التَّحْقِيقُ وَالإِيضَاحُ لِكَثِيرٍ مِنْ مَسَائِلِ
الحَجِّ وَالعُمْرَةِ وَالزِّيَارَةِ عَلَى ضَوءِ الكِتَابِ وَالسُّنَّة
Кітап пен сүннеттің негіздеріне сүйене отырып, қажылық, умра және зияратқа қатысты көптеген мәселелерді зерттеп, түсіндіру
لِسَمَاحَةِ الشَّيْخِ العَلَّامَةِ
عَبْدِ العَزِيزِ بْنِ عَبْدِ اللهِ بْنِ بَازٍ
رَحِمَهُ اللهُ
Құрметті шейх, ғұлама
Абдул-Азиз ибн Абдуллаһ ибн Баз
بِسْمِ اللهِ الرَّحمَنِ الرَّحِيمِ
Кітап пен сүннеттің негіздеріне сүйене отырып, қажылық, умра және зияратқа қатысты көптеген мәселелерді зерттеп, түсіндіру
Автордың алғы сөзі
Аса Рақымды, ерекше Мейірімді Алланың атымен
Барлық мадақ — әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Соңғы табыс тақуаларға бұйырады. Алланың салауаты мен сәлемі Өзінің құлы әрі елшісі Мұхаммедке, оның жақындары мен сахабаларына болсын.
Сонан кейін:
Бұл – қажылықтың артықшылығы мен әдептері, оны өтеуге ниет еткен адамға не істеу керектігі, сондай-ақ қажылық, умра және зияратқа қатысты маңызды мәселелерді қысқаша әрі түсінікті түрде баяндаған ықшам жолдау. Оны дайындауда Алланың Кітабы мен Оның Елшісінің ﷺ сүннетіндегі нұсқаулар негізге алынып, мұсылмандарға насихат ретінде және Алла Тағаланың мына сөзіне амал ету тұрғысынан жинақталды:
﴿وَذَكِّرْ فَإِنَّ الذِّكْرَى تَنْفَعُ الْمُؤْمِنِينَ 55﴾
"(Олардың) есіне сал! Өйткені еске салу мүминдерге пайдасын тигізеді 55"
(Әз-Зәриәт: 55). Сондай-ақ, Алла Тағаланың:
﴿وَإِذْ أَخَذَ اللَّهُ مِيثَاقَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ لَتُبَيِّنُنَّهُ لِلنَّاسِ وَلَا تَكْتُمُونَهُ...﴾
"(Уа, Пайғамбар!) Алла (тағаланың) Кітап берілгендерден: «Оны міндетті түрде адамдарға түсіндіресіңдер әрі оны жасырмайсыңдар», деп серт алғанын (еске ал!)"—деген сөзі (Әлі Ғимран: 187). (Аят); және Алла Тағаланың:
﴿...وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَى...﴾
"...жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер..." дегені бойынша жинақталды (Әл-Мәида: 2).
Сахих хадисте Пайғамбардың ﷺ былай дегені келген:
«الدِّينُ النَّصِيحَةُ، ثَلَاثًا، قِيلَ: لِمَنْ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: لِلَّهِ وَلِكِتَابِهِ وَلِرَسُولِهِ وَلِأَئِمَّةِ المُسْلِمِينَ وَعَامَّتِهِمْ».
«(Пайғамбар ﷺ) «Дін – насихат (адалдық пен ықылас)»,—деп үш рет айтты. Сонда (одан): «Уа, Алланың елшісі, (насихат) кімге қатысты?» – деп сұралды. Ол: «Аллаға, Оның Кітабы, Оның елшісі, мұсылмандардың басшылары, сондай-ақ олардың барлығына (көпшілігіне) қатысты», – деді»1.
Ат-Табарани Хузайфадан (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбар ﷺ былай деді:
«مَنْ لَمْ يَهْتَمَّ بِأَمْرِ المُسْلِمِينَ فَلَيْسَ مِنْهُمْ، وَمَنْ لَمْ يُصْبِحْ وَيُمْسِ نَاصِحًا لِلَّهِ وَلِرَسُولِهِ وَلِكِتَابِهِ وَلِإِمَامِهِ وَلِعَامَّةِ المُسْلِمِينَ فَلَيْسَ مِنْهُمْ».
«Кім мұсылмандардың қамын ойламаса—олардан емес және кім Аллаға, Оның Елшісіне, Оның Кітабына, өз имамына және барша мұсылмандарға (шын жүректен) ақ пейілдік танытпаса, ол да олардан емес»2.
Алла Тағаладан бұл еңбектің өзіме және мұсылмандарға пайдалы болуын, оны жазу жолында жасаған әрекетімді тек Өзінің жомарт дидары үшін етуін және Нағим жәннаттарында Оның құзырындағы табысқа жетуге себепші етуін сұраймыз. Расында, Ол – Естуші әрі жауап Беруші. Ол бізге жеткілікті, Ол – қандай жақсы Қамқоршы!
Тарау
Қажылық пен умраның парыз екендігіне және оларды орындауға асығуға қатысты дәлелдер
Егер бұл түсінікті болса, онда біліңіздер — Алла Тағаладан маған және сіздерге шындықты тануды және оны ұстануды нәсіп етсін — Алла Тағала өз құлдарына қасиетті Қағбаға қажылық өтеу үшін баруды міндеттеген және оны Ислам тіректерінің бірі деп бекіткен. Алла Тағала былай деп айтты:
﴿...وَلِلَّهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلًا وَمَنْ كَفَرَ فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ﴾
"Жол жүруге шамасы келгендерге (Қасиетті) Үйді қажылық ету—адамдардың Алла алдындағы міндеті. Ал, кім күпірлік етсе күмәнсіз, Алла әлемдерден Бай (ешкімге мұқтаж емес)" (Әлі Ғимран: 97).
"Сахих" хадистердің қос жтнағында Ибн Омардан (Алла ол екеуіне разы болсын) келген хадис: "Пайғамбар ﷺ былай деді:"
«بُنِيَ الإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَإِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَصَوْمِ رَمَضَانَ، وَحَجِّ بَيْتِ اللَّهِ الحَرَامِ».
«Ислам бес (тірекке) құрылған: Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдайдың жоқтығына және Мұхаммед—Алланың елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, рамазан (айында) ораза тұту және Алланың қасиетті Үйіне қажылық жасау»3.
Сағид ибн Мансұр өзінің «Сүнән» жиңағында Омар ибн әл-Хаттабтан (оған Алла разы болсын) риуаят етіп айтты: «Менің қалаларға адамдар жіберіп, дәулеті бола тұра қажылық жасамаған әрбір кісіні анықтап, оларға жизья (салық) салдыруға ойым болды. Олар—(толық) мұсылман емес, олар—мұсылман емес», – деген.45
Сондай-ақ, Алиден (Алла оған разы болсын) былай деп айтқаны риуаят етіледі: "Кімде-кім қажылық жасауға шамасы жетіп тұрып, оны тәрк етсе (орындамаса), оның яһуди немесе насрани болып өлуден басқа шарасы жоқ."6.
Шамасы жете тұра қажылық жасамаған адам оны орындауға асығуы тиіс. Өйткені, Абдулла ибн Аббас (Алла ол екеуіне разы болсын) Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқанын риуаят еткен:
«تَعَجَّلُوا إِلَى الحَجِّ - يَعْنِي الفَرِيضَةَ - فَإِنَّ أَحَدَكُمْ لَا يَدْرِي مَا يَعْرِضُ لَهُ».
«Қажылыққа асығыңдар - яғни парызды өтеуге - өйткені сендердің бірің алдында не күтіп тұрғанын білмейді».7
Өйткені, қажылықты шұғыл түрде өтеу парызы—оның жолына шамасы келетіндердің мойнында. Бұл Алла Тағаланың мына сөзінде айқын көрінеді:
﴿...وَلِلَّهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلًا وَمَنْ كَفَرَ فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ﴾
""Жол жүруге шамасы келгендерге (Қасиетті) Үйді қажылық ету—адамдардың Алла алдындағы міндеті. Ал, кім күпірлік етсе күмәнсіз, Алла әлемдерден Бай (ешкімге мұқтаж емес)" (Әлі Ғимран: 97). Сондай-ақ, Пайғамбардың ﷺ құтпасында айтқан (мына) сөзі:
«أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّ اللَّهَ فَرَضَ عَلَيْكُمُ الحَجَّ فَحُجُّوا».
«О, адамдар! Алла сендерге қажылықты парыз қылды. Сондықтан қажылық жасаңдар!»8.
Сонымен бірге, умраның уәжіптігіне де дәлел болатын хадистер келген. Соның кейбірі:
Пайғамбар ﷺ Жәбрейілге, оның Ислам туралы сұрағының жауабында былай деген:
«الإِسْلَامُ أَنْ تَشْهَدَ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَتُقِيمَ الصَّلَاةَ، وَتُؤْتِيَ الزَّكَاةَ، وَتَحُجَّ البَيْتَ وَتَعْتَمِرَ، وَتَغْتَسِلَ مِنَ الجَنَابَةِ، وَتُتِمَّ الوُضُوءَ، وَتَصُومَ رَمَضَانَ»
«Ислам — сенің Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдайдың жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың Елшісі екеніне куәлік етуің; намазды толық орындауың; зекет беруің; Қасиетті Үйге қажылық жасауың және умраны өтеуің; жүніптіктен ғұсыл құйынуың, дәретті толық алуың және Рамазан айында ораза ұстауың»9. Бұл хадисті Ибн Хузайма және әд-Дарақутни 'Умар ибн әл-Хаттабтан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен. Әд-Дарақутни: «Бұл—тұрақты, сахих иснад (сенімді тізбек)» - деген.
Әрі сол хадистердің тағы бірі – Айша (оған Алла разы болсын) жеткізген мынан хадис. Онда:
«يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَلْ عَلَى النِّسَاءِ مِنْ جِهَادٍ؟ قَالَ: عَلَيْهِنَّ جِهَادٌ لَا قِتَالَ فِيهِ: الحَجُّ وَالعُمْرَةُ».
«Уа, Алланың елшісі! Әйелдерге жиһад міндеттелді ме?», – деп сұралғанда, ол (ﷺ): «Олар үшін соғыссыз жиһад бар. Ол – қажылық пен умра», – деп жауап берді.10 Бұл хадисті Ахмад пен Ибн Мәжаһ сахих иснадпен келтірген.
Қажылық пен умраны өмірде бір-ақ рет орындау уәжіп. Өйткені Пайғамбарымыз(ﷺ) сахих хадисте былай деген:
«الحَجُّ مَرَّةٌ، فَمَنْ زَادَ فَهُوَ تَطَوُّعٌ».
«Қажылық – бір рет (парыз). Ал, кім (оны) арттырса, сол – нәпіл (болып табылады)»11.
Нәпіл ретінде қажылық пен умраны көбейту – сүннет. Өйткені «Сахих» хадистердің қос жинағында Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Алла Елшісі (ﷺ) былай деген:
«العُمْرَةُ إِلَى العُمْرَةِ كَفَّارَةٌ لِمَا بَيْنَهُمَا، وَالحَجُّ المَبْرُورُ لَيْسَ لَهُ جَزَاءٌ إِلَّا الجَنَّةُ».
«Бір умра мен келесі умраның арасы—(кіші) күнәлардың кәффараты. Ал, мабрур (қабыл болған) қажылықтың Жәннаттан басқа қайтарымы жоқ!»12.
Тарау
Күнәлардан тәубе ету және зұлымдықтан арылудың парыздығы
Мұсылман қажылық немесе умра жасау үшін сапар шегуді ниет етсе, оған отбасы мен жолдастарына Алла Тағалаға тақуалық етуді, яғни Оның бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануды өсиет ету мустахаб болады.
Ол өзінің алашағы мен берешегін жазып, оған (біреуді) куә ету керек. Сондай-ақ, оған барлық күнәлары үшін шынайы тәубе етуге асығу – уәжіп. Алла Тағала былай деген:
﴿...وَتُوبُوا إِلَى اللَّهِ جَمِيعًا أَيُّهَ الْمُؤْمِنُونَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ﴾
"...Ей, мүміндер! Жаппай Аллаһқа тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар" (Нұр: 31).
Шынайы тәубе — күнәлардан бас тарту және оны тоқтату, өткен күнәларына өкіну және оған қайтпауға (оны қайталамауға) оқталу. Егер оның адамдар алдында мал-жан немесе ар-намысқа қатысты қиянаттары болса, сапарға шықпай тұрып, оны иелеріне қайтаруы немесе кешірім сұрап, разылығын алу керек. Өйткені Пайғамбар ﷺ одан сенімді түрде жеткізілген хадисте былай деген:
«مَنْ كَانَتْ عِنْدَهُ مَظْلَمَةٌ لِأَخِيهِ مِنْ مَالٍ أَوْ عِرْضٍ فَلْيَتَحَلَّلِ اليَوْمَ قَبْلَ أَنْ لَا يَكُونَ دِينَارٌ وَلَا دِرْهَمٌ، إِنْ كَانَ لَهُ عَمَلٌ صَالِحٌ أُخِذَ مِنْهُ بِقَدْرِ مَظْلَمَتِهِ، وَإِنْ لَمْ تَكُنْ لَهُ حَسَنَاتٌ أُخِذَ مِنْ سَيِّئَاتِ صَاحِبِهِ فَحُمِلَ عَلَيْهِ».
«Кімде-кім бауырының малы немесе арына қатысты әділетсіздік жасаған болса, динар да, дирхам де болмайтын (төлемге жүрмейтін) күн келмей тұрып, одан бүгін құтылсын! Егер оның ізгі амалдары болса, одан зұлымдығы мөлшерінше қарай алынады. Ал, ізгі амалдары болмаса, жәбірленушінің жамандықтарынан алынып, оның мойнына артылады»13.
Ол қажылығы мен умрасына халал малдан таза қаражат таңдау керек. Өйткені Пайғамбар ﷺ одан сенімділігі расталған хадисте былай деген:
«إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى طَيِّبٌ لَا يَقْبَلُ إِلَّا طَيِّبًا».
«Расында, Алла Тағала — Пәк (Таза)! Ол тек таза нәрсені ғана қабыл етеді»14.
Сондай-ақ, әт-Табарани Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) мына хадисті риуаят еткен, онда: «Алла елшісі ﷺ былай деді:
«إِذَا خَرَجَ الرَّجُلُ حَاجًّا بِنَفَقَةٍ طَيِّبَةٍ وَوَضَعَ رِجْلَهُ فِي الغَرْزِ فَنَادَى: لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ، نَادَاهُ مُنَادٍ مِنَ السَّمَاءِ: لَبَّيْكَ وَسَعْدَيْكَ، زَادُكَ حَلَالٌ، وَرَاحِلَتُكَ حَلَالٌ، وَحَجُّكَ مَبْرُورٌ غَيْرُ مَأْزُورٍ، وَإِذَا خَرَجَ الرَّجُلُ بِالنَّفَقَةِ الخَبِيثَةِ فَوَضَعَ رِجْلَهُ فِي الغَرْزِ فَنَادَى: لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ، نَادَاهُ مُنَادٍ مِنَ السَّمَاءِ: لَا لَبَّيْكَ وَلَا سَعْدَيْكَ، زَادُكَ حَرَامٌ، وَنَفَقَتُكَ حَرَامٌ، وَحَجُّكَ غَيْرُ مَبْرُورٍ».
«Қашан бір кісі адал қаражатпен қажылыққа шығып, аяғын үзеңгіге салса және: «Ләббайкә, Аллаһумма, ләббайк», - деп үн қатса, оған көктен бір үн: «Жауабың қабыл, бақытың арта берсін! Азығың – адал, көлігің – адал және күнәсіз қажылығың қабыл болды!» - деп жауап береді. Ал, егер адам арам қаражатпен шықса және аяғын үзеңгіге салып: «Ләббайкә, Аллаһумма, ләббайк», - деп үн қатса, оған көктен бір жаршы: «Саған жауап та жоқ, бақыт та жоқ! Азығың – харам, қаражатың – харам және қажылығың қабыл емес!», - деп үн қатады»15.
Қажылық өтеушіге адамдардың қолындағы дүниеден бойын аулақ ұстап, олардан бірдеңе сұраудан тартынғаны жөн. Өйткені, Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:
«وَمَنْ يَسْتَعْفِفْ يُعِفَّهُ اللَّهُ، وَمَنْ يَسْتَغْنِ يُغْنِهِ اللَّهُ».
«Кім арлы болуға тырысса, Алла оны арлы етеді. Ал, кім қанағат етсе, Алла оны байытады»16.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың ﷺ мына сөзі:
«لَا يَزَالُ الرَّجُلُ يَسْأَلُ النَّاسَ حَتَّى يَأْتِيَ يَوْمَ القِيَامَةِ وَلَيْسَ فِي وَجْهِهِ مُزْعَةُ لَحْمٍ».
«Қандай да бір кісі адамдардан үнемі сұрай берсе, Қиямет күні келгенде, оның бетінде еттің бір тілімі де қалмайды»17.
Қажылық өтеуші қажылығы мен умрасы арқылы Алланың дидары мен Ақыретті көздеуі, әрі сол қасиетті орындарда Оны риза ететін сөздер мен амалдар арқылы Оған жақындауы тиіс. Оған қажылығымен дүниені және оның өткінші қызығын, немесе риякершілік, атаққұмарлық пен мақтаншақтықты көздеуден барынша сақтанғаны жөн. Өйткені бұл – ниеттердің (мақсаттардың) ең жаманы және амалдың жойылып, қабыл болмауына себеп болады. Алла Тағала айтқандай:
﴿مَنْ كَانَ يُرِيدُ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا نُوَفِّ إِلَيْهِمْ أَعْمَالَهُمْ فِيهَا وَهُمْ فِيهَا لَا يُبْخَسُونَ 15 أُولَئِكَ الَّذِينَ لَيْسَ لَهُمْ فِي الاخِرَةِ إِلَّا النَّارُ وَحَبِطَ مَا صَنَعُوا فِيهَا وَبَاطِلٌ مَّا كَانُوا يَعْمَلُونَ 16﴾
"Кім дүние тіршілігін әрі оның зейнетін қаласа, оларға (жасаған) еңбектерін (онын сауабын) дүниеде толық береміз. Сондай-ақ, олар онда кемшілікке ұшыратылмайды 15
Міне, соларға ақыретте тозақ отынан басқа ештеңе жоқ. Дүниедегі жасағандары жойылып кетеді. Олардың істегендері—бос әурешілік 16) (Һуд: 15-16).
Сондай-ақ, Алла Тағала айтты:
﴿مَّنْ كَانَ يُرِيدُ الْعَاجِلَةَ عَجَّلْنَا لَهُ فِيهَا مَا نَشَاءُ لِمَنْ نُرِيدُ ثُمَّ جَعَلْنَا لَهُ جَهَنَّمَ يَصْلَاهَا مَذْمُومًا مَدْحُورًا 18 وَمَنْ أَرَادَ الْاخِرَةَ وَسَعَى لَهَا سَعْيَهَا وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَأُولَئِكَ كَانَ سَعْيُهُمْ مَشْكُورًا 19﴾
"Кімде-кім тез өтушіні (сы өмірді) қаласа, Біз Өзіміз бергіміз келгенге қалаған нәрсемізді осы өмірде жедел береміз. Кейін Біз оған Жәһаннам әзірледік. Ол оған айыпталған, (мейірімнен) алыстатылған болып кіреді 18
Ал, кім Ақыретті қаласа және мүмин болып, оған лайықты түрде ұмтылса, міне, солардың талпынысы алғысқа бөленеді 19) (Исра: 18-19).
Пайғамбарымыздың ﷺ былай деп айтқаны сенімді жолдармен расталған:
«قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: أَنَا أَغْنَى الشُّرَكَاءِ عَنِ الشِّرْكِ، مَنْ عَمِلَ عَمَلًا أَشْرَكَ مَعِي فِيهِ غَيْرِي تَرَكْتُهُ وَشِرْكَهُ».
«Алла Тағала айтты: Мен серіктестердің (Өзіме) ортақ етілуіне (бәрінен де) мұқтаж емеспін. Кімде-кім Маған біреуді серік етіп, амал жасаса, Мен оны және оның ширк амалын тастадым»18.
Сондай-ақ, сапарында құлшылығына берік, тақуа, діни білімі бар ізгі жандармен жолдас болып, надандар және пасықтармен бірге сапар шегуден сақтануы тиіс.
Оған қажылығы мен умрасындағы шариғат амалдарын үйреніп, оны терең түсінуі, сондай-ақ, түсінбеген мәселерді сұрап, оның анық-қанығына көз жеткізуі тиіс. Ал, мініс көлігіне, автокөлігіне, ұшаққа немесе кез келген тасымалдау құралына отырғанда, сапарын Алла Тағаланың (Бисмилләһ) есімімен айтумен, Оны мадақтап, сосын үш рет тәкбір айтып, былай бастауы— мустахаб:
﴿...سُبْحَانَ الَّذِي سَخَّرَ لَنَا هَذَا وَمَا كُنَّا لَهُ مُقْرِنِينَ 13 وَإِنَّا إِلَى رَبِّنَا لَمُنْقَلِبُونَ14﴾
"...Мұны бізге бағындырған Алла пәк! Өйткені, біздің бұған шамамыз келмес еді 13
әрі біз, күмәнсіз, Раббымызға қайтушымыз 14) (Зухруф: 13-14).
«اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ فِي سَفَرِي هَذَا البِرَّ وَالتَّقْوَى، وَمِنَ العَمَلِ مَا تَرْضَى، اللَّهُمَّ هَوِّنْ عَلَيْنَا سَفَرَنَا هَذَا، وَاطْوِ عَنَّا بُعْدَهُ، اللَّهُمَّ أَنْتَ الصَّاحِبُ فِي السَّفَرِ، وَالخَلِيفَةُ فِي الأَهْلِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ وَعْثَاءِ السَّفَرِ، وَكَآبَةِ المَنْظَرِ، وَسُوءِ المُنْقَلَبِ فِي المَالِ وَالأَهْلِ».
"Аллаһуммә, иннә нәс-әлу-кә фи сәфәрий һәзә-л-бирра уә-т-тәқуә, уә мин әл-‘әмәли ма тәрдо! Аллаһуммә, һәууин ‘аләй-нә сәфәра-нә һәзә уәт-уи ‘аннә бу’дә-һу! Аллаһуммә, Әнтәс-Сохибу фис-сәфәр, уәл-Холифәту фил-әһл. Аллаһуммә, инни ә’узу би-кә мин уә’сәи-с-сәфәр, уә кәабәти-л-мәнзар, уә су:ил-мунқоләби фил-мәли уәл-әһл"
«Аллаһым! Осы сапарымда маған тақуалық, ізгілік пен Өзің разы болатын істерді нәсіп етуіңді сұраймын. Аллаһым! Бізге осы сапарымызды жеңілдетіп, оның қашықтығын қысқарта гөр. Аллаһым! Сен – сапарда Серігімізсің, ал үйдегілерге Қамқоршысың. Аллаһым! Сапардың қиыншылығынан, қайғылы көріністерден және мал-мүлік пен отбасына жаман күйде оралудан Өзіңе сыйынамын»19;
Муслимнің ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисі Пайғамбардан ﷺ сенімді жолмен жеткен.
Сапар барысында ол зікір мен истиғфарды көбейтіп, Алла Тағалаға жиі дұға жасап, Оған жалбарады. Құран оқып, оның мағыналарына ой жүгіртеді. Намаздарын жамағатпен оқуға ұқыпты болады. Тілін өсек-аяңнан, өзіне қатысы жоқ істерге араласудан және артық әзіл-қалжыңнан сақтайды. Сондай-ақ, өзін өтіріктен, ғайбаттан, сөз тасудан және жолдастары мен өзге мұсылман бауырларын мазақ етуден қорғайды.
Оған өз серіктеріне жақсылық жасап, оларға зиян келтіруден сақтанып, шамасы келгенше даналық және көркем насихатпен жақсылыққа шақырып, жамандытан тыю керек.
Тарау
Қажының миқатқа жеткенде істейтін амалдары
Миқатқа жеткен кезде ғұсылданып, әтір жағу – мустахаб. Себебі, Пайғамбарымыздың (ﷺ) ихрамға кірерде тігілген киімін шешіп, жуынғаны риуаят етілген. Сондай-ақ, сенімді хадистердің қос жинағында Айшаның (Алла оған разы болсын) былай дегені сенімді жолмен жеткізілген:
«كُنْتُ أُطَيِّبُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لِإِحْرَامِهِ قَبْلَ أَنْ يُحْرِمَ، وَلِحَلِّهِ قَبْلَ أَنْ يَطُوفَ بِالبَيْتِ».
«Мен Алла Елшісіне (ﷺ) ол ихрамға кірмей тұрып және ихрамнан шығып, Қағбаны тауаф етпестен бұрын әтір сепкенмін»20. Сондай-ақ, ол (ﷺ) умраға ихрамға кіріп, етеккір көрген Айшаға ғұсыл алып, қажылық үшін ихрамға кіруді бұйырған. Пайғамбар (ﷺ) Зул-Хулайфада босанған Әсма бинт Умәйсқа ғұсыл алып, бір матамен таңып, ихрамға кіруді бұйырды21. Бұл оқиға, Пайғамбардың (ﷺ) Айша мен Әсмаға бұйырғанындай, миқатқа хайыз немесе нифас күйінде жеткен әйелдің ғұсыл алып, адамдармен бірге ихрамға кіретінін және Қағбаны тауаф етуден басқа қажылықтың барлық амалдарын орындайтынын көрсетеді.
Ихрамға кіруді ниет еткен адамға мұртын, тырнақтарын, әуреті мен қолтығын тазалап алуы мұстахаб. Осылайша, ихрамға кіргеннен кейін, бұл амалдарға тыйым салынған кезде, оны алуға мұқтаж болмайды. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ﷺ) мұсылмандарға бұл жерлерді үнемі тазалап жүруді шариғатта бұйырған (бекіткен). Бұл туралы екі «Сахих» жинағында Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілгендей, Алла Елшісі (ﷺ) былай деген:
«الفِطْرَةُ خَمْسٌ: الخِتَانُ، وَالِاسْتِحْدَادُ، وَقَصُّ الشَّارِبِ، وَقَلْمُ الأَظْفَارِ، وَنَتْفُ الإِبْطِ».
«Фитра (жаратылысқа сай табиғи амалдар) — бесеу: сүндетке отырғызу, кіндік асты түгін қыру, мұртты қысқарту, тырнақты алу және қолтықты тазалау»22.
Имам Муслимнің «Сахих» жинағында Әнастан (Алла оған разы болсын) былай деп айтқаны риуаят етіледі:
«وَقَّتَ لَنَا فِي قَصِّ الشَّارِبِ، وَقَلْمِ الأَظْفَارِ، وَنَتْفِ الإِبْطِ، وَحَلْقِ العَانَةِ: أَنْ لَا نَتْرُكَ ذَلِكَ أَكْثَرَ مِنْ أَرْبَعِينَ لَيْلَةً».
