләйнә!/

«Я, Алла! Үстімізге емес, айналамызға жаудырғайсың!» Ол қай жаққа нұсқаса, сол жақ ашылатын7.

Алла Тағалаға шынайы жүгініп, дұғаның қабыл болу шарттарын орындаған адамның дұғасына жауаптың берілуі – бүгінгі күнге дейін куәлік беріліп келе жатқаны анық.

Екінші түрі: адамдар көретін немесе еститін, мұғжизалар деп аталатын пайғамбарлардың аят-белгілері – оларды Жіберушінің, яғни Алла Тағаланың бар екендігіне кесімді дәлел. Өйткені бұл – Алла Тағаланың Өз елшілерін қолдап, оларға жәрдем беруі үшін жүзеге асыратын, адамның қолынан келмейтін істері.

Бұған мысал: Мусаға (оған Алланың сәлемі болсын) Алла Тағала теңізді таяғымен ұруға бұйырды. Ол оны ұрғанда теңізде он екі құрғақ жол пайда болып, арасындағы су таулардай болды. Алла Тағала былай деді:

﴿فَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنِ ٱضۡرِب بِّعَصَاكَ ٱلۡبَحۡرَۖ فَٱنفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرۡقٖ كَٱلطَّوۡدِ ٱلۡعَظِيمِ 63﴾

(Сонда Біз Мусаға: "Таяғыңмен теңізді ұр!",- деп уахи еттік. Сонда (теңіз) жарылып, әр бөлігі асқар таудай болды 63) (Шуғара: 63).

Екінші мысал: Исаның (оған Алланың сәлемі болсын) Алланың рұқсатымен өлілерді тірілтіп, оларды қабірінен шығаратын мұғжизасы. Ол туралы Алла Тағала:

﴿...وَأُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰ بِإِذۡنِ ٱللَّهِ...﴾

"... және Алланың қалауымен өлілерді тірілтемін..." (Әлі Имран: 49). Және:

﴿...وَإِذۡ تُخۡرِجُ ٱلۡمَوۡتَىٰ بِإِذۡنِي...﴾

"Әрі сонда Менің рұқсатыммен өлгендерді (тірілтіп) шығарар едің...", -деген. (Мәида: 110).

Үшінші мысал: Құрайыш Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір белгі сұрағанда, ол айға ишара етіп, айдың екіге бөлінуі. Мұны адамдар көрді. Осыған қатысты Алла Тағала:

﴿ٱقۡتَرَبَتِ ٱلسَّاعَةُ وَٱنشَقَّ ٱلۡقَمَرُ 1 وَإِن يَرَوۡاْ ءَايَةٗ يُعۡرِضُواْ وَيَقُولُواْ سِحۡرٞ مُّسۡتَمِرّٞ2﴾

"Қиямет (Сағат) жақындап, ай жарылды. Олар бір белгі көрсе, теріс айналып: «Бұл жалғаса беретін сиқыр» дейді" дейді".

(Қамар: 1-2).

Алла Тағаланың Өз елшілеріне қолдау әрі жәрдем ретінде жіберетін осы нақты аят-белгілері Оның бар екендігін айқын дәлелдейді.

Аллаға иман келтірудің құрамына кіретін екінші мәселе – Оның раббылығына (рубубия), яғни Оның (амалдарында) серігі де, жәрдемшісі де жоқ Жалғыз Раббы екеніне иман келтіру.

Ал Рабб дегеніміз— жаратылыс, билік және әмір беру Өзіне ғана тән болған Ие. Сондықтан Алладан басқа жаратушы жоқ, Одан басқа иесі де жоқ, әмір де тек Оның меншігі. Алла Тағала:

﴿...أَلَا لَهُ ٱلۡخَلۡقُ وَٱلۡأَمۡرُ...﴾

"...Біліңдер, жарату және бұйрық беру Оған тән..." (Әғраф: 54). Және:

﴿...ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمۡ لَهُ ٱلۡمُلۡكُۚ وَٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ مَا يَمۡلِكُونَ مِن قِطۡمِيرٍ﴾

"Сол – сендердің Раббыңыз Алла. Билік - Оныкі. Ал, сендердің Одан өзге қатар жалбарынып шақырғандарың, құрма дәнінің жұқа қабығына да иелік ете алмайды.

(Фатыр: 13).

Жаратылыстардың ішінен Алла Тағаланың Раббылығын теріске шығарып, танылған ешкім жоқ. Тек айтқанынан басқа сенімде болып, тәкаппарлық танытқандар болмаса. Бұл Перғауынның өз қауымына:

﴿فَقَالَ أَنَا۠ رَبُّكُمُ ٱلۡأَعۡلَىٰ 24﴾

"Мен сендердің ең ұлы Раббыларыңмын" деді" (Нәзиғат: 24), және:

﴿...يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡمَلَأُ مَا عَلِمۡتُ لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرِي...﴾

"Әй, уәзірлер! Мен сендердің Өзімнен басқа тәңіріңізідң бар екенін білмеймін" (Қасас: 38). Алла Тағала айтты:

﴿وَجَحَدُواْ بِهَا وَٱسۡتَيۡقَنَتۡهَآ أَنفُسُهُمۡ ظُلۡمٗا وَعُلُوّٗا...﴾

(Олар іштей көздері жетіп тұрса да, әділетсіздік және менмендік қылып өздерін жоғары қойды да, оларды мойындамады...) (Нәмл: 14). Мусаның (оған Алланың сәлемі болсын) Перғауынға айтқанын Алла Тағала былай деп баяндаған:

﴿...لَقَدۡ عَلِمۡتَ مَآ أَنزَلَ هَٰٓؤُلَآءِ إِلَّا رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ بَصَآئِرَ وَإِنِّي لَأَظُنُّكَ يَٰفِرۡعَوۡنُ مَثۡبُورٗا﴾

"...Расында, сен бұларды көрнекі белгілер етіп, көктер мен жердің Раббысы түсіргенін білесің. Әй Перғауын! Шын мәнінде, мен сені құриды деп ойлаймын ) (Исра: 102 ), Сол себепті, мүшріктер Алла Тағаланың раббылығын мойындаса да, құлшылықтарында Оған серік қосатын. Алла Тағала былай деді:

﴿قُل لِّمَنِ ٱلۡأَرۡضُ وَمَن فِيهَآ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ 84 سَيَقُولُونَ لِلَّهِۚ قُلۡ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ85 قُلۡ مَن رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ ٱلسَّبۡعِ وَرَبُّ ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡعَظِيمِ 86 سَيَقُولُونَ لِلَّهِۚ قُلۡ أَفَلَا تَتَّقُونَ 87 قُلۡ مَنۢ بِيَدِهِۦمَلَكُوتُ كُلِّ شَيۡءٖ وَهُوَ يُجِيرُ وَلَا يُجَارُ عَلَيۡهِ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ 88 سَيَقُولُونَ لِلَّهِۚ قُلۡ فَأَنَّىٰ تُسۡحَرُونَ 89﴾

"(О, Пайғамбар! Олардан): "Егер білсеңдер, жер және ондағылар кімдікі?",- деп сұра. Олар: "Алланыкі",- дейді. "Олай болса, естеріңе алмайсыңдар ма?",- деп айт. "Жеті көктің Раббысы және ұлы Аршының Раббысы кім?",- деп сұра. Олар: "(Көк пен жер) Алланың меншігі" дейді. "Олай болса, (Оған қарсы кеолуден) сақтанбайсыңдар ма?",- деп. Айт: "Әр нәрсенің патшалығы кімнің қолында? Әрі Өзі қорғайтын және Одан ешқандай қорғаныс болмайтын (кім)? Егер білсеңдер, (айтыңдаршы)" - деп. Олар: "Алланыкі" - дейді. Айт:"Олай болса, қалайша алданасыңдар?",- деп". (Муминун: 84 - 89).

Сондай-ақ, Алла Тағала:

﴿وَلَئِن سَأَلۡتَهُم مَّنۡ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ لَيَقُولُنَّ خَلَقَهُنَّ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡعَلِيمُ 9﴾

"(Ей, Мухаммад!) Егер олардан: "Көк пен жерді кім жаратты?",- деп сұрасаң, әрине: "Оларды өте Үстем, бәрін Білуші жаратты", - дейді" - деген. (Зухруф: 9).

Cондай-ақ, Алла Тағала:

﴿وَلَئِن سَأَلۡتَهُم مَّنۡ خَلَقَهُمۡ لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۖ فَأَنَّىٰ يُؤۡفَكُونَ 87﴾

"Егер олардан өздерін кім жаратты, деп сұрасаң, олар сөзсіз: "Алла", - дейді. Сонда, қалай бұрылып барады? 87) (Зухруф: 87).

Алла Тағаланың әмірі жаратылысқа қатысты әмірлермен қатар, шариғатқа да қатысты әмірлерді қамтиды. Ол Өзінің даналығына сай қалағанын үкім етіп, әлемді басқарушы болғанындай, құлшылықтар мен қарым-қатынас үкімдерін де Өз даналығына сай бекітіп, шығарады. Кімде-кім Алла Тағаламен қатар басқаны ғибадаттарда заң шығарушы, немесе өзара қарым-қатынастарда үкім етуші етіп алса, Оған серік қосқан болып, иманы орындалмаған болады.

Аллаға иман келтіруді қамтитын үшінші мәселе: Оның улухиясына, яғни Оның серігі жоқ, жалғыз құлшылыққа лайықты құдай екеніне иман келтіру. «Иләһ» сөзі «мәлууһ», яғни сүйіспеншілік әрі ұлықтаумен құлшылық етілетін (тәңір) деген мағынаны білдіреді.

Алла Тағала:

﴿وَإِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞۖ لَّآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلرَّحۡمَٰنُ ٱلرَّحِيمُ 163﴾

"Құдайларың бір-ақ Тәңір. Одан басқа ешбір Құдай жоқ. Ол, аса Мейірімді, ерекше Рақымды," (Бақара: 163). Және:

﴿شَهِدَ ٱللَّهُ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ وَأُوْلُواْ ٱلۡعِلۡمِ قَآئِمَۢا بِٱلۡقِسۡطِۚ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ 18﴾

"Алладан басқа құлшылыққа лайық тәңір жоқ екендігіне Алланың Өзі әрі періштелер және ғылым иелері куәлік береді. Ол – әділдікті толық Орнатушы. Одан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ. Ол – бәрінен Үстем, аса Дана" (Әлі Ғимран: 18). Кімде-кім Алламен қатар өзге біреуді құдай тұтып, Одан басқаға құлшылық жасаса — оның құдайлығы жалған. Алла Тағала айтты:

﴿ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ هُوَ ٱلۡبَٰطِلُ وَأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡعَلِيُّ ٱلۡكَبِيرُ 62﴾

"Міне күдіксіз Алла, Ол - Хақ. Расында, олардың Алладан өзге сиынғандары - жалған. Алла - аса Жоғары, өте Үлкен" (Хаж: 62). Оларды "құдайлар" деп атау – оларға құдайлыққа лайық болу құқығын бермейді. Алла Тағала Лат, Узза және Манат жайында:

﴿إِنۡ هِيَ إِلَّآ أَسۡمَآءٞ سَمَّيۡتُمُوهَآ أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُم مَّآ أَنزَلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلۡطَٰنٍ...﴾

"Бұл, сендер және аталарың қойған құр аттар ғана. Алла оларға байланысты бір дәлел түсірмеген", - деді (Нәжм: 23).

Алла Тағала Һудтың (оған Алланың сәлемі болсын) өз халқына:

﴿...أَتُجَٰدِلُونَنِي فِيٓ أَسۡمَآءٖ سَمَّيۡتُمُوهَآ أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُم مَّا نَزَّلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلۡطَٰنٖ...﴾

"Сендер менімен өздерің және аталарың атаған есімдер жайында таласасыңдар ма? Алла олар жөнінде ешбір дәлел түсірмеген...", деп айтқанын хабарлады. (Әғраф: 71).

Юсуфтың (оған Алланың сәлемі болсын) зындандағы екі серігіне айтқаны туралы былай деді:

﴿يَٰصَٰحِبَيِ ٱلسِّجۡنِ ءَأَرۡبَابٞ مُّتَفَرِّقُونَ خَيۡرٌ أَمِ ٱللَّهُ ٱلۡوَٰحِدُ ٱلۡقَهَّارُ 39 مَا تَعۡبُدُونَ مِن دُونِهِۦٓ إِلَّآ أَسۡمَآءٗ سَمَّيۡتُمُوهَآ أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُم مَّآ أَنزَلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلۡطَٰنٍ...﴾

"Әй, менің абақтылас серіктерім! Бөлек-бөлек раббылар жақсы ма? Немесе әр нәрсеге Өктем, жалғыз Алла жақсы ма? Сендердің Одан өзге табынғандарың - тек өздерің және аталарың атаған атаулар ғана. Алла ол жөнінде ешқандай дәлел түсірмеген..." (Юсуф: 39-40).

Осы себепті елшілер (оларға Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өздерінің қауымдарына былай деп айтатын:

﴿...ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُ...﴾

"...Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа ешбір құдайыңыз жоқ..." (Әғраф: 59). Алайда мүшріктер одан бас тартып, Алладан өзге тәңірлер жасап алды да, оларға Пәк әрі Ұлы Алламен бірге құлшылық қылды: олардан жәрдем сұрап, көмек тілейтін болды.

Алла Тағала көпқұдайшылардың жалған құдайларды серік етуін екі ақли (ақыл-парасат) дәлелмен теріске шығарды:

Біріншіден: олардың тұтынған бұл тәңірлерінде құдайлық қасиеттердің ешбірі жоқ. Олар жаратылған, ештеңе жаратпайды. Өздеріне құлшылық етушілерге пайда да келтіре алмайды, олардан зиянды да кетіре алмайды. Оларға өмір де, өлім де бере алмайды. Сондай-ақ, көктерден еш нәрсеге иелік етпейді әрі оған ортақ бола алмайды.

Алла Тағала айтты:

﴿وَٱتَّخَذُواْ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةٗ لَّا يَخۡلُقُونَ شَيۡـٔٗا وَهُمۡ يُخۡلَقُونَ وَلَا يَمۡلِكُونَ لِأَنفُسِهِمۡ ضَرّٗا وَلَا نَفۡعٗا وَلَا يَمۡلِكُونَ مَوۡتٗا وَلَا حَيَوٰةٗ وَلَا نُشُورٗا 3﴾

"Ал олар (мүшріктер) ешнәрсе жарата алмайтын, керісінше өздері жаратылған, әрі өздеріне зиян не пайда келтіру билігіне ие емес және өлтіруге, өмір беруге әрі қайта тірілтуге де иелік ете алмайтын, өзгелерді Оның орнына құдайлар етіп алды" (Фурқан: 3).

Және:

﴿قُلِ ٱدۡعُواْ ٱلَّذِينَ زَعَمۡتُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ لَا يَمۡلِكُونَ مِثۡقَالَ ذَرَّةٖ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَلَا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا لَهُمۡ فِيهِمَا مِن شِرۡكٖ وَمَا لَهُۥ مِنۡهُم مِّن ظَهِيرٖ 22 وَلَا تَنفَعُ ٱلشَّفَٰعَةُ عِندَهُۥٓ إِلَّا لِمَنۡ أَذِنَ لَهُۥ...﴾

"(Ей, Мухаммад! Оларға): «Алламен қатар құдай деп есептегендеріңді шақырыңдар», - де! Олар жер-көкте заттың ең кішкене бөлшегіндей нәрсеге де ие емес және олардың осы екеуіндегі (көк пен жердегі) ешбір нәрсеге үлесі жоқ. Алла Өзі рұқсат еткендерден басқа, Оның құзырында ешқандай шапағат пайда бермейді". (Сәбә: 22-23)

وقال تعالى: ﴿أَيُشۡرِكُونَ مَا لَا يَخۡلُقُ شَيۡـٔٗا وَهُمۡ يُخۡلَقُونَ 191 وَلَا يَسۡتَطِيعُونَ لَهُمۡ نَصۡرٗا وَلَآ أَنفُسَهُمۡ يَنصُرُونَ 192﴾

Алла Тағала айтты: "Олар еш нәрсені жарата алмайтын, керісінше, өздері жаратылатын нәрселерді (Аллаға) серік ете ме?! 191. Әрі олардың (Аллаға серік еткендерінің) оларға көмектесуге күштері жетпейді, тіпті өздеріне де көмектесе алмайды" (Әғраф: 191-192).

Егер бұл жалған тәңірлердәі жағдайы осындай болса, онда оларды тәңір тұту – ең үлкен ақылсыздық, ең үлкен жалғандық болып табылады.