«Бізге мұртты басу, тырнақ алу, қолтық түгін кетіру және әурет жердің түгін қыруды қырық түннен асырмау белгіленге»23.
Ал ән-Нәсаи (хадисті) мына мәтінмен келтірген:
«وَقَّتَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ».
«Алланың Елшісі ﷺ бізге (бұл істер үшін) уақыт белгіледі»24. Бұл хадисті Ахмад, Әбу Дәуд және әт-Тирмизи ән-Насаидің нұсқасымен келтірген. Ал басқа (шашқа) келер болсақ, ихрамға кірерде одан бірнәрсе алу ерлер мен әйелдерге ештеңе бекітілмеген.
Ал сақалға келер болсақ, оны кез келген уақытта қыру немесе одан бірдеңе алу – харам. Керісінше, оны өсіріп, молайту – уәжіп. Себебі бұл сенімді хадистердің қос жинағында ибн Омардан (Алла ол екеуіне де разы болсын) келген хадисте бекітілгендей, ол былай дейді: «Алланың елшісі (ﷺ) айтты:
«خَالِفُوا المُشْرِكِينَ، وَفِّرُوا اللِّحَى، وَأَحْفُوا الشَّوَارِبَ».
«Мүшріктерге ұқсамаңдар! Сақалдарыңды жіберіп, мұрттарыңды басыңдар»25. Муслим өзінің "Сахих" кітабында Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) былай деген: «Алланың елшісі ﷺ айтты:
«جُزُّوا الشَّوَارِبَ، وَأَرْخُوا اللِّحَى، خَالِفُوا المَجُوسَ».
«Мұрттарыңды басып, сақалдарыңды өсіріңдер (жіберіңдер) де, мәжусилерге ұқсамаңдар»26.
Бұл заманда көптеген адамның осы сүннетке қарсы шығуы, сақалмен күресуі, сондай-ақ кәпірлер мен әйелдерге ұқсауға разы болуы үлкен бір қасіретке айналды. Әсіресе, бұл істің өзіндерін ілім мен білімге жатқызатындар арасында орын алуы өкінішті. Расында, біз Алланың меншігіміз және Оған қайтушымыз. Көпшілік одан бет бұрса да, Алладан бізді және барша мұсылмандарды сүннетке еруге, оны берік ұстануға және оған шақыруға бастауды сұраймыз. Алла бізге жеткілікті, Ол – неткен жақсы Қамқоршы! Ұлы да Асқақ Алладан басқа ешқандай күш-қуат жоқ.
Содан соң ер кісі (екі ақ мата) изар мен рида киеді. Олардың ақ түсті және таза болғаны, сондай-ақ ихрамға аяқ киім (сандал) киіп кіру—мұстахаб. Өйткені Пайғамбар (ﷺ) былай деген:
«وَلْيُحْرِمْ أَحَدُكُمْ فِي إِزَارٍ وَرِدَاءٍ وَنَعْلَيْنِ، فَإِنْ لَمْ يَجِدْ نَعْلَيْنِ فَلْيَلْبَسْ خُفَّيْنِ وَلْيَقْطَعْهُمَا حَتَّى يَكُونَا أَسْفَلَ مِنَ الكَعْبَيْنِ».
«Сендерден бірің изар, рида және сандалмен ихрамға кірсін. Егер сандал таппаса, мәсі киіп, оны тобықтан төмен болатындай етіп кессін»27. Хадисті Имам Ахмад (оған Алла рақым етсін) риуаят еткен.
Ал, әйел адамға келер болсақ, ол қара, жасыл немесе басқа да қалаған киімімен ихрамға кіре алады, тек киімінде ерлерге ұқсап қалудан сақтануы керек. Алайда, ихрам кезінде оған ниқаб пен қолғап киюге болмайды, дегенмен бетін және қолдарын ниқаб пен қолғаптан басқа нәрсемен жабады. Себебі Пайғамбар ﷺ ихрамдағы әйелге ниқаб пен қолғап киюді тыйым салған. Ал, кейбіреулердің әйелдің ихрам киімін жасыл немесе қара түспен шектеуінің ешқандай негізі жоқ.
Содан кейін ғұсыл алып, тазаланып, ихрам киімдерін киіп болғаннан кейін, жүрегімен қалаған қажылық немесе умра құлшылығына кіруге ниет етеді. Өйткені Пайғамбар (ﷺ) :
«إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ، وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى».
«Шынында, амалдар ниетке байланысты. Әркімге ниет еткені ғана тиесілі»,—деген28.
Оған ниет еткенін дауыстап айту рұқсат. Егер ниеті умра болса, «Ләббайка умратан» немесе «Аллаһумма ләббайка умратан» («Аллаһым, Саған умра үшін келдім») деп айтады. Ал, егер ниеті қажылық болса, «Ләббайка хажжан» немесе «Аллаһумма ләббайка хажжан» («Аллаһым! Құзырыңа қажылық өтеу үшін келдім») дейді. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ осылай істеген. Егер екеуін бірге ниет етсе, соған сай тәлбия айтып: «Аллаһумма ләббайка умратан уә хажжан» («Аллаһым! Саған умра және қажылық үшін келдім»),—дейді.
Абзалы, бұл сөздерді көлігіне (жануар, көлік немесе басқасына) мініп, орныққаннан кейін айту. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ тәлбияны көлігіне мініп, ол миқаттан қозғала бастағанда ғана айтқан. Бұл – ғылым иелері пікірлерінің ішіндегі ең дұрысы.
Ниетті тілмен айту шариғат бойынша дұрыс емес. Оны тілмен айту Пайғамбардан (ﷺ) жеткені бойынша, ихрамға кірерде ғана рұқсат етіледі.
Ал, намаз, тауаф және басқа да құлшылықтарда ниет дауыстап айтылмайды. «Пәлен намазды оқуға ниет еттім» немесе «Пәлен тауафты жасауға ниет еттім» деп айту дұрыс емес. Керісінше, ниетті бұлайша тілмен айту – дінге кейіннен енгізілген бидғаттарға жатады. Ал, оны жария түрде айту – одан да жаман әрі ауыр күнә. Егер ниетті дауыстап айту шариғатта рұқсат етілген болса, онда Алланың Елшісі ﷺ оны өзінің ісі немесе сөзімен үмметіне анық баяндап, түсіндірер еді. Сонымен бірге, бұл істе алғашқы мұсылмандар (сәлаф салих) бізді озатын еді.
Пайғамбардан ﷺ және оның сахабаларынан (Алла олардан разы болсын) бұл туралы ештеңе жетпегендіктен, оның бидғат екені анықталады. Ал, Пайғамбар ﷺ:
«وَشَرُّ الأُمُورِ مُحْدَثَاتُهَا، وَكُلُّ بِدْعَةٍ ضَلَالَةٌ».
«Істердің ең жаманы – діндегі (бидағат) жаңалық. Ал, әрбір бидағат – адасушылық»,—деген.29 Мұны Муслим «Сахих» жинағында келтірген. Сондай-ақ, Пайғамбар ﷺ :
«مَنْ أَحْدَثَ فِي أَمْرِنَا هَذَا مَا لَيْسَ مِنْهُ فَهُوَ رَدٌّ».
«Кімде-кім біздің бұл ісімізге қатысы болмаған жаңалық енгізсе, ол қабыл етілмейді»,—деген30 хадистің дұрыстығы бірауыздан келісілген Ал Муслимнің нұсқасында:
«مَنْ عَمِلَ عَمَلًا لَيْسَ عَلَيْهِ أَمْرُنَا فَهُوَ رَدٌّ».
«Кімде-кім біздің бұйрығымызға сай келмеген амал жасаса, ол кері қайтарылады (қабыл болмайды)», - делінген31.
Тарау
Мекенге байланысты миқаттар және оның (шекараларының) белгіленуі.
Миқаттар бесеу:
Біріншісі: Зул-Хуләйфа – мәдиналықтар миқаты. Бүгін халық арасында «Әбиәр Али» деп аталады.
Екіншісі — Жухфа. Ол — Шам елінің миқаты, қазіргі Рабиғ маңындағы тұрғыны жоқ ауыл. Бүгінде адамдар Рабиғтан ихрамға кіреді. Рабиғ одан сәл бұрын орналасқандқтан, Рабиғтан ихрамға кірген адам миқаттан кірген болып есептеледі.
Үшіншісі: Қарн әл-Мәнәзил. Ол—Нәжд халқының миқаты., оның бүгінгі атауы: «әс-Сайл».
Төртінші: Яламлам, бұл йемендіктер миқаты.
Бесіншісі: Ирактықтар миқаты Зату-ғирқ.
Пайғамбарымыз ﷺ бұл миқаттарды біз атап өткен аймақтар тұрғындарына және сол аймақтар арқылы өтіп, қажылық немесе умра жасауды ниет еткен басқа адамдарға арнап белгілеген.
Осы миқаттардың тұсынан өтетін адамға сол жерден ихрамға кіру уәжіп. Егер ол Меккеге қажылық немесе умра жасау ниетімен бара жатқан болса, мейлі құрлық, мейлі әуе жолымен өтсін, одан ихрамсыз өтуіне болмайды. Өйткені Пайғамбар (ﷺ) осы миқаттарды белгілегенде жалпылай былай деген:
«هُنَّ لَهُنَّ، وَلِمَنْ أَتَى عَلَيْهِنَّ مِنْ غَيْرِ أَهْلِهِنَّ، مِمَّنْ أَرَادَ الحَجَّ وَالعُمْرَةَ».
«Олар (яғни миқаттар) сол аймақтардың тұрғындары үшін және солар арқылы (Меккеге) келетін, қажылық немесе умра жасамақшы болған басқа да адамдар үшін белгіленген»32.
Қажылық немесе умра жасау мақсатымен Меккеге ұшақпен бет алған адамның ұшаққа мінерден бұрын ғұсыл алып, дайындалғаны жөн. Миқатқа жақындағанда ол изары мен ридасын киіп, уақыты жеткілікті болса умраға, ал тығыз болса қажылыққа ниет етіп, тәлбия айтады. Егер изар мен ридасын ұшаққа отырмас бұрын немесе миқатқа жақындамай тұрып киіп алса да, оқасы жоқ. Бірақ миқат тұсынан өтпейінше немесе оған жақындамайынша ихрамға кіруді ниет етпейді және тәлбия айтпайды. Өйткені Пайғамбар (ﷺ) ихрамға тек миқаттан кірген. Діннің басқа да мәселелеріндегідей, бұл істе де үмметке Пайғамбарға (ﷺ) еліктеу міндет. Себебі Алла Тағала былай деген:
﴿لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ...﴾
"Расында сендер үшін, Алланың Елшісінде көркем өнеге бар..." (Әхзаб: 21). Сонымен қатар, Пайғамбар (ﷺ) Қоштасу қажылығында:
«خُذُوا عَنِّي مَنَاسِكَكُمْ».
«Қажылық рәсімдеріңді менен үйреніңдер», - деген33.
Ал, Меккеге қажылық немесе умра жасауды ниет етпестен баратындарға; мысалы, саудагер, отыншы, пошта қызметкері және сол сияқтыларға ихрамға кіру міндетті емес. Олар тек өздері қаласа ғана кіреді. Өйткені, Пайғамбар ﷺ жоғарыда келтірілген хадисте миқаттарды атап:
«هُنَّ لَهُنَّ، وَلِمَنْ أَتَى عَلَيْهِنَّ مِنْ غَيْرِ أَهْلِهِنَّ، مِمَّنْ أَرَادَ الحَجَّ وَالعُمْرَةَ».
«Олар (яғни миқаттар) сол аймақтардың тұрғындарына және солар арқылы (Меккеге) келетін, қажылық немесе умра жасамақшы болған басқа да адамдар үшін белгіленген»,—деген34. Бұдан түсінетініміз: кімде-кім миқаттардан өткенімен, қажылық немесе умра жасауды ниет етпесе, оған ихрам міндетті емес.
Бұл – Алла Тағаланың құлдарына деген рақымы және оларға жасаған жеңілдігі. Сол үшін Оған мадақ пен шүкіршілік болсын! Бұған Пайғамбардың ﷺ Меккені алған жылы қалаға ихрамсыз, керісінше, басына дулыға киіп кіргені дәлел болады. Себебі оның ол кездегі мақсаты хаж немесе умра өтеу емес, тек қаланы басып алып, ондағы шірікті жою болатын.
Ал кімнің тұрғылықты жері миқаттардан ішкері болса, мысалы, Джидда, Умм әс-Сәләм, Бахра, әш-Шәраи, Бәдір, Мәстура және т.б.с.с. жерлердің тұрғындары; оларға жоғарыда аталған бес миқаттың біріне бару міндетті емес. Керісінше, оның миқаты — өзінің тұратын жері. Сондықтан, қажылық немесе умра жасау ниетімен сол жерден ихрамға кіреді. Ал, егер оның миқаттан тыс жерде басқа да тұратын мекені болса, онда таңдау еркі өзінде: қаласа ихрамға миқаттан, қаласа миқаттан гөрі Меккеге жақынырақ орналасқан жерден кіре алады. Бұл үкім Пайғамбарымыздың (ﷺ) ибн Аббастан (Алла ол екеуіне разы болсын) жеткен хадисінде миқаттарды атап өткеннен кейінгі жалпы сөзіне негізделген:
«فَمَنْ كَانَ دُونَهُنَّ، فَمُهَلُّهُ مِنْ أَهْلِهِ، وَكَذَلِكَ حَتَّى أَهْلُ مَكَّةَ يُهِلُّونَ مِنْ مَكَّةَ».
«Кімнің тұрғылықты жері миқаттар ішінде орналасқан болса, ол ихрамға өз үйінен кіреді. Сондай-ақ, Мекке тұрғындары ихрамға Меккенің өзінен кіреді»35.36 Хадисті әл-Бухари және Муслим риуаят еткен.
Бірақ, кімде-кім Харам аймағында болып, умра жасауды қаласа «хил» (харамының шекарасынан тыс орналасқан әрбір орын) аймағына шығып, сол жерден умраға ихрамға кіруі керек. Өйткені Пайғамбардан (ﷺ) Айша (Алла оған разы болсын) умра жасауды сұрағанда, ағасы Абдуррахманға оны «хил» аймағына алып шығып, сол жерден ихрамға кіруін бұйырған. Бұл умра жасайтын адамның Харам аймағынан емес, керісінше, «хил» аймағынан ихрамға кіретініне дәлел.
Бұл хадис жоғарыда айтылған ибн Аббастың хадисін нақтылап, Пайғамбардың ﷺ өз сөзімен мынаны көздегеніне нұсқайды:
«حَتَّى أَهْلُ مَكَّةَ يُهِلُّونَ مِنْ مَكَّةَ».
«Тіпті Мекке тұрғындары (қажылық ихрамға) Меккеден кіреді»37. Бұл – умраға емес, қажылыққа ихрамға кіру. Өйткені, егер умра үшін ихрамға әл-Харам аумағынан кіруге рұқсат болғанда, Пайғамбарымыз ﷺ Айшаға (Алла оған разы болсын) рұқсат беріп, оны Харам шекарасының сыртына шығуға міндеттемес еді. Бұл – айқын мәселе, әрі бұл – көпшілік ғалымдардың (Алла оларды рақымына алсын) ұстанған пікірі. Осы муминнің сақтық қылуына анағұрлым жақын. Өйткені мұнда екі хадиске де бірдей амал етіледі. сәттілік беруші – Алла.
Ал қажылықтан бұрын умра жасап қойғанына қарамастан, кейбір адамдардың қажылықтан кейін Тәнғимнен, Жиғранадан немесе басқа жерлерден қайта-қайта умра жасауларына келсек, шариғатта мұның ешбір негізі жоқ. Керісінше, дәлелдер олай істемеудің абзал екенін көрсетеді. Өйткені, Пайғамбарымыз ﷺ да, оның сахабалары да (Алла оларға разы болсын) қажылықтарын өтеп болғаннан кейін умра жасамаған. Ал Айша (Алла оған разы болсын) Тәнғимнен умра жасағанына келсек, ол Меккеге кірген кезде етеккірі себепті адамдармен бірге умрасын орындай алмаған еді. Сондықтан ол Пайғамбарымыздан ﷺ миқаттан ихрамға кірген умрасының орнына басқа умра жасауға рұқсат сұрады. Пайғамбарымыз ﷺ оның өтінішін қабыл етті. Осылайша ол екі умраға қол жеткізді: қажылығымен бірге орындалған умра және осы жеке жасалған умра. Сондықтан кімнің жағдайы Айшаның (Алла оған разы болсын) жағдайына ұқсас болса, қажылығын өтеп болғаннан кейін умра жасауына рұқсат етіледі. Бұл – барлық дәлелдерге амал ету және мұсылмандарға жеңілдік жасау мақсатында айтылған үкім.
Шүбәсіз, қажылардың қажылықты аяқтаған соң, Меккеге кіргендегі умрасынан бөлек тағы бір умра жасауы баршаға қиындық тудырып, халықтың кепелісіне және оқыс оқиғалардың орын алуына себеп болады. Сонымен қатар, бұл іс Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұстанған жолы мен сүннетіне қайшы келеді. Алла – жәрдем Беруші.
Тарау
Қажылық айларынан тыс уақытта миқатқа жеткен адамның үкімі.
Білгейсің: миқатқа жеткен адамның жағдайы екі түрлі болады:
Қажылық айларынан бас уақытта, мысалы Рамазан немесе Шағбан айында келсе, сүннет бойынша умра үшін ихрамға кіреді. Ол жүрегімен ниет етіп, тілімен: «Ләббайкә умратан» немесе «Ләббайкаллаһумма умратан» деп айтады. Сосын Пайғамбардың (ﷺ) мына тәлбиясын айтады:
«لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ، لَبَّيْكَ لَا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ، إِنَّ الحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالمُلْكَ، لَا شَرِيكَ لَكَ».
"Ләббәй-кә-Ллаһуммә, ләббәйк. Ләббәй-кә лә шәрикә лә-кә ләббәй-кә. Иннәл-хамдә, уәнни’мәтә, лә-кә уәл-мулк, лә шәрикә лә-к!
«Я, Аллаһ! Міне, мен Сенің алдыңдамын. Міне, мен Сенің алдыңдамын. Сенің ешбір серігің жоқ, міне, мен Сенің алдыңдамын. Расында, бүкіл мадақ, нығмет және билік Өзіңе. Сенің ешбір серігің жоқ!»38. Қағбаға жеткенше осы тәлбияны және Алла Тағаланы зікір етуді көбейтеді. Қағбаға жеткенде тәлбияны тоқтатады. Қағбаны жеті рет айналып тауаф (тауап) етеді, Мақам артында екі рәкат намаз оқиды. Содан кейін Сафаға шығып, Сафа мен Мәруаның арасында жеті рет сағи жасайды. Сосын шашын қырады немесе қысқартады. Осымен оның умрасы тәмамдалып, ихрам себепті тыйым салынған барлық нәрсеге рұқсат етіледі.
Екіншісі: миқатқа қажылық айларында жету. Ол: шәууәл, зул-қағда айлары және зұлхижжа айының алғашқы он күні.
Мұндай адамға үш нәрсенің бірін таңдау еркі беріледі: тек қажылықты өтеу, тек умра жасау немесе екеуін біріктіріп орындау. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ Қоштасу қажылығында Зұл-Қағда айында миқатқа жеткен кезде сахабаларына осы үш ғибадаттың бірін таңдауға мүмкіндік берген. Алайда, сүннетке сай, егер оның жанында құрбандық малы (һәди) болмаса, умраға ихрамға кіргені абзал. Бұл жағдайда ол қажылық айларынан тыс уақытта миқатқа жеткен адамға қатысты айтылған үкімдерді орындайды. Өйткені, Пайғамбарымыз ﷺ Меккеге жақындағанда сахабаларына ихрамдарын умраға айналдыруды бұйырып, мұны Меккеде тағы да нақтылап бекітті. Сонда олар Пайғамбарымыздың ﷺ бұйрығына бойсұнып, тауап жасады және сағи орындап, шаштарын қысқартты, сөйтіп ихрамнан шыққан еді. Тек өздерімен бірге құрбандық малы болғандар ғана ихрамда қалды. Оларға Пайғамбарымыз ﷺ Құрбан айт күніне дейін ихрамнан шықпай, сол күйінде болуды бұйырды. Сүннет бойынша құрбан малын ерткен адам қажылық пен умраға бірге ихрамға кіруі тиіс. Өйткені Пайғамбар (ﷺ) өзі солай істеген және құрбан малын ерткен болатын. Ол өзімен бірге құрбан малын ерткен және умраға ниет еткен сахабаларына умрасымен қоса қажылыққа да тәлбия айтуды, әрі Құрбан айт күні екеуінен бірге шыққанша ихрамнан шықпауды бұйырған. Ал егер құрбан малын ерткен адам тек қажылықтың өзіне ғана ихрамға кірген болса, ол да екеуін біріктіруші (қарин) секілді, Құрбан айт күні ихрамнан шыққанға дейін ихрамында қала береді.
Осыдан белгілі болғандай: кімде-кім өзімен бірге һәди (соятын мал) ертпестен, тек қажылыққа немесе қажылық пен умраға бірге ихрамға кірсе, оған сол ихрамында қала беруіне болмайды. Керісінше, сүннет бойынша, ол ихрамын умраға айналдырып, тауаф пен сағи жасап, шашын қысқартып, ихрамнан шығуы тиіс. Себебі Пайғамбарымыз (ﷺ) да өзімен бірге һәди ертпеген сахабаларына осылай істеуді бұйырған. Алайда, егер ол (Меккеге) кеш келіп, қажылықты өткізіп алуынан қорықса, онда ихрамында қала берсе еш оқасы жоқ. Дұрысын Алла Білуші.
Егер ихрамдағы адам науқас болғанган немесе дұшпаннан және сол сияқты жағдайдан қауіптеніп, өз рәсімін аяқтай алмауынан қорықса, оған ихрамға кірген кезде былай деп айтқаны абзал: "Фа ин хабасани хабисун фа махилли хайсу хабастани" («Егер мені бір кедергі тоқтатса, онда менің ихрамнан шығу орным – сол тоқтаған (тоқтатқан) жерім»; өйткені Дубаға бинт әз-Зубайр (оған Алла разы болсын): «Уа, Алланың Елшісі! Мен қажылық жасағым келеді, бірақ науқаспын»,- деп айтқанда, Пайғамбар ﷺ оған:
«حُجِّي وَاشْتَرِطِي أَنَّ مَحِلِّي حَيْثُ حَبَسْتَنِي».
«Қажылық жаса және "Менің ихрамнан шығуым мені тоқтатқан (кедергіге ұшыраған) жерімде болады", - деп шарт қой»,—деді (39).39 Хадис келісілген.
Бұл шарттың пайдасы: егер ихрамдағы адамға ауру немесе дұшпанның тосқауылы сияқты қажылығын немесе умрасын аяқтауына кедергі болатын жағдай туындаса, оның ихрамнан шығуына рұқсат етіліп, оған ешнәрсе міндет болмайды.
Тарау
Сәбидің қажылығы парыз қажылықтың орнына жүре ме?
Кішкентай ұл бала мен қыз баланың қажылығы дұрыс саналады; өйткені «Сахих Муслимде» Ибн Аббастан (Алла ол екеуіне разы болсын) риуаят етілген хадисте, бір әйел Пайғамбарымызға ﷺ сәбиін көтеріп: «Уа, Алланың елшісі! Мынаған қажылық міндет пе?», – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз ﷺ:
«نَعَمْ، وَلَكِ أَجْرٌ».
«Иә, ал саған бұл үшін сауап бар» - (деді)40.
Имам Бухаридің «Сахих» жинағында әс-Сәәиб ибн Язидтен (Алла оған разы болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Мен жеті жаста болғанымда, мені Алла елшісімен ﷺ бірге қажылыққа алып барды»41. Алайда, бұл қажылық ол екеуі үшін Исламдағы парыз қажылық орнына жүрмейді.
Дәл осылайша, құл мен күңнің жасаған қажылығы дұрыс саналады, алайда бұл оларды Ислам парыз еткен қажылықтан босатпайды. Бұл Ибн Аббас (Алла ол екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадиспен бекітілген, онда Пайғамбар ﷺ былай деген:
«أَيُّمَا صَبِيٍّ حَجَّ، ثُمَّ بَلَغَ الحِنْثَ، فَعَلَيْهِ أَنْ يَحُجَّ حَجَّةً أُخْرَى، وَأَيُّمَا عَبْدٍ حَجَّ، ثُمَّ أُعْتِقَ، فَعَلَيْهِ حَجَّةٌ أُخْرَى».
«Қайсыбір сәби қажылық өтеп, кейін балиғат жасына жетсе, оған тағы бір қажылық өтеу міндет. Сол секілді қайсыбір құл қажылық өтеп, кейін азат етілсе, оған басқа бір қажылық өтеу міндет»42 Ибн Әбу Шәйба және әл-Бәйһақи "хасан" тізбекпен риуаят еткен.
Егер бала жақсы мен жаманды ажырата алмайтын жаста болса, оның орнына ихрамға уәлиі ниет етеді. Оның тігілген киімдерін шешіп, оның орнына тәлбия айтады. Осылайша бала ихрам күйіне енеді де, ихрамдағы ересек адамға тыйым салынған нәрселер оған да тыйым салынады. Сол сияқты, дұрыс пен бұрысты ажырата алмайтын жастағы қыз баланың орнына да уәлиі ихрамға ниет етіп, тәлбия айтады. Осылайша ол да ихрам күйіне енеді және ихрамдағы ересек әйелге тыйым салынған нәрселер оған да тыйым салынады. Тауаф кезінде екеуінің де киімі мен денесі таза болуы керек, өйткені тауаф намазға ұқсайды, ал намаздың дұрыс болуы үшін тазалық – шарт.
Егер ұл бала мен қыз бала дұрыс пен бұрысты ажырата алатын болса, олар қамқоршысының рұқсатымен ихрамға кіріп, ересек адамдар секілді ғұсыл алып, хош иіс жағу сияқты амалдарды орындайды. Олардың қамқоршысы ретінде әкесі, анасы немесе істеріне жауапты басқа да адам бола алады. Қамқоршысы олардың шамасы келмеген тас лақтыру және сол сияқты амалдарды олардың орнына орындайды. Ал Арафатта тұру, Мина мен Мүздәлифада түнеу, тауаф пен сағи сияқты қалған рәсімдерді балалардың өздері орындауға міндетті. Егер олардың тауаф пен сағи жасауға шамасы келмесе, тауаф пен сағи оларды көтеріп жүріп жасалады. Ал, оларды көтерген адамның тауаф пен сағиды өзі мен оларға ортақ етпей, керісінше, тауаф пен сағиді тек солар үшін ниет етіп, өзі үшін бөлек тауаф, бөлек сағи жасағаны абзал. Бұл — ғибадатта сақтық таныту және ардақты хадиске амал ету тұрғысынан.