Екіншіден: ол мүшріктер Алла Тағаланың жалғыз Раббы, Жаратушы екенін, барлық нәрсенің билігі Оның қолында екенін, әрі Өзі қорғайтын және Ол (кімге не қаласа), ешкімнің Оған кедергі бола алмайтынын мойындаған. Бұл олардың Алланы раббылықта бір деп танығаны сияқты, Оны құлшылықта да жалғыз деп тануын қажет етеді. Бұл Алла Тағаланың:

﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱعۡبُدُواْ رَبَّكُمُ ٱلَّذِي خَلَقَكُمۡ وَٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَتَّقُونَ21 ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَرۡضَ فِرَٰشٗا وَٱلسَّمَآءَ بِنَآءٗ وَأَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَخۡرَجَ بِهِۦ مِنَ ٱلثَّمَرَٰتِ رِزۡقٗا لَّكُمۡۖ فَلَا تَجۡعَلُواْ لِلَّهِ أَندَادٗا وَأَنتُمۡ تَعۡلَمُونَ 22﴾

"Ей, адамдар! Тақуа болу үшін, сендерді және сендерден бұрынғыларды жаратқан Раббыңызға құлшылық қылыңдар 21. Сондай, сендерге жерді төсеніш, аспанды бір құрылым етіп жаратқан әрі бұлттан жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендерге ризық ретінде өнімдерді шығарған (Аллаға). Енді біле тұра, Аллаға ешкімді теңестірмеңдер" дегені сияқты (Бақара: 21-22).

Сондай-ақ, Алла Тағала:

﴿وَلَئِن سَأَلۡتَهُم مَّنۡ خَلَقَهُمۡ لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۖ فَأَنَّىٰ يُؤۡفَكُونَ 87﴾

"Олардан өздерін кім жаратқанын сұрасаң, олар сөзсіз: «Алла», - дейді. Сонда олар қайда бұрылып барады", (Зухруф: 87);

және:

﴿قُلۡ مَن يَرۡزُقُكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ أَمَّن يَمۡلِكُ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡأَبۡصَٰرَ وَمَن يُخۡرِجُ ٱلۡحَيَّ مِنَ ٱلۡمَيِّتِ وَيُخۡرِجُ ٱلۡمَيِّتَ مِنَ ٱلۡحَيِّ وَمَن يُدَبِّرُ ٱلۡأَمۡرَۚ فَسَيَقُولُونَ ٱللَّهُۚ فَقُلۡ أَفَلَا تَتَّقُونَ 31 فَذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمُ ٱلۡحَقُّۖ فَمَاذَا بَعۡدَ ٱلۡحَقِّ إِلَّا ٱلضَّلَٰلُۖ فَأَنَّىٰ تُصۡرَفُونَ32﴾

"(Ей, Мұхаммед! Олардан): «Сендерге аспаннан және жерден кім ризық береді? Есту және көру кімнің иелігінде? Тіріні өліден шығаратын және өліні тіріден шығаратын кім? Әрі істі кім басқарады?», - деп сұра. Олар: «Алла», - деп айтады. «Ендеше, (Оған қарсы келуден) сақтанбайсыңдар ма?», - де. Міне, осы - сендердің шын Раббыңыз Алла. Ақиқаттан кейін адасудан басқа не бар? Сонда қалай бұрылудасыңдар?" - деген. (Юнус: 31-32).

Аллаға иман келтіруді қамтитын төртінші мәселе: Оның есімдері мен сипаттарына иман келтіру.

Яғни: Алланың Өз Кітабында немесе елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінде бекіткен есімдері мен сипаттарын Өзіне лайықты түрде, өзгертпестен, жоққа шығармастан, қандай деместен және (жаратылғандарға) ұқсатпастан бекіту. Алла Тағала:

﴿وَلِلَّهِ ٱلۡأَسۡمَآءُ ٱلۡحُسۡنَىٰ فَٱدۡعُوهُ بِهَاۖ وَذَرُواْ ٱلَّذِينَ يُلۡحِدُونَ فِيٓ أَسۡمَٰٓئِهِۦۚ سَيُجۡزَوۡنَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ 180﴾

"Ең көркем есімдер Алланыкі. Одан сол есімдері арқылы тілеңдер. Оның есімдеріне қатысты ауытқығандарды елемеңдер. Жақында оларға істеп өткен амалдарының қайтарымы беріледі" (Әғраф: 180); және:

﴿...وَلَهُ ٱلۡمَثَلُ ٱلۡأَعۡلَىٰ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ﴾

"Көк пен жердегі ең жоғары сипаттар Оған тән. Ол бәрінен Үстем, аса Дана" (Рум: 27). Және:

﴿...لَيۡسَ كَمِثۡلِهِۦ شَيۡءٞۖ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡبَصِيرُ﴾

"...Ешбір нәрсе Оған ұқсамайды. Ол бәрін Естуші, бәрін Көруші", - деген (Шура: 11).

Бұл мәселеде (есім, сипаттарда) екі топ адасқан:

Олардың бірі: «Муъаттыла» тобы. Олар "Аллаға сипаттарды бекіту - Оны Өзінің жаратылыстарына ұқсатуға алып келеді", деп, Оның есім-сипаттарын (түгелдей) немесе кейбірін жоққа шығарғандар. Бұл пайымдау бірнеше себепке байланысты жалған. Соның кейбірі:

Біріншіден: бұл "Алла Тағаланың сөзінде қарама-қайшылық бар" дегендей, жалған тұжырымдарға алып келеді. Өйткені, Алла Тағала Өзіне есімдер мен сипаттарды бекітіп, Өзіне ұқсас нәрселердің болуын жоққа шығарған. Егер оларды бекіту ұқсатуды білдірсе; онда Алланың сөзінде қарама-қайшылық туындап, бір-бірін жоққа шығарар еді.

Екіншіден: Екі нәрсенің бірдей аталуы немесе сипатта үйлесуі олардың бір-біріне ұқсастығын міндеттемейді, себебі сен екі адамның есту, көру және сөйлеу сипаттарында ортақтасатынын көресің. Бұл олардың адамдық сипаттарындағы ұқсастығы, демек, олардың есту, көру және сөйлеу қабілеттерің ұқсас екенің міндеттемейді.

Жануарлардың қолы, аяғы мен көзі бар, алайда олардың бұл ортақтығы олардың қолдары, аяқтары және көздерінің ұқсас (бірдей) болуын міндеттемейді.

Егер жаратылыстар арасында, оларға ортақ есімдер мен сипаттардың өзінде айырмашылық болса, онда Жаратушы мен жаратылыстың арасындағы айырмашылық одан да айқын әрі зор болады.

Екінші топ — мушаббиха: олар Алланың есімдері мен сипаттарын мойындағанымен, Алланы жаратылыстарына ұқсатып сипаттайды. Олардың пікірінше, бұл — діни мәтіндердің талабы, себебі Алла Тағала құлдарына олардың түсінетін тілінде сөйлейді. Алайда, бұл тұжырым бірнеше себепке байланысты жарамсыз, соның кейбірі:

Біріншіден: Алла Тағаланың Өз жаратылыстарына ұқсауы – ақыл мен шариғат теріске шығаратын нәрсе. Ал, Кітап пен Сүннет мәтіндерінің мазмұны жалған болуы мүмкін емес.

Екіншіден: Алла Тағала құлдарына негізгі мағынасы жағынан олар түсінетіндей етіп сөз қатқан. Ал сол мағынаның ақиқаты мен нақты болмысына келетін болсақ, ол – Алла Тағаланың заты мен сипаттарына қатысты білімін тек Өз ілімінде сақтаған.

Егер Алла Өзінің «Самиғ» (Естуші) екенін бекітсе, онда «есту» ұғымының негізгі мағынасы – "дыбыстарды қабылдау (қамту)" екені белгілі. Алайда, оның Алла Тағаланың естуіне қатысты (түпкі) ақиқаты белгісіз, өйткені естудің шынайы мәні тіпті жаратылғандар арасында да әртүрлі; ал Жаратушы мен жаратылған арасындағы айырмашылық одан айқын әрі үлкен.

Алла Тағала Өзінің Аршыға көтерілгені жайлы хабар бергенде, бұл «көтерілудің» негізгі мағынасы белгілі. Алайда, Алланың Өз Аршысына көтерілуіне қатысты оның шынайы кейпі бізге белгісіз, себебі «көтерілудің» шынайы мәні жаратылғандарға қатысты әртүрлі болып келеді. Тұрақты орындыққа орналасу асау әрі үркек түйенің ер-тоқымына орналасумен бірдей емес. Егер жаратылысқа қатысты осындай айырмашылық болса, онда Жаратушы мен жаратылыстың арасындағы айырмашылық одан да айқын әрі әлдеқайда зор.

Алла Тағалаға біз сипаттағандай иман келтіру мүміндерге ұлы жемістер береді:

Біріншісі: Алла Тағаланың тәухидін (бірлігін) жүзеге асыру. Бұл – үміт пен қорқынышты Одан өзгеге байламау және Одан басқаға құлшылық жасамау.

Екіншісі: Алла Тағаланың көркем есімдері мен ұлы сипаттарын мойындау, Оған кемел махаббат пен Оны ұлықтауды тудырады.

Үшіншіден: Әмір еткендерін орындап, тыйым салғандарынан алыстау арқылы - Оған деген құлшылықты жүзеге асыру.

Періштелерге иман (келтіру)

Періштелер - ғайып әлеміне жататын, Алла Тағалаға құлшылық етуші жаратылыстар. Оларда Раббылық пен иләһилік сипаттардың ешбірі жоқ. Алла Тағала оларды нұрдан жаратып, Өз әміріне толықтай мойынсұнуды және оны орындау күш-қуатын берген. Алла Тағала айтты:

﴿...وَمَنۡ عِندَهُۥ لَا يَسۡتَكۡبِرُونَ عَنۡ عِبَادَتِهِۦ وَلَا يَسۡتَحۡسِرُونَ 19 يُسَبِّحُونَ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ لَا يَفۡتُرُونَ 20

"...Оның құзырыңдағылар (періштелер) Оған құлшылық етуден өздерін жоғары санамайды әрі жалықпайды. Олар шаршамастан Оны түнде және күндіз дәріптейді) (Әнбия: 19-20).

Олардың саны өте көп, оны Алла Тағаладан басқа ешкім білмейді. Сахих хадистердің қос жинағында Әнастан (оған Алла разы болсын) жеткен Миғраж оқиғасы туралы хадисте Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көктегі әл-Байт әл-Мағмурдың көрсетілгені расталған. Онда күн сайын жетпіс мың періште намаз оқиды. Олар ол жерден шыққан соң, оған (Қияметке дейін) екінші қайтып оралмайды.

Періштелерге иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:

Бірінші: олардың бар екендігіне иман келтіру.

Екінші: есімдері белгілі періштелерге (Жәбраил (Жәбірейіл) сияқты) аталған есімімен жекелей, ал есімдері белгісіз болғандарына жалпылай иман келтіреміз.

Үшінші: бізге мәлім болған сипаттарына иман келтіру. Мысалы, Жәбрәилдің сипаты. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны өзі жаратылған кейпінде көргенін, әрі оның көкжиекті жауып тұрған алты жүз қанаты болғанын хабарлаған.

Кейде періште Алла Тағаланың әмірімен адам кейпіне айналады. Бұл Алла Тағала Мәриямға жіберген кезде оған кемел адам бейнесінде көрінген Жәбрейілмен болған жағдай сияқты. Сондай-ақ, ол сахабаларының арасында отырған Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келгенде, аппақ киімді, қою қара шашты, алыс жолдан келгендігі байқалмағанымен, сахабалардан оны ешкім танымағанн бір адам кейпінде келген. Ол Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алдына отырып, тізелерін оның тізелеріне тіреп, екі алақанын саны үстіне қойып, Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ислам, Иман, Ихсан, Сағат (Қиямет күні) және оның белгілері туралы сұрады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған жауап берген соң, ол кетіп қалды. Содан кейін Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлем болсын):

«هَذَا جِبْرِيلُ؛ أَتَاكُمْ يُعَلِّمُكُمْ دِينَكُمْ».

«Бұл –сендерге діндеріңді үйрету үшін келген Жәбрейіл», -- деген8.

Сондай-ақ, Алла Тағаланың Ибраһим және Лұтқа жіберген періштелері де ер адам кейпінде болған.

Періштелерге иман келтіруді қамтитын төртіншісі: олардың Алла Тағаланың әмірімен атқаратын істерінің бізге белгілі болғандарына, мысалы, жалықпастан әрі шаршамастан күндіз-түні Оны пәктеп, Оған құлшылық етуіне иман келтіру.

Кейде кейбіреулерінің арнайы істері болады.

Мысалы: Жәбрейіл Алла тағаланың уахиіне жауапты періште. Алла оны пайғамбарлар мен елшілерге уахимен жіберген.

Сол сияқты: Микаил – судың түсуіне, яғни жаңбыр мен өсімдікке тағайындалған.

Исрафил – Қиямет-қайым орнап, жаратылыс қайта тірілгенде Сур үрлеуге міндеттелген.

Сол сияқты: өлім кезінде жан алу міндеті жүктелген етілген Өлім періштесі.

Сондай-ақ: Мәлик – тозаққа жауапты, әрі ол – тозақтың күзетшісі.

Бұған қоса: құрсақтағы ұрықтарға тағайындалған періштелер: анасы құрсағында жатқан шарана төрт айға толғанда, Алла оған бір періште жіберіп, оның ризығын, ажалын, амалын және бақытсыз не бақытты болатынын жазуды бұйырады.

Тағы бір мысалы: Адамдардың амалдарын сақтап, жазуға жауапты екі періште бар: бірі оң, екіншісі сол жағында болады.

Мысалы: Мәйіт қабіріне қойылған кезде одан сұрақ-жауап алуға жауапты періштелер: оған екі періште келіп, Раббысы, діні және пайғамбары туралы сұрайды.

Періштелерге иман келтіру ұлы жемістер береді, соның кейбірі:

Біріншісі: Алланың ұлылығын, күшін және билігін тану; өйткені жаратылғанның ұлылығы Жаратушының ұлылығын көрсетеді.

Екіншісі: Адам баласына көрсеткен қамқорлығы үшін Аллаға шүкір ету; себебі Ол адамдарды қорғау, істерін жазу және олардың басқа да пайдалары үшін періштелерді тағайындаған.

Үшіншісі: періштелерді Алла Тағалаға арнап орындаған құлшылықтары үшін жақсы көру.

Кейбір ауытқушылар періштелердің дене екенін теріске шығарып: «Олар – жаратылыстар бойындағы жасырын жақсылық күштері ғана», – деді. Бұл – Алла Тағаланың Кітабын, Оның Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін және мұсылмандардың ижмағын жалғанға шығару болып табылады.

Алла Тағала:

﴿ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ فَاطِرِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ جَاعِلِ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةِ رُسُلًا أُوْلِيٓ أَجۡنِحَةٖ مَّثۡنَىٰ وَثُلَٰثَ وَرُبَٰعَ...﴾

"Барлық мақтау көк пен жерді жоқтан бар етіп жаратқан, періштелерді екі, үш және төрт қанаты бар елшілер еткен Аллаһқа тән" (Фатыр: 1);

және:

﴿وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذۡ يَتَوَفَّى ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ يَضۡرِبُونَ وُجُوهَهُمۡ وَأَدۡبَٰرَهُم...﴾

"Періштелер, сондай қарсы болғандардың беттері мен арт жақтарын ұрып, жандарын алғанын көрсең еді..." (Әнфәл: 50);

және:

﴿...وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذِ ٱلظَّٰلِمُونَ فِي غَمَرَٰتِ ٱلۡمَوۡتِ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ بَاسِطُوٓاْ أَيۡدِيهِمۡ أَخۡرِجُوٓاْ أَنفُسَكُمُ...﴾

"...Әділетсіздерді өлім жанталасында жатқанда, (оларға) періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар», - дейтін көрсең..." (Әнғам: 93).

сондай-ақ:

﴿...حَتَّىٰٓ إِذَا فُزِّعَ عَن قُلُوبِهِمۡ قَالُواْ مَاذَا قَالَ رَبُّكُمۡۖ قَالُواْ ٱلۡحَقَّۖ وَهُوَ ٱلۡعَلِيُّ ٱلۡكَبِيرُ﴾

"Жүректерінен қорқыныш кетірілген кезде: «Раббың не айтты?» дейді, олар періштелер : «Ақиқатты. Ол аса Жоғары, өте Үлкен, -дейді) (Сәба: 23).

Ал Жәннәт иелері жайында Алла тағала:

﴿...وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ يَدۡخُلُونَ عَلَيۡهِم مِّن كُلِّ بَابٖ سَلَٰمٌ 23 عَلَيۡكُم بِمَا صَبَرۡتُمۡۚ فَنِعۡمَ عُقۡبَى ٱلدَّارِ 24

"... Оларға періштелер барлық қақпалардан кіріп, сабыр еткендерің үшін сендерге «Сәлем!», - дейді. Соңғы тұрақ қандай керемет!"