«دَعْ مَا يَرِيبُكَ إِلَى مَا لَا يَرِيبُكَ».
«Өзіңе күмәнді көрінген нәрсені тастап, күмән тудырмайтын нәрсеге бет бұр»43. Егер (баланы) көтеруші тауафты өзі үшін және көтерген баласы үшін ниет етсе, екі пікірдің ең дұрысы бойынша бұл екеуіне де жарайды. Өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) кішкентай баланың қажылығы туралы сұраған әйелге ол үшін бөлек тауаф жасауды бұйырмаған. Егер бұл уәжіп болғанда, Пайғамбарымыз (ﷺ) оны міндетті түрде түсіндіретін еді. Жәрдем Беруші – Алла.
Дұрыс пен бұрысты ажырата алатын ұл бала мен қыз балаға тауафты (тауапты) бастамас бұрын, ихрамдағы ересекадам секілді, хадас пен нәжістен тазалану бұйырылады. Ал, кішкентай ұл бала мен қыз бала үшін ихрамға кіру олардың қамқоршысына уәжіп емес, керісінше, бұл — нәпіл амал. Қамқоршысы оны орындаса, оған сауап жазылады, ал егер орындамаса, оған күнә жоқ. Ең дұрысын Алла біледі.
Тарау
Ихрам тыйымдары мен ихрамдағы кісіге мубах амалдардың баяны
Ихрамға ниет еткеннен кейін ихрамдағы адамға – ер болсын, әйел болсын – шашынан немесе тырнағынан бір нәрсе алуға, сондай-ақ, әтір қолдануға рұқсат етілмейді.
Ер кісіге дене бітіміне сай тұтастай пішіліп тігілген, яғни көйлек сияқты киімді, немесе іш жейде, шалбар, мәсі, шұлық секілді дененің бір бөлігіне арналған киімді киюге болмайды. Алайда, изар (белге оралатын киетін киім аты) таппаған жағдайда оған шалбар киюге, сол секілді сандал (тәпішке) таппаған адамға мәсіні кеспей-ақ киюге рұқсат етіледі. Өйткені, сахих хадистердің қос жинағында Ибн Аббастан (оларға Алла разы болсын) жеткен сахих хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген:
«مَنْ لَمْ يَجِدْ نَعْلَيْنِ، فَلْيَلْبَسِ خُفَّيْنِ، وَمَنْ لَمْ يَجِدْ إِزَارًا، فَلْيَلْبَسْ سَرَاوِيلَ».
«Кім аяқ киім таппаса, мәсі кисін. Ал, кім изар таппаса, шалбар кисін»44.
Ал, Ибн Омар (Алла ол екеуіне разы болсын) хадисінде келген: егер адам тәпішке таппаса, мәсіні (хуфф) кию үшін оларды кесу туралы бұйрық — күші жойылған (мәнсух) үкім болып табылады. Өйткені ,Пайғамбар ﷺ ихрамдағы адамға не киюге болатыны жайлы сұралғанда, бұл туралы Мәдинада бұйырған еді. Кейін Арафатта адамдарға құтпа айтқан кезде, тәпішкелері болмаған жағдайда мәсі киюге рұқсат беріп, оны кесуді бұйырмады. Бұл құтпаға Мәдинадағы жауапты естімегендер де қатысқан еді. Хадис пен фиқһ негіздері ілімінде белгілі болғандай, түсіндірмені қажетті уақытынан кешіктіруге рұқсат етілмейді. Осылайша, (мәсіні) кесу туралы бұйрықтың күші жойылғаны дәлелденеді. Егер бұл міндетті болғанда, Пайғамбар ﷺ оны түсіндірер еді. Ең дұрысын Алла біледі.
Ихрам киген адамға тәпішке түріне жатқаны үшін тобықтан төмен мәсі киюге рұқсат етіледі.
Изарды түюге және оны жіппен немесе сол сияқты нәрсемен байлауға рұқсат етіледі, өйткені бұған тыйым салатын дәлел жоқ.
Ихрамдағы адамға қажет болса, жуынуға, басын жууға және оны ақырын қасуға да рұқсат етіледі. Егер осы себепті басынан шаш түсіп кетсе, оған ешқандай айып жоқ.
Ихрамдағы әйелге бетіне бурқа немесе ниқаб, ал,қолына қолғап киюіне тыйым салынады. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:
«وَلَا تَنْتَقِبِ المَرْأَةُ المُحْرِمَةُ، وَلَا تَلْبَسِ القُفَّازَيْنِ».
«Ихрамдағы әйел никаб та тақпасын және қолғап та кимесін»45 Хадисті Бухари риуаят етті. Қолғап: жүннен, мақтадан немесе одан да басқа заттардан қолға шамалап тігілген немесе тоқылған жасалған бұйым.
Оған (әйелге) көйлек, дамбал, мәсі, шұлық және сол сияқты тігілген киімдерді киюге рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, қажет болған жағдайда әйелге бас жамылғысын (химарын) бетіне түсіруіне рұқсат етіледі, бірақ таңып емес. Егер жамылғы бетіне тиіп тұрса, оған ешнәрсе жүктелмейді; Себебі Айша (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте былай деген: «Керуеншілер біздің жанымыздан өтіп бара жатқанда, біз Алла елшісімен ﷺ бірге ихрамда едік. Олар бізбен тұстас келгенде, әрбіріміз жилбәбін (шәлісін) басынан бетіне түсіретін. Ал, олар өтіп кеткенде, бетті қайтадан ашатын едік»46 Бұл хадисті Әбу Дәуд пен Ибн Мәжаһ және осыған ұқсасын Дарақутни Умму Сәләмадан риуаят еткен.
Сол сияқты, қолдарын киімімен немесе басқа нәрсемен жабуына да болады. Ал, бөтен ер адамдардың қасында беті мен қолдарын жабу — уәжіп. Өйткені, Алла Тағаланың мына сөзіне сәйкес, олар — әуретке жатады :
﴿...وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا لِبُعُولَتِهِنَّ...﴾
(...Зейнеттерін керсетпесін. Тек, күйеулеріне...) (Нұр: 31). Шүбәсіз, бет пен екі алақан — (әйелдің) ең көрікті мүшелері.
Ал, сұлулық жағынан бет (жабу) одан да маңызды әрі үлкен мәселе болып табылады, Алла Тағала былай деді:
﴿...وَإِذَا سَأَلْتُمُوهُنَّ مَتَاعًا فَاسْأَلُوهُنَّ مِنْ وَرَاءِ حِجَابٍ ذَلِكُمْ أَطْهَرُ لِقُلُوبِكُمْ وَقُلُوبِهِنَّ...﴾
"...Егер олардан бір нәрсе сұрасаңдар, онда перденің сыртынан сұраңдар. Сендердің жүректерің мен (Пайғамбар жұбайларының) жүрегіне осылай жасау—ең таза жол...)
(Әхзаб: 53).
Ал, көптеген әйелдердің жаулығын бетінен көтеріп тұру үшін оның астына бандан тағу әдетіне келер болсақ, біздің білуімізше, оның шариғатта ешқандай негізі жоқ. Егер бұл шариғатта бекітілген іс болса, Пайғамбар ﷺ оны үмбетіне баяндап, бұл жайында үнсіз қалуына рұқсат етілмес еді.
Ихрам киген ерлер мен әйелдерге ихрам киімін кірлеген жағдайда жууға және оны басқасына ауыстыруға болады.
Оған шафран немесе уарс (сары түс беретін өсімдік) тиген киімдердің ешбірін киюге рұқсат етілмейді. Өйткені Пайғамбар ﷺ Ибн Омардан (ол екеуіне Алла разы болсын) жеткен хадисте бұған тыйым салған.
Ихрамдағы адам ұятсыздықтан, бұзықтықтан және дау-жанжалдан аулақ болу міндетті. Бұған Алла Тағаланың келесі сөзі дәлел:
﴿الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَّعْلُومَاتٌ فَمَنْ فَرَضَ فِيهِنَّ الْحَجَّ فَلَا رَفَثَ وَلَا فُسُوقَ وَلَا جِدَالَ فِي الْحَجِّ...﴾
"Қажылық белгілі айлар. Кімде-кім ол айларда қажылықты орындауға міндеттенсе, онда қажылық кезінде әйеліне жақындасуға, күнә жасауға және айтысып-тартысуға болмайды..." (Бақара: 197).
Пайғамбардың ﷺ былай деп аятқаны да сахих тізбекпен жеткен:
«مَنْ حَجَّ، فَلَمْ يَرْفُثْ، وَلَمْ يَفْسُقْ، رَجَعَ كَيَوْمِ وَلَدَتْهُ أُمُّهُ».
«Кімде-кім қажылық өтеп, жаман сөздер айтпай және бүкіл күнәлі әрі ұятсыз істер жасамаса, (үйіне) анасынан туған күдегі баладай болып оралады»47. «Рәфәс» (الرفث) – бұл жыныстық қатынас, сондай-ақ ұятсыз сөз бен іс-әрекетті білдіреді. «Фусуқ» (الفسوق) Пасықтық – бұл күнәлі істер. Ал «Жадәл» (الجدال) – бұл жалғандық үшін (босқа) немесе еш пайдасы жоқ нәрсе жайлы дауласу. Ал, ақиқатты айқындап, жалғандықты жоққа шығару үшін көркем түрде дауласудың еш айыбы жоқ. Керісінше, ол—бұйырылған іс. Өйткені, Алла Тағала былай деген:
﴿ادْعُ إِلَى سَبِيلِ رَبِّكَ بِالْحِكْمَةِ وَالْمَوْعِظَةِ الْحَسَنَةِ وَجَادِلْهُمْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ...﴾
"Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр! Олармен ең жақсы (әдістермен) пікір бөліс..." (Нәхл: 125).
Ихрамдағы ер адамға басын оған жабысып тұратын нәрсемен, мысалы, тақия, шәлі, сәлде немесе сол сияқтылармен жабуына, сол секілді бетін де жабуына тыйым салынады. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ Арафа күні көлігінен құлап қайтыс болған кісі туралы былай деген:
«اغْسِلُوهُ بِمَاءٍ وَسِدْرٍ، وَكَفِّنُوهُ فِي ثَوْبَيْهِ، وَلَا تُخَمِّرُوا رَأْسَهُ، وَلَا وَجْهَهُ، فَإِنَّهُ يُبْعَثُ يَوْمَ القِيَامَةِ مُلَبِّيًا».
«Оны сидыр қосылған сумен жуыңдар, өзінің екі киімімен кебіндеңдер. Тек басы мен жүзін жаппаңдар. Өйткені, расында, ол қиямет күні тәлбиа айтып тіріледі»48 Екі сахихте келіскен, мәтін Муслимдікі.
Ал көліктің төбесі, қолшатыр немесе соған ұқсас нәрселермен көлеңкелеудің оқасы жоқ. Бұл—шатыр және ағашпен көлеңкелеген сияқты. Өйткені сахих деректерде Пайғамбарымыздың (ﷺ) Ақаба жамаратына тас лақтырған кезінде үстіне киіммен көлеңке жасалғаны келген. Сондай-ақ, одан (ﷺ) жеткен сахих риуаятта Нәмирада ол кісіге шатыр тігіліп, Арафа күні күн тас төбеден ауғанша соның астында аялдағаны айтылады.
Ихрам халіндегі еркектер мен әйелдерге құрлық аңын өлтіруге, оған жәрдемдесуге, оны орнынан үркітуге, неке қиюға, жыныстық қатынасқа түсуге, әйелдерге құда түсуге және оларға шаһуатты қоздыратын амалдар тыйым салынады. Өйткені Осман (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбар ﷺ былай деген:
«لَا يَنْكِحُ المُحْرِمُ وَلَا يُنْكِحُ وَلَا يَخْطُبُ».
«Ихрамдағы кісі өзі де үйленбесін, өзгені де үйлендірмесін және құда да түспесін»49 Муслим риуаят еткен.
Егер ихрамдағы адам ұмытып немесе білместікпен күнделікті киімін кисе, басын жапса немесе хош иіс жақса, оған фидия төлеу міндеттелмейді. Есіне түскен немесе (тыйым екенін) білген сәтте бұл әрекетін дереу тоқтатуы тиіс. Дәл сол сияқты, кімде-кім ұмытып немесе білместікпен шашын қырса немесе қысқартса немесе тырнағын алса, дұрысы—оған ешқандай төлем немесе күнә жоқ.
Мұсылманға – ихрамда болсын-болмасын, еркек немесе әйел болсын – әл-Харам аймағындағы аңдөлтіруге, сондай-ақ оны өлтіруге құрал беру, ишарамен немесе сол секілді нәрселермен көмектесуге тыйым салынады.
Харам аймағындағы аңды орнынан үркітуге, оның ағашы мен көк шөбін кесуге және (біреу) жоғалтқан (өзі тауып алған) затты оны танытушыдан басқаға алуға тыйым салынады; себебі Пайғамбарымыз (ﷺ):
«فَإِنَّ هَذَا البَلَدَ - يَعْنِي مَكَّةَ - حَرَامٌ بِحُرْمَةِ اللَّهِ إِلَى يَوْمِ القِيَامَةِ، لَا يُعْضَدُ شَوْكُهُ، وَلَا يُنَفَّرُ صَيْدُهُ، وَلَا يُلْتَقَطُ لُقَطَتُهُ إِلَّا مَنْ عَرَفَهَا، وَلَا يُخْتَلَى خَلَاهَا».
«Ақиқатында, Алла бұл қаланы – яғни Меккені – Қиямет күніне дейін харам (қасиетті) етті. Оның тікені кесілмейді, аң-құсы үркітілмейді. (Онда) табылған затты оны жариялаушыдан басқа ешкім ала алмайдысына алынбайды және ол жердің шөбі жұлынбайды»50 Келісілген хадис.
Муншид – жариялаушы, әл-Хола – жас шөп. Мина мен Муздалифа әл-Харам аймағындағы, ал Арафа болса, Харамнан тыс жер.
Тарау
Қажының Меккеге кірген кездегі амалдары, әл-Харам мешітіне кіргеннен кейін орындайтын тауафы және оның сипаты жайында.
Ихрамдағы адам Меккеге жеткенде, қалаға кірер алдында ғұсыл алғаны мустахаб болады. Өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) осылай істеген. Әл-Харам мешітіне жеткенде, оған оң аяғымен кіріп: "Бисмиллаһ, уас-солату уас-сәламу ъала Расулилаһ, аъузу биллаһи әл-ъазийм уа би-уажһиһи әл-карийм уа султониһи әл-қодийм мин аш-шайтонир-рожийм, Аллаһумма ифтах лии абуааба рохматика" (Алланың атымен, Алланың Елшісіне салауат пен сәлем болсын. Ұлы Алладан, Оның ардақты дидары және әзәлден бар билігіне жүгініп, қуылған шайтаннан пана сұраймын. Ей, Алла! Маған мейрім есіктеріңді аша гөр), деп айту – сүннет. Бұл дұға жалпы кез келген мешітке кіргенде айтылады, Ал, әл-Харам мешітіне кіруге қатысты, менің білуімше, Пайғамбарымыздан (ﷺ) арнайы бекітілген дұға жоқ.
Егер адам тәматтуғ немесе умра жасайтын болса, Қағбаға жеткенде тауафты бастамай тұрып тәлбия айтуды тоқтатады. Содан кейін Қара тасқа бет бұрып, оны оң қолын тигізеді. Мүмкін болса, адамдарға кептеліспен зиян келтірмей сүйеді. Оны ұстағанда: «Бисмилләһ, уаллаһу әкбар» немесе «Аллаһу әкбар»,- дейді. Егер (Қара тасты) сүю қиын болса, оған қолын немесе таяқ не соған ұқсас нәрсені тигізіп, тигізген нәрсесін сүйеді. Ал, оған қол тигізу қиын болса, оған қарай ишарат жасап: “Аллаһу әкбар” дейді,. Бірақ, ишарат жасаған нәрсесін сүймейді. Тауафтың дұрыс болуы үшін тауаф жасаушының кіші және үлкен дәретсіздіктен таза болуы шарт. Өйткені тауаф – намаз секілді, тек онда сөйлеуге рұқсат етілген. Тауаф кезінде Қағбаны сол жағында ұстайды. Егер тауафты бастағанда: /Аллаһуммә, имәнән бикә, уә тасдиқан бикитәбикә, уә уәфәән биъаһдикә, уәттибәъан лисуннәти нәбиййикә Мухаммадин ﷺ/. (Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Саған иман келтірген күйде, Кітабыңды растаған күйде, уәдеңе берік болып, Пайғамбарың Мухаммадтың ﷺ сүннетіне ерген күйде (тауаф етемін)») десе, жақсы болады, Өйткені, бұл Пайғамбардан ﷺ риуаят етілген. Жеті айналым тауаф жасайды. Меккеге алғаш келгенде жасайтын бірінші тауафтың алғашқы үш айналымында «рамл» (жылдам жүріспен) жасайды. Бұл үкім умра жасаушыға да, таматтуғ қажылығын, ифрад қажылығын немесе умра мен қажылықты біріктірген қиран қажылығын орындаушыға да қатысты. Ал қалған төрт айналымда жай жүреді. Әр айналымды Қара тас тұсынан бастап, сол жерде аяқтайды.
«Рамл» дегеніміз – қадамдарды жақындатып шапшаң жүру. Осы тауафтың барлық айналымында тек «идтибағ» жасау—мустахап. Идтибағ дегеніміз: риданың ортасын оң қолтықтың астынан өткізіп, екі ұшын сол иыққа асып қою.
Егер айналым санына күмәнданса, анығын, яғни азырағын негізге алады. Мысалы, үш айналым жасады ма, әлде төрт пе деп күмәнданса, оны үш деп есептейді. Сағи кезінде де дәл осылай жасайды.
Осы тауафты аяқтаған соң, тауафтың екі ракағат намазын оқымас бұрын, ридасын (жамылғысын) екі ұшы кеудесіне түсетіндей етіп, иығына жабады.
Әйелдерге қатысты тыйым салынып, ескертілуі тиіс нәрселердің бірі – олардың зейнетпен және хош иістермен тауаф етуі. Сондай-ақ, өздері әурет бола тұра жамылмауы. Сондықтан, оларға тауаф кезінде және әйелдер ер адамдармен араласатын басқа да жағдайларда жамылып, оларға сәнденуді тәрк ету міндетті. Өйткені олар – әурет және фитна. Әйелдің беті – оның ең көрінетін зейнеті. Сондықтан оны махрамдарынан басқаларға көрсетуге болмайды. Өйткені Алла Тағала былай деген:
﴿...وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا لِبُعُولَتِهِنَّ...﴾
"Зейнеттерін керсетпесін. Тек ерлеріне...(көрсетуге болады)" (Нур: 31). Сондықтан, егер оларды бөтен ер адамдар көріп тұрса, әйелдерге Қара тасты сүйген кезде бетін ашуына болмайды. Егер оларға тасты ұстап, сүюге мүмкіндік болмаса, ер адамдармен ығысып-қысылысуына рұқсат етілмейді. Керісінше, олар ерлердің артынан тауаф етеді, бұл олар үшін ерлермен ығысқан күйде Қағбаға жақын тауаф етуден әлдеқайда қайырлы әрі сауабы мол. Әр-Рамл мен әл-Идтибағ бұл тауафтан басқа тауафтарда, сағи кезінде, сондай-ақ, әйелдерге шариғатта бекітілмеген. Өйткені Пайғамбар ﷺ әр-Рамл мен әл-Идтибаны тек Меккеге келген кезде, алғашқы тауафында ғана жасаған. Тауаф кезінде адам үлкенді-кішілі дәретсіздіктен және нәжістерден таза, Раббысына мойынсұнған әрі кішіпейіл күйде болуы керек.
Тауаф кезінде Алланы көп зікір етіп, дұға жасауы—мустахап. Сондай-ақ, Құраннан бір нәрсе оқуы да жақсы. Алайда, бұл тауафта және басқа тауаф-сағилерде арнайы айтылуы уәжіп болған зікір немесе дұға жоқ.
Ал, кейбір адамдардың тауафтың немесе сағидің әр айналымын арнайы зікірлер немесе дұғалармен ерекшелеуіне келетін болсақ, оның шариғатта ешбір негізі жоқ. Керісінше, зікір мен дұғадан жеңіл келгенін айтса, жеткілікті. Йемен бұрышының тұсына келгенде оны оң қолымен сипап, «Бисмилләһи, уаллаһу әкбар» деп айтады, бірақ сүймейді. Егер оны сипау қиын болса, оны қалдырып, тауафын жалғастырады. Оған қарай ишара жасамайды. Оның тұсына келген сайын тәкбір айтпайды. Өйткені, біздің білуімізше, мұның Пайғамбарымыздан ﷺ жеткендігі расталмаған. Ал Йемен бұрышы мен Қара тастың арасында былай деп айтқаны абзал:
﴿...رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْاخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ 201﴾
«Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ақыретте де жақсылық бер. Бізді тозақ отының азабынан сақта» (Бақара: 201). Қара тастың тұсынан әр өткен сайын оны ұстап, сүйіп, «Аллаһу әкбар» дейді. Ал, егер оны ұстап, сүю мүмкін болмаса, оның тұсынан әр өткен сайын оған ишара жасап, такбир айтады.
Зәмзәм мен Ибраһим мақамының артынан тауаф жасаудың айыбы жоқ, әсіресе, адам кептелген кезде. Мешіттің барлық жері – тауаф жасайтын орын, тіпті мешіттің дәліздерінде тауаф жасаса—дұрыс есептеледі. Алайда, егер мүмкіндік болса, тауафты Қағбаға жақын жерде орындаған абзал.
Тауафты аяқтаған соң, мүмкіндік болса, "мақам" артында екі ракағат намаз оқиды. Ал, адам көптігі немесе соған ұқсас себептерден "мақам" артында намаз оқу мүмкін болмаса, мешіттің кез келген жерінде оқиды. Бұл екі ракағатта Фатихадан кейін мына сүрелерді оқу—сүннет :
﴿قُلۡ يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡكَٰفِرُونَ1﴾
"(Уа, Пайғамбар!) "Ей, кәпірлер!—деп айт 1) [Кәфирун: 1] Бірінші рәкағатта және
﴿قُلۡ هُوَ ٱللَّهُ أَحَدٌ1﴾
"(Уа, Пайғамбар!) "Ол Алла—Жалғыз"—деп айт 1) [Ықлас: 1] екінші ракағатта осыны (Ықлас сүресін) оқыған абзал. Бірақ, басқасын оқыса, оның да оқасы жоқ. Содан кейін, Пайғамбарға ﷺ еліктеп, Қара тасқа бет алады. Мүмкіндігі болса, оны оң қолымен ұстайды.
Содан кейін арнайы қақпа арқылы Сафа төбесіне барып, оған көтеріледі немесе жанында тұрады. Мүмкіндік болса, төбенің үстіне көтерілгені абзал. Бірінші айналымды бастарда Алла Тағаланың мына сөзін оқиды:
﴿إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ...﴾
(Ақиқатында, Сафа мен Мәруа Алланың белгілерінен...) (Бақара: 158).
Сафа төбесінде құбылаға қарап, Аллаға мадақ және тәкбір айтқаннан кейін, былай деп айту мустахап: "Лә иләһә иллә-Ллаһу, уә-Ллаһу әкбар, лә иләһә иллә-Ллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамд, юхйи уә юмит, уә һуа ‘алә кулли шәй’ин қодир. Лә иләһә иллә-Ллаһу уахдаһ, әнжәза уә‘дәһ, уә насара ‘абдәһ, уә һәзәмәл-әхзәбә уахдаһ"
«Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ, Алла Ұлық. Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ, Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік те, мадақ та бүтіндей Оған тән, Ол тірілтеді және өлтіреді әрі Ол әр нәрсеге Құдіретті. Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ, Ол Жалғыз. Уәдесін орындады, құлына жеңіс берді және дұшпан топтарды жалғыз Өзі жеңді». Содан кейін қолын көтеріп, өзіне қолайлы болған дұғаларды жасайды және жоғарыдағы зікір мен дұғаны (үш рет) қайталайды. Кейін төмен түсіп, Мәруаға қарай жүреді. Бірінші белгіге (жасыл шамға) жеткенде ер адам жүрісін жылдамдатып, екінші белгіге дейін солай жалғастырады. Ал, әйелге екі белгі арасында жылдам жүру шариғатта бұйырылмаған, өйткені ол — әурет (көрінбеу керек). Оған бүкіл сағи барысында жай жүріп өту ғана бұйырылған. Кейін жүріп барып, Мәруаға көтеріледі немесе оның жанында тұрады. Егер мұрсат болса, оған көтерілу – абзал. Сондай-ақ ол Мәруада да Сафада айтқандары мен істегендерін қайталайды, тек аятты оқымайды. Ол – Алла Тағаланың мына сөзі:
﴿إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ...﴾
(Ақиқатында, Сафа мен Мәруа—Алланың белгілерінен...) (Бақара: 158). Бұл (аят) Пайғамбарға ﷺ еру үшін тек бірінші айналымда, Сафа төбесіне көтерілгенде ғана оқылады. Содан кейін төмен түсіп, жаяу жүретін жерде жаяу, ал жылдамдайтын жерде шапшаң жүріп, Мәруаға жетеді. Осыны жеті рет қайталайды. Баруы – бір айналым, ал қайтуы – келесі айналым болып есептеледі. Өйткені Пайғамбар ﷺ осылай істеп:
«خُذُوا عَنِّي مَنَاسِكَكُمْ».
«Қажылық рәсімдеріңді менен үйреніңдер», - деген51. Сағи жасау кезінде мүмкіндігінше зікір мен дұғаны көптеп айту және үлкен әрі кіші дәретсіздіктен таза болу – мустахап. Егер дәретсіз күйде сағи жасаса, ол жарамды болады. Сол сияқты, тауафтан кейін хайыз немесе нифас жағдайына тап болған әйел сағи жасай береді. Оның бұл амалы жарамды болып есептеледі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, сағи үшін дәрет шарт емес, тек мустахап болып табылады.
Сағиды аяқтаған соң, шашын бәкімен қырады немесе қысқартады. Ер кісі үшін шашын қыру абзал. Егер шашын қысқартып, қыруды қажылыққа қалдырса, бұл да жақсы. Егер оның Меккеге келуі қажылық уақытына жақын болса, онда шашын тек қысқарту абзал. Өйткені қалған шашын қажылықта қырады. Себебі Пайғамбар (ﷺ) сахабаларымен бірге Зұл-хижжа айының төртінші күні Меккеге келгенде, өзімен бірге құрбандық (һәди) алып келмегендерге ихрамнан шығып, шаштарын қысқартуды бұйырған. Алайда, оларға шаш қыруды әмір етпеген. Шашты қысқартқанда бүкіл басты қамту қажет. Бастың тек бір бөлігін қысқарту жеткіліксіз. Сол сияқты, бастың бір бөлігін ғана қыру да жеткіліксіз. Ал, әйел адамға шариғат бойынша шашын қысқартуға ғана рұқсат етілген. Оған әрбір шаш өрімінен бір саусақ (анмала) немесе одан аз мөлшерде алу бұйырылған. Анмала дегеніміз – саусақ ұшы (1 елі). Әйел адам бұдан артық қысқартпайды.