(Рағд: 23-24).

Сахих әл-Бухариде Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) ол Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген:

«إِذَا أَحَبَّ اللَّهُ الْعَبْدَ نَادَى جِبْرِيلَ: إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ فُلَانًا فَأَحْبِبْهُ، فَيُحِبُّهُ جِبْرِيلُ، فَيُنَادِي جِبْرِيلُ فِي أَهْلِ السَّمَاءِ: إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ فُلَانًا فَأَحِبُّوهُ، فَيُحِبُّهُ أَهْلُ السَّمَاءِ، ثُمَّ يُوضَعُ لَهُ الْقَبُولُ فِي الْأَرْضِ».

«Алла тағала Өзінің бір құлын жақсы көрсе, Жәбірейілге: «Расында, Алла пәленшені жақсы көреді, сен де оны жақсы көр», - дейді. Содан кейін оны Жәбрейіл жақсы көреді. Жәбрейіл аспан тұрғындарына: «Расында, Алла пәленшені жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер!», - дейді. Осыдан кейін оны аспан тұрғындары жақсы көріп, оған жерде құрмет көрсетіледі»9.

Сондай-ақ, онда Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткізілген хадисте былай делінген: Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты:

«إِذَا كَانَ يَوْمُ الْجُمُعَةِ كَانَ عَلَى كُلِّ بَابٍ مِنْ أَبْوَابِ الْمَسْجِدِ الْمَلَائِكَةُ يَكْتُبُونَ الْأَوَّلَ فَالْأَوَّلَ، فَإِذَا جَلَسَ الْإِمَامُ طَوَوْا الصُّحُفَ وَجَاءُوا يَسْتَمِعُونَ الذِّكْرَ».

«Жұма күні мешіттің әрбір есігінде періштелер (мешітке) бірінші келгенді жазып тұрады. Ал имам (мінберге) отырғанда, олар жазу кітаптарын жауып, зікірді (Алланың еске алынғанын) тыңдауға келеді»10.

Бұл мәтіндер періштелердің – адасушылар айтқандай, жәй ғана (денесіз) рухани күштер емес, керісінше, денелі жаратылыс екенін анық көрсетеді. Осы мәтіндерден шығатын тұжырымға мұсылмандар бірауыздан келіскен.

 

Кітаптарға иман

Кітаптар – "кітап" сөзінің көпше түрі, "жазба, жазылған нәрсе" деген мағынада.

Мұндағы мақсат – Алла Тағаланың жаратылысқа мейірім етіп, оларды осы дүние мен Ақырет бақытына жеткізу үшін тура жол ретінде Өз елшілеріне түсірген кітаптары.

Кітаптарға иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:

Біріншісі: Оның Алла тарапынан түскен хақ екеніне иман келтіру.

Екіншісі: Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсірілген Құран және Мусаға (оған Алланың сәлемі болсын) түсірілген Тәурат сияқты, аты бізге белгілі болған кітаптарға иман келтіру. Сондай-ақ, Исаға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсірілген Інжілге, әрі Дәуітке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) берілген Зәбурге, ал есімдері бізге беймәлім болған кітаптарға жалпылай сенеміз.

Үшіншісі: Құранның хабарлары, сондай-ақ бұрынғы кітаптардың өзгертілмеген әрі бұрмаланбаған хабарлары секілді сахих хабарларды растау.

Төртіншісі: Оның күші жойылмаған үкімдеріне амал ету, хикметін түсінсек те, түсінбесек те, оған разы болып бойұсыну. Ал барлық алдыңғы кітаптардың үкімдері Ұлы Құранмен жойылған. Алла Тағала айтты:

﴿وَأَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ بِٱلۡحَقِّ مُصَدِّقٗا لِّمَا بَيۡنَ يَدَيۡهِ مِنَ ٱلۡكِتَٰبِ وَمُهَيۡمِنًا عَلَيۡهِۖ...﴾

"(Ей, Мухаммад!) Біз саған Кітапты (Құранды) ақиқатпен, өзінен алдыңғы кітаптарды растаушы әрі оларға куәлік етуші ретінде түсірдік...." (Мәида: 48). яғни: Оған төреші ретінде.

Осыған орай, өзіне дейінгі кітаптардың Құран растаған сахих үкімдерінен басқа ешбір үкіміне амал етуге болмайды.

Кітаптарға иман келтірудің ұлы жемістері бар, соның кейбірі:

Біріншісі: Алла Тағаланың құлдарына деген қамқорлығын білу; Ол әрбір қауымға оларды тура жолға салатын кітап түсірген.

Екіншісі: Алла Тағаланың Өз шариғатындағы хикметін білу, яғни Ол әрбір қауымға олардың жағдайларына лайықтысын заңдастырған. Алла Тағаланың:

﴿...لِكُلّٖ جَعَلۡنَا مِنكُمۡ شِرۡعَةٗ وَمِنۡهَاجٗا...﴾

"..Сендерден әрбір үммет үшін шариғат және жол белгіледік...", - дегені секілді. (Мәида: 48).

Үшіншісі: сол нығметі үшін Аллаға шүкіршілік ету.

 

Елшілерге иман

"Елшілер" (русул) - "елші" (расул) сөзінің көпше түрі. Мағынасы – жіберілген, яғни бір нәрсені жеткізу үшін жіберілген (кісі).

Мұндағы мақсат – адамдардың ішінен өзіне шариғат уахи етілгенді жеткізуге бұйырылған адам.

Елшілердің ең алғашқысы – Нух (оған Алланың сәлемі болсын), ал соңғысы – Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын).

Алла Тағала айтты:

﴿ إِنَّآ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ كَمَآ أَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ نُوحٖ وَٱلنَّبِيِّـۧنَ مِنۢ بَعۡدِهِ...﴾

"(Ей, Мұхаммед!) Ақиқатында, Біз Нухқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік..." (Ниса: 163).

Әл-Бухаридің "Сахих" кітабында Әнас ибн Маликтен (оған Алла разы болсын) келген Шапағат хадисінде Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«ذُكِرَ أَنَّ النَّاسَ يَأْتُونَ إِلَى آدَمَ؛ لِيَشْفَعَ لَهُمْ، فَيَعْتَذِرُ إِلَيْهِمْ وَيَقُولُ: ائْتُوا نُوحًا أَوَّلَ رَسُولٍ بَعَثَهُ اللَّهُ» وذكر تمام الحديث.

«Адамдардың Адамға келіп, оларға шапағат етуін сұрайтыны айтылған; ол оларға сылтауын айтып: «Алланың жіберген ең алғашқы елшісі Нухқа барыңдар», – дейді» деп, хадистің жалғасын келтірген11.

Сондай-ақ, Алла Тағала Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туралы былай деді:

﴿مَّا كَانَ مُحَمَّدٌ أَبَآ أَحَدٖ مِّن رِّجَالِكُمۡ وَلَٰكِن رَّسُولَ ٱللَّهِ وَخَاتَمَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ...﴾

(Мұхаммед сендерден ешбір ер кісілердің әкесі емес, бірақ, Алланың елшісі әрі пайғамбарлардың соңы...) (Әхзаб: 40).

Алла Тағала әрбір үмметке өз қауымына дербес шариғатпен жіберілген елші немесе өзінен бұрынғының шариғатын жаңғырту үшін уахи етілген пайғамбар жібермей қойған емес. Алла Тағала:

﴿وَلَقَدۡ بَعَثۡنَا فِي كُلِّ أُمَّةٖ رَّسُولًا أَنِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱجۡتَنِبُواْ ٱلطَّٰغُوتَ...﴾

"Расында, Біз әрбір үмметке: «Аллаға құлшылық етіңдер, тағуттан (шайтаннан) аулақ болыңдар», -деген Елші жібердік..", - деген (Нахл: 36);

және:

﴿...وَإِن مِّنۡ أُمَّةٍ إِلَّا خَلَا فِيهَا نَذِيرٞ﴾

"... Негізінде, ескертушісі болмаған бірде-бір үммет жоқ", - деген. (Фатыр: 24).

Сондай-ақ, Алла Тағала айтты:

﴿إِنَّآ أَنزَلۡنَا ٱلتَّوۡرَىٰةَ فِيهَا هُدٗى وَنُورٞۚ يَحۡكُمُ بِهَا ٱلنَّبِيُّونَ ٱلَّذِينَ أَسۡلَمُواْ لِلَّذِينَ هَادُواْ...﴾

"Ақиқатында, Біз Тәуратты түсірдік. Онда тура жол және нұр бар. Аллаға бойсұнған пайғамбарлар яһудилерге онымен үкім етеді..." (Мәида: 44).

Елшілер - жаратылған пенделер, оларға тәңірлік қасиеттердің ешбірі тән емес. Алла Тағала елшілердің мырзасы әрі Өз құзырындағы мәртебесі ең ұлы пайғамбары Мухаммад жайлы былай деген:

﴿قُل لَّآ أَمۡلِكُ لِنَفۡسِي نَفۡعٗا وَلَا ضَرًّا إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُۚ وَلَوۡ كُنتُ أَعۡلَمُ ٱلۡغَيۡبَ لَٱسۡتَكۡثَرۡتُ مِنَ ٱلۡخَيۡرِ وَمَا مَسَّنِيَ ٱلسُّوٓءُۚ إِنۡ أَنَا۠ إِلَّا نَذِيرٞ وَبَشِيرٞ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ 188﴾

"(Уа, Пайғамбар!) Айт: «Алла қаламайынша, мен өзіме не пайда, не зиян келтіру билігіне ие емеспін. Егер де ғайыпты білетін болғанымда, жақсылықты көбейтіп, маған ешбір жамандық тимейтін еді. Мен, бар болғаны, мүміндер қауыммына ескертуші әрі қуанышты хабар жеткізушімін», - деп" (Әғраф: 188). .

Және:

﴿قُلۡ إِنِّي لَآ أَمۡلِكُ لَكُمۡ ضَرّٗا وَلَا رَشَدٗا 21 قُلۡ إِنِّي لَن يُجِيرَنِي مِنَ ٱللَّهِ أَحَدٞ وَلَنۡ أَجِدَ مِن دُونِهِۦ مُلۡتَحَدًا 22﴾

"(Уа, Пайғамбар!): «Ақиқатында мен сендерге зиян тигізу және тура жолға салу билігіне ие емеспін" - деп айт және "(Егер бағынбасам), мені Алладан ешкім қорғай алмайды және (өзімен) Одан басқа пайда да таба алмаймын", - де". (Жын: 21-22).

Олар адамға тән ауру, өлу, тамақ пен сусынға мұқтаж болу секілді басқа да сипаттарға ие. Алла Тағала Ибраһимнің (оған Алланың сәлемі болсын) Раббысын сипаттағаны туралы былай деп айтты:

﴿وَٱلَّذِي هُوَ يُطۡعِمُنِي وَيَسۡقِينِ 79 وَإِذَا مَرِضۡتُ فَهُوَ يَشۡفِينِ 80 وَٱلَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحۡيِينِ 81﴾

"Ол мені тамақтандырады әрі сусындатады . Ауырып қалсам, Ол маған шипа береді. Әрі Ол мені өлтіреді, одан соң тірілтеді"

(Шуғара: 79-81).

Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:

«إِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ، أَنْسَى كَمَا تَنْسَوْنَ، فَإِذَا نَسِيتُ فَذَكِّرُونِي».

«Шын мәнінде, мен - өздеріңдей пендемін, сендер ұмытқандайм мен де ұмытамын. Егер ұмытып кетсем, есіме салыңдар»12.

Алла Тағала оларды жоғарғы дәрежелерінде, мадақтау аясында, тек Өзіне құлы болғанымен сипаттаған. Сондай-ақ, Алла Тағала Нух пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) туралы:

﴿...إِنَّهُۥ كَانَ عَبۡدٗا شَكُورٗا﴾

"...Негізінде, ол (Нух) шүкір етуші құл еді" - деген (Исра: 3). Әрі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы:

﴿تَبَارَكَ ٱلَّذِي نَزَّلَ ٱلۡفُرۡقَانَ عَلَىٰ عَبۡدِهِۦ لِيَكُونَ لِلۡعَٰلَمِينَ نَذِيرًا 1﴾

"Әлемдерге ескертуші болсын деп, Өз құлына Фурқанды түсірген Ол - аса Берекелі" (Фурқан: 1).

Алла Тағала Ибраһим, Исхақ және Яғқұбтар (оларға Алланың сәлемі болсын) туралы былай деген:

﴿وَٱذۡكُرۡ عِبَٰدَنَآ إِبۡرَٰهِيمَ وَإِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَ أُوْلِي ٱلۡأَيۡدِي وَٱلۡأَبۡصَٰرِ 45 إِنَّآ أَخۡلَصۡنَٰهُم بِخَالِصَةٖ ذِكۡرَى ٱلدَّارِ 46 وَإِنَّهُمۡ عِندَنَا لَمِنَ ٱلۡمُصۡطَفَيۡنَ ٱلۡأَخۡيَارِ 47﴾

"(Ей, Мухаммад!) Күш-қуат және терең ақыл иелері болған құлдарымыз Ибраһимды, Исхақты және Йағқубты есіңе ал. Ақиқатында, Біз оларды (уайымдарын) ақырет қамы болумен таңдадық. Олар Біздің алдымызда таңдаулы, ең жақсылар қатарында"

(Сад : 45-47).

Ал, Мәрям ұлы Иса жайында:

﴿إِنۡ هُوَ إِلَّا عَبۡدٌ أَنۡعَمۡنَا عَلَيۡهِ وَجَعَلۡنَٰهُ مَثَلٗا لِّبَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ 59﴾

"Ол, бар болғаны, Біз игілік беріп, оны Исраил ұрпақтарына үлгі еткен құлымыз ғана" - деген (Зухруф: 59).

Елшілерге иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:

Біріншісі: Олардың елшілігі Алла Тағаладан келген хақ екендігіне иман келтіру. Кімде-кім біреуінің елшілігіне күпірлік етсе, барлығына күпірлік еткен болады, Алла Тағала:

﴿كَذَّبَتۡ قَوۡمُ نُوحٍ ٱلۡمُرۡسَلِينَ 105﴾

"Нухтың елі елшілерді өтірікшіге шығарды" - деп айтқандай. (Шуғара: 105) Олар оны жоққа шығарғанда, одан өзге пайғамбар болмаса да, Алла оларды барлық пайғамбарларды жоққа шығарғандар қатарына қосты. Осыған орай, Мұхаммедті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өтірікке шығарып, оған ермеген насаралар Мәриям ұлы Мәсихты да өтірікке шығарып, оған ілеспеген болып табылады. Өйткені ол (Иса) оларға Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туралы сүйінші хабар жеткізген еді. Ал бұл сүйінші хабардың мәні – оның (Мұхаммедтің) өздеріне жіберілген елші екендігі, әрі Алланың оларды сол арқылы адасудан құтқарып, тура жолға бастаушы екендігінен басқа ешнәрсе емес.

Екіншісі: пайғамбарлар арасынан есімдері белгілі болғанларына есімдерімен иман келтіру, мәселен: Мұхаммед, Ибраһим, Муса, Иса және Нұх (баршасына Алланың сәлемі болсын). Міне, осы бесеуі – «улул-азм» (сабырлық пен табандылық иелері) атанған елшілер. Алла Тағала оларды Құранның екі жерінде былай деп атап өткен:

﴿وَإِذۡ أَخَذۡنَا مِنَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ مِيثَٰقَهُمۡ وَمِنكَ وَمِن نُّوحٖ وَإِبۡرَٰهِيمَ وَمُوسَىٰ وَعِيسَى ٱبۡنِ مَرۡيَمَۖ وَأَخَذۡنَا مِنۡهُم مِّيثَٰقًا غَلِيظٗا 7﴾

"(Ей, Мухаммад!) Міне, кезінде Біз пайғамбарлардан серт алдық: сенен, Нухтан, Ибраһимнен және Муса мен Мәриям ұлы Исадан. Біз олардан берік уәде алған едік" (Әхзаб: 7). және:

﴿شَرَعَ لَكُم مِّنَ ٱلدِّينِ مَا وَصَّىٰ بِهِۦ نُوحٗا وَٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ وَمَا وَصَّيۡنَا بِهِۦٓ إِبۡرَٰهِيمَ وَمُوسَىٰ وَعِيسَىٰٓۖ أَنۡ أَقِيمُواْ ٱلدِّينَ وَلَا تَتَفَرَّقُواْ فِيهِۚ كَبُرَ عَلَى ٱلۡمُشۡرِكِينَ مَا تَدۡعُوهُمۡ إِلَيۡهِۚ ٱللَّهُ يَجۡتَبِيٓ إِلَيۡهِ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِيٓ إِلَيۡهِ مَن يُنِيبُ 13﴾

"Ол сендерге діннен (діни міндеттерден) Нухқа бұйырғанын, сондай-ақ саған уахи еткенімізді және Ибраһимге, Мұса мен Исаға уахи еткендерімізді шариғат етіп бекіттік: «Дінді толық орындап, онда (дінде) бөлінбеңдер!». Сенің үндегенін серік қосушыларға ауыр тиді. Алла оған (дініне) Өзі қалағанын таңдап, Өзіне бойсұнуға қайтушыны тура жолға салады" (Шура: 13).