Ихрамдағы адам аталған амалдарды орындаса, умрасы аяқталып, оған ихрам себепті тыйым салынған барлық нәрсе рұқсат етіледі. Алайда, егер ол өзімен бірге «һәди» (құрбандық малын) алып келген болса, онда ол қажылық пен умрадан шыққанша ихрам күйінде қала береді.
Ал, ифрад қажылығын (тек қажылық) немесе қиран қажылығын (қажылық пен умраны бірге) орындау үшін ихрамға кірген адамға, егер өзімен бірге құрбандық малын алып келмесе, ихрамын умраға айналдырып, таматтуғ қажылығын орындаушы сияқты амалдар жасауы сүннет. Өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) сахабаларына осыны бұйырып, былай деген:
«لَوْلَا أَنِّي سُقْتُ الهَدْيَ لَأَحْلَلْتُ مَعَكُمْ».
«Құрбандығымды айдап әкелмегенімде, әрине, мен де сендермен бірге ихрамнан шығар едім»52.
Егер әйел умра үшін ихрамға кіргеннен кейін хайыз немесе нифас көрсе, тазарғанша Қағбаны тауаф етпейді, Сафа мен Мәруа арасында сағи де жасамайды. Тазарған соң тауаф пен сағи жасап, шашын қысқартады және сонымен умрасын тәмамдайды. Егер Тәруия күніне дейін тазармаса, өзі тоқтаған жерінен қажылық үшін ихрамға кіріп, адамдармен бірге Минаға аттанады. Осылайша ол қажылық пен умраны біріктіріп орындаушы (қарин) болады да, басқа қажылар сияқты Арафатта тұру, Мәшғарда болу, жамаратқа тас лақтыру, Муздалифа мен Минада түнеу, құрбандық шалу және шашын қысқарту рәсімдерін орындайды. Тазарған соң Қағбаны бір рет тауаф етіп, Сафа мен Мәруа арасында бір рет сағи жасайды. Бұл оның қажылығы мен умрасының екеуіне де жеткілікті болады. Өйткені Айша умра үшін ихрамға кіргеннен кейін етеккір көргенде, Пайғамбар ﷺ оған былай деген:
«افْعَلِي مَا يَفْعَلُ الحَاجُّ غَيْرَ أَنْ لَا تَطُوفِي بِالبَيْتِ حَتَّى تَطْهُرِي».
«Қажы (адам) не жасаса, соны жасай бер, тек тазармайынша Үйді (Қағбаны) тауаф етпе»53 Екі сахихте келіскен.
Егер хайыз немесе нифас күйіндегі әйел Айт күні жамаратқа тас лақтырып, шашын қысқартса, оған ихрамда тыйым салынған хош иіс және сол секілді барлық нәрсе рұқсат етіледі, бірақ қажылығын толық аяқтағанша басқа таза әйелдер секілді күйеуімен қосыла алмайды. Ал, тазарып, тауаф пен сағи жасаса, оған күйеуімен қосылуына да рұқсат етіледі.
Тарау
Зұл-хижжа айының сегізінші күні қажылық үшін ихрамға кіру және Минаға барудың үкімі
«Тәруия күні», яғни зүл-хижжа айының сегізінші жұлдызында, Меккеде ихрамда болмағандар мен қала тұрғындарынан қажылықты ниет еткендердің қажылық үшін өздерінің тұрғылықты жерлерінен ихрамға кіруі мустахаб саналады. Өйткені, Пайғамбарымыздың (ﷺ) сахабалары Әбтахта тұрақтап, Тәруия күні оның (ﷺ) әмірімен сол жерден қажылыққа ихрамға кірген. Пайғамбарымыз (ﷺ) оларға Қағбаға барып, оның жанынан немесе «мизаб» (Қағбаның су ағары) тұсынан ихрамға кіруді бұйырмаған. Сол сияқты, оларға Минаға шығар кезде қоштасу тауафын жасауды да бұйырмаған. Егер бұл шариғатта бекітілген амал болса, оны оларға үйретер еді. Барлық игілік — Пайғамбарымызға (ﷺ) және оның сахабаларына (Алла оларға разы болсын) еруде.
Қажылыққа ихрамға кірген кезде, миқаттан ихрамға кіргенде істелетіндей, ғұсыл алып, тазалану және хош иіс жағу – мустахаб амал болып табылады. Қажылыққа ихрамға кіргеннен кейін, Тәруия күні күн ауғаннан бұрын немесе кейін Минаға бет алу сүннетке жатады. (Қажылар) Жамратул-Ақабаға тас лақтырғанға дейін тәлбияны көп айтады. Минада бесін, екінді, ақшам, құптан және таң намаздарын оқиды. Сүннет бойынша әр намазды өз уақытында, біріктірмей, қысқартып оқу керек. Тек ақшам мен таң намаздары ғана қысқартылмайды.
Мекке тұрғындары мен басқалардың арасында айырмашылық жоқ. Өйткені Пайғамбар ﷺ Минада, Арафатта және Муздалифада Мекке тұрғындары мен басқа да адамдарға намазды қысқартып, оны Мекке тұрғындарына толықтыруды бұйырмады. Егер бұл міндетті болғанда оларға баяндар еді.
Содан кейін, Арафа күні күн шыққан соң қажылар Минадан Арафатқа қарай бет алады. Мүмкіндік болса, Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннеті бойынша, күн тас төбеге келгенге дейін Нәмирада аялдау — сүннет.
Күн тас төбеден ауғанда имамға немесе оның орынбасарына жағдайға сай хұтпа оқуы сүннет. Ол хұтпасында қажыға осы күні және одан кейін шариғат етілген амалдарды баяндап, оларды Аллаға тақуалық етуге, Оны бір деп білуге және барлық істерінде Оған ықыласты болуға бұйырады, Оның тыйым салғандарынан сақтандырады, сондай-ақ, Алланың Кітабы мен Оның пайғамбарының (ﷺ) сүннетін берік ұстануды, барлық істерде сол екеуімен үкім етіп, соларға жүгінуді өсиет етеді; осының барлығында Пайғамбарға ﷺ ілесуді үлгі ету үшін айтады. Осыдан кейін олар Пайғамбарымыздың (ﷺ) істегеніндей, бір азан, екі қаматпен бесін мен екінді намаздарын қысқартып, біріктіріп (бесін уақытында) оқиды. Мұны Муслим Жәбирден (оған Алла разы болсын) риуаят еткен.
Содан кейін адамдар Арафатта тұрады. Оның Уранә ойпатынан басқа барлық жері — (Арафада) тұратын орын болып есептеледі. Мүмкіндік болса, құбылаға және Рахма тауына қарау — құпталады. Ал, егер екеуіне бірдей қарау мүмкін болмаса, тауға қарамаса да, құбылаға қарайды. Бұл жерде қажының бар ынта-жігерін Алла Тағаланы зікір етуге және Оған жалбарынып дұға жасауға арнауы мустахаб. Дұға жасаған кезде қолын жайып тілек тілейді. Егер тәлбия айтса немесе Құран аяттарын оқыса, бұл да жақсы амал. Әрі мына сөздерді көп айту — сүннет: «Лә иләһә иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, йухйи уә йумиту, уә һуә ‘алә кулли шәй-ин қодир». Себебі Пайғамбарымыздан ﷺ риуаят етілген хадисте Ол былай деген:
«خَيْرُ الدُّعَاءِ دُعَاءُ يَوْمِ عَرَفَةَ، وَأَفْضَلُ مَا قُلْتُ أَنَا وَالنَّبِيُّونَ مِنْ قَبْلِي: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ المُلْكُ وَلَهُ الحَمْدُ، يُحْيِي وَيُمِيتُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ».
«Дұғаның ең жақсысы – Арафа күні (жасалған) дұға. А,л менің және менен бұрынғы пайғамбарлардың айтқан ең жақсы сөзі: «Лә иләһә илләллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, йухйи уә йумиту уә һуа ‘алә кулли шәи’ин қодир», яғни: «Алладан басқа құлшылыққа лайық тәңір жоқ, Ол – Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік пен мадақ Оған тән. Ол тірілтеді әрі өлтіреді және Ол – барлық нәрсеге Құдіретті»»54، Пайғамбарымыздың ﷺ сенімді хадистерінде былай дегені хабарланады:
«أَحَبُّ الكَلَامِ إِلَى اللَّهِ أَرْبَعٌ: سُبْحَانَ اللَّهِ، وَالحَمْدُ لِلَّهِ، وَلَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ».
«Алланың ең жақсы көретін сөздері төртеу: Субханаллаһ, уәл-Хамдулиллаһ, уә ләә иләәһа иллаллаһ, уә Аллаһу әкбар»55.
Сол үшін бұл зікірді ықыласпен және шын жүректен көп айтып, қайталап отыру қажет. Сондай-ақ, әр уақытта шариғатта келтірілген зікірлер мен дұғаларды көп айтқан жөн, әсіресе осы ұлы күнде, осы орында. Зікір мен дұғаның ең жақсы түрлерін таңдау керек, солардың қатарында:
"Субханаллаһи уа бихамдиһи, субханаллаһил-‘азыйм" (Алла барлық кемшіліктен пәк, әрі Оған мадақ болсын! Ұлы Алла барлық кемшіліктен пәк).
﴿...لَا إِلَهَ إِلَّا أَنتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنتُ مِنَ الظَّالِمِينَ 87﴾
(...Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен барлық кемшіліктен пәксің 87) (Әнбия: 87).
"Лә иләһә илләллаһу, уә лә нә’буду иллә иййәһу, ләһун-ни’мәту уә ләһул-фадлу уә ләһус-сәнәәул-хәсән, лә иләһә илләллаһу мухлисыйна ләһуд-динә уә ләу кариһәл-кәфирун"
Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Біз Одан басқа ешкімге құлшылық етпейміз. Нығметтер беруші де — Ол, артықшылық пен игіліктің Иесі де — Сол. Оған көркем мақтау мен мадақ тән. Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Кәпірлер жек көрсе де, Біз дінді (амалдарымызды) Оған ғана арнаймыз.
* /Лә хәулу уә лә қуата иллә би-Ллаһи/ «Алланың көмегінсіз ешқандай күш те, қуат та жоқ »56.
* ﴿...رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْاخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ 201﴾
*...Раббымыз! Бізге дүниеде жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бере гөр. Бізді тозақ отының азабынан сақтағайсың 201)
(Бақара 201).
* اللَّهُمَّ أَصْلِحْ لِي دِينِيَ الَّذِي هُوَ عِصْمَةُ أَمْرِي، وَأَصْلِحْ لِي دُنْيَايَ الَّتِي فِيهَا مَعَاشِي، وَأَصْلِحْ لِي آخِرَتِيَ الَّتِي فِيهَا مَعَادِي، وَاجْعَلِ الحَيَاةَ زِيَادَةً لِي فِي كُلِّ خَيْرٍ، وَالمَوْتَ رَاحَةً لِي مِنْ كُلِّ شَرٍّ.
"Аллаһуммә аслих ли динии әл-ләзи һуа ‘исмәту әмри, уә аслих ли дүнйәйәл-ләтии фиһә мә’аши, уә аслих ли ахирати әл-ләтии фиһә мәъади, уәжъалил-хаята зийәдәтән ли фи кулли хойр, уәл-мәута рохатән ли мин кулли шарр/
* Аллаһым! Мен үшін менің барлық ісімде маған қорған болатын дінімді реттеп бер, сондай-ақ мен өмір сүріп отырған осы дүниемді де реттеп бер, сондай-ақ мен оған оралатын мәңгілік өмірімді де реттеп бер, сондай-ақ өмірді мен үшін әрбір жақсылықта арта түсуге себеп ет! Ал, өлімді мен үшін әрбір жамандықтан құтылдырушы ет57.
* أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنْ جَهْدِ البَلَاءِ، وَدَرَكِ الشَّقَاءِ، وَسُوءِ القَضَاءِ، وَشَمَاتَةِ الأَعْدَاءِ.
"Әъузу биллаһи мин жәһдил-бәлааи, уә даракиш-шақои, уә сууил-қадаи, уә шаматати-л-әъдаи"
(Сынақтың қиындығынан, қайғы соққысынан, жаман шешімнен (тағдырдан) және дұшпанның табалауынан Аллаға сыйынамын"58.
* اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الهَمِّ وَالحَزَنِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ العَجْزِ وَالكَسَلِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الجُبْنِ وَالبُخْلِ، وَمِنَ المَأْثَمِ وَالمَغْرَمِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ غَلَبَةِ الدَّيْنِ وَقَهْرِ الرِّجَالِ.
"Аллаһуммә инни а‘узу бикә минал-һамми уәл-хазани, уә а‘узу бикә минал-‘ажзи уәл-кәсали, уә а‘узу бикә минал-жубни уәл-бухли, уә минал-ма’сами уәл-мағрами, уә а‘узу бикә мин ғалабатид-дайни уә қоһрил-риҗали"
* (Аллаһым! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан сиынамын, сондай-ақ Өзіңе әлсіздіктен және селқостықтан сиынамын, сондай-ақ Өзіңе қорқақтықтан және сараңдықтан, күнәдан және қарыздың қасіретіне ұшыраудан сиынамын, сондай-ақ қарыздың басымдылығынан және адамдардың зорлығынан Өзіңе сиынамын59."
* اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ البَرَصِ وَالجُنُونِ وَالجُذَامِ وَمِنْ سَيِّئِ الأَسْقَامِ.
"Аллаһуммә инни а‘узу бикә минал-бараси уәл-жунуни уәл-жузами, уә мин саййи-л-асқами"
(Я, Аллаһ, тері ауруынан (алапестен), жындылықтан, лепірден және басқа да ауыр кеселдерден Өзіңе сыйынамын!)60.
"Аллаһуммә инни әс’әлүкә әл-‘афуа уәл-‘афийәтә фид-дунйә уәл-ахирати"
(Аллаһым ! Мен Сенен дүниеде және ақыретте кешірім мен амандық сұраймын).
"Аллаһуммә инни әс’әлүкә әл-‘афуа уәл-‘афийәтә фи дини уә дүнйайа уә әһли уә мали"
(Аллаһым! Мен Сенен дінімде, дүниемде, отбасымда және мал-мүлкімде кешірім мен амандық сұраймын).
* اللَّهُمَّ اسْتُرْ عَوْرَتِي وَآمِنْ رَوْعَاتِي، اللَّهُمَّ احْفَظْنِي مِنْ بَيْنِ يَدَيَّ وَمِنْ خَلْفِي، وَعَنْ يَمِينِي وَعَنْ شِمَالِي، وَمِنْ فَوْقِي، وَأَعُوذُ بِعَظَمَتِكَ أَنْ أُغْتَالَ مِنْ تَحْتِي.
"Аллаһуммә-стур ‘әурати уә ә-мин рау’ати. Аллаһуммә-хфазни мин бәйни ядәййа, уә мин холфи, уә ‘ан ями-ни, уә ‘ан шимәли, уә мин фәуқи, уә ә’узу би-’азомәтикә ән уғтә-лә мин тәхти"
(Я, Аллаһ! Менің ұятты жерлерімді жасырғайсың, мені корқыныштан аман еткейсің. Я, Аллаһ! Мені алдымнан да, артымнан да, оң жағымнан да, сол жағымнан да, және төбемнен де Өзің қорғай гөр! Сондай-ақ маған (аяқ) астымнан да қиянат жасалып, өлтірілуімнен Сенің ұлылығыңа сиынамын61.
* اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي جِدِّي وَهَزْلِي، وَخَطَئِي وَعَمْدِي، وَكُلَّ ذَلِكَ عِنْدِي، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي مَا قَدَّمْتُ وَمَا أَخَّرْتُ، وَمَا أَسْرَرْتُ وَمَا أَعْلَنْتُ، وَمَا أَنْتَ أَعْلَمُ بِهِ مِنِّي، أَنْتَ المُقَدِّمُ وَأَنْتَ المُؤَخِّرُ، وَأَنْتَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ.
"Аллаһуммә-ғфир ли жидди уә һазли, уә хатаи уә ‘амди, уә күллә залика ‘инди. Аллаһуммә-ғфир ли мә қоддамту уә мә аххарту, уә мә асрарту уә мә а‘ланту, уә мә әнтә а‘ламу бихи минни. Әнтә әл-муқаддиму уә әнтә әл-му’аххиру, уә әнтә ‘ала күлли шай’ин Қодир".
(Аллаһым! Менің байыппен істегенімді де, қалжыңдап істегенімді, қателесіп және әдейі істегенімді кешір! Осының бәрі менде бар. Аллаһым! Менің бұрын істегенімді және алдағы уақытта жасайтын, сондай-ақ менің жасырын және құпия жасаған, Өзің менен жақсырақ білетін (бүкіл) күнәларымды кешіргейсің! Сен—алдыға Жылжытушысың, сондай-ақ Сен— артқа Ысырушысың және Сен бәріне де Құдіреттісің!62
* اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الثَّبَاتَ فِي الأَمْرِ وَالعَزِيمَةَ عَلَى الرُّشْدِ، وَأَسْأَلُكَ شُكْرَ نِعْمَتِكَ وَحُسْنَ عِبَادَتِكَ، وَأَسْأَلُكَ قَلْبًا سَلِيمًا وَلِسَانًا صَادِقًا، وَأَسْأَلُكَ مِنْ خَيْرِ مَا تَعْلَمُ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا تَعْلَمُ، وَأَسْتَغْفِرُكَ لِمَا تَعْلَمُ، إِنَّكَ عَلَّامُ الغُيُوبِ.
"Алла:һуммә инни әсәлүкә әс-сәбә:тә фил-әмр, уәл-‘азимәтә ‘алар-рушд, уә әсәлүкә шукрә ни‘мәтикә уә хусна ‘ибадәтикә, уә әсәлүкә қолбән сәли;мән уә лисәНнән содиқан, уә әсәлукә мин хойри мә тә‘ләму, уә а‘узу бикә мин шарри мә тә‘ләму, уә әстәғфирукә лима тә‘ләму, иннәкә ‘алламул-ғуюб"
(Аллаһым! Мен Сенен ісімде беріктік пен тура жолда табандылық сұраймын. Сенен Өзіңнің нығметтеріңе шүкір етуді және Саған көркем түрде құлшылық етуді сұраймын. Сондай-ақ Сенен таза жүрек пен шыншыл тіл тілеймін. Мен Өзің білетін барлық жақсылықты сұраймын әрі Сен білетін барлық жамандықтан Өзіңе сиынамын. Сен білетін (күнәларым) үшін кешірім сұраймын. Расында, Сен — ғайыпты толық Білушісің)63
* اللَّهُمَّ رَبَّ النَّبِيِّ مُحَمَّدٍ عَلَيْهِ الصَّلَاةُ وَالسَّلَامُ، اغْفِرْ لِي ذَنْبِي، وَأَذْهِبْ غَيْظَ قَلْبِي وَأَجِرْنِي مِنْ مُضِلَّاتِ الفِتَنِ مَا أَحْيَيْتَنَا.
"Аллаһуммә Роббан-нәбий Мухаммадин ‘аләйһис-солату уәс-сәлам, иғфир лии зәнбии, уә әзһиб ғойзә қолбии, уә әжирнии мин мудилләәти-л-фитани мәә ахйәйтәнәә/
(Уа, Мухаммад пайғамбардың ﷺ Раббысы Аллаһым! Күнәмді кешіре гөр, жүрегімдегі ашу-ызаны кетіре гөр және бізге өмір берген уақытыңда мені адастырушы фитналардан сақтай гөр64.
* اللَّهُمَّ رَبَّ السَّمَاوَاتِ وَرَبَّ الأَرْضِ وَرَبَّ العَرْشِ العَظِيمِ، رَبَّنَا وَرَبَّ كُلِّ شَيْءٍ، فَالِقَ الحَبِّ وَالنَّوَى، وَمُنْزِلَ التَّوْرَاةِ وَالإِنْجِيلِ وَالفُرْقَانِ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ كُلِّ شَيْءٍ أَنْتَ آخِذٌ بِنَاصِيَتِهِ، اللَّهُمَّ أَنْتَ الأَوَّلُ فَلَيْسَ قَبْلَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الآخِرُ فَلَيْسَ بَعْدَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الظَّاهِرُ فَلَيْسَ فَوْقَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ البَاطِنُ فَلَيْسَ دُونَكَ شَيْءٌ، اقْضِ عَنَّا الدَّيْنَ وَأَغْنِنَا مِنَ الفَقْرِ.
/Аллаһуммә Роббәс-самаауати уә Роббәл-арди уә Роббәл-‘арши әл-‘азийм. Роббәнә уә Роббә күлли шай’ин, фалиқал-хабби уән-науа, уә мунзилат-Тауротә уәл-Инжиил уәл-Фурқон! Ә‘узу бикә мин шарри күлли шай’ин әнтә аахизун би-насийатиһ. Аллаһуммә әнтәл-әууалу фәләйсә қобләкә шай’ун, уә әнтәл-ә:хиру фәләйсә бә’дәкә шай’ун, уә әнтәз-Зооһиру фәләйсә фауқакә шай’ун, уә әнтәл-Бә:тину фәләйсә дунакә шай’ун, иқъди аннаа-ддайна уә ағнинаа минал-фақр/.
Уа, Аллаһ! Көктің Раббысы, жердің Раббысы және ұлы Аршының Раббысы! Біздің Раббымыз және күллі нәрсенің Раббы, дән мен сүйекті Жарушы! Тәуратты, Інжілді және Фурқанды түсіруші! Тізгіні Өзіңде болған әрбір нәрсенің жамандығынан Өзіңе сыйынамын. Аллаһым! Сен – Әуелгісің, Сенен бұрын ешнәрсе жоқ. Әрі Сен – Соңғысың, Сенен кейін ешнәрсе жоқ. Әрі Сен – өте Анықсың, Сенен жоғары ешнәрсе жоқ. Әрі Сен – әл-Батин (ең Жақынсың) Сенен жақын ештеңе жоқ. Қарызымызды өтей гөр, әрі бізді кедейліктен байыта гөр65.
* اللَّهُمَّ أَعْطِ نَفْسِي تَقْوَاهَا، وَزَكِّهَا أَنْتَ خَيْرُ مَنْ زَكَّاهَا، أَنْتَ وَلِيُّهَا وَمَوْلَاهَا، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ العَجْزِ وَالكَسَلِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الجُبْنِ وَالهَرَمِ وَالبُخْلِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ القَبْرِ.
/Аллаһуммә ә‘тӣ нафси тақуаһа, уә зәккихә әнтә хайру мán зәккаһә, әнтә уәлийюһа уә маулиһә, Аллаһуммә инни а‘узу бикә минал-‘ажзи уәл-кәсали, уә а‘узу бикә минал-жубни уәл-һәрами уәл-бухли, уә а‘узу бикә мин ‘азабил-қобри/.
* Уа, Алла! Менің жаныма тақуалық нәсіп етіп оны тазарт, өйткені Сен – тазартушылардың ең абзалысың, Сен – оның Қамқоршысы мен Қожасысың! Уа, Алла! Расында, мен Өзіңе сиынып әлсіздіктен және жалқаулықтан пана сұраймын, сондай-ақ Өзіңе сиынып қорқақтықтан, қаусаған кәріліктен және сараңдықтан пана сұраймын әрі Өзіңе сиынып қабір азабынан пана сұраймын66.
* اللَّهُمَّ لَكَ أَسْلَمْتُ، وَبِكَ آمَنْتُ، وَعَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ، وَإِلَيْكَ أَنَبْتُ، وَبِكَ خَاصَمْتُ، أَعُوذُ بِعِزَّتِكَ أَنْ تُضِلَّنِي، لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ، أَنْتَ الحَيُّ الَّذِي لَا يَمُوتُ، وَالجِنُّ وَالإِنْسُ يَمُوتُونَ.
"Аллаһуммә ләкә әсләмту, уә бикә әәмәнту, уә ‘аләйкә тәуәккәлту, уә иләйкә әнабту, уә бикә хо:самту. А‘узу би‘иззәтикә ән тудилләни, лә иләһә иллә әнт, әнтәл-хаййул-ләзи лә йәмут, уәл-жинну уәл-инсу йәмутун".
* Уа, Алла! Саған бойсұндым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім әрі Өзіңе қайттым (тәубе еттім), Сенің жәрдеміңмен (хақ үшін) таластым. Мені адастыруыңнан Сенің даңқыңа сиынамын, Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Сен — Мәңгі Тірісің өлмейсің. Ал жындар мен адамдар өледі67.
* اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عِلْمٍ لَا يَنْفَعُ، وَمِنْ قَلْبٍ لَا يَخْشَعُ، وَمِنْ نَفْسٍ لَا تَشْبَعُ، وَمِنْ دَعْوَةٍ لَا يُسْتَجَابُ لَهَا.
"Аллаһуммә инни а‘узу бикә мин ‘илмин лә йәнфә‘у, уә мин қолбин лә йахша‘у, уә мин нафсин лә тәшбә‘у, уә мин да‘уәтин лә юстәжабу ләһә".
* Уа, Алла! Шын мәнінде мен пайда бермейтін білімнен, қорықпайтын жүректен, тоймайтын нәпсіден және қабыл етілмейтін дұғадан Саған сиынамын68.
* اللَّهُمَّ جَنِّبْنِي مُنْكَرَاتِ الأَخْلَاقِ وَالأَعْمَالِ وَالأَهْوَاءِ وَالأَدْوَاءِ.
"Аллаһуммә жәннибни мункәратил-ахлақи уәл-а‘мали уәл-әһуаи уәл-әдуә".
* Уа, Алла! Мені жаман мінез-құлықтардан, жаман амалдардан, жаман ойлардан және жаман дерттерден сақта69.
* اللَّهُمَّ أَلْهِمْنِي رُشْدِي، وَأَعِذْنِي مِنْ شَرِّ نَفْسِي.
"Аллаһуммә әлһимни рушди, уә ә‘изни мин шарри нафси".
* Уа, Алла! Көкейіме туралық сала гөр! Мені өз нәпсімнің жамандығынан қорға!"70.
* اللَّهُمَّ اكْفِنِي بِحَلَالِكَ عَنْ حَرَامِكَ، وَأَغْنِنِي بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ.
"Аллаһуммә-кфини бихалалика ‘ан харомик, уә әғнини бифадлика ‘амман сиуака"
* Уа, Алла! Маған рұқсат еткен нәрселеріңді (беріп) тыйым салған нәрселеріңнен Өзің жеткілікті болайсың! Мені Өз кеңшілігіңмен Өзіңнен басқаға мұқтаж болудан сақтай гөр!71.
* اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الهُدَى وَالتُّقَى وَالعَفَافَ وَالغِنَى.
"Аллаһумма, инни асъалюкәл-һуда, уәт-туқа, уәл-ъафафа уәл-ғина".
* Аллаһым! Расында, мен Сенен туралық, тақуалық, ұстамдылық және байлық сұраймын".72.
* اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الهُدَى وَالسَّدَادَ.
"Аллаһумма, инни ас'алю-кә-ль-һуда уәс-садад".
(Аллаһым! Расында, мен Өзіңнен туралық пен дұрыстықты сұраймын!)73.
* اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنَ الخَيْرِ كُلِّهِ، عَاجِلِهِ وَآجِلِهِ، مَا عَلِمْتُ مِنْهُ وَمَا لَمْ أَعْلَمْ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الشَّرِّ كُلِّهِ، عَاجِلِهِ وَآجِلِهِ، مَا عَلِمْتُ مِنْهُ وَمَا لَمْ أَعْلَمْ، وَأَسْأَلُكَ مِنْ خَيْرِ مَا سَأَلَكَ مِنْهُ عَبْدُكَ وَنَبِيُّكَ مُحَمَّدٌ ﷺ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا اسْتَعَاذَ مِنْهُ عَبْدُكَ وَنَبِيُّكَ مُحَمَّدٌ ﷺ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الجَنَّةَ وَمَا قَرَّبَ إِلَيْهَا مِنْ قَوْلٍ أَوْ عَمَلٍ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ النَّارِ وَمَا قَرَّبَ إِلَيْهَا مِنْ قَوْلٍ أَوْ عَمَلٍ، وَأَسْأَلُكَ أَنْ تَجْعَلَ كُلَّ قَضَاءٍ قَضَيْتَهُ لِي خَيْرًا.
"Аллаһуммә инни әс’әлүкә минал-хойри күллиһи, ‘аҗилиһи уә аажилиһи, мә ‘алимту минһу уә мә ләм а‘лам, уә а‘узу бикә минаш-шарри күллиһи, ә:җилиһи уә ъа:жилиһи, мә ‘алимту минһу уә мә ләм ә‘лам. Уә әс’әлүкә мин хойри мә са’әләка минҳу ‘абдукә уә нәбийюкә Мухаммад ﷺ, уә а‘узу бикә мин шарри мәс- таъаза минһу ‘абдукә уә нәбийюкә Мухаммад ﷺ. Аллаһуммә инни әс’әлүкә жәннәтә уә мә қаррабә илайһа мин қаулин уә ‘амал, уә а‘узу бикә минан-наар уә мә қоррабә илайһа мин қаулин уә ‘амал, уә әс’әлүкә ән тәж‘әлә кулла қодойн қодайтаһу ли хайран".
(Аллаһым! Расында, мен Сенен игіліктің барлығын – оның дереу болатыны мен кейінгісін, білетінім мен білмейтінімді сұраймын. Және Өзіңе жамандақтың барлығынан – оның дереуі мен кейінгісінен, білетінімнен және білмейтінімнен – сиынамын. Және Сенен Өз құлың әрі пайғамбарың Мұхаммед ﷺ сұраған игілікті сұраймын, әрі Сенің құлың әрі пайғамбарың Мухаммад ﷺ пана сұраған жамандықтан Өзіңе сыйынамын. Уа, Алла! Расында, мен Сенен жәннатты және оған жақындататын сөз бен амалды сұраймын және тозақтан әрі оған жақындататын сөз бен амалдан Өзіңе сиынамын. Сондай-ақ, маған ұйғарған әрбір тағдырыңды қайырлы етуіңді сұраймын74.
* لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ المُلْكُ وَلَهُ الحَمْدُ، يُحْيِي وَيُمِيتُ بِيَدِهِ الخَيْرُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، سُبْحَانَ اللَّهِ، وَالحَمْدُ لِلَّهِ، وَلَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ، وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ العَلِيِّ العَظِيمِ.
"Лә иләһә иллә Аллаһу уахдәһу лә шарика ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, юҳйи уә юмйиту би-йәдихәл-хойру уә һуа ‘ала кулли шай’ин қодир, Субханаллаһи, уәл-хамду лиллаһи, уә лә иләһә иллә Аллаһу, уәллаһу әкбәр, уә лә хаўла уә лә қууата иллә биллаһил-‘алийил-‘азийм".
(Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ, Ол – Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік пен барлық мақтау Оған тән. Ол тірілтеді әрі өлтіреді, барлық игілік Оның қолында және Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Аллаһ пә, барлық мадақ Аллаға тән, Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ және Алла Ұлы. Аса Жоғары, Ұлы Алланың (көмегінсіз) ешқандай күш те, қуат та жоқ)75.
* اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ، وَعَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ، وَعَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ.
"Аллаһуммә солли ‘ала Мухаммәд, уә ‘ала әлі Мухаммәд, кәма соллайтә ‘ала Ибраһим, уә ‘ала али Ибраһим, иннәкә хамидун мажид, Уә барик ‘ала Мухаммәд, уә ‘ала әлі Мухаммад, кәма бәракта ‘ала Ибраһим, уә ‘ала әлі Ибраһим, иннәкә хамидун мажид".
(Аллаһым! Ибраһимге және оның отбасына игілік еткеніңдей, Мұхаммедке және оның отбасына игілік ете гөр! Шын мәнінде, Сен—аса Мақтаулы, Даңқтысың! Сондай-ақ Ибраһимге және оның отбасына береке бергеніңдей, Мұхаммедке және оның отбасына береке бере гөр. Шын мәнінде, Сен—Аса Мақтаулы, Даңқтысың!»76.
* ﴿...رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْاخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ 201﴾
* (...Раббымыз! Бізге (осы) дүниеде жақсылық бер және ахыретте де жақсылық бер. Бізді тозақ отының азабынан сақтағайсың 201)
(Бақара: 201).
Осы ұлы мекенде қажының бұған дейін айтылған зікірлер мен дұғаларды, сондай-ақ сол мағынадағы басқа да зікірлер мен дұғаларды және Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтуды қайталап тұруы, дұғада табанды болып, Раббысынан екі дүниенің жақсылығын сұрауы – мустахаб. Пайғамбарымыз (ﷺ) дұға жасағанда оны үш рет қайталайтын. Сондықтан осы істе одан үлгі алған жөн.
Мұсылман адам бұл сәтте Раббысына беріліп, Оған кішіпейілдік танытып, бойсұнып, алдында өзін төмен ұстап, бас иген күйде болады. Оның мейірімі мен кешірімін үміт етіп, азабы мен қаһарынан қорқады. Өз-өзіне есеп беріп, шынайы тәубесін жаңартады. Өйткені бұл – ұлы күн әрі үлкен жиын. Бұл күні Алла Өз құлдарына жомарттық танытып, олармен періштелері алдында мақтанады және көптеген құлдарын тозақ отынан азат етеді. Шайтанның Арафа күніндегідей жеңіліске ұшырап, кішірейіп, қор болғаны Бәдір шайқасы күніндей басқа күн болмаған. Мұның себебі, ол Алланың Өз құлдарына деген жомарттығы мен игілігін, сондай-ақ, оларды көптеп тозақ отынан азат етіп, кешіретінін көреді.
Муслимнің "Сахих" жинағында Айшадан (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқаны келтіріледі:
«مَا مِنْ يَوْمٍ أَكْثَرَ مِنْ أَنْ يُعْتِقَ اللَّهُ فِيهِ عَبْدًا مِنَ النَّارِ مِنْ يَوْمِ عَرَفَةَ، وَإِنَّهُ لَيَدْنُو ثُمَّ يُبَاهِي بِهِمُ المَلَائِكَةَ، فَيَقُولُ: مَا أَرَادَ هَؤُلَاءِ؟».
«Алланың Өз құлдарын оттан құтқарған күндерінің ішінде Арафат күніндей күн жоқ. Шынында, Ол (құлдарына) жақындап, содан соң періштелерінің алдында олармен мақтанып: «Бұлар (тағы) не қалайды?» – дейді»77.
Сондықтан мұсылмандарға Алла Тағалаға өздерінің игі істерін көрсетіп, дұшпандары шайтанды қорлау үшін көп зікір айтып, дұға жасап және барлық күнәлар мен қателіктер үшін үнемі тәубе етіп, кешірім тілеумен қайғыртуы тиіс. Қажылар күн батқанға дейін осы орында зікір айтып, дұға жасап, Аллаға жалбарынумен болады. Күн батқан соң Пайғамбардың ﷺ сүннетіне еріп, сабырмен әрі байсалдылықпен Муздалифаға қарай бет алады да, тәлбия айтуды көбейтеді, кең жерде жылдам жүреді. Күн батпай тұрып Арафаттан кетуге болмайды, өйткені Пайғамбар ﷺ күн батқанша сол жерде тұрып:
«خُذُوا عَنِّي مَنَاسِكَكُمْ».
«Қажылық рәсімдеріңді менен үйреніп алыңдар», - деген78.
Пайғамбарымыздың (ﷺ) істегеніне сай, қажылар Муздалифаға жеткен кезде – мейлі ақшам уақытында, мейлі құптан уақыты кіргеннен кейін болсын – бір азан, екі қаматпен ақшам намазын үш рәкағат, ал құптан намазын екі рәкағат етіп, біріктіріп оқиды.
Кейбір адамдардың Муздалифаға жетісімен, намаз оқымай тұрып жамарат тастарын теріп кетуі және көпшілігінің бұл істі шариғатта бекітілген деп санауы – негізсіз қателік. Пайғамбарымыз (ﷺ) өзіне тастарды тек әл-Мәшғардан (Муздалифадан) Минаға бет алғаннан кейін ғана теруді бұйырған. Тастарды кез келген жерден теруге болады. Оны Муздалифадан теру міндетті емес, Минадан терсе де жарайды. Сүннет бойынша Пайғамбарымызға (ﷺ) ілесіп, бұл күні Жәмрат әл-Ақабаға лақтыру үшін жеті тас теріледі. Ал, (тәшриқтың) үш күнінде үш жамаратқа лақтыру үшін әр күні Минадан жиырма бір тастан теру керек.
Тастарды жуу мустахаб (амал) емес. Ооларды жумай-ақ лақтырса болады. Өйткені бұл Пайғамбарымыздан ﷺ және оның сахабаларынан келтірілмеген. Сондай-ақ, бұрын лақтырылған тасты қайта лақтыруға болмайды.
Қажы осы түні Муздалифада түнейді. Әйелдерге, балаларға және сол сияқты әлсіз жандарға түннің соңында Минаға қарай жол тартуға рұқсат етіледі. Бұған Айша мен Умм Сәләмәдан (оларға Алла разы болсын) және басқалардан жеткен хадистер дәлел болады. Ал басқа қажыларға таң намазы оқылғанша сол жерде қалу міндеттілген. Содан кейін олар әл-Мәшғар әл-Харамда тұрып, Құбылаға бет бұрып, таң рауандағанша Алланы зікір ету және тәкбір айтуды көбейтіп, дұғада болады. Мұнда дұға еткенде екі қолды көтеру мустахаб саналады. Муздалифаның қай жерінде тоқтаса да, сол—жеткілікті, әрі оларға әл-Мәшғарға жақындау да, оған шығу да міндет емес. Өйткені Пайғамбар ﷺ былай деген:
«وَقَفْتُ هَاهُنَا - يَعْنِي عَلَى المَشْعَرِ الحَرَامِ - وَجَمْعٌ كُلُّهَا مَوْقِفٌ».
«Мен осында (яғни Мәшғарул-харамда) тоқтадым, ал Жамғ (жердің атауы) түгелімен тоқтап тұру орны», - деген79. Имам Муслим "Сахих" жинағында риуаят еткен. «Жамғ» дегені – Муздалифа.
Таң бозарып, анық білінген кезде, күн шықпай тұрып Минаға қарай жүреді. Жол бойы тәлбияны көп айтады. Мухассир деген жерге жеткенде, жүрісін сәл тездеткені абзал.
Минаға жеткен кезде қажылар Ақаба жамрасының қасында тәлбия айтуды тоқтатады. Содан соң сол жеткен мезетте-ақ оған жеті тасты бірінен соң бірін кезектеп лақтырады. Әр тасты лақтырғанда қолын көтеріп, тәкбір айтады. Пайғамбарымыздың ﷺ іс-әрекетіне сәйкес, тасты ойпаттың ортасында тұрып, Қағбаны сол жағына, ал Минаны оң жағына алып лақтырғаны – мустахаб. Егер басқа жақтардан тұрып лақтырса да, тастар лақтырылатын орынға (хауызға) түссе, дұрыс саналады. Тастың шенбер ішінде қалуы шарт емес, басты шарт – оның сол орынға түсуі. Сол себепті, ғалымдардың айтуынша, егер тас лақтыратын орынға түсіп, кейін сыртқа шығып кетсе де, ол есептеледі. Мұны имам ән-Нәуәуи (Алла оған рахым етсін) «Шарх әл-Муһаззаб» атты еңбегінде анықтап айтқан. Жамарат тастарының көлемі сақпан тасындай, яғни ноқаттан сәл үлкендеу болады.
Содан соң, тас лақтырғаннан кейін, құрбандық малын шалады. Оны шалғанда немесе бауыздағанда: «Бисмилләһи уа-Ллаһу әкбар, Аллаһумма һәзә минкә уә ләкә» (Алланың атымен, Алла Ұлы! О, Аллаһым! Бұл - Сенен және Өзіңе ғана арналады") деп айту және оны Құбылаға қарату абзал. Сүннет бойынша түйені сол жақ алдыңғы аяғы байланған күйде тік тұрғызып, ал сиыр мен қойды сол жақ бүйіріне жатқызып бауыздайды. Егер малды Құбылаға қаратпай сойса, сүннетті орындалмаса да, құрбандығы жарамды деп есептеледі. Өйткені бауыздау кезінде Құбылаға қарату – уәжіп емес, сүннет. Құрбандық етінен өзі жеп, бір бөлігін сыйға, енді бір бөлігін садақа етіп таратуы абзал. Өйткені Алла Тағала былай деген:
﴿...فَكُلُوا مِنْهَا وَأَطْعِمُوا الْبَائِسَ الْفَقِيرَ﴾
"...Одан өздерің жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіндер" (Хаж: 28). Ғалымдардың ең дұрыс пәтуасы бойынша, құрбандық шалу уақыты Тәшриқ күндерінің үшіншісі, күн батқанға дейін созылады. Сонымен, құрбандық шалу мерзімі – Айт күні және одан кейінгі үш күн.
Содан кейін құрбандығын шалғаннан соң, ер кісі шашын қырады немесе қысқартады. Абзалы – қыру. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ шашын қырғандарға (үш рет) рақым мен кешірім тілесе, қысқартқандарға бір рет дұға жасаған. Шашты бастың бір бөлігінен ғана қысқарту жеткіліксіз. Керісінше, қыру сияқты, оны толықтай қамту қажет. Ал, әйел адам әрбір өрілген шашы ұшынан саусақ ұшының буыны немесе одан азырақ мөлшерде қысқартады.
Жәмарат әл-Ақабаға тас лақтырып, шашын қырған немесе қысқартқаннан кейін, ихрамдағы кісіге ихрам себепті тыйым салынған барлық нәрсе рұқсат етіледі. Тек әйелімен жақындасуына болмайды. Бұл—«бірінші тахаллул» деп аталады. Осы тахаллулдан кейін оған әтір себініп, ифада тауафын жасау үшін Меккеге бет алуы сүннет болады. Айша (оған Алла разы болсын) былай деген:
«كُنْتُ أُطَيِّبُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لِإِحْرَامِهِ قَبْلَ أَنْ يُحْرِمَ، وَلِحَلِّهِ قَبْلَ أَنْ يَطُوفَ بِالبَيْتِ».
«Мен Алла Елшісіне (ﷺ) ихрамға кірмей тұрып және бірінші "тахаллулден" (ихрамнан шығуынан) кейін, Қағбаны тауаф етпестен бұрын әтір сeпкенмін»80. Хадисті Бухари және Муслим риуаят еткен.
Бұл тауаф—"Ифада" тауафы және "Зиярат" тауафы деп аталады. Ол – қажылықтың рүкіндерінің бірі, онсыз қажылық дұрыс болмайды әрі бұл Құдіретті әрі Ұлы Алланың сөзінде меңзелген:
﴿ثُمَّ لْيَقْضُوا تَفَثَهُمْ وَلْيُوفُوا نُذُورَهُمْ وَلْيَطَّوَّفُوا بِالْبَيْتِ الْعَتِيقِ 29﴾
"Содан кейін олар денелеріндегі таза еместен арылсын, нәзірлерін орындасын және ежелгі Үйді тауаф етсін!"- дедік 29) (Хаж: 29).
Содан кейін тауафты орындап, Мақам артында екі ракағат намаз оқыған соң, егер ол тәматтуғ қажылығын өтеп жатса, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасайды. Бұл сағи — оның қажылығына, ал бірінші сағиы умрасына арналған.
Ғалымдардың ең дұрыс пәтуасы бойынша бір ғана сағи жеткіліксіз; өйткені Айша (оған Алла разы болсын) «Біз Пайғамбарымызбен ﷺ бірге шықтық...» деп хадисті келтірген. Сол хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:"
«وَمَنْ كَانَ مَعَهُ هَدْيٌ فَلْيُهِلَّ بِالحَجِّ مَعَ العُمْرَةِ ثُمَّ لَا يَحِلُّ حَتَّى يَحِلَّ مِنْهُمَا جَمِيعًا».
«Ал, кімнің өзімен бірге құрбандығы болса, қажылық пен умраны бірге ниет етіп, екеуін де толық аяқтамайынша ихрамнан шықпасын»... Мына сөзіне дейін:
«فَطَافَ الَّذِينَ أَهَلُّوا بِالعُمْرَةِ بِالبَيْتِ وَبِالصَّفَا وَالمَرْوَةِ ثُمَّ حَلُّوا ثُمَّ طَافُوا طَوَافًا آخَرَ بَعْدَ أَنْ رَجَعُوا مِنْ مِنًى لِحَجِّهِمْ».
«Умраға ниет еткендер Үйді (Қағбаны) және Сафа мен Мәруаны тауаф етіп, сосын ихрамнан шығып, Минадан қайтқаннан кейін қажылықтары үшін тағы бір тауаф жасады»81. Оны Бухари және Муслим риуаят етті.
Оның (Айшаның, оған Алла разы болсын) умраға ниет еткендерге қатысты айтқан: «...содан соң қажылығы үшін Минадан қайтып келгеннен кейін тағы бір тауаф жасады» деген сөзі бұл хадистің түсіндірмесіндегі ең дұрыс пікір бойынша, Сафа мен Мәруа арасындағы тауафты білдіреді. Ал, мұнымен тауаф әл-ифаданы меңзеген деген пікір дұрыс емес. Себебі тауаф әл-ифада барлығына бірдей рүкін болып саналып, олар оны жасап қойған еді. Керісінше, бұл жердегі мақсат – қажылығын толықтыру үшін Минадан қайтып келгеннен кейін екінші рет Сафа мен Мәруа арасында тауаф жасайтын тәмәттуғ қажылығын орындаушыға қатысты амал. Аллаға шүкір, бұл – анық әрі ғалымдардың көпшілігі осы пікірде.
Мұның дұрыстығына имам әл-Бухаридің «Сахих» жинағында Ибн Аббастан (Алла ол екеуіне разы болсын) "тағлиқ" ретінде сенімді түрде келтірген риуаяты да дәлел болады: одан таматтуғ қажылығы жайлы сұралғанда, ол былай деген: «Қоштасу қажылығында муһажирлер, ансарлар және Пайғамбардың (ﷺ) әйелдері ихрамға кірді. Біз де ихрамға кірдік. Меккеге келгенімізде, Алланың елшісі (ﷺ): «Құрбандық малын алып келгендерден басқаларың, қажылыққа кірген ихрамдарыңды умраға айналдырыңдар»,—деді. Содан біз Қағбаны тауаф етіп, Сафа мен Мәруада сағи жасадық, әйелдерімізге жақындасып, киімдерімізді кидік. Сондай-ақ, Ол (ﷺ): «Кім құрбандық малын алып келсе, ол құрбандығы шалынатын орнына жетпейінше ихрамнан шықпайды», – деді. Сосын Тәруия күнінің кешінде бізге қажылыққа ихрамға кіруді бұйырды. Ал қажылық рәсімдерін аяқтағанымызда, келіп, Қағбаны тауаф етіп, Сафа мен Мәруада сағи жасадық»82. Көзделген мақсат осымен аяқталды, бұл – тәматтуғ қажылығын өтеушінің екі рет сағи жасайтындығына айқын дәлел. Алла Тағала бұл жөнінде жақсырақ біледі.
Ал Муслимнің Жәбирден (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар ﷺ да, оның сахабалары да Сафа мен Мәруа арасында бір ғана тауап жасады», деген риуаятына келер болсақ,83. Олардың бірінші тауафы құрбандық малын айдап келген сахабаларға қатысты; өйткені олар Пайғамбарымызбен ﷺ бірге қажылық пен умрадан бірге шыққанға дейін ихрамнан шықпаған. Пайғамбарымыз ﷺ қажылық пен умраға ниет етіп, құрбандық малын айдап келгендерге де қажылыққа умрамен бірге ниет етуді және екеуінен бірге шықпайынша, ихрамнан шықпауды бұйырған; Қажылық пен умраны біріктіріп орындаушы тек бір ғана сағи жасайды, оған Жәбирден келтірілген хадис пен басқа да сахих хадистер дәлел.
Дәл осылай, ифрад қажылығын орындап, Құрбан айт күніне дейін ихрамында қалған адам да тек бір ғана сағи жасайды. Қарин мен муфрид қудум тауафынан кейін сағи жасаса, бұл оларға ифада тауафынан кейінгі сағидың орнына жүреді. Бұл – Айша мен ибн Аббастың және жоғарыда аталған Жәбирдің хадистерін үйлестіру болып табылады. Осылайша олардың арасындағы қарама-қайшылық жойылып, барлық хадистерге амал жасалған болады.
Бұл екі көзқарасты біріктіруді мына жайт та қуаттайды: Айша және Ибн Аббастың хадистерінің екеуі де сенімді хадис болып табылады. Бұл екі хадисте тәмәттуғ қажылығын өтеуші үшін екінші сағи жасау бекітілсе, ал Жәбир хадисінің сыртқы мағынасы оны жоққа шығарады. Растаушы дәлел жоққа шығарушыдан жоғары қойылады, бұл – Усул және хадис терминологиясы ғылымдарында бекітілген қағида. Дұрыс шешімге бастаушы – Алла (субханаһу уа тағала). Алланың көмегінсіз ешқандай күш те, қуат та жоқ.
Тарау
Қажының Құрбан айт күні жасайтын амалдарының ең абзалын баяндау
Қажыға айт күні осы төрт амалды айтылған ретпен орындағаны абзал: алдымен ол Жәмрат әл-Ақабаға тас лақтырады, одан кейін құрбан шалады, содан соң шашын алады немесе қысқартады, ең соңында тауаф жасайды. Тәматтуғ қажылығын өтеуші, сондай-ақ қудум тауафымен бірге сағи жасамаған муфрид пен қарин тауафтан кейін сағи орындайды. Егер осы амалдардың кейбірінің ретін ауыстырып орындаса, оқасы жоқ. Өйткені осылай жасаудың рұқсат етілгендігі Пайғамбарымыздан (ﷺ) дәлелденген. Бұған сағиды тауафтан бұрын жасау да кіреді; өйткені ол айт күні жасалатын амалдардың бірі, сондықтан сахабаның: «Сол күні Пайғамбардан (ﷺ) бір амалды ретінен бұрын немесе кейін істеу жайлы сұралғанда, ол:
«افْعَلْ وَلَا حَرَجَ».
«Істей бер, еш айыбы жоқ»,—деген сөзінің аясынак кіреді84. Сондай-ақ, бұл ұмытшақтық пен білместік орын алатын жайт болғандықтан, ондағы жеңілдету мен оңай қылу үшін оның осы жалпы үкімге енуі міндетті болды.
Пайғамбардан ﷺ сағиды тауафтан бұрын жасаған кісі жайлы сұралғаны сахих дерекпен жеткен хабарда, ол:
«لَا حَرَجَ».
«Айып жоқ»,—деген85 Бұл хадисті Әбу Дәуд сахих тізбекпен Усама ибн Шәриктен риуаят еткен. Осылайша, оның жалпы үкімнің құрамына күмәнсіз кіретіні анық болды. Жәрдем беруші—Алла!
Қажының ихрам хәлінен толыққанды шығуына себеп болатын үш амал бар: Жәмрат әл-Ақабаға тас лақтыру, шашын алу немесе қысқарту, сондай-ақ ифада тауафы және одан кейінгі сағи. Кімде-кім осы үш амалды толық орындаса, оған әйелдері, хош иісті заттар және сол сияқты ихрамда тыйым салынған барлық нәрсе рұқсат етіледі. Ал, осылардың екеуін орындаған адамға әйелдерінен басқа, ихрамда тыйым салынған барлық нәрсе рұқсат етіледі. Оны «алғашқы тахаллул» (ихрамнан жартылай шығу) деп атайды.
Қажыға Зәмзәм суын ішу, одан әбден шөлін қандыру және пайдалы дұғалар ішінен өзіне қолайлы болғанын жасау — мустахаб.
«مَاءُ زَمْزَمَ لِمَا شُرِبَ لَهُ».
«Зәмзәм суы — қандай ниетпен ішілсе, соған болады»86. Сондай-ақ «Сахих Муслимде» Әбу Заррдан (оған Алла разы болсын) жеткізілген риуаятта Пайғамбар (ﷺ) зәмзәм суы туралы былай деген:
«إِنَّهُ طَعَامُ طُعْمٍ».
«Шынында ол – ашты тойдыратын тағам» (87).87 Әбу Дәуд бұған мынаны қосып келтірген:
«وَشِفَاءُ سُقْمٍ».
«және (ол) дертке – шипа»88.
Ифада тауафын және сағи жасауға міндетті болғандар сағиды орындағаннан кейін, қажылар Минаға қайтып келіп, онда үш күн, үш түн болып, осы үш күннің әрқайсысында күн тас төбеден ауған соң үш жамаратқа тас лақтырады. Үш жамаратқа тас лақтыруда тәртіп сақтау—уәжіп (міндетті).
Ол бірінші, яғни Мешіт әл-Хайфтан кейінгі жамараттан бастап, оған әр тасты лақтырғанда қолын көтеріп, жеті тасты ретімен лақтырады. Сүннет бойынша сәл артқа шегініп, оны сол жағында қалдырады да, Құбылаға қарап, қолын жайып жалбарып, көп дұға жасайды.
Сосын екінші жамратта да біріншісіндей тас атады. Одан кейін сәл алға жылжып, оны оң жағына алып, Құбылаға қарап, қол жайып, көп дұға жасау – сүннет.