Ал, олардың есімі беймәлім болғандарына жалпылай иман келтіреміз. Алла Тағала айтты:

﴿وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا رُسُلٗا مِّن قَبۡلِكَ مِنۡهُم مَّن قَصَصۡنَا عَلَيۡكَ وَمِنۡهُم مَّن لَّمۡ نَقۡصُصۡ عَلَيۡكَ...﴾

"Біз саған дейін де елшілер жібердік. Олардың арасынла саған баян еткеніміх, және баян етпегеніміз бар ..." (Ғафир: 78).

Үшіншісі: Олардан жеткен сенімді хабарларды растау.

Төртіншісі: Олардың ішінен бізге жіберілген әрі олардың соңғысы және күллі адамзатқа жіберілген Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шариғатымен амал ету. Алла Тағала айтты:

﴿فَلَا وَرَبِّكَ لَا يُؤۡمِنُونَ حَتَّىٰ يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيۡنَهُمۡ ثُمَّ لَا يَجِدُواْ فِيٓ أَنفُسِهِمۡ حَرَجٗا مِّمَّا قَضَيۡتَ وَيُسَلِّمُواْ تَسۡلِيمٗا 65﴾

"Жоқ, (ей, Мухаммад!) Раббыңмен ант етемін! Олар өз арасындағы дауларына сені үкім айтушы етіп, содан кейін шығарған шешіміңе көңілдерінде бір кірбің таппай, толық бойсұнбайынша, (толық) иман келтірмейді" (Ниса: 65).

Елшілерге иман келтірудің кейбір ұлы жемістері:

Біріншісі: Алла Тағаланың Өз құлдарына деген мейірімі мен қамқорлығын, Оның, адамдарды Өзінің тура жолына бастап, оларға Аллаға қалай құлшылық ету керектігін түсіндірулері үшін, елшілер жібергенін білу; өйткені адамның ақылы оны өз бетінше танып-білуге қауқарсыз.

Екіншісі: осы ұлы нығмет үшін АллаТағалаға шүкір ету.

Үшіншісі: елшілерді (оларға Алланың сәлемі болсын) жақсы көру, оларды ұлықтау және оларға лайықты түрде мадақ айту; өйткені олар – Алла Тағаланың елшілері, Оған құлшылық етіп, Оның жолдауын жеткізген және Оның құлдарына насихат айтқан.

Ал қасарысқандар болса, өздеріне келген елшілерді өтірікке шығарып: “Алла Тағаланың елшілері адам баласынан болмайды”- деген уәж айтты. Алла Тағала бұл уәжді атап, оны Өзінің мына сөзімен жоққа шығарды:

﴿وَمَا مَنَعَ ٱلنَّاسَ أَن يُؤۡمِنُوٓاْ إِذۡ جَآءَهُمُ ٱلۡهُدَىٰٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓاْ أَبَعَثَ ٱللَّهُ بَشَرٗا رَّسُولٗا94 قُل لَّوۡ كَانَ فِي ٱلۡأَرۡضِ مَلَٰٓئِكَةٞ يَمۡشُونَ مُطۡمَئِنِّينَ لَنَزَّلۡنَا عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ مَلَكٗا رَّسُولٗا 95﴾

"Адамдарға тура жол (оны түсіндіруші) келген кезде, олардың иманға келуіне: «Алла елші етіп адамды жіберді ме?» -деп айтулары кедергі болды. (Уа, Пайғамбар!): «Егер де жер бетінде жайбарақат жүргендер періштелер болса, оларға аспаннан Елші етіп періште түсірер едік»,- деген (Исра: 94-95).

Алла Тағала бұл пайымды (уәжді) жоққа шығарып, елшінің, міндетті түрде, адам болу керектігін білдірді. Өйткені ол жердің тұрғындарына жіберіледі, ал олар болса – адамдар. Егер жер бетіндегілер періштелер болса, Алла оларға өздері сияқты болу үшін көктен періште елші жіберер еді. Әрі Алла Тағала елшілерді өтірікке шығарушылар туралы баяндап: олардың былай дегенін хабарлады:

﴿...إِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُنَا تُرِيدُونَ أَن تَصُدُّونَا عَمَّا كَانَ يَعۡبُدُ ءَابَآؤُنَا فَأۡتُونَا بِسُلۡطَٰنٖ مُّبِينٖ 10 قَالَتۡ لَهُمۡ رُسُلُهُمۡ إِن نَّحۡنُ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُكُمۡ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَمُنُّ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦۖ وَمَا كَانَ لَنَآ أَن نَّأۡتِيَكُم بِسُلۡطَٰنٍ إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِ...﴾

"... Сендер бар болғаны өзімііз секілді адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыз табынып келгеннен қайтаруды қалайсыңдар. Қане, бізге анық дәлел келтіріңдер, - деді. Оларға жіберілген елшілер: "Біз бар болғаны өздерің секілді адамбыз. Бірақ Алла құлдары арсынан Өзі қалағанына игілік көрсетеді. Біз сендерге Алланың рұқсатынсыз, бір белгі -дәлел келтіре алмаймыз..." (Ибраһим: 10-11).

 

Ақырет күніне иман

Ақырет күні: адамдар есеп-қисап пен жаза үшін қайта тірілетін Қиямет күні.

Бұл күн одан кейін басқа күннің болмайтыны үшін "Ақырет күні" деп аталған. Сол күні жәннаттықтар өз мекендеріне, ал тозақтықтар өз меекендеріне тұрақтайды.

Ақырет күніне иман келтіру үш нәрсені қамтиды:

Біріншісі: қайта тірілуге иман келтіру. Бұл – сурға екінші рет үрленген кезде өлілердің қайта тірілуі. Сол уақытта адамдар әлемдердің Раббысының алдына жалаңаяқ, жалаңаш әрі сүндеттелмеген күйде тұрады. Алла Тағала:

﴿...كَمَا بَدَأۡنَآ أَوَّلَ خَلۡقٖ نُّعِيدُهُۥۚ وَعۡدًا عَلَيۡنَآۚ إِنَّا كُنَّا فَٰعِلِينَ﴾

"...Жаратылысты әуел баста қалай бастасақ, солайша оны солай қайтарамыз. Бұл – Бізге міндеттелген уәде. Ақиқатында, Біз оны орындаушымыз" - деген. (Әнбия: 104).

Қайта тірілу – бекітілген ақиқат . Бұған Кітап, Сүннет және мұсылмандардың ортақ келісімі дәлел болады.

Алла Тағала:

﴿ثُمَّ إِنَّكُم بَعۡدَ ذَٰلِكَ لَمَيِّتُونَ 15 ثُمَّ إِنَّكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ تُبۡعَثُونَ 16﴾

"Бұдан кейін, әрине, сендер өлесіңдер. Содан кейін қиямет күні қайта тірілесіңдер", - деген. (Му’минун: 15-16).

Және Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты:

«يُحْشَرُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حُفَاةً عُرَاةً غُرْلًا».

«Ахырет күні адамдар жалаңаш, жалаңаяқ әрі сүндеттелмеген күйде жиналады»13. Бірауыздан келісілген хадис.

Мұсылмандар оның ақиқат екендігіне бірауыздан келіскен, әрі бұл – даналық талабы. Өйткені, Алла Тағала жаратылысқа қайта тірілу күнін белгілеп, оларға Өз елшілері арқылы жіберген шариғатымен жазасын не сауабын беруі даналыққа сай келеді. Алла Тағала айтты:

﴿أَفَحَسِبۡتُمۡ أَنَّمَا خَلَقۡنَٰكُمۡ عَبَثٗا وَأَنَّكُمۡ إِلَيۡنَا لَا تُرۡجَعُونَ 115﴾

"Сонда Біз сендерді бостан-бос, ермек етіп жаратып, әрі Бізге қайтарылмаймыз, деп ойладыңдар ма?" (Му’минун: 115). Сондай-ақ, Алла Тағала Өз пайғамбарына (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты:

﴿إِنَّ ٱلَّذِي فَرَضَ عَلَيۡكَ ٱلۡقُرۡءَانَ لَرَآدُّكَ إِلَىٰ مَعَادٖ...﴾

"(Уа, Пайғамбар!) Кім саған Құранды жеткізуді міндеттесе, Сол сені қайтар орынға (Меккеге) қайтарады..." (Қасас: 85).

Екіншісі: есеп пен жазаға иман келтіру: құл істеген амалы үшін есепке тартылып және оған сәйкес жазаланады. Бұған Кітап, Сүннет және мұсылмандардың бірауыз келісімі дәлел.

Алла Тағала айтты:

﴿إِنَّ إِلَيۡنَآ إِيَابَهُمۡ 25 ثُمَّ إِنَّ عَلَيۡنَا حِسَابَهُم 26﴾

"Ақиқатында, олардың қайтуы Бізге. Содан кейін, олардың есебі, күмәнсіз, Бізде" (Ғашия: 25-26). Алла Тағала:

﴿مَن جَآءَ بِٱلۡحَسَنَةِ فَلَهُۥ عَشۡرُ أَمۡثَالِهَاۖ وَمَن جَآءَ بِٱلسَّيِّئَةِ فَلَا يُجۡزَىٰٓ إِلَّا مِثۡلَهَا وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ 160﴾

"Кімде-кім жақсы амалмен келсе, оған сондайдың оны (еселеніп) беріледі. Ал, кім бір жаман амалмен келсе, оған қайтарым жаза ретінде соның өзі ғана беріледі де, оларға ешбір әділетсіздік жасалмайды" (Әнғам: 160); Және:

﴿وَنَضَعُ ٱلۡمَوَٰزِينَ ٱلۡقِسۡطَ لِيَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ فَلَا تُظۡلَمُ نَفۡسٞ شَيۡـٔٗاۖ وَإِن كَانَ مِثۡقَالَ حَبَّةٖ مِّنۡ خَرۡدَلٍ أَتَيۡنَا بِهَاۗ وَكَفَىٰ بِنَا حَٰسِبِينَ 47﴾

"Әрі Біз Қайта тірілу күні үшін әділ таразыларды орнатамыз. Сонда бірде-бір жанға ешқандай әділетсіздік етілмейді. Тіпті (амалы) қыша дәнінің салмағындай болса да, оны әкелеміз. Біз есептеуде жеткіліктіміз"

(Әнбия: 47).

Ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын) Алланың елшісінен (Алланың салауаты мен сәлемі оған және жақындарына болсын) айтты:

«إِنَّ اللَّهَ يُدْنِي الْمُؤْمِنَ، فَيَضَعُ عَلَيْهِ كَنَفَهُ - أَيْ سَتْرَهُ - وَيَسْتُرُهُ: فَيَقُولُ: أَتَعْرِفُ ذَنْبَ كَذَا؟ أَتَعْرِفُ ذَنْبَ كَذَا؟ فَيَقُولُ: نَعَمْ أَيْ رَبِّ، حَتَّى إِذَا قَرَّرَهُ بِذُنُوبِهِ، وَرَأَى فِي نَفْسِهِ أَنَّهُ هَلَكَ قَالَ: سَتَرْتُهَا عَلَيْكَ فِي الدُّنْيَا وَأَنَا أَغْفِرُهَا لَكَ الْيَوْمَ، فَيُعْطَى كِتَابَ حَسَنَاتِهِ، وَأَمَّا الْكُفَّارُ وَالْمُنَافِقُونَ فَيُنَادَى بِهِمْ عَلَى رُؤُوسِ الْخَلَائِقِ: هَؤُلَاءِ الَّذِينَ كَذَبُوا عَلَى رَبِّهِمْ، أَلَا لَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الظَّالِمِينَ».

«Ақиқатында, Алла муминді (Өзіне) жақындатып, оны панасының астына — яғни пердесімен — жабады әрі жасырады. Сосын: “Мына күнәңді білесің бе? Ал,

мына күнәңді білесің бе?” — дейді. Ол: “Иә, Раббым”, — деп жауап береді. Алла оған күнәларын мойындатқан соң, ол іштей өзін құрыды, деп ойлайды. Сонда Алла: «Мен оларды сенен дүниеде жасырып едім, ал бүгін оны сен үшін кешіремін», — дейді. Сөйтіп оған игі амалдар кітабы беріледі. Ал кәпірлер мен мунафиқтарға келсек, бүкіл жаратылыстың алдында олар жайлы: “Міне, бұлар — өз Раббыларына өтірік айтқандар. Біліңдер, залымдарға Алланың лағынеті болсын”» – деп жар салынады14. Бірауыздан келісілген хадис.

Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегені сенімді жолмен риуаят етілген:

«أَنَّ مَنْ هَمَّ بِحَسَنَةٍ فَعَمِلَهَا؛ كَتَبَهَا اللَّهُ عِنْدَهُ عَشْرَ حَسَنَاتٍ إِلَى سَبْعِ مِئَةِ ضِعْفٍ إِلَى أَضْعَافٍ كَثِيرَةٍ، وَأَنَّ مَنْ هَمَّ بِسَيِّئَةٍ فَعَمِلَهَا؛ كَتَبَهَا اللَّهُ سَيِّئَةً وَاحِدَةً».

«Кімде-кім жақсы іс істеуді ниет етіп, оны орындаса, Алла оған Өз қасында оннан жеті жүзге дейін, тіпті одан да көп жақсы істерді жазады, ал кім жаман іс істеуді ниеттеніп, оны орындаса, Алла (оған) бір жаман іс жазып қояды»15.

Мұсылмандар амалдар үшін есеп пен қайтарым жаза болатынына бірауыздан келіскен. Бұл – даналық талабы. Өйткені Алла Тағала кітаптар түсіріп, елшілер жіберді де, пенделеріне олардың алып келгенін қабылдап, орындалуы тиіс үкімдеріне амал етуді парыз еткен. Сондай-ақ, оған қарсы шыққандармен соғысуды міндеттеп, олардың қанын, ұрпақтарын, әйелдерін және мал-мүлкін халал еткен. Егер есеп пен қайтарым жаза болмаса, онда бұл бос (мәні жоқ) әрекет болар еді. Алайда, барлық істері даналыққа толы, Хаким Раббы бекершілік жасаудан Пәк! Алла Тағала осыған ишара етіп:

﴿فَلَنَسۡـَٔلَنَّ ٱلَّذِينَ أُرۡسِلَ إِلَيۡهِمۡ وَلَنَسۡـَٔلَنَّ ٱلۡمُرۡسَلِينَ 6 فَلَنَقُصَّنَّ عَلَيۡهِم بِعِلۡمٖۖ وَمَا كُنَّا غَآئِبِينَ 7﴾

"Біз, міндетті түрде, өздеріне елші жіберілгендерді сұраққа аламыз және жіберілген елшілерді де сұраққа тартамыз. Біз оларға білім негізінде баян етеміз. Әрі Біз (олардан) ғайып қалған емеспіз" (Әғраф: 6-7).

Үшінші: Жәннат пен Тозаққа және ол екеуінің жаратылыстың мәңгілік (соңғы) мекені екендігіне иман келтіру.

Жәннат — игіліктер мекені. Алла Тағала оны тақуа муминдерге дайындап қойған. Олар — Алланың сенуге міндеттеген нәрселеріне иман келтірген жандар. Сондай-пақ, Алла және Оның Елшісінің әмірлеріне бағынып, Аллаға ықыласты болып, Елшісіне ергендер. Ол жерде әртүрлі нығметтер бар.

«مَا لَا عَيْنٌ رَأَتْ، وَلَا أُذُنٌ سَمِعَتْ، وَلَا خَطَرَ عَلَى قَلْبِ بَشَرٍ».

«Көз көрмеген, құлақ естімеген, ешкімінің жүрегіне (ақылына) келмеген нәрсе»16, Алла Тағала:

﴿إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ أُوْلَٰٓئِكَ هُمۡ خَيۡرُ ٱلۡبَرِيَّةِ 7 جَزَآؤُهُمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ جَنَّٰتُ عَدۡنٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدٗاۖ رَّضِيَ ٱللَّهُ عَنۡهُمۡ وَرَضُواْ عَنۡهُۚ ذَٰلِكَ لِمَنۡ خَشِيَ رَبَّهُۥ 8﴾

"Анығында, иман келтіріп, ізгі амал жасағандар; міне, солар - жаратылғандардың қайырлысы. Раббысы құзырындағы олардың сыйы - астынан өзендер ағып жататын Ғадын бақтары. Олар онда мәңгі қалушылар. Алла олардан разы, олар да Одан разы. Міне, бұл Раббысынан қорыққандар үшін" (Бәйина: 7-8). Және:

﴿فَلَا تَعۡلَمُ نَفۡسٞ مَّآ أُخۡفِيَ لَهُم مِّن قُرَّةِ أَعۡيُنٖ جَزَآءَۢ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ 17﴾

"Ешбір жан істеген амалдары үшін қайтарым сый ретінде өздері көзайым болатын қандай қуаныштың жасырылғанын білмейді" (Сәжде: 17).