Сосын үшінші жамратқа тас лақтырып, онда тоқтамай кетеді.
Содан кейін тәшриқ күндерінің екінші күні, бесіннен кейін жамараттарға бірінші күні лақтырғанындай тас лақтырып, Пайғамбарға (ﷺ) еліктеп, бірінші мен екінші жамараттың қасында да алғашқы күнгідей амалдарды жасайды.
Тәшриқ күндерінің алғашқы екі күнінде жамараттарға тас лақтыру — қажылықтың уәжіптерінен. Сол сияқты, бірінші және екінші түндерде Минада түнеу де уәжіп болып табылады. Алайда, бұл үкім су тасушыларға, мал бағушыларға және солар секілді (қызметтік қажеттілігі бар) адамдарға міндетті емес.
Содан кейін, аталған екі күнде тас лақтырғаннан соң кім Минадан тез қайтуды қаласа, күн батқанға дейін шығып кетуіне болады. Ал, кім кешігіп, үшінші түнді түнеп, үшінші күні жамараттарға тас лақтырса, бұл—абзалы әрі сауабы көбірегі. Алла Тағала айтқандай:
﴿وَاذْكُرُوا اللَّهَ فِي أَيَّامٍ مَعْدُودَاتٍ فَمَنْ تَعَجَّلَ فِي يَوْمَيْنِ فَلَا إِثْمَ عَلَيْهِ وَمَنْ تَأَخَّرَ فَلَا إِثْمَ عَلَيْهِ لِمَنِ اتَّقَى...﴾
"Алланы санаулы күндерде еске алыңдар. Сонда күнәдан сақтанған кісіге, асығып, (Минадағы ғибадатты) екі күнде бітірсе оқасы жоқ. Ал, кім кешіксе, оған да күнә жоқ..." (Бақара: 203). Өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) адамдарға асығып кетуге рұқсат бергенімен, өзі асықпады. Керісінше, он үшінші күні күн тас төбеден ауған соң жамараттарға тас лақтырғанға дейін Минада қалып, содан кейін бесін намазын оқымай тұрып жолға шыққан.
Тас лақтыруды өзі орындай алмайтын баланың қамқоршысы оның орнына Жәмрат әл-Ақабаға және басқа да жәмараттарға тас лақтыра алады, Брақ, ол алдымен өз атынан тас лақтырып болуы керек. Сол секілді, тас лақтыруға шамасы келмейтін кішкентай қыздың орнына да оның қамқоршысы тас лақтырады. Өйткені Жәбир (оған Алла разы болсын) былай деген:
«حَجَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَمَعَنَا النِّسَاءُ وَالصِّبْيَانُ، فَلَبَّيْنَا عَنِ الصِّبْيَانِ وَرَمَيْنَا عَنْهُمْ».
«Біз Алла елшісімен ﷺ бірге қажылық жасадық. Бізбен бірге әйелдер мен балалар да болды. Сонда біз балалардың атынан тәлбия айтып, олардың атынан тас лақтырдық»89 Бұны Ибн Мәжаһ риуаят етті.
Науқастық, кәрілік немесе жүктілік себепті тас лақтыра алмайтын адам өз орнына басқа біреуді уәкіл ете алады. Бұл үкім Алла Тағаланың мына сөзіне негізделеді:
﴿فَاتَّقُوا اللَّهَ مَا اسْتَطَعْتُمْ...﴾
"Сондықтан, шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар..." (Тағабун: 16). Бұл адамдардың Жәмаратта халықпен иін тіресіп тұруға шамасы келмейді, ал тас лақтыру уақыты өтіп кетеді және оның қазасын өтеуге болмайды. Қажылықтың басқа рәсімдеріне қарағанда, дәл осы жағдайда оларға уәкіл тағайындау (басқаға тапсыру) рұқсат етілген. Сол себепті, ихрамдағы адам, тіпті нәпіл қажылық жасап жатса да, (тас лақтырудан) басқа рәсімдерді орындау үшін өз орнына біреуді өкіл етіп жібермеу керек. Өйткені, кімде-кім қажылық немесе умра үшін ихрамға кірсе, оларға – нәпіл болса да – оны толық аяқтау парыз. Себебі Алла Тағала:
﴿وَأَتِمُّوا الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ لِلَّهِ...﴾
"Қажылық және умраны Алла үшін толық орындаңдар...",—деген. (Бақара: 196). Тауаф пен сағи уақыты өтіп кетпейді; олар тас лақтыру уақыты сияқты шектеулі емес.
Ал, Арафатта тұруда, Муздалифа мен Минада түнеуге келер болсақ, бұл амалдардың уақыты өтіп кететіні күмәнсіз. Алайда, әлсіз адамның бұл жерлерде, тіпті қиындықпен болса да, өтеуі мүмкін. Ал тас лақтыруды тікелей өзі орындаудың жөні басқа. Өйткені үзірі бар адамға қатысты тас лақтыру амалында басқа біреуді өкіл етуге болатыны жайлы ізгі сәләфтардан риуаяттар келгенімен, басқа амалдарда олай емес.
Ғибадаттар – тек шариғи дәлелмен ғана бекітілетін құлшылықтар. Сондықтан ешкімнің оған дәлелсіз бірдеңе қосуына болмайды. Уәкілге бір орында тұрып, үш жамараттың әрқайсысына алдымен өз атынан, содан кейін өзін уәкіл еткен кісінің атынан тас лақтыруына рұқсат етіледі. Ғалымдардың екі пікірінің ең дұрысы бойынша, оған алдымен үш жамараттың барлығына өз атынан тас лақтырып болып, сосын қайта оралып, өзін уәкіл еткен кісінің атынан тас лақтыруы міндет емес. Себебі, мұны міндеттейтін дәлел жоқ әрі бұлай істеуде қиындық пен ауыртпалық бар. Алла Тағала:
﴿...وَمَا جَعَلَ عَلَيْكُمْ فِي الدِّينِ مِنْ حَرَجٍ...﴾
"...Сендерге дінде қиындық қылған емес...",—деген. (Хаж:78). Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ﷺ):
«يَسِّرُوا وَلَا تُعَسِّرُوا».
«Жеңілдетіңдер, ауыртпалық жасамаңдар»,—деген90. Өйткені, Алла Елшісінің ﷺ сахабаларынан олардың өз балалары мен араларындағы әлсіздердің орнына тас атқанда бұлай жасағандары туралы ешбір дерек жетпеген. Егер олар солай істегенде, бұл бізге, сөзсіз, жеткізілер еді. Себебі мұндай істі жеткізуге көпшіліктің ынтасы зор болар еді. Дұрысын Алла біледі.
Тарау
Тәматтуғ және қиран жасаушыға құрбандық шалудың міндеттілігі
Тәммәттуғ немесе қиран қажылығын орындаушы қажыға (егер ол әл-Харам мешітінің тұрғыны болмаса) мал шалу міндетті. Ол – бір қой немесе түйе не сиырдың жетіден бір бөлігі. Бұл құрбандық адал қаражат пен таза табыстан болуы уәжіп. Өйткені Алла Тағала – Таза, әрі Ол тек таза нәрселерді қабыл етеді.
Мұсылманға, егер Алла оған өз дүниесінен адамдардың қолындағына мұқтаж етпейтіндей жеңілдік берсе, олардан – мейлі патшалар немесе басқалары болсын – сыйлық немесе өзге де нәрсе сұраудан тартынып, ар сақтауы тиіс. Өйткені Пайғамбардан ﷺ жеткен көптеген хадистерде сұрау (тілену)— айыпталып, сөгілсе, оны тәрк еткен адам мадақталған.
Тәмәттуғ және қиран қажылығын орындаушы құрбандық шалуға шамасы келмесе, оған қажылық кезінде үш күн, ал үйіне оралғаннан кейін жеті күн ораза ұстауы уәжіп болады. Ол үш күндік оразаны қаласа Құрбан шалу күнінен бұрын, қаласа, тәшриқтің үш күнінде ұстай алады. Алла Тағала айтты:
﴿...فَمَنْ تَمَتَّعَ بِالْعُمْرَةِ إِلَى الْحَجِّ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ فِي الْحَجِّ وَسَبْعَةٍ إِذَا رَجَعْتُمْ تِلْكَ عَشَرَةٌ كَامِلَةٌ ذَلِكَ لِمَنْ لَمْ يَكُنْ أَهْلُهُ حَاضِرِي الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ...﴾
(...Ал, қашан қауіпсіздікте болып, қайсыларың умра жасағаннан кейін, қажылыққа дейін ихрамнан уақытша шықса, онда өзіне қолайлы жеңіл болған бір құрбандық мал шалу керек. Егер таба алмаса, қажылықта үш күн, үйіне қайтып барған соң жеті күн ораза ұстайды—барлығы толық он күн. Бұл үкім үйлері әл-Харам маңында болмағандар үшін...) (Бақара: 196). Аят.
Бухаридің «Сахих» жинағында Айша және Ибн Омардан (Алла оларға разы болсын) былай деп риуаят етіледі:
«لَمْ يُرَخَّصْ فِي أَيَّامِ التَّشْرِيقِ أَنْ يُصَمْنَ إِلَّا لِمَنْ لَمْ يَجِدِ الهَدْيَ».
«Тәшриқ күндері құрбандық таба алмағандардан басқаға ораза ұстау рұқсат етілмеген»91. Бұл (риуаят) Пайғамбардан (ﷺ) жеткен хабардың үкімінде. Үш күндік оразаны арафа күнінен бұрын ұстаған абзал. Сонда адам арафа күні аузы ашық болады; өйткені Пайғамбар (ﷺ) арафа күні аузы ашық күйде тұрып, арафатта сол күні ораза ұстауға тыйым салған. Сондай-ақ, бұл күні аузы ашық болу оның зікір мен дұғасына көбірек күш-жігер береді. Аталған үш күндік оразаны үзбей де, бөліп те ұстауға болады. Сол сияқты жеті күндік оразаны да арасын үзбей ұстау шарт емес: оны бірге де, бөлек те ұстауға болады; өйткені Алла Тағала оны үзбей ұстауды шарт етпеген, сол сияқты Оның Елшісі де (ﷺ). Ал, жеті күндік оразаны үй-ішіне оралғанға дейін кешіктірген абзал; Алла Тағаланың мына сөзіне сай:
﴿...وَسَبْعَةٍ إِذَا رَجَعْتُمْ...﴾
(...жеті күн, үйге қайтып келгенде...) (Бақара: 196).
Құрбандық шалуға шамасы келмеген адамның ораза ұстауы – патшалардан немесе басқалардан өзі үшін құрбандық шалуға мал сұрағанынан абзалырақ. Ал кімге сұрамастан және өзі дәметпестен құрбандық малы немесе басқа да нәрсе берілсе, оның еш айыбы жоқ, тіпті ол басқа біреудің атынан қажылық жасап жатса да. Яғни, егер оны қажылыққа жібергендер оған берілген қаражаттан құрбандық мал сатып алуды шарт етпеген болса. Ал, кейбір адамдардың өтірік айтып, белгілі бір адамдар атынан үкіметтен немесе басқалардан құрбандық малын сұрауына келер болсақ, бұл істің харам екендігі күмәнсіз. Себебі бұл – өтірік арқылы пайда табу болып есептеледі. Алла бізді және барша мұсылмандарды мұндай істен сақтасын!
Тарау
Қажылық жасаушылар мен өзгелерге құпталғанды бұйырудың парыз екендігі жайлы.
Қажылар мен өзгелерге жүктелетін ең ұлы міндеттердің бірі – құпталғанды бұйыру және датталғаннан қайтару және бес уақыт намазды жамағатпен орындау. Мұны Алла Өз Кітабында және Елшісі ﷺ арқылы әмір еткен.
Ал, Мекке тұрғындарынан және басқалардан болған көптеген адамдардың үйлерінде намаз оқып, мешіттерді намазсыз қалдыруы – шариғатқа қайшы қателік. Сондықтан оған тыйым салып, адамдарды мешіттерде намаз оқуды сақтауға бұйыру қажет. Өйткені Пайғамбардан ﷺ жеткендей, Ибн умму Мәктум (Алла оған разы болсын) өзінің соқыр әрі үйі мешіттен алыс болғандықтан үйінде намаз оқуға рұқсат сұрағанда, Пайғамбар (ﷺ) одан:
«هَلْ تَسْمَعُ النِّدَاءَ بِالصَّلَاةِ؟ قَالَ: نَعَمْ، قَالَ: فَأَجِبْ».
«Намазға шақыруды естисің бе?»—деп сұрады Ол: «Иә», – деді. Сонда: «Олай болса, жауап қат!» – деді»92. Басқа риуаятта:
«لَا أَجِدُ لَكَ رُخْصَةً».
«Саған рұқсат таппадым» (делінген)93. Сондай-ақ Пайғамбар ﷺ былай деді:
«لَقَدْ هَمَمْتُ أَنْ آمُرَ بِالصَّلَاةِ فَتُقَامَ، ثُمَّ آمُرَ رَجُلًا فَيُؤُمَّ النَّاسَ، ثُمَّ أَنْطَلِقَ إِلَى رِجَالٍ لَا يَشْهَدُونَ الصَّلَاةَ فَأُحَرِّقَ عَلَيْهِمْ بُيُوتَهُمْ بِالنَّارِ».
«Менің намазға оқуға (иқамат) айтылсын деп бұйырып, сосын бір кісіге адамдарға имам болуды әмір етіп, одан кейін намазға келмейтін адамдарға барып, олардың үйлерін өртеп жібергім келді»94. Ибн Мәжа және басқаларды «Сунан» жинақтарында "хасан" тізбекпен келтірілген хадисте ибн Аббастан (ол екеуіне Алла разы болсын) Алла елшісінің ﷺ былай деп айтқанын жеткізді:
«مَنْ سَمِعَ النِّدَاءَ فَلَمْ يَأْتِ فَلَا صَلَاةَ لَهُ إِلَّا مِنْ عُذْرٍ».
«Азанды естіп, орынды сылтаусыз келмегеннің намазы жоқ»95, Сахих Муслимде ибн Масғудтан (оған Алла разы болсын) былай деді: "Кімде-кім ертең (қияметте) Аллаға мұсылман болып жолығуды қаласа, онда осы намаздарға азан шақырылған жерде берік болсын. Өйткені Алла Пайғамбарыңызға тура жол сүннеттерін бекітті. Ал, бұлар—тура жол сүннеттерінен. Егер сендер намаздан қалушының өз үйінде оқығанындай, үйлеріңде оқысаңдар, онда Пайғамбарыңыздың сүннетін тәрк еткен болсыңдар. Ал, Пайғамбарыңыздың сүннетін тәрк етсеңдер—адастыңдар. Қайсыбір адам жақсылап дәрет алып, сосын осы мешіттердің біріне бет алса, Алла оның басқан әрбір қадамы үшін бір жақсылық жазады, сол арқылы оны бір дәрежеге көтереді және бір күнәсін жояды. Расында, біз олардың арасынан тек екіжүзділігі белгілі мунафиқтан басқа ешкімнің одан (жамағат намазынан) қалмайтынын көрдік. Тіпті, адамды сапқа тұрғызу үшін екі кісінің ортасында қолтықтап алып келетін кездер де болған"96.
Қажыларға және өзгелерге Алла Тағаланың тыйым салған нәрселерінен аулақ болып, оларды жасаудан сақтану – міндет. Олардың қатарына мыналар жатады: зина, лиуат (біржыныстық қатынас), ұрлық, өсім жеу, жетімнің малын жеу, іскерлік қарым-қатынастарда алдау, аманатқа қиянат жасау, мас қылатын ішімдіктер ішу, темекі шегу, киімді (тобықтан төмен түсіріп) сүйрету, тәкаппарлық, көреалмаушылық, риякерлік, ғайбат айту, сөз тасу, мұсылмандарды келеке ету, күйтабақтар, уд, рабаб, сырнай және соларға ұқсас көңіл көтеру аспаптарын пайдалану, радиодан және басқа да құралдардан ән-күй мен музыкалық аспаптарды тыңдау, нәрд пен шахмат ойнау, құмар ойынымен айналысу, адамдардың және басқа да жан иелерінің суретін салу және соған разы болу. Расында, бұлардың барлығы – Алланың Өз құлдарына кез келген уақытта және кез келген жерде тыйым салған теріс істеріне жатады. Сондықтан қажылар мен Алланың қасиетті Үйінің (әл-Харамның) тұрғындары бұл нәрселерден басқаларға қарағанда көбірек сақтануы тиіс. Себебі бұл қасиетті мекенде жасалған күнәлардың ауыртпалығы әлдеқайда ауыр әрі жазасы да зор болады.
Сондай-ақ, Алла Тағала былай деген:
﴿...وَمَنْ يُرِدْ فِيهِ بِإِلْحَادٍ بِظُلْمٍ نُّذِقْهُ مِنْ عَذَابٍ أَلِيمٍ﴾
(...ал, кім онда зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа, оған жан түршігерлік азаптың (дәмін) таттырамыз 25) (Хадж: 25). Алла Тағала әл-Харам аймағында әділетсіздік жасауға ниет еткеннің өзін жазалайтынын ескертсе, онда оны жасағандардың жазасы қандай болмақ?! Олардың жазасы әлдеқайда ауыр әрі қатал болатыны сөзсіз. Сондықтан, одан және өзге де күнәлардан сақтану керек.
Қажылар қажылықтарының дұрыс болуы әрі күнәларының кешірілуі тек осы және Алла тыйым салған басқа күнәлардан сақтану арқылы ғана қол жеткізе алады. Бұл жайында Пайғамбардан ﷺ жеткен хадисте былай делінген:
«مَنْ حَجَّ فَلَمْ يَرْفُثْ وَلَمْ يَفْسُقْ رَجَعَ كَيَوْمِ وَلَدَتْهُ أُمُّهُ».
"Кімде-кім қажылығын, балағат (жаман) сөздер айтпай және бүкіл күнәлі әрі ұятсыз істер жасамай орындаса, (ол) үйіне анасы оны дүниеге әкелген күндегідей (күнәсінан тазарып) оралады"97.
Бұл тыйым салынған істердің ең ауыры да үлкені — өлілерден медет сұрау, олардан жәрдем тілеу, оларға нәзір арнау немесе олар үшін құрбан шалу. Яғни, олар (өлілер) өздеріне жалбарынған адам үшін Алланың алдында шапағат етеді, науқасынан шипа береді, жоғалғанын қайтарады немесе соған ұқсас істерді орындайды деген үмітпен соларға жүгіну — ең үлкен қателіктердің бірі.
Бұл — Алла харам еткен үлкен шірк әрі ол жәһилиет мүшріктерінің діні болып табылады. Алла осыған тыйым салу және оны жоққа шығару үшін елшілер жіберіп, кітаптар түсірген.
Сондықтан қажыларға да, өзгелерге де ширктен барынша сақ болу — міндет. Егер адам бұрын ширкке қатысты бір іс жасап қойған болса, онда ол үшін шынайы тәубе етіп, тәубеден кейін қажылығын қайта өтейді. Өйткені үлкен ширк барлық амалдарды жояды. Алла Тағала былай дейді:
﴿...وَلَوْ أَشْرَكُوا لَحَبِطَ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ 88﴾
"...Олар ортак қосса, әрине, олардың істеген амалдары жойылып кетер еді 88)" [Әнғам: 88].
Кіші ширктің түрлеріне Алладан басқамен, мысалы, Пайғамбармен (ﷺ), Қағба, аманат және сол сияқты нәрселермен ант ету жатады.
Соның қатарына рия мен атаққұмарлық, сондай-ақ «Алла және сен қалағандай», «Алла пен сен болмағанда», «Бұл – Алладан және сенен» тәрізді сөздерді айту кіреді.
Сондықтан, осы қайтарылған ширк амалдардан сақтанып, оларды тастауды бір-біріне өсиет ету қажет. Өйткені Пайғамбардын ﷺ былай деп айтқаны жеткен:
«مَنْ حَلَفَ بِغَيْرِ اللهِ فَقَدْ كَفَرَ أَوْ أَشْرَكَ».
«Кімде-кім Алладан басқа біреудің атымен ант етсе, ол күпірлік немесе ширк келтірген болады»98. Бұл хадисті Ахмад, Әбу Дәуд және әт-Тирмизи сахих тізбегімен риуаят еткен.
"Сахих" жинағында Омардан (оған Алла разы болсын) Алла елшісінің ﷺ былай деп айтқанын жеткізді:
«مَنْ كَانَ حَالِفًا فَلْيَحْلِفْ بِاللهِ أَوْ لِيَصْمُتْ».
«Кім ант бергісі келсе Алла атымен ант берсін не үндемесін»99. Сондай-ақ, Пайғамбар ﷺ былай деді:
«مَنْ حَلَفَ بِالأَمَانَةِ فَلَيْسَ مِنَّا».
«Аманатпен ант беруші—бізден емес»100. Хадисті Әбу Дәуд келтірген.
Сондай-ақ, Пайғамбар ﷺ :
«أَخْوَفُ مَا أَخَافُ عَلَيْكُمُ الشِّرْكَ الأَصْغَرَ، فَسُئِلَ عَنْهُ فَقَالَ: الرِّيَاءُ».
«Сендер үшін ең көп қорқатыным – кіші ширк",—деді. Одан сол жайлы сұралғанда, ол: «Рия», – деді»101. Сондай-ақ, Пайғамбар ﷺ :
«لَا تَقُولُوا: مَا شَاءَ اللهُ وَشَاءَ فُلَانٌ، وَلَكِنْ قُولُوا مَا شَاءَ اللهُ ثُمَّ شَاءَ فُلَانٌ».
«Алла қалады және пәленше қалады», - деп айтушы болмаңдар! Бірақ: «Алла қалады, сосын пәленше қалады», - деп айтыңдар»,—деді102. Ән-Нәсәидің Ибн Аббастан (ол екеуіне Алла разы болсын) өзіне: «О, Алланың елшісі! (Бұл—) Алланың және сен қалағаның», – деген кісіге:
«أَجَعَلْتَنِي لِلَّهِ نِدًّا، بَلْ مَا شَاءَ اللهُ وَحْدَهُ».
«Мені Аллаға теңдес қылғаның ба? (Одан да): "Жалғыз Алланың ғана қалағаны", де»,—деп айтқанын жеткізді103.
Бұл хадистер Пайғамбардың ﷺ таухид тұтастығын қорғағанын, өз үмметін үлкен және кіші ширктен сақтандырғанын және олардың имандары саулығы мен Алланың азабы және қаһары себептерінен құтылуына өте мүдделі болғанын көрсетеді. Алла оны бұл еңбегі үшін ең абзал сый-сауаппен марапаттағай! Өйткені ол (уахиды) толық жеткізіп, ескертті және Аллаға және Оның құлдарына адал болды. оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі Қиямет күніне дейін жалғаса берсін!
Алланың бейбіт мекені және Оның ардақты Елшісі ﷺ қаласында (Меккеде) қажылар мен тұрғындардан болған білім иелеріне – адамдарға Алланың шариғатта не белгілегенін үйрету, оларды Алла тыйым салған ширк пен күнә түрлерінен сақтандыру, әрі оны дәлелдерімен кеңінен түсіндіріп, толыққанды баяндау—уәжіп. Осылай олар адамдарды қараңғылықтан нұрға шығарып, Алланың өздеріне жүктеген жеткізу мен түсіндіру міндетін орындаған болады. Алла Тағала былай деген:
﴿وَإِذْ أَخَذَ اللَّهُ مِيثَاقَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ لَتُبَيِّنُنَّهُ لِلنَّاسِ وَلَا تَكْتُمُونَهُ...﴾
"Алланың Кітап берілгендерден: «Әлбетте оны (кітапты) адамдарға түсіндіресіңдер, жасырмайсыңдар» деп, серт алғанын (еске ал)..." (Әлі Ғимран: 187).
Мұндағы мақсат – осы үмметтің ғұламаларын, Ақыреттің орнына өткінші дүниені артық көріп, ақиқатты жасырған Кітап иелері қатарындағы залымдардың жолымен жүруден сақтандыру. Бұл жөнінде Алла Тағала былай деген:
﴿إِنَّ الَّذِينَ يَكْتُمُونَ مَا أَنْزَلْنَا مِنَ الْبَيِّنَاتِ وَالْهُدَى مِنْ بَعْدِ مَا بَيَّنَّاهُ لِلنَّاسِ فِي الْكِتَابِ أُولَئِكَ يَلْعَنُهُمُ اللَّهُ وَيَلْعَنُهُمُ اللَّاعِنُونَ 159 إِلَّا الَّذِينَ تَابُوا وَأَصْلَحُوا وَبَيَّنُوا فَأُولَئِكَ أَتُوبُ عَلَيْهِمْ وَأَنَا التَّوَّابُ الرَّحِيمُ 160﴾
"Негізінен біз ап-ашық үкімерді әрі тура жолды Кітапта адамдарға баян еткеннен кейін жасырғандар, соларға Алла лағынет етеді әрі барлық лағынет айтушылар лағынет етеді 159
Бірақ тәубе еткендер, жағдайларын түзелткендер және шындықты баян еткендер басқа. Міне, солардың тәубесін қабыл етемін. Мен тәубені Қабыл етуші, ерекше Рақымдымын 160) (Бақара: 159-160). Құран аяттары мен Пайғамбар хадистері Алла Тағалаға шақырудың және құлдардын сол үшін жаратылған міндеттеріне бағыттау — ең ұлы жақсылықтар мен ең маңызды міндеттердің бірі екендігіне дәлел болады. Бұл — пайғамбарлар мен олардың ізбасарларының Қиямет күніне дейінгі жолы. Алла Тағала былай деді:
﴿وَمَنْ أَحْسَنُ قَوْلًا مِمَّنْ دَعَا إِلَى اللَّهِ وَعَمِلَ صَالِحًا وَقَالَ إِنَّنِي مِنَ الْمُسْلِمِينَ33﴾
"Мен, әлбетте, мұсылмандардың бірімін" деп, Аллаға (Оның дініне) шақырған және ізгі іс істеген кісіден сөз тұрғысынан ешкім жақсы бола алмайды 33) (Фуссылат: 33). Даңқты әрі Ұлық Алла айтты:
﴿قُلْ هَذِهِ سَبِيلِي أَدْعُو إِلَى اللَّهِ عَلَى بَصِيرَةٍ أَنَا وَمَنِ اتَّبَعَنِي وَسُبْحَانَ اللَّهِ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُشْرِكِينَ 108﴾
"(Уа, Расулім!): «Менің—жолым осы. Мен Аллаға (Оның дініне) айқын дәлел үстінде тұрып шақырамын. Маған ергендер де (солай). Алла барлық кемшіліктен пәк. Мен (Аллаға) серік қосушылардан емеспін»,—деп айт 108) (Юсуф: 108).
Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты:
«مَنْ دَلَّ عَلَى خَيْرٍ فَلَهُ مِثْلُ أَجْرِ فَاعِلِهِ».