Ал Тозақ — Алла Тағаланың Өзіне күпірлік етіп, елшілеріне мойынсұнбаған залым кәпірлер үшін дайындаған азап мекені. Онда ойға келмеген азап пен арнайы жазаның түрлері бар. Алла Тағала:

﴿وَٱتَّقُواْ ٱلنَّارَ ٱلَّتِيٓ أُعِدَّتۡ لِلۡكَٰفِرِينَ 131﴾

"Әрі кәпірлер үшін дайындалған Оттан сақтаныңдар" (Әлі Ғимран: 131); және:

﴿وَقُلِ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكُمۡۖ فَمَن شَآءَ فَلۡيُؤۡمِن وَمَن شَآءَ فَلۡيَكۡفُرۡۚ إِنَّآ أَعۡتَدۡنَا لِلظَّٰلِمِينَ نَارًا أَحَاطَ بِهِمۡ سُرَادِقُهَاۚ وَإِن يَسۡتَغِيثُواْ يُغَاثُواْ بِمَآءٖ كَٱلۡمُهۡلِ يَشۡوِي ٱلۡوُجُوهَۚ بِئۡسَ ٱلشَّرَابُ وَسَآءَتۡ مُرۡتَفَقًا 29﴾

" (О, Пайғамбар!): «Ақиқат - Раббыңыздан. Сондықтан кім қаласа, сенсін, кім қаласа, сенбесін (күпірлік етсін)»,- де. Ақиқатында, Біз әділетсіздерге Тозақ әзірледік. Оның қорғандары оларды қоршап алады. Олар құтқарылуын сұраса, оларға беттерді қуырып жіберетін балқыған мыстай су беріледі. Ол қандай жаман сусын әрі қандай жаман орын!" (Кәһф: 29); Және:

﴿إِنَّ ٱللَّهَ لَعَنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ وَأَعَدَّ لَهُمۡ سَعِيرًا 64 خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدٗاۖ لَّا يَجِدُونَ وَلِيّٗا وَلَا نَصِيرٗا 65 يَوۡمَ تُقَلَّبُ وُجُوهُهُمۡ فِي ٱلنَّارِ يَقُولُونَ يَٰلَيۡتَنَآ أَطَعۡنَا ٱللَّهَ وَأَطَعۡنَا ٱلرَّسُولَا۠66﴾

(Ақиқатында, Алла кәпірлерді лағнеттеді және оларға жалындаған от әзірледі. Олар онда мәңгі қалып, ешбір қорғаушы да, көмек беруші де таппайды. Сол күні беттері от ішінде аударылғанда, олар: «Әттең, Аллаға бойұсынып, Елшіге бағынсақ еді!» деп, (өкінеді). (Әхзаб: 64-66).

Ақырет күніне иман келтірудің ұлы жемістері бар, соның кейбірі:

Біріншісі: сол Күннің сауабынан үміт етіп, құлшылық амалдарын орындауға құлшыныс таныту.

Екіншісі: сол Күннің азабынан қауіптеніп; күнәдан сақтану және оған (күнәға) разы болмау.

Үшіншісі: мүмінді дүниедегі қолынан кеткен нәрселерге байланысты үміт еткен ақыреттік нығмет және сауаппен жұбату.

Ал кәпірлер өлімнен кейінгі қайта тірілуді жоққа шығарып, оны мүмкін емес деп пайымдаған.

Бұл пайымдары – жалған, оның жалған екенін шариғат, сезім және ақыл дәлелдей алады.

Ал шариғат дәлелдеріне келсек, Алла Тағала айтты:

﴿زَعَمَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَن لَّن يُبۡعَثُواْۚ قُلۡ بَلَىٰ وَرَبِّي لَتُبۡعَثُنَّ ثُمَّ لَتُنَبَّؤُنَّ بِمَا عَمِلۡتُمۡۚ وَذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ 7﴾

"Күпірлік етушілер өздерін ешқашан тірілтілмейді, деп есептеді. (Уа, Пайғамбар!): «Олай емес, Раббыммен ант етемін, сендер, әлбетте, қайта тірілтілесіңдер! Содан кейін сендерге не істегендеріңнің хабары беріледі. Бұл Аллаға оңай»,- де" (Тағабун: 7). Оған көктен түскен кітаптардың барлығым бірауыздан келіседі.

Ал сезім дәлеліне келсек: Алла Тағала құлдарына өлілердің тірілтілуін бұл дүниеде-ақ көрсеткен. “Бақара” сүресінде бұған қатысты бес мысал келтірілген, олар:

Бірінші мысал: Муса қауымының оған:

﴿...لَن نُّؤۡمِنَ لَكَ حَتَّىٰ نَرَى ٱللَّهَ جَهۡرَةٗ ...﴾

"Алланы әшкере көрмейінше, саған әсте сенбейміз..." - дегені (Бақара: 55) Сонда Алла Тағала оларды өлтіріп, кейін қайта тірілтті, Осыған орай, Алла Тағала Исраил ұрпақтарына қарата былай деген:

﴿وَإِذۡ قُلۡتُمۡ يَٰمُوسَىٰ لَن نُّؤۡمِنَ لَكَ حَتَّىٰ نَرَى ٱللَّهَ جَهۡرَةٗ فَأَخَذَتۡكُمُ ٱلصَّٰعِقَةُ وَأَنتُمۡ تَنظُرُونَ 55 ثُمَّ بَعَثۡنَٰكُم مِّنۢ بَعۡدِ مَوۡتِكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ 56﴾

(Әрі сол кезде сендер: «Ей, Муса! Алланы ашық көрмейінше, саған сенбейміз», дедіңдер. Сонда сендерге, өздерің қарап тұрған кездеріңде аспаннан от тиді. Одан соң, шүкіршілік етулерің үшін, өлімдеріңнен кейін сендерді қайта тірілттік". (Бақара: 55-56).

Екінші мысал: Исраил ұлдары дауға түскен, бір өлтірілушінің оқиғасы. Алла Тағала оларға, өлген адамның өзін кім өлтіргенін хабарлауы үшін, бір сиырды бауыздап, өлікті әлгі сиырдың бір бөлігімен ұруды бұйырды. Осыған қатысты Алла Тағала былай деген:

﴿وَإِذۡ قَتَلۡتُمۡ نَفۡسٗا فَٱدَّٰرَٰءۡتُمۡ فِيهَاۖ وَٱللَّهُ مُخۡرِجٞ مَّا كُنتُمۡ تَكۡتُمُونَ 72 فَقُلۡنَا ٱضۡرِبُوهُ بِبَعۡضِهَاۚ كَذَٰلِكَ يُحۡيِ ٱللَّهُ ٱلۡمَوۡتَىٰ وَيُرِيكُمۡ ءَايَٰتِهِۦ لَعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ 73﴾

"Бір кісіні өлтіріп, ол туралы тартысқандарыңды еске алыңданр.Ал, Алла жасырғандарыңды әшкере етуші сыртқа шығарушы. Біз: «Оны (мүрдені) сойылған сиырдың бір бөлігімен ұрыңдар», - дедік. Осылай Алла өліктерді тірілтеді және ақылды істетіп, ұғынуларың үшін Өз аяттарын (белгілерін) көрсетеді" (Бақара: 72-73).

Үшінші мысал: Өлімнен қашып, жұрттарынан (өздері) мың кісі бола тұрып шығып кеткен қауымның оқиғасы. Алла Тағала олардың жанын алып, кейін қайта тірілтті. Бұл жайында АллаТағала былай дейді:

﴿أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ خَرَجُواْ مِن دِيَٰرِهِمۡ وَهُمۡ أُلُوفٌ حَذَرَ ٱلۡمَوۡتِ فَقَالَ لَهُمُ ٱللَّهُ مُوتُواْ ثُمَّ أَحۡيَٰهُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَذُو فَضۡلٍ عَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَشۡكُرُونَ243﴾

"(Уа, Пайғамбар!) Өлімнен қорқып, тұрақтарын тастап шыққан мыңдаған адамдарды білмейсің бе? Алла оларға: «Өліңдер!», - деді. Содан кейін қайта тірілтті. Ақиқатында, Алла адамдарға кеңшілік Иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкір етпейді 243) (Бақара: 243).

Төртінші мысал: өлі кенттің жанынан өтіп бара жатып, Алла Тағаланың оны тірілтуін екіталай санаған кісінің оқиғасы. Сонда Алла Тағала оны жүз жыл өлі ұстап, кейін қайта тірілтті. Бұл жайында АллаһТағала былай дейді:

﴿أَوۡ كَٱلَّذِي مَرَّ عَلَىٰ قَرۡيَةٖ وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا قَالَ أَنَّىٰ يُحۡيِۦ هَٰذِهِ ٱللَّهُ بَعۡدَ مَوۡتِهَاۖ فَأَمَاتَهُ ٱللَّهُ مِاْئَةَ عَامٖ ثُمَّ بَعَثَهُۥۖ قَالَ كَمۡ لَبِثۡتَۖ قَالَ لَبِثۡتُ يَوۡمًا أَوۡ بَعۡضَ يَوۡمٖۖ قَالَ بَل لَّبِثۡتَ مِاْئَةَ عَامٖ فَٱنظُرۡ إِلَىٰ طَعَامِكَ وَشَرَابِكَ لَمۡ يَتَسَنَّهۡۖ وَٱنظُرۡ إِلَىٰ حِمَارِكَ وَلِنَجۡعَلَكَ ءَايَةٗ لِّلنَّاسِۖ وَٱنظُرۡ إِلَى ٱلۡعِظَامِ كَيۡفَ نُنشِزُهَا ثُمَّ نَكۡسُوهَا لَحۡمٗاۚ فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُۥ قَالَ أَعۡلَمُ أَنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ 259﴾

"Немесе төбелері опырылып түсіп, қабырғалары үстіне құлаған бір кенттің қасынан өткен біреуді (білмедің бе)? Ол: «Алла мұны өлгеннен кейін қалай тірілтер екен?», - деді. Сонда Алла оны өлі күйінде ұстап, кейін тірілтті. (Одан): «Қанша уақыт болдың?» деп сұраса, ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей (болдым)», - деді. Оған: «Олай емес, сен жүз жыл болдың. Тамағың мен сусыныңа қара! Түк бұзылмаған. Ал, енді есегіңе қара! Біз сені адамдарға белгі ету үшін (осылай еттік). Ал, енді сүйектерге қара! Оны қайта құрастырып, кейін оған ет қаптаймыз», - деді. Оған анық болған кезде, ол: «Алланың бәріне де Құдіретті екенін жақсы білемін», - деді" (Бақара: 259).

Бесінші мысал: Ибраһим Халилдің қиссасында. Ол Алла Тағаладан өлілерді қалай тірілтетінін көрсетуін сұрағанда, Алла Тағала оған төрт құсты бауыздап, етін бөлшектеп, айналасындағы тауларға қоюды, одан соң әлгі құстарды шақыруды бұйырды. Сонда бөлшектер бірі-біріне қосылып, Ибраһимге қарай асығып келеді. Бұл жайында Алла Тағала былай дейді:

﴿وَإِذۡ قَالَ إِبۡرَٰهِـۧمُ رَبِّ أَرِنِي كَيۡفَ تُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰۖ قَالَ أَوَلَمۡ تُؤۡمِنۖ قَالَ بَلَىٰ وَلَٰكِن لِّيَطۡمَئِنَّ قَلۡبِيۖ قَالَ فَخُذۡ أَرۡبَعَةٗ مِّنَ ٱلطَّيۡرِ فَصُرۡهُنَّ إِلَيۡكَ ثُمَّ ٱجۡعَلۡ عَلَىٰ كُلِّ جَبَلٖ مِّنۡهُنَّ جُزۡءٗا ثُمَّ ٱدۡعُهُنَّ يَأۡتِينَكَ سَعۡيٗاۚ وَٱعۡلَمۡ أَنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٞ 260﴾

"Сондай-ақ, Ибраһимның: «Раббым! Маған өліктерді қалай тірілтетініңді көрсеткін»,- дегенін еске ал. (Алла оған): «Сенбейсің бе?»,- дегенде, Ибраһим: "Әрине,

сенемін, бірақ жүрегімнің орнығуы үшін (көрсет)»,- деді. Ол: «Құстардан төртеуін өзіңе алып жина да, содан кейін оларды (араластырып), әр таудың басына бір-бір бөлшегін қой. Кейін оларды шақыр, олар саған тез жетіп келеді. Әрі, Алланың бәрінен Үстем, аса Дана екенін біл»,- деді" (Бақара: 260).

Бұлар – өлілерді тірілтудің мүмкін екендігіне дәлел болатын көзге көрінетін, шынайы мысалдар. Бұған дейін де Алла Тағаланың Мәриям ұлы Иса арқылы өлілерді тірілту және оларды (Алла Тағаланың рұқсатымен) қабірлерінен шығару жайлы айтылған еді.

Ал ақылдың екі түрлі дәлелі бар:

Біріншісі: Алла Тағала – көк пен жердің және олардың араындағы барлық нәрсенің бастапқы Жаратушысы. Ал жаратылысты алғаш жаратуға құдіреті жеткен Алла оны қайта жаратуда әлсіздік танытпайды. Алла Тағала:

﴿وَهُوَ ٱلَّذِي يَبۡدَؤُاْ ٱلۡخَلۡقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥ وَهُوَ أَهۡوَنُ عَلَيۡهِ...﴾

"Әрі Ол алғаш (жоқтан) пайда етеді, кейін оны қайталайды (қайта жаратады). Бұл Оған оңай..." - деген. (Рум: 27). Және:

﴿...كَمَا بَدَأۡنَآ أَوَّلَ خَلۡقٖ نُّعِيدُهُۥۚ وَعۡدًا عَلَيۡنَآۚ إِنَّا كُنَّا فَٰعِلِينَ﴾

"...әубаста қалай бастасақ, оны солай қайтарамыз (қайта жаратамыз). Бұл - Біз міндетімізге алған бір уәде. Біз оны істеушіміз" (Әнбия: 104). Ол шіріген сүйектерді тірілтуді жоққа шығарғандарға жауап беруді әмір етіп былай деді:

﴿قُلۡ يُحۡيِيهَا ٱلَّذِيٓ أَنشَأَهَآ أَوَّلَ مَرَّةٖۖ وَهُوَ بِكُلِّ خَلۡقٍ عَلِيمٌ 79﴾

"(Уа, Пайғамбар!): «Оны сондай, алғашқы рет жоқтан бар еткен тірілтеді. Ол әрбір жаратылғанды жақсы Білуші», -деп айт" (Йә Син: 79).

Екінші: Жер тіршіліксіз, өлі күйде болып, онда бірде-бір жасыл ағаш өспейді. Оған жаңбыр жауғанда, ол қозғалысқа келіп, тіріліп, көгеріп, әртүрлі әдемі өсімдіктерге толады. Оны жансыз болғанынан кейін тірілтуші (Алла) өлілерді де тірілте алады. Алла Тағала:

﴿وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦٓ أَنَّكَ تَرَى ٱلۡأَرۡضَ خَٰشِعَةٗ فَإِذَآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡهَا ٱلۡمَآءَ ٱهۡتَزَّتۡ وَرَبَتۡۚ إِنَّ ٱلَّذِيٓ أَحۡيَاهَا لَمُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰٓۚ إِنَّهُۥ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٌ 39﴾

"Оның белгілерінің бірі – сен жерді кеуіп кеткен күйінде көресің. Біз оған су түсірсек, ол қозғалысқа келіп, көпсіп, тіршілікке толады. Шын мәнінде, оны тірілткен, әлбетте, өлілерді де тірілтеді. Ақиқатында, Ол барлық нәрсеге Құдіретті" (Фуссилат: 39). және:

﴿وَنَزَّلۡنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ مُّبَٰرَكٗا فَأَنۢبَتۡنَا بِهِۦ جَنَّٰتٖ وَحَبَّ ٱلۡحَصِيدِ 9 وَٱلنَّخۡلَ بَاسِقَٰتٖ لَّهَا طَلۡعٞ نَّضِيدٞ 10 رِّزۡقٗا لِّلۡعِبَادِۖ وَأَحۡيَيۡنَا بِهِۦ بَلۡدَةٗ مَّيۡتٗاۚ كَذَٰلِكَ ٱلۡخُرُوجُ 11﴾

"Аспаннан (бұлттан) "берекелі су" (жаңбыр) түсіріп, ол арқылы бақшалар және орылатын дақылдар, сондай-ақ қауашақтары шоғырланған ұзын құрма ағаштарын да өсірдік. Құлдарға ризық болсын деп. Біз ол сумен тіршіліксіз қалған жерді жандандырдық. (Қабірлерден) шығу да осылай болады"

(Қаф: 9-11).