«Кім жақсылыққа жол көрсетсе, оған соны жасағандардың сауабындай сауап жазылады»104
«لَأَنْ يَهْدِيَ اللهُ بِكَ رَجُلًا وَاحِدًا خَيْرٌ لَكَ مِنْ حُمْرِ النَّعَمِ».
«Егер Алла сен арқылы бір адамды тура жолға салса, сен үшін бұл қызыл түйелерді иеленгеніңнен де артық»105 Осы мағынада келген аяттар мен хадистер көп.
Сондықтан ілім мен иман иелерінің, әсіресе көңілқұмарлық асқынып, бұзғыншы қағидалар мен адастырушы ұрандар кеңінен тараған, тура жолға шақырушылар азайып, дінсіздік пен азғындыққа үгіттеушілер көбейген мына заманда Алла Тағалаға шақырудағы күш-жігерін еселеп, пенделерді құтылу жолдарына бағыттауы және оларды күйреуге апаратын себептерден сақтандыруы аса қажет. Алланың Өзі жәрдемші! Аса Ұлы, Ұлық Алладан басқа ешқандай күш-қуат жоқ.
Тарау
Құлшылықтарда бойсұнуды көбейту мустахаб екендігі туралы
Қажыларға Меккеде болған уақыттарында Алланы зікір етуді, Оған бойсұнуды және игі амалдар жасауды, намаз және Қвчметті Үй—Қағбаны тауап етуді көбейту мустахап саналады. Өйткені, Харам аумағында жасалған игі амалдардың сауабы еселеніп жазылады. Ал, ондағы күнәлар өте ауыр болады. Сонымен қатар, оларға Алла елшісіне ﷺ көп салауат және сәлем айту да—мустахап.
Қажылар Меккеден шығуды қаласа, Қағбамен соңғы амалы болуы үшін оларға қоштасу тауафын жасау міндетті. Қоштасу тауафы тек хайыз бен нифас халіндегі әйелдерге міндет емес. Өйткені ибн Аббас (Алла оған және әкесіне разы болсын) былай деген:
«أُمِرَ النَّاسُ أَنْ يَكُونَ آخِرُ عَهْدِهِمْ بِالبَيْتِ، إِلَّا أَنَّهُ خُفِّفَ عَنِ المَرْأَةِ الحَائِضِ».
«Адамдарға соңғы амалы—Қағбада болуы (яғни қоштасу тауафы) бұйырылды. Алайда, етеккірі келген әйелге (бұл үкім) жеңілдетілген»106
Қасиетті Үймен қоштасып, мешіттен шығарда алдына қарап, тура шығуы керек. Оған артымен жүруге болмайды, өйткені мұндай іс Пайғамбардан ﷺ да, оның сахабаларынан да жетпеген. Керісінше, бұл — дінге кейіннен енгізілген бидғат. Пайғамбар ﷺ:
«مَنْ عَمِلَ عَمَلًا لَيْسَ عَلَيْهِ أَمْرُنَا فَهُوَ رَدٌّ».
«Кімде-кім біздің бұйрығымызға сай келмеген амал жасаса, ол кері қайтарылады (қабыл болмайды)»,—деген107. Сондай-ақ Пайғамбар ﷺ былай деді:
إِيَّاكُمْ وَمُحْدَثَاتِ الأُمُورِ، فَإِنَّ كُلَّ مُحْدَثَةٍ بِدْعَةٌ، وَكُلَّ بِدْعَةٍ ضَلَالَةٌ».
«Сендер діндегі жаңалықтардан сақ болыңдар! Өйткені әрбір жаңалық – бидғат, ал әрбір бидғат – адасушылық»108.
Алладан дініне орнықтыруын, әрі оған (дініне) қайшы нәрселерден аман етуін сұраймыз. Расында, Ол аса Жомарт әрі өте Береген.
Тарау
Зиярат үкімдері мен әдептері туралы.
Пайғамбар ﷺ мешітін қажылықтан бұрын немесе кейін зиярат ету – сүннет; өйткені екі Сахихте Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі ﷺ былай деген:
«صَلَاةٌ فِي مَسْجِدِي هَذَا خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ صَلَاةٍ فِيمَا سِوَاهُ إِلَّا المَسْجِدَ الحَرَامَ».
«Менің осы мешітімде (оқылған) бір намаз әл-Харам мешітінен басқа мешіттерде оқылған мың намаздан артық»109. Ибн Омар (Алла ол екеуіне разы болсын) Алланың елшісінің ﷺ былай деп айтқанын жеткізген:
«صَلَاةٌ فِي مَسْجِدِي هَذَا أَفْضَلُ مِنْ أَلْفِ صَلَاةٍ فِيمَا سِوَاهُ إِلَّا المَسْجِدَ الحَرَامَ».
«Менің осы мешітімде (оқылған) бір намаз әл-Харам мешітінен басқа мешіттерде оқылған мың намаздан артық»110 Хадисті Муслим риуаят етті, Абдуллаһ ибн әз-Зубайрден (оған Алла разы болсын) Алла елшісінің ﷺ былай деп айтқанын жеткізді:
«صَلَاةٌ فِي مَسْجِدِي هَذَا أَفْضَلُ مِنْ أَلْفِ صَلَاةٍ فِيمَا سِوَاهُ إِلَّا المَسْجِدَ الحَرَامَ، وَصَلَاةٌ فِي المَسْجِدِ الحَرَامِ أَفْضَلُ مِنْ مِائَةِ صَلَاةٍ فِي مَسْجِدِي هَذَا».
«Менің осы мешітімде (оқылған) бір намаз әл-Харам мешітінен басқа мешіттерде оқылған мың намаздан артық. Ал, әл-Харам мешітінде (оқылған) бір намаз менің осы мешітімде (оқылған) жүз намаздан артық»111 Ахмад, ибн Хузайма және ибн Хиббан келтірген.
Жәбирден (оған Алла разы болсын) Алла елшісінің ﷺ былай деп айтқаны жеткізілген:
«صَلَاةٌ فِي مَسْجِدِي هَذَا أَفْضَلُ مِنْ أَلْفِ صَلَاةٍ فِيمَا سِوَاهُ، إِلَّا المَسْجِدَ الحَرَامَ، وَصَلَاةٌ فِي المَسْجِدِ الحَرَامِ أَفْضَلُ مِنْ مِائَةِ أَلْفِ صَلَاةٍ فِيمَا سِوَاهُ».
«Менің осы мешітімде (оқылған) бір намаз әл-Харам мешітінен басқасында оқылған мың намаздан артық. Ал, әл-Харам мешітінде оқылған бір намаз басқа мешіттерде оқылған жүз мың намаздан артық»112 Мұны Ахмад пен Ибн Мәжаһ риуаят етті. Бұл мағынадағы хадистер көп.
Зиярат етуші мешітке жеткенде, оған оң аяғымен кіріп: «Алланың атымен (Бисмилләһ) және Алланың Елшісіне салауат пен сәлем болсын! Қуылған шайтаннан (оның азғыруынан) Ұлы Аллаға, Оның ардақты дидары және ежелгі билігіне сиынамын. Аллаһым! Маған рахметіңнің есіктерін аша гөр!» деп айтуы мустахаб болады.
Мұны басқа мешіттерге де кіргенде айтқандай. Пайғамбар ﷺ мешітіне кіруге арналған арнайы зікір жоқ. Сосын екі ракағат намаз оқып, онда дүние мен ақыреттің жақсылығын сұрап қалаған дұғасын жасайды. Егер бұл намазды Раудада оқыса, одан да абзал болады. Себебі Пайғамбардың ﷺ сөзіне сәйкес:
«مَا بَيْنَ بَيْتِي وَمِنْبَرِي رَوْضَةٌ مِنْ رِيَاضِ الجَنَّةِ».
«Менің үйім мен мінберім арасындағы орын - жәннат бақшаларының бір бақшасы» - деген113. Содан кейін, намаз оқып болған соң, Пайғамбар ﷺ қабірін және оның екі досы: Әбу Бәкір мен Омардың (Алла ол екеуіне разы болсын) қабірлерін зиярат еткенде, Пайғамбар ﷺ қабірінің қарсысына әдеппен, дауысын төмендетіп тұрып, Оған ﷺ : "Ас-сәләәму ‘аләйкә, йә Расулаллаһи уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ" («О, Аллаһтың Елшісі! Саған Алланың сәлемі, рахметі мен құт-берекеті болсын!»)—деп сәлем жолдайды. Өйткені, Әбу Дәудтың «Сүнән» жинағында хасан иснадпен Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Алла Елшісі ﷺ былай деген:
«مَا مِنْ أَحَدٍ يُسَلِّمُ عَلَيَّ إِلَّا رَدَّ اللهُ عَلَيَّ رُوحِي حَتَّى أَرُدَّ عَلَيْهِ السَّلَامَ».
«Кімде-кім маған (өлгенімнен кейін) сәлем айтатын болса, оған сәлемін қайтаруым үшін Алла маған жанымды қайтарып отырады»114. Егер зиярат етуші сәлемінде: "Әс-сәләәму ‘алайка уа Нәбиуллаһи, әс-сәләәму ‘алайка уа Хайратуллаһи мин халқиһи, әс-сәләәму ‘алайка уа Сәййидул-мурсалин уа Имамул-муттақийн, әшһаду әннәкә қод бәллағтәр-рисалаh уа аддәйтәл-аманаh уа нәсәхтәл-уммәh уа жә:һадтә фи-ллаһи хаққа жихадиһи/ «Уа, Алланың Пайғамбары! саған сәлем болсын! Уа, Алла жаратылыстарының ең абзалы, саған сәлем болсын! Уа, елшілердің мырзасы әрі тақуалардың имамы, саған сәлем болсын! Cенің елшілік міндетіңді атқарып, аманатты өтеп, үмметіңе адал болып, Алла жолында шынайы күрескеніңе куәлік етемін» деп айтса, мұның еш айыбы жоқ. Өйткені мұның барлығы – оның ﷺ сипаттарынан. Әрі оған ﷺ салауат айтып, дұға етеді. Себебі шариғатта, АллаТағаланың келесі сөзіне сай, оған салауат пен сәлемді қатар айту бекітілген:
﴿إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا 56﴾
"Алла Пайғамбарды мейіріміне бөлейді және Оның періштелері оған жақсылықтар тілейді. Ей, иманға келгендер! Сендер де оған салауат айтыңдар және амандық тілеп сәлем беріңдер 56" (Әхзаб: 56). Содан кейін Әбу Бәкір мен Омарға (Алла ол екеуіне разы болсын) сәлем жолдайды да, ол екеуіне дұға етіп, Алланың ризашылығын тілейді.
Ибн Омар (Алла ол екеуіне разы болсын) Пайғамбарға ﷺ және Оның екі досына сәлем айтқанда, көбінесе былай деп қана айтатын: "Әс-сәләәму ‘аләйкә йә Расуулаллаһ, әс-сәләәму ‘аләйкә йә Әбә Бәкр, әс-сәләәму ‘аләйкә йә Әбәтәәһ/.
«Саған сәлем болсын, уа Алланың Елшісі! Саған сәлем болсын, уа Әбу Бәкір! Саған сәлем болсын, уа әкешім!» Содан кейін ол бұрылып кететін.
Бұл зиярат ету тек ер кісілерге ғана рұқсат етілген. Ал, әйелдерге қабірлерді зиярат етуге рұқсат жоқ. Сенімді жолмен расталғандай, Пайғамбарымыз ﷺ
«لَعَنَ زُوَّارَاتِ القُبُورِ مِنَ النِّسَاءِ وَالمُتَّخِذِينَ عَلَيْهَا المَسَاجِدَ وَالسُّرُجَ».
«Қабірлерді жиі зиярат ететін әйелдерді және олардың (қабірлердің) үстін мешіт етіп, шырақ жағатындарды лағынеттеген»115.
Ал, Пайғамбардың ﷺ мешітінде намаз оқу, онда дұға ету және басқа да мешіттерде жасауға шариғат рұқсат еткен осы сияқты амалдарды орындау үшін Мединаға бару — бұған дейін келтірілген хадистерге сәйкес баршаға бірдей рұқсат етілген.
Зиярат етушіге Пайғамбар ﷺ мешітінде бес уақыт намаз оқу, әрі онда зікір, дұға мен нәпіл намаздарын көбейту сүннет амалдарынан болады. Себебі бұл істердегі сауап өте зор.
Ардақты Раудада нәпіл намазды көп оқу – мустахаб. Себебі оның артықшылығы туралы бұған дейін келген сахих хадисте Пайғамбар ﷺ былай деген:
«مَا بَيْنَ بَيْتِي وَمِنْبَرِي رَوْضَةٌ مِنْ رِيَاضِ الجَنَّةِ».
«Менің үйім мен мінберім арасындағы орын - жәннат бақшаларының бір бақшасы»116 - деген.
Алғ парыз намазға келер болсақ, зиярат етуші де, өзгелер де шамасы келгенше бірінші қатарда тұруға тырысуы керек, тіпті ол мешіттің кейіннен кеңейтілген бөлігінде болса да; өйткені Пайғамбардан (ﷺ) жеткен сахих хадистерде бірінші қатарға тұруға үндеу мен ынталандыру келген. Мысалы, Пайғамбардың (ﷺ) мына сөзі:
«لَوْ يَعْلَمُ النَّاسُ مَا فِي النِّدَاءِ وَالصَّفِّ الأَوَّلِ ثُمَّ لَمْ يَجِدُوا إِلَّا أَنْ يَسْتَهِمُوا عَلَيْهِ لَاسْتَهَمُوا».
«Егер адамдар азан шақыру мен бірінші сапта тұрудың (сауабын) білгенде, сосын оған жету үшін жеребе тастаудан басқа жол таппаса, әлбетте жеребе тастар еді»117 Хадис келісілген Осыған ұқсас Пайғамбарымыздың ﷺ сахабаларына айтқан мына сөзі:
«تَقَدَّمُوا فَأْتَمُّوا بِي وَلْيَأْتَمَّ بِكُمْ مَنْ بَعْدَكُمْ، وَلَا يَزَالُ الرَّجُلُ يَتَأَخَّرُ عَنِ الصَّلَاةِ حَتَّى يُؤَخِّرَهُ اللهُ».
«Алға шығыңдар да, маған (жақын тұрып) ұйыңдар. Сендерге кейінгілер де ұйысын. Адам намаздан үнемі қалып, артта жүре берсе, ақырында Аллаһ оны кейінге (жақсылықтан) қалдырады»118 Муслим келтірген
Әбу Дәуд Айшадан (оған Алла разы болсын) хасан иснадпен Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқанын риуаят етті:
«لَا يَزَالُ الرَّجُلُ يَتَأَخَّرُ عَنِ الصَّفِّ المُقَدَّمِ حَتَّى يُؤَخِّرَهُ اللهُ فِي النَّارِ».
«Кісі алдыңғы қатардан үнемі кешіге берсе, ақырында Алла оны тозаққа ығыстырады»119. Одан ﷺ сахабаларына былай деп айтқаны сенімді түрде жеткен:
«أَلَا تَصُفُّونَ كَمَا تَصُفُّ المَلَائِكَةُ عِنْدَ رَبِّهَا؟ قَالُوا: يَا رَسُولَ اللهِ، وَكَيْفَ تَصُفُّ المَلَائِكَةُ عِنْدَ رَبِّهَا؟ قَالَ: يُتِمُّونَ الصُّفُوفَ الأُوَلَ، وَيَتَرَاصُّونَ فِي الصَّفِّ»
«Сендер неге саптарыңда, өздерінің Раббысы алдында тұрған періштелер сияқты тұрмайсыңдар?” Олар: “Уа, Алланың елшісі! Періштелер Раббысы алдында қалай сапқа тұрады?” – деп сұрағанда, Ол: “Олар бірінші саптарды толықтырып, саптарын тығыз ұстайды, – деді».120 Муслим риуаят еткен.
Бұл мағынадағы хадистер өте көп. Олар Пайғамбар ﷺ мешітінің кеңейтілуіне дейінгі және кейінгі жағдайына да, басқа да мешіттерге қатысты болып келеді. Пайғамбардан ﷺ сахабаларын саптың оң жағына тұруға ынталандырғаны туралы сахих хадис жеткен. Оның алғашқы мешітіндегі саптың оң жағы Рауда сыртында болғаны белгілі. Осыдан бірінші саптарға және саптың оң жағына көңіл бөлудің қасиетті Раудаға көңіл бөлуден артығырақ екендігі білінеді. Сондай-ақ, осы екеуіне ұқыпты болу Раудада намаз оқудға ұқыпты болғаннан абзалырақ. Бұл – осы тақырыпта келген хадистерге ой жүгірткен адам үшін ап-анық нәрсе. Жәрдем беруші – Алла.
Ешкімге Пайғамбар ﷺ қабірінің дуалдарын сипауға, оны сүюге немесе оны тауаф етуге рұқсат етілмейді: Өйткені бұл туралы сәләф солихтардан ештеңе жетпеген. Керісінше, бұл – терістелген бидғат.
Ешкімге Пайғамбардан ﷺ қажетін өтеуді, қиындықтан арылтуды, науқасқа шипа беруді және сол сияқты нәрселерді сұрауға рұқсат етілмейді. Себебі мұның бәрі Алла Тағаладан ғана сұралады. Ал, оны өлілерден сұрау – Аллаға серік қосу және Одан басқаға құлшылық ету болып табылады. Ислам діні екі негізге құрылған:
Біріншісі: Жалғыз Алладан басқа ешкімге құлшылық етпеу.
Екіншісі: Аллаға тек Елшінің ﷺ шариғатта көрсеткені бойынша ғана құлшылық ету.
Бұл – Алладан басқа құлшылыққа лайық құдайдың жоқ екеніне және Мұхаммед—Оның елшісі екеніне куәлік етудің мағынасы.
Демек, ешкімге Пайғамбардан ﷺ шапағат сұрауға рұқсат етілмейді. Себебі шапағат Алла Тағаланың меншігі, сондықтан Одан ғана сұралады. Алла Тағала айтқандай:
﴿قُلْ لِلَّهِ الشَّفَاعَةُ جَمِيعًا...﴾
"(Уа, Пайғамбар!): "Араша түсу (шапағат ету) бүтіндей Алланың меншігі" деп айт...) (Зумар: 44). Сонда: «Уа, Алла! Пайғамбарыңды маған шапағатшы ете гөр! Уа, Алла! Періштелерің мен иман келтірген құлдарыңды маған шапағатшы ете гөр! Уа, Алла! Жақындарымды өзіме шапағатшы ете гөр!» – деп және сол сияқты дұға етесің. Ал, өлілерден, олар мейлі пайғамбар, мейлі басқасы болсын, шапағат та, басқа нәрсе де сұралмайды. Өйткені бұл шариғатта бекітілмеген. Сонымен бірге, өлгендердің амалы – шариғатта ерекшелік етілген жайттардан басқасы – үзілген.
Муслимнің “Сахих” жинағында Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) мынандай хадис келтіріледі: "Алла Елшісі ﷺ былай деді:"
«إِذَا مَاتَ ابْنُ آدَمَ انْقَطَعَ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثٍ: صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ، أَوْ عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ، أَوْ وَلَدٍ صَالِحٍ يَدْعُو لَهُ».
«Адам өмірден өткен соң үш амалынан басқасының бәрі тоқтайды. Олар: жария (пайдасы жүріп жатқан) садақа, адамдар қолдана алатын пайдалы ілім, не болмаса ол үшін дұға жасайтын салиқалы баласы»121.
Пайғамбарымыздан ﷺ оның тірі кезінде және Қиямет күні шапағат сұрауға рұқсат етілген. Себебі оның бұған шамасы келеді. Өйткені ол Раббысынан сұраушы үшін тілей алады. Ал, дүниедегі халі белгілі, әрі бұл тек оған ғана тән емес, керісінше, оған да, басқаларға да қатысты жалпы үкім. Сол себепті мұсылманның өз бауырына: «Пәлен-түген мәселеде мен үшін Раббымның алдында шапағат етші», яғни: «Мен үшін Аллаға дұға ет», - деп айтуына болады. Сондай-ақ өтініш айтылған адамға, егер сұралған нәрсе Алла сұрауға рұқсат еткен істерден болса, Алладан сұрап, бауыры үшін шапағат етуіне рұқсат етіледі.
Ал, Қиямет Күніне келетін болсақ, онда Алла Тағаланың рұқсатынан кейін болмаса, ешкім де шапағат ете алмайды. Бұл туралы Алла Тағала былай деген:
﴿...مَنْ ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلَّا بِإِذْنِهِ...﴾
"...оның хұзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді?..." [ Бақара: 255]
Ал, өлім халі – ерекше жағдай. Оны адамның өлгенге дейінгі немесе қайта тіріліп, жиналғаннан кейінгі халімен салыстыруға болмайды. Себебі мәйіттің амалы тоқтап, ол тек шариғат ерекшелеген жағдайлардан басқа, істеген амалдарының кепілінде қалады. Мәйіттерден шапағат сұрау—шариғат ерекшелеген жағдайларға жатпайды, сондықтан оны бұған қосуға рұқсат етілмейді. Пайғамбар ﷺ қайтыс болғаннан кейін барзах өмірінде шаһидтердің өмірінен кәміл күйде тірі екендігіне күмән жоқ. Алайда, бұл оның өлгенге дейінгі өміріне де, Қиямет күніндегі өміріне де ұқсамайды. Керісінше, бұл – ақиқаты мен кейпін бір барлық кемшіліктен пәк Алла ғана білетін өмір. Сол себепті де хадис шәрифте Пайғамбардың ﷺ былай деген сөзі келген:
«مَا مِنْ أَحَدٍ يُسَلِّمُ عَلَيَّ إِلَّا رَدَّ اللهُ عَلَيَّ رُوحِي حَتَّى أَرُدَّ عَلَيْهِ السَّلَامَ».
«Маған кім (өлімімнен кейін) сәлем жолдаса, оған жауап беруім үшін Алла жанымды (рухымды) қайтарып тұрады»122.
Бұл оның қайтыс болғанына және рухының денесінен айырылғанына дәлел. Алайда, оған сәлем берілгенде рухы қайтарылады. Оның ﷺ қайтыс болғанына дәлел болатын Құран мен Сүннеттегі мәтіндер мәлім. Сонымен бірге, бұл— ғалымдар арасында келісілген мәселе. Алайда, бұл оның барзахтық өмірін жоққа шығармайды. Сол сияқты шаһидтердің өлімі де олардың барзахтық өмірін жоққа шығармайды, ол туралы Алла Тағала былай деген:
﴿وَلَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ قُتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَمْوَاتًا بَلْ أَحْيَاءٌ عِنْدَ رَبِّهِمْ يُرْزَقُونَ 169﴾
"Алла жолында өлтіргендерді өлі деп ойлама! Олар, әрине,—тірі. Олар Раббысы жанында ризыққа бөленуде 169)
(Әлі Ғимран: 169).
Біз бұл мәселені кеңінен баяндадық, өйткені бұл салада адамдарды адастыратын, ширікке және Алланы қойып, өлілерге құлшылық етуге шақыратындар көбейіп, осыған байланысты қажеттілік туындаған. Біз Алладан өзіміз үшін және барша мұсылмандар үшін Оның шариғатына қайшы келетін барлық нәрседен амандық сұраймыз. Алла жақсырақ біледі.
Ал, кейбір зиярат етушілердің Пайғамбардың ﷺ қабірінің қасында дауыстарын көтеруі және ол жерде ұзақ тұрып алуы – шариғатқа қайшы. Өйткені Алла Тағала үмбетке өз дауыстарын Пайғамбардың ﷺ даусынан жоғары көтеруден, сондай-ақ бір-біріне дауыстап сөйлегендей, оған дауыстап сөйлеуден тыйып, Өзінің мына сөзімен оның қасында дауысты бәсеңдетуге шақырды:
﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَرْفَعُوا أَصْوَاتَكُمْ فَوْقَ صَوْتِ النَّبِيِّ وَلَا تَجْهَرُوا لَهُ بِالْقَوْلِ كَجَهْرِ بَعْضِكُمْ لِبَعْضٍ أَنْ تَحْبَطَ أَعْمَالُكُمْ وَأَنْتُمْ لَا تَشْعُرُونَ 2 إِنَّ الَّذِينَ يَغُضُّونَ أَصْوَاتَهُمْ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ أُولَئِكَ الَّذِينَ امْتَحَنَ اللَّهُ قُلُوبَهُمْ لِلتَّقْوَى لَهُمْ مَّغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ عَظِيمٌ 3﴾
"Ей, иманға келгендер! Дауыстарыңды Пайғамбар дауысынан жоғары көтермеңдер және оған бір-біріңе дауыстарыңды көтеріп сөйлегендеріңлей дауыстап сөйлемеңдер. Әйтпесе амалдарың, өздерің сезбеген күйде, зая болып кетеді 2
"Шынында, Алла елшісінің алдында дауыстарын бәсеңдететіндер; міне, солар— Алла жүректерін тақуалық үшін тексергендер. Оларға кешірім әрі ұлы сый бар 3)
[Хужурат: 2-3].
Пайғамбардың ﷺ қабірі алдында ұзақ тұру және сәлемді қайта-қайта айту – адамдардың кептелісіне, шуға және қабір жанында дауыс көтерілуіне әкеледі. Бұл - Алланың мұсылмандарға осы анық аяттарда бекіткен нұсқауларына қайшы. Пайғамбар ﷺ тірі кезінде қандай құрметті болса, қайтыс болғаннан кейін де сондай құрметті. Сондықтан мүміндер Оның қабірі алдында шариғат әдептеріне қайшы әрекет етпеуі тиіс.
Сондай-ақ, кейбір зияратшылар мен басқаларының Пайғамбардың ﷺ қабіріне қарап, қолдарын көтеріп, дұға етуі – бұл Пайғамбардың ﷺ сахабалары мен олардың ізбасарларынан болған алғашқы буын өкілдерінің (сәләфтардың) жолына қайшы. Тіпті бұл жаңадан шығарылған бидғаттардың бірі болып табылады. Пайғамбар ﷺ айтты:
«فَعَلَيْكُمْ بِسُنَّتِي وَسُنَّةِ الخُلَفَاءِ الرَّاشِدِينَ المَهْدِيِّينَ مِنْ بَعْدِي، تَمَسَّكُوا بِهَا وَعَضُّوا عَلَيْهَا بِالنَّوَاجِذِ، وَإِيَّاكُمْ وَمُحْدَثَاتِ الأُمُورِ، فَإِنَّ كُلَّ مُحْدَثَةٍ بِدْعَةٌ وَكُلَّ بِدْعَةٍ ضَلَالَةٌ».
«Сондықтан менің сүннетімді және менен кейінгі тура жолдағы шыншыл халифалардың сүннетін ұстаныңдар, одан азу тістеріңмен жабысыңдар! (Діндегі) жаңалықтардан аулақ болыңдар! Өйткені әрбір (дінге енгізілген) жаңалық – бидғат, ал әрбір бидғат – адасушылық»123.