Ахырет Күніне иман келтіруге: өлімнен кейін болатын барлық жайттарға да иман келтіру жатады. Мысалы:

(а) Қабір сынағы: Бұл – мәйітті жерлегеннен кейін одан Раббысы, діні және пайғамбары туралы сұралуы; Алла иман келтіргендерді тұрақты сөзбен бекітеді. Сонда ол (мүмін): "Раббым – Алла, дінім – Ислам, ал пайғамбарым – Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)",- дейді. Сондай-ақ, Алла залымдарды адастырады, сонда кәпір: «Һа, һа... білмеймін», – дейді. Ал мунафиқ немесе күмәнданушы: «Білмеймін, жұрттың бірдеңе дегенін естіп, мен де соны айтып едім», – дейді.

(ә) Қабір азабы: Бұл мунафиқтер мен кәпірлердің залымдарына болады. Алла Тағала айтты:

﴿...وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذِ ٱلظَّٰلِمُونَ فِي غَمَرَٰتِ ٱلۡمَوۡتِ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ بَاسِطُوٓاْ أَيۡدِيهِمۡ أَخۡرِجُوٓاْ أَنفُسَكُمُۖ ٱلۡيَوۡمَ تُجۡزَوۡنَ عَذَابَ ٱلۡهُونِ بِمَا كُنتُمۡ تَقُولُونَ عَلَى ٱللَّهِ غَيۡرَ ٱلۡحَقِّ وَكُنتُمۡ عَنۡ ءَايَٰتِهِۦ تَسۡتَكۡبِرُونَ﴾

"... егер әділетсіздерді өлім жанталасында жатқанында, періштелер (оларға) қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар. Алла жайында ақиқаттан өзге сөз айтқандарың әрі өздеріңді Оның аяттарынан жоғары қойғандықтарың үшін, бүгін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлық азабы беріледі», дегенде көрсең) (Әнғам: 93).

Алла Тағала Перғауын әулеті туралы былай деді:

﴿ٱلنَّارُ يُعۡرَضُونَ عَلَيۡهَا غُدُوّٗا وَعَشِيّٗاۚ وَيَوۡمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ أَدۡخِلُوٓاْ ءَالَ فِرۡعَوۡنَ أَشَدَّ ٱلۡعَذَابِ 46﴾

"Ол - от (тозақ). Олар оған таңертең және кешке қарай кіргізіледі. Ал, Қиямет-қайым болған күні: «Перғаундықтарды азаптың ең ауырына кіргізіңдер!» - (делінеді)" (Ғафир: 46).

Муслимнің "Сахих хадистер" жинағында мына хадис келтіріледі: Зәйд бин Сабит (оған Алла разы болсын) ол Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді:

«فَلَوْلَا أَنْ لَا تَدَافَنُوا لَدَعَوْتُ اللَّهَ أَنْ يُسْمِعَكُمْ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ الَّذِي أَسْمَعُ مِنْهُ».

«Егер сендер бір-біріңді жерлемей қоятындарың болмағанда, мен Алладан өзім естіп жатқан қабір азабын сендерге де естіртуін сұрар едім». Сосын жүзін (бізге) бұрып:

«تَعَوَّذُوا بِاللَّهِ مِنْ عَذَابِ النَّارِ».

«От азабынан Аллаға сиынып) Одан пана сұраңдар» - деді. Олар: «Тозақ азабынан Алладан пана сұраймыз», - деді. Ол:

«تَعَوَّذُوا بِاللَّهِ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ»

«Қабір азабынан Алладан пана сұраңдар», - деді. Олар: «Біз қабір азабынан Аллаға сиынып, Одан пана сұраймыз», - деді. Ол:

«تَعَوَّذُوا بِاللَّهِ مِنَ الْفِتَنِ، مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَمَا بَطَنَ».

«Фитналардың (бүліктер) көрінгенінен де, жасырынғанынан да Аллаға сиынып, Одан пана сұраңдар», - деді. Олар: «Бүліктердің көрінгенінен де, жасырын болғанынан да Аллаға сиынып, Одан пана сұраймыз», - деді. Ол:

«تَعَوَّذُوا بِاللَّهِ مِنْ فِتْنَةِ الدَّجَّالِ».

«Дәжжалдың арбауынан Аллаға сиынып, Одан пана сұраңдар», - деді. Олар: «Біз Дәджалдың арбауынан Алладан пана сұраймыз», – деді17.

Ал қабір нығметі – шынайы муминдерге нәсіп болады. Алла Тағала:

﴿إِنَّ ٱلَّذِينَ قَالُواْ رَبُّنَا ٱللَّهُ ثُمَّ ٱسۡتَقَٰمُواْ تَتَنَزَّلُ عَلَيۡهِمُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ أَلَّا تَخَافُواْ وَلَا تَحۡزَنُواْ وَأَبۡشِرُواْ بِٱلۡجَنَّةِ ٱلَّتِي كُنتُمۡ تُوعَدُونَ 30﴾

"Ақиқатында: «Раббымыз Алла» деп, кейін туралықты ұстанғандарға періштелер түсіп: «Қорықпаңдар да қайғырмаңдар, әрі өздеріңе уәде етілген жәннатқа қуаныңдар,-дейді" (Фуссилат: 30);

және:

﴿فَلَوۡلَآ إِذَا بَلَغَتِ ٱلۡحُلۡقُومَ 83 وَأَنتُمۡ حِينَئِذٖ تَنظُرُونَ 84 وَنَحۡنُ أَقۡرَبُ إِلَيۡهِ مِنكُمۡ وَلَٰكِن لَّا تُبۡصِرُونَ 85 فَلَوۡلَآ إِن كُنتُمۡ غَيۡرَ مَدِينِينَ 86 تَرۡجِعُونَهَآ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ87 فَأَمَّآ إِن كَانَ مِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ 88 فَرَوۡحٞ وَرَيۡحَانٞ وَجَنَّتُ نَعِيمٖ 89﴾

"Жан жұтқыншаққа жеткен кезде, сендер сол уақытта қарап тұрасыңдар. Біз оған сендерден де жақын боламыз, алайда сендер (мұны) көрмейсіңдер Егер есепке тартылмайтын болсаңдар, неге оны (жанды) кері қайтармайсыңдар? Шын сөзді болсаңдар, (айтыңдаршы)? Егер ол жақындатылғандардан болса, (оған) тыным, ризық және Нағим жәннаты бар", - деген. (Уақиға: 83-89).

Бара ибн Азиб (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) муминнің қабірінде екі періштеге жауап беруі жайында былай деп айтқанын жеткізді:

«يُنَادِي مُنَادٍ مِنَ السَّمَاءِ: أَنْ صَدَقَ عَبْدِي، فَافْرِشُوهُ مِنَ الْجَنَّةِ، وَأَلْبِسُوهُ مِنَ الْجَنَّةِ، وَافْتَحُوا لَهُ بَابًا إِلَى الْجَنَّةِ، قَالَ: فَيَأْتِيهِ مِنْ رَوْحِهَا وَطِيبِهَا، وَيُفْسَحُ لَهُ فِي قَبْرِهِ مَدَّ بَصَرِهِ».

«Көктен жаршы: «Менің құлым шын айтты, оған Жәннаттан төсеніш төсеңдер, оған Жәннаттан киім кигізіңдер және оған Жәннатқа қарай есік ашыңдар», – деп жар салады. Сонда оған оның (Жәннаттың) самалы мен хош иісі келіп, қабірі көзі жететін жерге дейін кеңейтіледі» Бұл хадисті Ахмад және Әбу Дәуд ұзақ риуаятта келтірген18.

Ақиқатында, адасып жолдан тайған бір топ қауым, қабір азабы мен ондағы нығметін жоққа шығарды. Олар бұл нәрсенің шынайы көрініске қайшы келетіндіктен мүмкін емес екенін алға тартып: «Егер қабірдегі мәйітті ашып қараса, ол бұрынғы қалпында табылады, ал қабір не кеңеймеген, не тарылмаған болады», - дейді.

Бұл — шариғат, сезім және ақыл тұрғысынан бекер (негізсіз) түсінік:

Шариғатқа келсек: қабір азабы мен оның нығметінің бар екендігін дәлелдейтін мәтіндер жоғарыда келген.

Әл-Бухаридің "Сахихында" Ибн Аббастан (ол екеуіне Алла риза болсын) риуаят етілген хадисте: "Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мединаның бақшаларының бірінен шығып бара жатып, қабірлерінде азапталып жатқан екі адамның даусын естіді" делінген. Сонда хадистің жалғасында:

«أَنَّ أَحَدَهُمَا كَانَ لَا يَسْتَتِرُ مِنَ الْبَوْلِ».

«Олардың біреуі зәрден (несептен) сақтанбайтын еді», - делінген Тағы бір риуаятта:

«مِنْ بَوْلِهِ».

«несебінен»;

«وَأَنَّ الْآخَرَ كَانَ يَمْشِي بِالنَّمِيمَةِ».

«Ал екіншісі болса өсек тасыған», - делінген. Бұл хадистің Муслим келтірген басқа бір риуаятында:

«لَا يَسْتَنْزِهُ مِنَ الْبَوْلِ».

«Өзін зәріден сақтанбаған», - делінеді19.

Ал сезімдік дәлелге келсек: ұйықтаған адам түсінде өзін кең-байтақ, көрікті жерде рахаттанып жүргенін немесе тар әрі үрейлі жерде азап шегіп жатқанын көреді, тіпті кейде көргенінен оянып та кетеді. Соған қарамастан, ол өз бөлмесіндегі төсегінде сол қалпында жатады. Ұйқы – өлімнің бауыры, сол себепті Алла тағала оны «өлім» деп атаған. Аллаһ тағала:

﴿ٱللَّهُ يَتَوَفَّى ٱلۡأَنفُسَ حِينَ مَوۡتِهَا وَٱلَّتِي لَمۡ تَمُتۡ فِي مَنَامِهَاۖ فَيُمۡسِكُ ٱلَّتِي قَضَىٰ عَلَيۡهَا ٱلۡمَوۡتَ وَيُرۡسِلُ ٱلۡأُخۡرَىٰٓ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمًّى...﴾

"Алла жандарды өлетін сәтінде алады, ал әлі өлмегенді ұйқыда жатқан кездерінде уақытша алады. Сөйтіп (құлдарынан) өлетінін ұйғарғандарынын (жанын) ұстап қалып, басқасын белгіленген мерзімге дейін жібереді...", - деген (Зұмар: 42).

Ал ақылға келер болсақ: ұйқыдағы адам түсінде шындыққа сай келетін ақиқат түс көріп, кейде Пайғамбарды да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз сипатында көреді. Ал кімде-кім оны өз сипатында көрсе, демек оны шынымен көрген болады. Соған қарамастан, ұйқыдағы адам өз бөлмесіндегі төсегінде қалып, көрген нәрсесінен алыста болады. Егер бұл дүние істерінде мүмкін болса, Ақырет істерінде неге мүмкін болмасын?

Ал олардың: «Егер қабірдегі мәйітті ашып қараса, ол бұрынғы қалпында табылады, қабірдің өзі болса, не кеңеймеген, не тарылмаған қалпында»,- деген жалған уәждеріне келер болсақ, оған бірнеше тұрғыдан жауап беріледі:

Біріншіден: шариғат алып келген нәрселерге мұндай негізсіз күмәндармен қарсы келуге болмайды. Егер осы күмәндармен қарсы келуші шариғат әкелген нәрсеге шынайы ой жүгіртсе, бұл күмәндардың жалған екенін білер еді. Бұл жайында былай делінген:

Дұрыс сөзге мін тағушы көп.

Оның кеселі — бұрыс түсінігі.

Екінші: Барзах әлемінің жағдайлары – сезім мүшелерімен танылмайтын ғайып істер. Егер оны сезім мүшелерімен тану мүмкін болғанда, ғайыпқа иман келтірудің мәні жойылып, оны растауда ғайыпқа сенетіндер мен оны теріске шығарушылар теңесіп қалар еді.

Үшіншіден: азап пен нығметті, қабірдің кеңдігі мен тарлығын тек мәйіттің өзі ғана сезінеді. Бұл ұйықтап жатқан адамның түсінде өзін үрейлі тар жерде немесе жайлы кең жерде көруіне ұқсайды. Бірақ, оның жанындағылар мұны көрмейді де, сезбейді. Расында, Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының арасында болған кезінде уахи түсіп тұратын; ол уахиды естісе де, сахабалар естімейтін еді. Кейде оған періште адам бейнесінде келіп, онымен сөйлессе, сахабалар әлгі періштені көрмеген әрі естімеген еді.

Төртіншіден: Жаратылыстардың танымы Алла Тағала танытқан мөлшермен ғана шектеулі. Олар барлық жаратылғанды толық тани алмайды. Жеті көк, жер және ондағылар, сондай-ақ әрбір нәрсе Алланы шынайы түрде мадақтап, тасбих айтады. Оны Алла Тағала кейде жаратқандарының ішінен қалағанына естіртеді. Соған қарамастан, Ол бізден перделенген. Бұл туралы Алла Тағала былай деген:

﴿تُسَبِّحُ لَهُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ ٱلسَّبۡعُ وَٱلۡأَرۡضُ وَمَن فِيهِنَّۚ وَإِن مِّن شَيۡءٍ إِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمۡدِهِۦ وَلَٰكِن لَّا تَفۡقَهُونَ تَسۡبِيحَهُمۡ...﴾

"Жеті аспан мен жер және ондағылар Оны пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер..." (Исра: 44). Сондай-ақ, шайтандар мен жындар жер бетінде ары-бері кезіп жүреді. Жындар Алланың Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп, оның оқығанын тыңдап, үнсіз қалды да, елдеріне ескертуші болып қайтты. Соның өзінде, олар бізден перделенген (бізге көрінбейді). Бұл туралы Алла Тағала:

﴿يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ لَا يَفۡتِنَنَّكُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ كَمَآ أَخۡرَجَ أَبَوَيۡكُم مِّنَ ٱلۡجَنَّةِ يَنزِعُ عَنۡهُمَا لِبَاسَهُمَا لِيُرِيَهُمَا سَوۡءَٰتِهِمَآۚ إِنَّهُۥ يَرَىٰكُمۡ هُوَ وَقَبِيلُهُۥ مِنۡ حَيۡثُ لَا تَرَوۡنَهُمۡۗ إِنَّا جَعَلۡنَا ٱلشَّيَٰطِينَ أَوۡلِيَآءَ لِلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ 27﴾

"Ей, Адам ұрпақтары! Шайтан ата-аналарыңды Жәннаттан шығарғаны секілді, сендерді де бүлікке салып азғырмасын. Ол олардың ұятты жерлерін өздеріне көрсету үшін киімдерін жұлып алған еді. Негізінде ол және оның тектестері сендерді, сендер оларды көре алмайтын жерден көреді. Біз шайтандарды имансыздарға дос, жақтаушылар еттік", - деген. (Әғраф: 27). Жаратылыс бар нәрсені толық қамтып біле алмағандықтан, оларға ақылы жетпеген, ғайып істерінен бекітілген нәрсені теріске шығару рұқсат етілмейді.

 

Тағдырға иман

Тағдыр (қадар) – Алла Тағаланың Өзінің әуелгі ілімі бойынша, даналығына сәйкес, бүкіл болмысты алдын ала белгілеуі.

Тағдырға иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:

Біріншісі: Алла Тағаланың Өз істері мен пенделерінің істеріне қатысты барлық нәрсені жалпы да, егжей-тегжейлі де, әзәлден (әуелден) бастап, мәңгі білетініне иман келтіру.

Екіншісі: Алла Тағаланың оны (тағдырды) Ләухул-махфузға жазып қойғанына иман келтіру. Осы екі жайтқа қатысты Алла Тағала:

﴿أَلَمۡ تَعۡلَمۡ أَنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِۚ إِنَّ ذَٰلِكَ فِي كِتَٰبٍۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ 70﴾

"Алланың жер-көктегінің барлығын білетінін білмейсің бе? Ақиқатында, бұл Кітапта бар. Шын мәнінде, бұл Аллаға жеңіл", - деген. (Хаж: 70).

Муслимнің "Сахих хадистер жинағында" Абдуллаһ ибн Амр ибн Астан (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «мен Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«كَتَبَ اللَّهُ مَقَادِيرَ الْخَلَائِقِ قَبْلَ أَنْ يَخْلُقَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضَ بِخَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ».

«Алла жаратылыстардың тағдырларын аспандар мен жерді жаратудан елу мың жыл бұрын жазып қойды», - дегенін естідім", - деп айтқаны келген20.

Үшіншісі: барлық жаратылыстардың бар болуы тек қана Алла Тағаланың қалауымен ғана болатынына иман келтіру. Ол мейлі Алланың іс-әрекетіне, мейлі жаратылғандардың іс-әрекетіне қатысты болса да. Алла Тағала Өз іс-әрекетіне қатысты:

﴿وَرَبُّكَ يَخۡلُقُ مَا يَشَآءُ وَيَخۡتَارُ...﴾

"Әрі Раббың қалағанын жаратып, (қалағанын) таңдайды" (Қасас: 68). Және:

﴿...وَيَفۡعَلُ ٱللَّهُ مَا يَشَآءُ﴾

"... Алла қалаған нәрсесін жасайды" (Ибраһим: 27); Және:

﴿هُوَ ٱلَّذِي يُصَوِّرُكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡحَامِ كَيۡفَ يَشَآءُ...﴾

"Ол сендерге жатырларда Өз қалауынша бейне береді..." деген (Әлі Ғимран: 6). Ал жаратылғандардың іс-әрекетіне қатысты:

﴿...وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ لَسَلَّطَهُمۡ عَلَيۡكُمۡ فَلَقَٰتَلُوكُمۡ...﴾

"...Алла қалағанда, оларды сендерден үстем етіп, олар өздеріңмен соғысар еді..." (Ниса: 90). Және:

﴿...وَلَوۡ شَآءَ رَبُّكَ مَا فَعَلُوهُۖ فَذَرۡهُمۡ وَمَا يَفۡتَرُون﴾

"...Раббың қалағанда, олар оны істемес еді. Оларды және жасанды сөздерін қоя сал (елеме)" деген. (Әнғам: 112).

Төртіншісі: күллі жаратылысты, олардың заты, сипаты және қимыл-әрекеттерін Алла Тағала жаратқанына иман келтіру. Бұл туралы Алла Тағала:

﴿ٱللَّهُ خَٰلِقُ كُلِّ شَيۡءٖۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ وَكِيلٞ 62﴾

"Алла барлық нәрсенің Жаратушысы. Ол әрбір нәрсеге Кепіл (оны Сақтаушы)" (Зұмар: 62). Және:

﴿...وَخَلَقَ كُلَّ شَيۡءٖ فَقَدَّرَهُۥ تَقۡدِيرٗا﴾

"...Ол әрбір нәрсені жаратып, оны өлшеп белгіледі", - деген. (Фұрқан: 2). Алла Тағала пайғамбары Ибраһимның (оған Алланың сәлемі болсын) өз халқына былай деп айтқанын баян етіп:

﴿وَٱللَّهُ خَلَقَكُمۡ وَمَا تَعۡمَلُونَ 96﴾

"Алла сендерді және сендердің жасап жатқандарыңды жаратқан" - деген (Саффат: 96).

Тағдырға иман — біз сипаттағандай, адамның өз еркімен жасайтын іс-әрекеттерінде аңдау мүмкіндігі мен шамасы жоқ дегенді білдірмейді. Өйткені шариғат және күнделікті жағдай осыны растайды.

Шариғатқа келер болсақ: Алла Тағала қалауға қатысты былай деген:

﴿...فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ مَـَٔابًا﴾

"... Сол күн—ақиқат. Енді кім қаласа, Раббысына қайтар жолды ұстанады" (Нәба: 39); және:

﴿...فَأۡتُواْ حَرۡثَكُمۡ أَنَّىٰ شِئۡتُمۡ...﴾

"Егіндіктеріңе өздерің қалаған түрде келіңдер..."—деген (Бақара: 223). Ал құдірет жайында:

﴿فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ مَا ٱسۡتَطَعۡتُمۡ وَٱسۡمَعُواْ وَأَطِيعُواْ...﴾

"Шама-шарықтарың жеткенше Алладан (Оның жазасынан) сақтаныңдар..." (Тағабун: 16). Және:

﴿لَا يُكَلِّفُ ٱللَّهُ نَفۡسًا إِلَّا وُسۡعَهَاۚ لَهَا مَا كَسَبَتۡ وَعَلَيۡهَا مَا ٱكۡتَسَبَتۡ...﴾

"Алла ешбір жанға, оның күші жетпейтін нәрсені міндеттемейді. Істеп тапқан жақсылығы өз пайдасына, ал істеген жамандығы оның зиянына болады..."

(Бақара: 286).

Іс жүзінде, әрбір адам өзінде қалау мен шама (ерік пен күш) бар екенін, сол арқылы бірдеңені істейтінін немесе істемейтінін біледі. Сондай-ақ, ол өз еркімен болатын жүру секілді әрекет пен еркінен тыс болатын дірілдеудің ара-жігін ажыратады. Алайда, құлдың қалау еркі мен шамасы Алла Тағаланың қалауы және құдіретімен ғана жүзеге асады. Өйткені Алла Тағала:

﴿لِمَن شَآءَ مِنكُمۡ أَن يَسۡتَقِيمَ 28 وَمَا تَشَآءُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ29﴾

" ... сендерден туралықты ұстануды қалағандар үшін Әлемдердің Раббысы Алла қаламайынша, сендер қалай алмайсыңдар", - деген (Тәкуир: 28-29). Өйткені бүкіл әлем – Алла Тағаланың мүлкі; сондықтан Оның иелігіндегі ешбір нәрсе Оның білімі мен қалауынан тыс болмайды.

Тағдырға иман – біз сипаттағандай – пендеге орындамай тастап кеткен парыздарына немесе жасаған күнәларына сылтау бола алмайды. Сондықтан, бұл мәселеде тағдырды сылтаурату бірнеше қырынан негізсіз болып табылады:

Біріншісі: Алла Тағаланың мына сөзі:

﴿سَيَقُولُ ٱلَّذِينَ أَشۡرَكُواْ لَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ مَآ أَشۡرَكۡنَا وَلَآ ءَابَآؤُنَا وَلَا حَرَّمۡنَا مِن شَيۡءٖۚ كَذَٰلِكَ كَذَّبَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ حَتَّىٰ ذَاقُواْ بَأۡسَنَاۗ قُلۡ هَلۡ عِندَكُم مِّنۡ عِلۡمٖ فَتُخۡرِجُوهُ لَنَآۖ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا ٱلظَّنَّ وَإِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا تَخۡرُصُونَ 148﴾

"Аллаға серік қосушылар: «Егер Алла қалағанда, біз де, аталарымыз да серік қоспас едік, әрі еш нәрсеге тыйым салмайтын едік», - дейді. Олардан бұрынғылар да, біздің азабымызды тартқанға дейін, осылай өтірік санаған еді. (Оларға): «Сендерде қандай да бір білім бар ма? Онда оны бізге шығарыңдар. Негізінде, сендер бос ой-жорамалға ғана еріп, тек өтірік айтасыңдар»,- де" (Әнғам: 148). Егер олардың тағдырға қатысты уәжі болғанда, Алла оларға Өз қаһарын таттырмас еді.

Екіншісі: Алла Тағаланың мына сөзі:

﴿رُّسُلٗا مُّبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ لِئَلَّا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى ٱللَّهِ حُجَّةُۢ بَعۡدَ ٱلرُّسُلِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمٗا 165﴾

"Елшілерді қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп, олардан кейін адамдарда Аллаға қарсы ешқандай дәлел болмасын деп жібердік. Алла бәрінен Үстем, аса Дана" (Ниса: 165). Егер тағдыр қарсы келушілер үшін бір сылтау болғанда, елшілерді жіберудің мәні қалмай, олар жіберілгеннен кейінгі қарсы келу де Алла Тағаланың тағдырымен болатын еді.

Үшіншісі: Бухари мен Муслим риуаят еткен хадисте (мәтіні Бухариден), Әли ибн Әбу Талиб (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«مَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ إِلَّا قَدْ كُتِبَ مَقْعَدُهُ مِنَ النَّارِ أَوْ مِنَ الْجَنَّةِ».

«Араларыңда Тозақтағы немесе Жәннәттағы орны жазылмаған ешкім жоқ», - деп айтқанын жеткізді. Қауымнан бір адам: “Уа, Алланың Елшісі! Онда біз (тағдырға) сүйеніп қоя салмаймыз ба?” – деп еді. сонда Ол:

«لَا، اعْمَلُوا فَكُلٌّ مُيَسَّرٌ».

«Жоқ, амал етіңдер. Өйткені әркімге (өзіне жазылғаны) жеңілдетіледі», - деп, ...

﴿فَأَمَّا مَنۡ أَعۡطَىٰ وَٱتَّقَىٰ 5﴾

"Ал, кім берсе және тақуалық етсе (Раббысының жазасынан сақтанса)" (аятын) оқыды (Ләйл: 5). Ал Муслимнің нұсқасында:

«فَكُلٌّ مُيَسَّرٌ لِمَا خُلِقَ لَهُ».

«Әркімге жаратылғанын нәрсесі жеңілдетілген»21 Сондықтан, Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) амал етуге бұйырып, тағдырға жүгінуден тыйды.

Төртіншісі: Алла Тағала құлына әмір етіп, тыйым салды, әрі оған шамасы жетпейтін істі жүктемеді. Бұл туралы Аллаһ Тағала:

﴿فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ مَا ٱسۡتَطَعۡتُمۡ وَٱسۡمَعُواْ وَأَطِيعُواْ...﴾

"Сондықтан, шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар! ..." (Тағабун:16); Және:

﴿لَا يُكَلِّفُ ٱللَّهُ نَفۡسًا إِلَّا وُسۡعَهَا...﴾

"Алла әркімге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді...) (Бақара: 286). Егер пенде бір іске мәжбүрленген болса, оған құтылуға шамасы келмейтін (өзі бас тарта алмайтын) нәрсе міндеттелген болар еді, ал бұл – дұрыс емес (абсурд). Сондықтан, егер ол білместікпен, ұмытып немесе мәжбүрленіп күнәлі іс жасап қойса, сылтауы болғандықтан, оған күнә жазылмайды.

Бесіншісі: Алла Тағаланың тағдыры – жасырын құпия, оны белгіленген нәрсе орын алған соң ғана білуге болады. Ал құлдың бір іс-әрекетті қалауы оның әрекетіне дейінгі уақытқа тән. Сондықтан адамның еркімен істеген ісі Алланың тағдырын білумен негізделмейді. Осы жағдайда адамның тағдырға сүйеніп сылтау келтіруі жарамсыз болады, өйткені адам өзі білмейтін нәрсеге дәлел келтіре алмайды.

Алтыншысы: Біз адамның дүние істерінде өзіне лайықты нәрсеге қол жеткізгенше ұмтылатынын, әрі одан бас тартып, өзіне лайықсыз нәрсеге бет бұрмайтынын көреміз. Ендеше, ол неліктен дін істерінде өзіне пайдалы нәрседен бас тартып, зияндысына бет бұрады да, сосын тағдырды сылтау етеді? Екі істің де жайы бір емес пе?

Ал енді осыны түсіндіретін мысалға тоқталсақ:

Егер адамның алдында екі жол тұрып: бірі — кісі өлтіру, тонау, ар-намысқа қол сұғу, қорқыныш пен аштық жайлаған, толық бейберекет елге апаратын жол; екіншісі — тәртіп орнаған, қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген, тұрмысы жайлы, адамдардың жанына, ар-намысына және мал-мүлкіне құрмет көрсетілетін елге апаратын жол болса, ол екі жолдың қайсысымен жүрер еді?

Ол, сөзсіз, тәртіп пен қауіпсіздікке апаратын екінші жолды таңдайды. Ешбір ақылды адам ешқашан тәртіпсіз әрі қауіпті елге апаратын жолды таңдап, оны тағдырмен ақтай алмайды. Ендеше, неге ол Ақырет ісінде жәннат емес, тозақ жолына түсіп, тағдырды сылтауратады?

Тағы бір мысал: науқас адамға дәрі ішу бұйырылса, ол оны жаны қаламаса да ішеді. Ал өзіне зиянды тамақ тыйым салынса, оны жегісі келіп тұрса да, одан бас тартады. Мұның бәрі – шипа тауып, аман қалу үшін. Дәрі ішуден бас тартып немесе өзіне зиянды тамақты жеп, сөйтіп тағдырға сілтеуге болмайды. Ендеше адам неге Алла және Оның елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұйырғанды тастап, немесе тыйғанды істеп, сосын тағдырға жүгінеді?

Жетіншісі: уәжіптерді орындамаған немесе жасаған күнәларына тағдырды желеу ететін адамға, егер біреу оған зорлық көрсетіп, малын тартып алса немесе ар-намысын таптаса, сосын ол да тағдырға сілтеп: «Мені сөкпе, өйткені менің бұл қылмысым Алланың тағдырымен болды», – десе, оның бұл уәжін қабыл етпес еді. Ендеше, қалайша ол біреудің өзіне жасаған әділетсіздігінде тағдырды сылтау етуін қабыл етпейді де, өзі Алла Тағала алдындағы міндетіне қарсы келіп, оны өз пайдасына тағдырмен ақтайды?!

Риуаят етілуінше, мүміндердің әміршісі Омар ибн әл-Хаттабтың (оған Алла разы болсын) алдына қолын кесу жазасына лайық болған бір ұрыны алып келеді. Ол оның қолын кесуге әмір еткенде, ұры: «Уа, муминдердің әміршісі! Тоқтай тұрыңыз. Шын мәнінде, мен ұрлықты Алланың тағдыры бойынша жасадым», – дейді. Сонда Омар: «Енді біз де қолыңды Алланың тағдырымен кесеміз», – деп жауап береді.

Тағдырға иман келтірудің ұлы жемістері бар, оның кейбірі:

Біріншісі: барлық нәрсе Алла Тағаланың тағдырымен болғандықтан, себептер жасау кезінде себептің өзіне емес, Алла Тағалаға сүйену.

Екіншісі: Адам мұратына жеткенде өзіне-өзі таңданбауы керек. Өйткені оған қол жеткізу – Алла Тағаланың тағдыр еткен жақсылығы және жетістік себептерімен келген нығмет. Ал өзіне-өзі таңдану осы нығметке шүкіршілік етуді ұмыттырады.

Үшіншісі: жүрек тыныштығы – адам Алла тағдырымен болатын нәрселерге байыппен қарайды; сүйікті нәрсе жоғалса немесе жек көретін нәрсе орын алса, оған қатты алаңдамайды. Өйткені, бәрі де Алланың тағдырымен болады. Аспан мен жердің билігі Алланың қолында және бұл міндетті түрде болады. Бұл туралы Алла Тағала былай дейді:

﴿مَآ أَصَابَ مِن مُّصِيبَةٖ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا فِيٓ أَنفُسِكُمۡ إِلَّا فِي كِتَٰبٖ مِّن قَبۡلِ أَن نَّبۡرَأَهَآۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ 22 لِّكَيۡلَا تَأۡسَوۡاْ عَلَىٰ مَا فَاتَكُمۡ وَلَا تَفۡرَحُواْ بِمَآ ءَاتَىٰكُمۡۗ وَٱللَّهُ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخۡتَالٖ فَخُورٍ 23﴾

"Жер жүзіне және өздеріңе бір бейнет келетін болса, ол жаратуымыздан бұрын Кітапта жазулы. Шәксіз осы—Аллаға жеңіл. Өткен нәрсеге қайғырмауларың және Алланың берген нәрсесіне шаттанбауларың үшін (осылай болды). Алла әрбір тәкаппар мақтаншақты жақсы көрмейді" (л-Хәдид: 22-23). Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтады:

«عَجَبًا لِأَمْرِ الْمُؤْمِنِ إِنَّ أَمْرَهُ كُلَّهُ خَيْرٌ، وَلَيْسَ ذَاكَ لِأَحَدٍ إِلَّا لِلْمُؤْمِنِ، إِنْ أَصَابَتْهُ سَرَّاءُ شَكَرَ فَكَانَ خَيْرًا لَهُ، وَإِنْ أَصَابَتْهُ ضَرَّاءُ صَبَرَ فَكَانَ خَيْرًا لَهُ».

«Муминнің жайына таң қаласың! Шындығында, оның кез-келген жайында жақсылық бар. Бұл (ерекшелік) муминнен басқа ешкімге берілмеген: егер оған бір қуаныш жетсе, ол шүкір етеді де, сол оған жақсылық болады. Ал егер оған бір қиындық келсе, (оған) сабыр етеді — бұл да оған жақсылық болады»22.

Тағдыр мәселесінде адасқан екі топ бар:

Бірі: "Пенде өз амалына мәжбүрлі (еріксіз), оның онда ешқандай қалауы да, құдіреті де жоқ" деп айтқан жәбриттер.

Екіншісі: «Пенде өз іс-әрекетінде, қалауы мен қуаты жағынан тәуелсіз, оның бұл ісіне Алла Тағаланың қалауы мен құдіретінің ешқандай әсері жоқ», - деп айтқан қадариттер.