Сондай-ақ, Пайғамбар ﷺ былай деді:
«مَنْ أَحْدَثَ فِي أَمْرِنَا هَذَا مَا لَيْسَ مِنْهُ فَهُوَ رَدٌّ».
«Кімде-кім біздің бұл ісімізге қатысы болмаған жаңалық енгізсе, ол қабыл етілмейді»124
«مَنْ عَمِلَ عَمَلًا لَيْسَ عَلَيْهِ أَمْرُنَا فَهُوَ رَدٌّ».
«Кімде-кім біздің бұйрығымызға сай келмеген амал жасаса, ол кері қайтарылады (қабыл болмайды)»125.
Али ибн әл-Хусейн Зәйн әл-Абидин (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың ﷺ қабірі жанында дұға етіп тұрған бір кісіні көріп, оған олай жасауды тыйым салып былай деді: "Саған әкемнен, ол болса өз әкесінен естіген хадисті айтып берейін бе? Алла елшісі ﷺ былай деді:"
«لَا تَتَّخِذُوا قَبْرِي عِيدًا، وَلَا بُيُوتَكُمْ قُبُورًا، وَصَلُّوا عَلَيَّ، فَإِنَّ تَسْلِيمَكُمْ يَبْلُغُنِي أَيْنَمَا كُنْتُمْ».
«Менің қабіріме зиярат жасауды қайта-қайта жасалатын амал етіп алмаңдар! Сондай-ақ, үйлеріңді мазар қылмаңдар! Маған салауат айтыңдар, өйткені қай жерде болсаңдар да, сәлемдерің маған жеткізіледі»126.
Осылайша, кейбір зиярат етушілердің Пайғамбарға ﷺ сәлем айтқан кезде оң қолды сол қолдың үстіне немесе астына қойып, намазда тұрғандай тұруы – Пайғамбарға ﷺ сәлем бергенде де, патшалар, басшылар және басқалар сияқты өзгелерге сәлем бергенде де (бұлай жасау) рұқсат етілмейді. Себебі бұл - құлшылық пен құлдық белгісі, ол тек Алла үшін ғана жасалу керек. Хафиз Ибн Хажар (ол кісіге Алланың рақымы болсын) «Фатх әл-Бари» еңбегінде ғалымдардың осыған қатысты пікірін айтқан. Бұл мәселе, осы жағдайды терең ойлап, мақсаты салиқалы алдыңғы буынның (сәләфтардың) жолын ұстану болған адамға айқын әрі түсінікті.
Ал, кімді табандылық, нәпсіқұмарлық, соқыр еліктеу және ізгі сәләфтардың жолына шақырушыларға деген жаман ой жеңсе, оның ісі – Аллаға тапсырылады. Біз Алладан өзімізге де, оған да ақиқатты барлық нәрседен жоғары қоюға, әрі тура жол мен жәрдем беруін сұраймыз. Расында, Ол—кемшілік атаулынан Пәк, сұрауға ең лайықты.
Сол сияқты кейбір адамдардың қасиетті қабірге алыстан қарап, сәлем немесе дұғамен еріндерін жыбырлатуы да – жоғарыда айтылғандар секілді дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылады. Мұсылманға Алла рұқсат етпеген нәрсені дінге енгізуге болмайды. Ол бұл әрекетімен шынайы сүйіспеншілік пен жақындықтан гөрі, құрметсіздікке жақынырақ болады. Имам Мәлик (оған Алланың рақымы болсын) бұл және осыған ұқсас амалдарды теріске шығарып, былай деген: «Бұл үмметтің соңғылары оның алғашқыларын түзеткен нәрсемен ғана түзеледі»127.
Белгілі болғандай, бұл үмметтің алғашқы буынын түзеткен нәрсе – Пайғамбардың ﷺ оның тура жолдағы халифаларының, Алланың разылығына бөленген сахабаларының және оларға ізгілікпен ергендердің жолымен жүруі. Бұл үмметтің соңғы буыны да тек сол жолды берік ұстанып, сонымен жүрсе ғана түзеледі.
Алла мұсылмандарды дүние мен ақыреттегі құтылуға, бақытқа және үстемдікке жеткізсін. Расында, Ол— аса Береген, өте Жомарт.
Ескерту
Пайғамбардың ﷺ қабірін зиярат етудің үкімі
Пайғамбар ﷺ қабірін зиярат ету – кейбір қарапайым адамдар ойлағандай, уәжіп (міндетті) амал да, қажылықтың шарты да емес. Керісінше, бұл – Пайғамбар ﷺ мешітін зиярат етушіге немесе оған жақын (жерде) болған кісі үшін мустахаб амал.
Ал Медине қаласынан алыс тұратын кісіге қабірді зиярат ету мақсатында арнайы сапарға шығуға болмайды. Дегенмен, оған Құрметті мешітті зиярат ету ниетімен сапар шегу—сүннет. Ал, мешітке жеткен соң, қадірлі қабірді және Оның екі досының (Әбу Бәкір мен Омардың) қабірлерін зиярат етеді. Осылай, Пайғамбар ﷺ қабіріне және оның екі досының қабірлеріне зиярат ету - оның ﷺ мешітін зиярат ету амалына кіреді. Өйткені екі сахих кітаптарда бекітілгендей, Пайғамбар ﷺ былай деген:
«لَا تُشَدُّ الرِّحَالُ إِلَّا إِلَى ثَلَاثَةِ مَسَاجِدَ: المَسْجِدِ الحَرَامِ، وَمَسْجِدِي هَذَا، وَالمَسْجِدِ الأَقْصَى».
«Үш мешіттен басқа мешітке (сауап үшін арнайы) сапар шегуге болмайды: әл-Харам мешіті, менің осы мешітім және әл-Ақса мешіті»128.
Егер оның ﷺ қабірі немесе басқа біреудің қабіріне бару мақсатында арнайы сапарға шығу шариғатта рұқсат етілген болғанда, ол үмметіне мұны нұсқап, оның артықшылығына бағыттар еді. Өйткені, ол – адамдарға ең жанашыр, Алланы ең жақсы білуші және Одан ең қатты қорқушы. Ол (дінді) анық түрде жеткізді, үмметін барлық жақсылыққа нұсқады және оларды барлық жамандықтан сақтандырды. Негізінде, ол үш мешіттен басқа жерге сапар шегуден сақтандырып, былай деген:
«لَا تَتَّخِذُوا قَبْرِي عِيدًا، وَلَا بُيُوتَكُمْ قُبُورًا، وَصَلُّوا عَلَيَّ، فَإِنَّ صَلَاتَكُمْ تَبْلُغُنِي حَيْثُ كُنتُمْ».
«Менің қабіріме зиярат жасауды қайталанатын әдет етіп алмаңдар! Үйлеріңді де қабір етіп алмаңдар! Маған салауат айтыңдар. Өйткені, расында, сендер қай жерде болсаңдар да, салауаттарың маған жетіп тұрады»129
Пайғамбардың ﷺ қабірін зиярат ету үшін сапарға шығуды шариғатқа сай деу—оны әдетке айналдыруға, сондай-ақ Пайғамбар ﷺ қауіптенген шектен шығу мен асыра мадақтау сияқты тыйым салынған істердің орын алуына әкеледі. Расында, көптеген адамдар оның ﷺ қабірін зиярат ету үшін арнайы сапарға шығуды шариғатта заңды деп сенгендіктен, осындай қателіктерге ұрынып жатады..
Ал, оның ﷺ қабіріне сапарға шығуды шариғатқа сай деушілер дәлел ретінде келтіретін осы тақырыптағы хадистерге келер болсақ, олардың тізбектері (иснадтары) әлсіз, тіпті ойдан шығарылған болып табылады. Бұл хадистердің әлсіздігіне әд-Дарақутни, әл-Бәйһақи, әл-Хафиз ибн Хажар және басқа да хадис білгірлері назар аудартқан. Сол себепті, оларды үш мешіттен басқасына сапарға шығуға тыйым салатын сахих хадистерге қарсы қоюға болмайды.
Құрметті оқырман, осы тақырыпқа қатысты жалған хадистерді; оны біліп алып, оларға алданбауыңыз үшін Сізге бірнешеуін ұсынамын:
Біріншісі : «Кім қажылық жасап, мені зиярат етпесе, маған қатыгездік (салқындық) танытқан болады».
Екіншісі: «Кімде-кім мені қайтыс болғанымнан кейін зиярат етсе, мені тірі кезімде зиярат еткендей болады».
Үшіншісі: «Кім бір жыл ішінде мені және әкем Ибраһимды зиярат етсе, мен оған Алла алдында жаннатты кепілдік етемін».
Төртінші: «Кім менің қабірімді зиярат етсе, соған менің шапағатым міндетті (уәжіп) болады».
Бұл және оларға ұқсас хадистердің ешқайсысы Пайғамбардан ﷺ дәлелді түрде расталмаған.
Хафиз Ибн Хажар «Әт-Тәлхис» еңбегінде риуаяттардың көбін атап өткеннен кейін: «Бұл хадистің барлық жолдары әлсіз» - деп айтқан.
Хафиз әл-Уқайли: «Бұл тақырып бойынша бірде-бір сенімді хадис жоқ» - деген.
Шейх әл-Ислам Ибн Тәймия (Алла оны рақымына алсын) бұл хадистердің барлығы жалған деп, кесіп айтқан. Ал, оның білімі, есте сақтау қабілеті мен хабардар болуы бұған жеткілікті.
Егер бұған қатысты дәлелді бір нәрсе болғанда, сахабалар (оларға Алла разы болсын) онымен амал етуде, оны үмметке баяндауда және оған шақыруда адамдардың ең алғашқысы болар еді. Себебі олар – пайғамбарлардан кейінгі адамдардың ең қайырлысы, Алланың шектері мен Оның құлдарына шариғатта бекіткен нәрселерін ең жақсы білушілер, әрі Аллаға (ықыласты болып) және Оның жаратқандарына ең жанашыр жандар еді. Олардан бұл жөнінде ешнәрсе жетпегендігі, мұның шариғатта жоқ екеніне дәлел болады.
Егер олардың бірі сахих болса, хадистердің арасын үйлестіру үшін, оны тек қана қабірді зиярат ету мақсатында сапарға шығуды қамтымайтын шариғи зиярат, деп түсіну уәжіп. Ал, ең дұрысын кемшілік атаулынан Пәк Алла Тағала біледі.
Тарау
Қуба мешіті мен Бақиді зиярат етудің мустахап екендігі.
Мединені зиярат етушіге Қуба мешітіне барып, онда намаз оқу – мустахаб. Өйткені екі «Сахих» жинағында Ибн Омардан (Алла ол екеуіне разы болсын) келген хадисте былай делінген:
«كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَزُورُ مَسْجِدَ قُبَاءٍ رَاكِبًا وَمَاشِيًا وَيُصَلِّي فِيهِ رَكْعَتَيْنِ».
«Пайғамбар ﷺ Құба мешітіне кейде көлікпен, кейде жаяу келіп, екі ракағат намаз оқып тұратын»130.
Сахл бин Хунайф (оған Алла разы болсын) Алла елшісінің ﷺ былай деп айтқанын жеткізді:
«مَنْ تَطَهَّرَ فِي بَيْتِهِ ثُمَّ أَتَى مَسْجِدَ قُبَاءٍ فَصَلَّى فِيهِ صَلَاةً كَانَ لَهُ كَأَجْرِ عُمْرَةٍ».
«Пайғамбардың ﷺ: «Кімде-кім үйінде дәрет алып, одан соң Құба мешітіне барып, онда намаз оқыса, умраның сауабын алады»131.
Оған Медине қорымы (Бәқиғ), шаһидтердің қабірлерін және Хамзаның (Алла ол кісіге разы болсын) қабірін зиярат ету сүннет амалдарынан болады. Себебі Пайғамбар ﷺ оларға барып, олар үшін дұға еткен және ол ﷺ:
«زُورُوا القُبُورَ فَإِنَّهَا تُذَكِّرُكُمْ بِالآخِرَةِ».
«Қабірлерді зиярат етіңдер! Өйткені, ол (зиярат) сендерге ақыретті еске салады»,—деген132. Муслим етті
Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларына қабірлерге барған кезде былай айтуды үйреткен:
«السَّلَامُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الدِّيَارِ مِنَ المُؤْمِنِينَ وَالمُسْلِمِينَ، وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللهُ بِكُمْ لَاحِقُونَ، نَسْأَلُ اللهَ لَنَا وَلَكُمُ العَافِيَةَ».
"Әс-сәләму ‘алайкум әхлад-дия́ри миналь мў’минӣна уал-мусли́ми́ин, уа инна ин ша́ Аллаһу бикум ла́хиқун. Нәс-әлу Аллаһа ләна уа ләкумул-‘афийа́һ"
(Әссәләму алейкум уа, бұл мазарда жатқан мүміндер мен мұсылмандар! Расында, Алла қаласа, біз де сіздерге қосыламыз. Алладан бізге де, сендерге де саулық пен амандық сұраймыз»133. Хадисті Муслим Сүлеймен ибн Бурайда арқылы оның әкесінен риуаят еткен.
Ибн Аббастан (әкесі екеуіне Алла разы болсын) әт-Тирмизи мынаны риуаят етеді: Пайғамбар ﷺ Мединадағы қабірлердің жанынан өтіп бара жатып, оларға бет бұрып былай деді:
«السَّلَامُ عَلَيْكُمْ يَا أَهْلَ القُبُورِ، يَغْفِرُ اللهُ لَنَا وَلَكُمْ، أَنْتُمْ سَلَفُنَا وَنَحْنُ بِالأَثَرِ».
«О, қабір иелері! Сендерге Алланың сәлемі болсын! Алла бізді де, сендерді де кешірсін. Сендер бізден ерте кеттіңдер, біздер сендердің соңыңыздан барамыз»134.
Осы хадистерден қабірлерді шариғатқа сәйкес зиярат етудің мақсаты – ақыретті еске алу, өліктерге жақсылық ниетімен олар үшін дұға ету және рақым сұрау екені белгілі болады.
Ал, қабірлердің жанында дұға ету, сол жерде тұрақтау, олардан қажетін өтеуді немесе науқастарға шипа беруді сұрау, сондай-ақ олардың беделін ортаға салып Алладан тілеу (уәсила жасау) сияқты мақсатпен бару — бұл дінде жоқ, қайтарылған амал болып табылады. Оны Алла да, Оның Елшісі ﷺ да бұйырмаған, сондай-ақ алғашқы буындарды ізгі адамдары да оны істемеген. Керісінше, бұл — Елшінің ﷺ тыйым салған ісі, өйткені ол ﷺ:
«زُورُوا القُبُورَ، وَلَا تَقُولُوا هُجْرًا».
«Қабірлерді зиярат етіңдер және жаман сөз айтпаңдар»,—деген135.
Бұл аталған істердің барлығы бидғат болып табылады. Алайда олардың дәрежелері әртүрлі. Олардың кейбірі ширк емес, тек бидғат саналады; мысалы, қабірлердің жанында Алла Тағалаға дұға ету, мәйіттің немесе оның беделін ортаға салып Алладан (бірдеңе) сұрау сияқты амалдар. Ал, кейбірі үлкен ширкке жатады; мысалы, өлілерден медет тілеу, олардан жәрдем сұрау және осыған ұқсас амалдар.
Бұл жайында бұған дейін егжей-тегжейлі түсіндірілген. Сондықтан, абай болып, одан сақтан. Раббыңнан жәрдем сұрап, ақиқатқа бастайтын тура жолға бағыттауын тіле. Шын мәнінде, тура жолға салушы және жәрдем беруші — тек Жалғыз Алла. Одан басқа ешбір тәңір де, раббы да жоқ.
Бұл – біздің жазғымыз келген сөздің соңғысы. Барлық мадақ әуелде және соңында Аллаға тән. Алланың салауаты мен сәлемі Оның құлы, елшісі әрі жаратқандарының ең таңдаулысы Мұхаммедке, оның жақындары мен сахабаларына және Қиямет күніне дейін оларға ықыласпен ерушілерге болсын! (Б.Ж.)
***
الفهرس
Автордың алғы сөзі 2
Тарау 5
Қажылық пен умраның парыз екендігіне және оларды орындауға асығуға қатысты дәлелдер 5
Тарау 9
Күнәлардан тәубе ету және зұлымдықтан арылудың парыздығы 9
Тарау 16
Қажының миқатқа жеткенде істейтін амалдары 16
Тарау 22
Мекенге байланысты миқаттар және оның (шекараларының) белгіленуі. 22
Тарау 28
Қажылық айларынан тыс уақытта миқатқа жеткен адамның үкімі. 28
Тарау 32
Сәбидің қажылығы парыз қажылықтың орнына жүре ме? 32
Тарау 35
Ихрам тыйымдары мен ихрамдағы кісіге мубах амалдардың баяны 35
Тарау 43
Қажының Меккеге кірген кездегі амалдары, әл-Харам мешітіне кіргеннен кейін орындайтын тауафы және оның сипаты жайында. 43
Тарау 53
Зұл-хижжа айының сегізінші күні қажылық үшін ихрамға кіру және Минаға барудың үкімі 53
Тарау 80
Қажының Құрбан айт күні жасайтын амалдарының ең абзалын баяндау 80
Тарау 87
Тәматтуғ және қиран жасаушыға құрбандық шалудың міндеттілігі 87
Тарау 90
Қажылық жасаушылар мен өзгелерге құпталғанды бұйырудың парыз екендігі жайлы. 90
Тарау 100
Құлшылықтарда бойсұнуды көбейту мустахаб екендігі туралы 100
Тарау 102
Зиярат үкімдері мен әдептері туралы. 102
Ескерту 118
Пайғамбардың ﷺ қабірін зиярат етудің үкімі 118
Тарау 122
Қуба мешіті мен Бақиді зиярат етудің мустахап екендігі. 122
***
kk396v3.1 - 14/05/2026
Имам әт-Табарани «әл-Аусат» жинағында риуаят еткен (7469).
Әл-Бухари (8) және Муслим (16) риуаят еткен.
«Жәмиғ әл-Әхадис» (31221) кітабында бұл хадис Саъид ибн Мансурдың «Сунән» жинағында деп көрсетілген. Алайда, мен оны қолда бар нұсқадан таппадым.
Яғни: мал-мүліктің көп болуы.
Әт-Тирмизи риуаят еткен, (812).
Әбу Дәуд, (1732).
Муслим (1337) риуаят еткен.
Оны Ибн Хузайма риуаят еткен (№1).
Әл-Бухари (№ 1520).
Ән-Нәсаи (2620) риуаят еткен.
Әл-Бухари (1773) және Муслим (1349).
Әл-Бухари (2449).
Муслим (№ 1015).
Әт-Табарани, «әл-Кәбир» (№ 2989).
Әл-Бухари (№ 1427) Муслим (№1035).
әл-Бухари (№ 1474), Муслим (№ 4040).
Муслим (№ 2985).
Муслим (1342).
Әл-Бухари (1539) және Муслим (1189).
Муслим, (1218).
Әл-Бухари (5891), Муслим (257).
Муслим, (№ 258).
Ән-Нәсаи риуаят еткен (14).
Әл-Бухари (2892) және Муслим (259).
Муслим (260).
Муслим риуаят еткен (1177).
Әл-Бухари (1), Муслим (1907).
Муслим (867).
Әл-Бухари (2697), Муслим (1718).
Әл-Бухари (2550), Муслим (1718) .
әл-Бухари (1524) және Муслим (1181).
Муслим риуаят еткен (1297).
Хадистің тізбегі жоғарыда келтірілген.
Жоғарыда келтірілген хадистің үзіндісі.
Фа-муһаллуһу»: яғни оның «тәлбия» айтуы ихрамға кірген жерінен басталады.
Хадистің үкімі жоғарыда келтірілген.
Әл-Бухари (1549) және Муслим (1184).
Әл-Бухари (5089), Муслим (1207.
Муслим (№ 1336).
Әл-Бухари (1858).
Ибн Әбу Шәйба риуаят еткен (4/444).
Тирмизи риуаят еткен, (2518).
Бухари (1841), Муслим (1179) риуаят еткен.
Бухари риуаят еткен (1838).
Әбу Дәуд риуаят еткен (№ 1833).
Хадисті Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) Бухари (1521) және Муслим (1350) риуаят еткен.
Оны Бухари (1521) және Муслим (1350) риуаят еткен.
Муслим (№ 1409).
Бухари (1834) және Муслим (1353) риуаят еткен.
Бұл хадистің риуаят жолы жоғарыда айтылған.
Бухари (№ 1568).
Әл-Бухари (№ 305), Муслим (№ 1211).
Тирмизи риуаят еткен (3585).
Муслим риуаят еткен (2137).
Муслим Ибн әз-Зубайрден (оған Алла разы болсын) риуаят еткен (№594).
Муслим (2720) Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) риуаят еткен.
Әл-Бухари Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен (6347).
Хадистың осы нұсқасын Әбу Дәуд Әбу Умама әл-Әнсариден риуаят еткен (1554). Онда «күнә мен қарыздан» деген сөз жоқ.
Әбу Дәуд Әнастан (оған Алла разы болсын) риуаят еткен (1554).
Хадисті Әбу Дәут Ибн Омардан риуаят еткен (№5074).
Имам Муслим Әбу Муса әл-Әшғариден (оған Алла разы болсын) риуаят еткен хадистың бір бөлігі, (2719).
Тирмизи Шәддад ибн Әустен (Алла оған разы болсын) риуаят еткен, (№ 3407).
Имам Ахмад өзінің «Муснад» жинағында Умм Сәләмадан (оған Алла разы болсын) риуаят еткен, (6/301).
Муслим Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) риуаят еткен, (2713).
Муслим Зәйд ибн Арқамнан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен, (2722).
Муслим (2717) ибн Аббастан (Алла әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен.
Бұл – жоғарыда көрсетілген Зәйд ибн Әрқамның (Алла оған разы болсын) хадисінің бір бөлігі (№ 2722).
Хадисті Тирмизи өзінің көкесінен риуаят еткен Зияд ибн ‘Иләқадан риуаят етті, (3591).
Тирмизи Имран ибн Хусайннан (оған Алла разы болсын) риуаят еткен, (3483).
Тирмизи Алидың (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисінен риуаят еткен, (№ 3563).
Муслим Абдуллаһ ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) хадисінен риуаят еткен (2721).
Муслим Алиден (Алла оған разы болсын) келген хадисінен риуаят еткен (2725).
Ибн Мәжаһ Айшадан (Алла оған разы болсын) келген хадисті риуаят еткен, (3846).
Бухари Ғұбада ибн әс-Самиттен (Алла оған разы болсын) риуаят еткен (№ 1154) .
Бухари (№ 3370) Кағб ибн Ужрадан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен.
Муслим Айшадан (Алла оған разы болсын) келген хадистен риуаят еткен (№ 1348).
Хадистің жеткен жолы жоғарыда келтірілген.
Муслим (1218) Жәбирден (оған Алла разы болсын) келген хадисті риуаят еткен.
Бухари (1539), Муслим (1189).
Бухари (№1556), Муслим (№1211).
Бухари (1572) риуаят еткен.
Муслим (№1215).
Бухари (83) және Муслим (1306) риуаят еткен.
Әбу Дәуд (2015) риуаят еткен.
Ибн Мәжаһ Жәбир ибн Абдуллаһтан (оған Алла разы болсын) риуаят еткен (№ 3062).
Муслим (2473) риуаят еткен.
Яғни, Әбу Дәуд әт-Таялиси бұл хадисті Әбу Заррдың (Алла оған разы болсын) Исламды қабылдау оқиғасы баяндалған хадистің өзінде риуаят еткен. Қараңыз: «Муснад Әбу Дәуд әт-Таялиси», (№ 459).
Тирмизи риуаят еткен, (927).
Бухари Әнастың (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисінен риуаят еткен (69).
Бухари риуаят еткен (1998).
Бухари (2420), Муслим (651) риуаят еткен.
Муслим әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) (653) риуаят еткен.
Оны Әбу Дәуд Абдуллаһ ибн Умм Мәктумнан риуаят еткен, (552).
Муслим (654) риуаят еткен.
Әбу Дәуд ибн Аббастан (Алла ол екеуіне разы болсын) риуаят еткен (551).
Бухари (1521) және Муслим (1350) Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен.
Әбу Дәуд риуаят еткен (3251).
Әбу Дәуд (3253) риуаят еткен.
Бухари Абдуллаһтан (2679) және Муслим (1646) риуаят еткен.
Имам Ахмад риуаят еткен, (5/428).
Әбу Дәуд риуаят еткен (4980).
Ибн Мажаһ риуаят еткен (2117).
Муслим риуаят еткен (1893).
Бухари (3009) және Муслим (2406) риуаят еткен.
Бухари (1755) және Муслим (1328).
Хадистің шыққан жолы жоғарыда көрсетілген.
Муслим Жәбир ибн Абдулладан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен (867).
Әл-Бухари (1190) және Муслим (1394) риуаят еткен.
Муслим риуаят еткен, (1395).
Имам Ахмад риуаят еткен, (4/5).
Имам Ибн Мәжаһ риуаят еткен (1406).
Абдуллаһ ибн Зәйд әл-Мазиниден Бухари (1195) және Муслим (1390) риуаят еткен.
Әбу Дәут риуаят еткен, (2041).
Әбу Дәуд риуаят еткен (3236).
Хадистің келген жолы жоғарыда көрсетілді.
Муслим Әбу Сағид әл-Худриден (оған Алла разы болсын) риуаят еткен, (№ 438).
Әл-Бухари (615) және Муслим (437) риуаят еткен.
Муслим Жәбир ибн Самурадан (№ 430).
Әбу Дәуд риуаят еткен (№ 679), оның мәтіні: «Қандай да бір қауым алғашқы қатардан кешіге береді екен, Алла Тағала оларды тозақта артта қалдырады».
Муслим (№ 1631) Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен.
Әбу Дәуд (№ 2041).
Әбу Дәуд әл-Ирбад ибн Сәриядан риуаят еткен (4607).
Хадистің келген жолы жоғарыда көрсетілген.
Хадистің келген жолы жоғарыда көрсетілген.
Зәйн әл-Абидин риуаяты. Шейх оны хадисті қиссасыз риуаят еткен Хафиз әл-Мақдисиге теліген. Ахмад, «Муснад» (2/367).
«Иғасат әл-ләһфан фи масаид әш-шайтан» (1/ 363).
Бухари Әбу Һурайрадан (1189) және Муслим (1397) риуаят еткен.
Хадистің келген жолы жоғарыда көрсетілген.
әл-Бухари (1193) Муслим (1399.
Ибн Мажаһ риуаят еткен (1412).
Муслим, (№976).
Муслим (№ 975).
Әт-Тирмизи (№ 1035).
Муслим ибн Бурайдадан, ол болса өз әкесінен риуаят еткен хадис (№ 977).
Муслим риуаят еткен (55).