Бірінші ағым – жәбрилердің уәждерін шариғат және болмыспен (нақты өмір) жоққа шығару:

Шариғатқа келер болсақ: Алла Тағала пендеге қалау мен ерік бекіткен және амалды оған теліген. Алла Тағала:

﴿...مِنكُم مَّن يُرِيدُ ٱلدُّنۡيَا وَمِنكُم مَّن يُرِيدُ ٱلۡأٓخِرَةَ...﴾

"...сендерден дүние қалайтындар, сондай-ақ, араларыңда біреулер ахыретті қалайтындар бар..." (Әлі Ғимран: 152), Және:

﴿وَقُلِ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكُمۡۖ فَمَن شَآءَ فَلۡيُؤۡمِن وَمَن شَآءَ فَلۡيَكۡفُرۡۚ إِنَّآ أَعۡتَدۡنَا لِلظَّٰلِمِينَ نَارًا أَحَاطَ بِهِمۡ سُرَادِقُهَا...﴾

"(О, Пайғамбар!): «Ақиқат сендердің Раббыңыздан. Сондықтан қалағандарың сенсін және қалағандарың, күпірлік етсін (сенбесін)»,- деп айт. Ақиқатында, Біз әділетсіздерге қабырғалары жан-жағынан қоршап алатын От әзірледік..." (Кәһф: 29). Және:

﴿مَّنۡ عَمِلَ صَٰلِحٗا فَلِنَفۡسِهِۦۖ وَمَنۡ أَسَآءَ فَعَلَيۡهَاۗ وَمَا رَبُّكَ بِظَلَّٰمٖ لِّلۡعَبِيدِ 46﴾

"Кім ізгі амал істесе, оны өз пайдасына (істейді). Ал, кім жамандық істесе, ол өзінің зиянына. Раббың құлдарға әділетсіздік қылушы емес" (Фуссилат: 46).

Ал іс жүзіне келсек: әрбір адам өзінің еркімен жасайтын іс-әрекеттері – мәселен, ішіп-жеу, сату, сатып алу – мен еркінен тыс орын алатын жағдайлардың – мысалы, безгектен қалтырау, үйдің төбесінен құлап кету – арасындағы айырмашылықты біледі. Бірінші жағдайда ол әлгі істі өзінің таңдауы және қалауымен, ешкімнің мәжбүрлеуінсіз (өз еркімен) жасаушы болса, екіншісінде ол істі өз еркінен тыс (еріксіз), әрі басына түскен жайтты қаламай-ақ жасаушы болады.

Екінші топты (Қадария ағымын) шариғат және ақылмен жоққа шығару:

Шариғат тұрғысынан: Алла Тағала – барлық нәрсенің Жаратушысы, әрбір нәрсе Оның қалауымен ғана болады. Алла Тағала Кітабында құлдардың іс-әрекеттері де Оның қалауымен жүзеге асатынын баяндап:

﴿...وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ مَا ٱقۡتَتَلَ ٱلَّذِينَ مِنۢ بَعۡدِهِم مِّنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَتۡهُمُ ٱلۡبَيِّنَٰتُ وَلَٰكِنِ ٱخۡتَلَفُواْ فَمِنۡهُم مَّنۡ ءَامَنَ وَمِنۡهُم مَّن كَفَرَۚ وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ مَا ٱقۡتَتَلُواْ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَفۡعَلُ مَا يُرِيدُ﴾

"... Алла қалағанда, олардан (елшілерден) кейінгілер өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ, олар (адамдар) қайшылыққа түсті: кейбірі иманға келіп, кейбірі күпірлік қылды. Алла қалағанда, олар бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ, Алла Өзінің қалағанын жасайды" (Бақара: 253). Және:

﴿وَلَوۡ شِئۡنَا لَأٓتَيۡنَا كُلَّ نَفۡسٍ هُدَىٰهَا وَلَٰكِنۡ حَقَّ ٱلۡقَوۡلُ مِنِّي لَأَمۡلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنَ ٱلۡجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ أَجۡمَعِينَ 13﴾

"Қалағанымызда, барлық адамды тура жолға салар едік. Бірақ Менен: «Тозақты жындар және адамдардың (кәпір, күнәһарларының) барлығымен, әлбетте, толтырамын» деген сөз орындалады"

(Сәжде: 13).

Ал ақылға келер болсақ: бүкіл әлем – Алла Тағаланың меншігі, ал адам – осы әлемнің бір бөлшегі. Сондықтан, ол да Алла Тағалаға бағынышты. Иесіне бағынышты болған пенде Иесінің мүлкіне тек Оның рұқсатымен және қалауымен ғана билік ете алады.

Ислам ақидасының мақсаттары

Мақсат (الهَدَفُ): тіл тұрғысынан бірнеше мағынаға ие, оның ішінде – ату үшін қойылған нысана және көзделген (қол жеткізу талап етілген) әрбір нәрсе.

Ислам ақидасының мақсаттары мен оны берік ұстанудан туындайтын ізгі нәтижелері көп әрі алуан түрлі. Солардың кейбірі:

Біріншіден: Ниет пен құлшылықты тек жалғыз Алла Тағалаға ықыласпен арнау. Өйткені Ол – серігі жоқ Жаратушы. Сондықтан ниет пен құлшылық тек Оған ғана арналуы тиіс.

Екіншіден: Ақыл-ойды, жүректі осы ақиданың болмағадығынан туындайтын бейберекет шатасудан азат ету; өйткені жүрегі осы сенімнен жұрдай болған адам, не толыққанды ешбір сенімге ие болмай, тек материалдық дүниеге құлшылық ететін, не түрлі сенімдердің адасушылығы мен ырым-жырымдардың ішінде шатасып жүрген біреу болады.

Үшіншіден: Жан мен ой тыныштығы. Бұл кезде жанда уайым, ойда мазасыздық болмайды. Өйткені, бұл ақида мүмінді Жаратушысымен байланыстырады. Солайша ол Оны істерді Басқарушы Раббысы, заң шығарушы Үкім Иесі ретінде қабылдап, разы болады. Оның тағдырымен жүрегі тыныштық тауып, көкірегі Исламға ашылады да, одан басқа балама іздемейді.

Төртіншіден: Алла Тағалаға құлшылық етуде немесе жаратылыстармен қарым-қатынас жасауда ниет пен амалдың ауытқудан сау (аман) болуы; өйткені ақиданың бір негізі—ізгі ниет пен түзу амал жасауда олардың жолын ұстанудан тұратын елшілерге иман иман келтіруді қамтиды.

Бесіншіден: Істерде байыпты әрі ыждағатты болу, яғни сауаптан үміт етіп, ізгі амал жасаудың ешбір мүмкіндігін жібермей, оны пайдалану және жазадан қорқып, күнәлі іске апаратын жағдайдан аулақ болу. Өйткені оның негізінде қайта тірілуге және амалдарға берілетін қайтарымға деген иман жатыр.

Алла Тағала:

﴿وَلِكُلّٖ دَرَجَٰتٞ مِّمَّا عَمِلُواْۚ وَمَا رَبُّكَ بِغَٰفِلٍ عَمَّا يَعۡمَلُونَ 132﴾

"Әркімге жасаған амалдарына қарай дәрежелер бар. Раббың олардың не істеп жатқандарынан ғапыл емес"—деген (Әнғам: 132). Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл мақсатқа қызықтырып, былай деген:

«الْمُؤْمِنُ الْقَوِيُّ خَيْرٌ وَأَحَبُّ إِلَى اللَّهِ مِنَ الْمُؤْمِنِ الضَّعِيفِ، وَفِي كُلٍّ خَيْرٌ، احْرِصْ عَلَى مَا يَنْفَعُكَ، وَاسْتَعِنْ بِاللَّهِ، وَلَا تَعْجِزْ، وَإِنْ أَصَابَكَ شَيْءٌ فَلَا تَقُلْ: لَوْ أَنِّي فَعَلْتُ كَذَا كَانَ كَذَا وَكَذَا، وَلَكِنْ قُلْ: قَدَّرَ اللَّهُ وَمَا شَاءَ فَعَلَ؛ فَإِنَّ (لَوْ) تَفْتَحُ عَمَلَ الشَّيْطَانِ».

«Күшті мүмін, Алланың алдында әлсіз мүміннен әлдеқайда жақсы әрі Оған сүйкімдірек. Дегенмен, екеуінде де қайыр бар. Өзіңе пайда әкелетінге талпын, осалдық танытпай, Алладан көмек сұра. Егер саған бір қайғы келсе: «Әттең, мынаны былай істегенімде, былай да былай болар еді»–деме, одан да: «Бұл— Алланың тағдыр еткені, Алла қалағанын істеді», - деп айт. Өйткені, «егер де» (деген сөзің) шайтанның ісіне жол ашады» Хадисті Муслим риуаят еткен23.

Алтыншыдан: дінін орнықтырып, оның тіректерін бекемдеу жолында бар асылы мен арзанын аямайтын, әрі сол жолда басына түскен қиындықтарға мойымайтын қуатты үммет қалыптастыру. Бұл туралы Алла Тағала былай дейді:

﴿إِنَّمَا ٱلۡمُؤۡمِنُونَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ ثُمَّ لَمۡ يَرۡتَابُواْ وَجَٰهَدُواْ بِأَمۡوَٰلِهِمۡ وَأَنفُسِهِمۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۚ أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلصَّٰدِقُونَ 15﴾

"Нағыз имандылар - олар Аллаға және Оның елшісіне сеніп, одан кейін күмәнданбағандар, әрі мал-дәулеттері және жандарымен Алла жолында күрескендер. Міне, осылар - нағыз шын сөзділер". (Хужурат: 15).

Жетіншіден: Жеке адамдар мен жамағаттарды түзеу арқылы екі дүниенің бақытына қол жеткізіп, сауап пен сый-құрметке ие болу. Бұл жайында Алла Тағала былай дейді:

﴿مَنۡ عَمِلَ صَٰلِحٗا مِّن ذَكَرٍ أَوۡ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤۡمِنٞ فَلَنُحۡيِيَنَّهُۥ حَيَوٰةٗ طَيِّبَةٗۖ وَلَنَجۡزِيَنَّهُمۡ أَجۡرَهُم بِأَحۡسَنِ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ 97﴾

"Ер немесе әйелден кім иманды болып, ізгі амал істесе, оны жақсы өмірмен жандандырамыз (оған игілікті өмір сүргіземіз). Әрі олардың сыйын істеген амалдарынан артық етіп қайтарамыз) (Нәхл: 97).

Бұл – Ислам ақидасының кейбір мақсаттары. Алла Тағаладан оны бізге және бүкіл мұсылмандарға жүзеге асыруын сұраймыз. Расында, Ол аса Жомарт әрі Мейірімді. Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән.

Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және сахабаларына Алланың салауаты мен сәлемі болсын.

Автордың қаламымен аяқталды.

Мухаммад әс-Салих әл-Усәймин. (Б.Ж.)

 

***

الفهرس

 

Кіріспе 2

Ислам діні 4

Исламның рүкіндері 10

Ислам ақидасының негіздері 14

Алла Тағалаға иман 16

Періштелерге иман (келтіру) 36

Кітаптарға иман 43

Елшілерге иман 45

Ақырет күніне иман 55

Тағдырға иман 79

Ислам ақидасының мақсаттары 94

 

***

 

kk71v1.2 - 14/05/2026


әл-Бухари («Иман» кітабы, 8) және Муслим («Иман» кітабы, «Пайғамбардың “Ислам бес негізге құрылған” деген сөзі» бабы, 16) риуаят еткен.

Муслим келтірді, «Иман» кітабы, (8), Әбу Дәуд: «Сүннет» кітабы, «Тағдыр» тарауы, (4695).

Хадисті әл-Бухари келтірген: «Жанаиз кітабы», егер бала исламды қабылдап, қайтыс болса, оған намаз оқылады ма және балаға Ислам ұсыныла ма?» тарауы» (№1292). Сондай-ақ Муслим: «Тағдыр» кітабы, «Әрбір нәрестенің фитрада туылуының мағынасы, кәпірлер мен мұсылмандар балаларының өліміне қатысты үкім» тарауы, (2658).

Әл-Бухари келтірген: «Тур» сүресі, (4854).

Әл-Бухари: «Жұма» кітабы, «Жұма күнгі құтбада жаңбыр тілеу» бабы, (891).

Әл-Бухари риуаят еткен: «Жұма» кітабы, «Жұма күнгі құтпада жаңбыр тілеу» бабы, (891) және Муслим: «Жаңбыр тілеу намазы» кітабы, «Жаңбыр сұрағанда дұға ету» бабы, (897).

Муслим риуаят еткен: Иман кітабы, «Иман, Ислам, Ихсанды баяндау және Аллһ Тағаланың тағдырын бекітуге иман келтірудің міндеттілігі» тарауы, хадис (8).

Әл-Бухари келтірген: «Жаратылыстың басталуы» кітабы, «Періштелер туралы» бабы, (3037); Муслим: «Ізгілік, туыстық қатынас және әдептер» кітабы, «Алла бір құлын жақсы көрсе, оны құлдарына да сүйікті етеді» бабы, (2637).

Әл-Бухари келтірген: «Жұма» кітабы, «Хутбаны тыңдау» бабы, (887); Муслим: «Жұма» кітабы, «Жұма күні ерте барудың артықшылығы» бабы, (850).

Әл-Бухари келтірген: «Таухид» кітабы, «Алла Тағаланың: ﴾Екі "қолыммен" жаратқаныма﴿,- деген сөзі» бабы, (7410), және Муслим: «Иман» кітабы, «Ондағы жәннат иелерінің ең төменгі дәрежесі» бабы, (193).

Әл-Бухари келтірген: Құбыла тараулары, «Қай жерде болса да құбылаға бет бұру» бабы, (392) және Муслим: «Мешіттер және намаз орындары» кітабы, «Намазда жаңылысу және сол үшін сәжде жасау» бабы, (572).

Муслим риуаят еткен: «Жәннат» кітабы, «Жәннат нығметтері және тұрғындарының сипаттамасы» бөлімі, «Дүниенің жойылуы және Қиямет күні жиналу (хашр) туралы» тарау, № (2859).

Әл-Бухари келтірген: «Зұлымдықтар» кітабы, «Алла Тағаланың: «Алланың лағынеті залымдарға болсын!» – деген сөзі» тарауы, (2309); Муслим: «Тәубе» кітабы, «Көп кісі өлтірсе де, кісі өлтірушінің тәубесінің қабыл етілуі» тарауы, (2768).

Муслим келтірген: «Иман» кітабы, «Пенде жақсы істі ниеттенсе – жазылуы, жаман істі ниеттенсе – жазылмауы» бабы, (131).

Әл-Бухари келтірген: Тәпсір кітабы, «﴾Ешбір жан өздері көзайым болатын қандай қуаныштың жасырылғанын білмейді﴿» бабы, (4501), Муслим: Жәннат, оның нығметтері мен тұрғындарының сипаты кітабы, (2824).

Муслим келтірген: «Жәннат, оның сипаты, нығметтері мен тұрғындары жайлы» кітабы, «Мәйітке жәннаттағы не тозақтағы орнының көрсетілуі, қабір азабының бекітілуі және одан пана сұрау» бабы, (2867).

Әбу Дәуд «Сүннет» кітабы, «Қабірдегі мәселе және қабір азабы» бабы (№ 4753) және Имам Ахмад «Куфалықтар муснады», Бара бн Азиб хадисі (18534).

Әл-Бухари келтірген: Дәрет кітабы, "Зәріден тазалану туралы келген хабарлар" тарауы (215).

Муслим риуаят еткен: «Тағдыр» кітабы, «Адам мен Мусаның (оларға Алланың сәлемі болсын) дәлел таластыруы» бабы, хадис (2653).

Бухари жеткізген: «Тағдыр» кітабы, «Әрі Алланың әмірі алдын-ала белгіленген бір шешім» тарауы, (6605); және Муслим: «Тағдыр» кітабы, «Адамның ананың құрсағында қалай жаратылатыны, ризығы, мерзімі (ажалы), іс-әрекеттері, және бақыты немесе бақытсыз болатынынын жазылуы» тарауы (2647).

Муслим риуаят еткен: «Зуһд және әр-Рақаиқ» кітабы, «Муминнің барлық ісі қайырлы» бабы, хадис (2999).

Мұны Муслим келтірген: «Тағдыр» кітабы, «Күшті болуға әмір ету, әлсіздікті тастау, Алладан жәрдем сұрау және тағдырды Аллаға тапсыру» бабы, (2664).

Муслим риуаят еткен: «Иман» кітабы, «Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бүкіл адамзатқа жіберілген елшілігіне иман келтірудің міндеттілігі және оның діні басқа діндердің үкімін жоятындығы» бабы, хадис (153).